Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕД.)

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Республикада медициналық білім беруді одан әрі жетілдіру жөніндегі

шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің

1999 ж. 28 қыркүйектегі N 1469 қаулысы

Осы редакция ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. N 385 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды



"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы Жарлығымен бекiтiлген "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасының талаптарын iске асыру мақсатында республикада медициналық бiлiм берудi одан әрi жетiлдiру жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгiнiң қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес ауруханаларды, емханаларды және отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияларды жоғары медициналық бiлiм беру ұйымдарының клиникалық базасы ретiнде айқындау жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi белгiленген тәртiппен:

Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен келiсiм бойынша клиникалық базалар туралы ереженi;

интернатура туралы ереженi бекiтсiн.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi:

1999/2000 оқу жылынан бастап республиканың жоғары медициналық оқу орындарында "емдеу iсi" және " педиатрия" мамандықтары бойынша интернатура ашсын;

көрсетiлген мамандықтар бойынша бiлiктiлiктiң тiзбесiн айқындасын;

республикалық бюджетте қарастырылған жоғары оқу орындарында кадрларды даярлауға көзделген қаржының шегiнде интернатураны қаржыландыруды жүзеге асырсын.

4. "Нарыққа өту жағдайында денсаулық сақтауды жетілдірудің шұғыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 5 тамыздағы N 657 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 31, 482-құжат) 11-тармағының екінші абзацының күші жойылды деп танылсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом