Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен
(дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын
шаруашылық субъектілерінің қызметін бақылауды күшейту жөніндегі
шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 6 қаңтардағы N 23 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 13.03.00 ж. N 383; 27.08.01 ж. N 1105
қаулысымен енгізілген өзгерістерімен
Осы редакция ҚР 2003 ж. 6 ақпандағы N 135 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын шаруашылық субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында:
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 27.08.01 ж. N 1105 қаулысымен 1-тармақ өзгерді
1. Қазақстан Республикасының Экономика, индустрия және сауда министрлігі:
"Заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және сату жөніндегі қызметін лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 қыркүйектегі N 969 қаулысымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін заңды тұлғаларды анықтау жөнінде іс-шаралар жүргізсін және ашылған кемшіліктерді жою жөнінде іс-шаралар жүргізсін;
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісу бойынша түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинаумен (дайындаумен), сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысатын мамандандырылған ұйымдар желісін жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындасын.