Сапа саласындағы конкурс туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысы 2001 жылғы 26 наурыз N 384
Осы редакция ҚР Үкіметінің 29.09.03 ж. N 999 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспары туралы" Үкіметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2001 жылдан бастап сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын алуға конкурстар және "Қазақстанның жақсы тауарлары" республикалық конкурсы жыл сайын ұйымдастырылсын.
Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.27. N 1727 қаулысымен.
2. Қосымшаға сәйкес құрамда сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын беру жөніндегі комиссия құрылсын.
3. Қоса беріліп отырған:
1) Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын беру ережесі;
2) "Қазақстанның жақсы тауарлары" республикалық конкурсын өткізу ережесі;
3) Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.