Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 999 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 29 сентября 2003
Статус
Утратил силу
утратил силу с 16 ноября 2006

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 999 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1059 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. "Сапа саласындағы конкурс туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 11, 125-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) көрсетiлген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн Қазақстан Республикасы Yкіметінiң сыйлығын беру ережесiнде:

4-тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

"1) өндiрушi салалар мен металлургия өнеркәсiбi ұйымдары;

2) машина жасау өнiмдерiн шығаруды жүзеге асыратын ұйымдар;

3) жеңiл өнеркәсiп ұйымдары;

4) құрылыс индустриясы ұйымдары;

5) тамақ өнiмдерiн шығаруды жүзеге асыратын ұйымдар;

6) қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар.";

7, 8 және 9-тармақтардағы: "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын;

3) көрсетiлген қаулымен бекітілген "Қазақстанның жақсы тауарлары" республикалық конкурсын өткізу ережесiнде:

1-тармақтағы "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын;

3-тармақтың бiрiншi абзацындағы "кәсiпорындар мен" деген сөздер алынып тасталсын;

4) көрсетiлген қаулымен бекітілген Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн Қазақстан Республикасы Yкіметінiң сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

1-тармақтың екінші абзацындағы "Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2003 жылғы 9 қыркүйектегi № 999 қаулысына

қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысына

қосымша

Сапа саласындағы жетiстiктерi үшін Қазақстан Республикасы

Yкіметінiң сыйлығын беру жөніндегі комиссия құрамы

Мыңбаев                      - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхамбетбайұлы           Премьер-Министрінің орынбасары,
                               төраға
 
Жақсыбеков                   - Қазақстан Республикасының
Әдiлбек Рыскелдiұлы            Индустрия және сауда министрi,
                               төрағаның орынбасары
 
Құсайынов                    - Қазақстан Республикасының
Әбiлғазы Қалиақпарұлы          Индустрия және сауда министрлігі
                               Стандарттау, метрология және
                               сертификаттау жөніндегі комитетiнiң
                               төрағасы
 
Досқалиев                    - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Жақсылық Ақмырзаұлы            сақтау министрi
 
Бектұрғанов                  - Қазақстан Республикасының
Нұралы Сұлтанұлы               Бiлiм және ғылым вице-министрi
 
Мусина                       - Қазақстан Республикасының
Лилия Сәкенқызы                Ауыл шаруашылығы вице-министрi
 
Кәкен                        - Қазақстан Республикасының
Қарлығаш Ғазизқызы             Көлiк және коммуникациялар
                               министрлігі аппаратының басшысы
 
Жүндібаев                    - Қазақстан Республикасының
Валерий Ермекбайұлы            Энергетика және минералдық ресурстар
                               министрлігі Ұйымдық жұмыстар,
                               жиынтық талдау және бақылау
                               департаментінің директоры
 
Әбдiрахманов                 - Қазақстан Республикасы
Марат Мәулетжанұлы             Қаржы министрлігінiң Салық комитетi
                               төрағасының орынбасары
 
Сағынтаев                    - Қазақстан Республикасының Табиғи
Бақытжан Әбдiрұлы              монополияларды реттеу және
                               бәсекелестiктi қорғау жөніндегі
                               агенттiгi төрағасының орынбасары
                               (келісім бойынша)
 
Кононова                     - Қазақстан Республикасы
Татьяна Ильинична              Сауда-өнеркәсiп палатасының
                               вице-президентi (келісім бойынша)

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами