Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және «Алтын сапа» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1059 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 7 ноября 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 19 августа 2009

Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін»
сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын
ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесін және «Алтын сапа»
өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын
материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық
бағалау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1059 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесі;

2) «Алтын сапа» өңірлік және республикалық көрме-конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі бекітілсін.

2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Yкіметінің

2006 жылғы 7 қарашадағы

№ 1059 қаулысымен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін»

сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу,

ұсыну және алдын ала бағалау ережесi

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына сәйкес әзірленді.

2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға арналған конкурсқа (бұдан әрі - конкурс) қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртібін белгілейді.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығы (бұдан әрі - сыйлық) конкурстың лауреаттарына беріледі және конкурстың эмблемасы мен дипломын беруді көздейді.

4. Заңды тұлғалар конкурсқа мынадай номинациялар бойынша қатысады:

1) «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;

2) «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын»;

3) «Қызметтер көрсететін үздік кәсіпорын».

5. Әр номинация бойынша мынадай санаттар бойынша екі сыйлық беріледі:

1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;

2) ірі кәсіпкерлік субъектісі.

6. Сыйлықты алуға арналған конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының индустрия және сауда саласындағы уәкілетті органы (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы) болып табылады.

7. Сыйлық алуға арналған конкурсты ұйымдастыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат есебінен және оның шегінде жүзеге асырылады.

 

 

2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы

жетістіктері үшін» сыйлығын алуға арналған конкурсқа

қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын

ала бағалау тәртібi

 

8. Сыйлық конкурсқа ұсынылатын материалдарға сараптама жүргізу және сарапшылардың баллдық баға қоюы негізінде әр номинация бойынша үміткерлердің арасынан жеңімпаздарды айқындау жолымен конкурстық негізде жыл сайын беріледі.

9. Конкурсқа қатысу үшін заңды тұлға конкурсты ұйымдастырушыға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінімді және мыналарды қамтитын белгілі бір құжаттардың 3 данадағы жиынтығын береді:

1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда толтырылған сауалнама-декларация;

2) оның қызмет деңгейін өзін-өзі бағалауды және сапа саласындағы нақты нәтижелерді білдіретін заңды тұлғаның есебі - 36 беттен көп емес;

3) есепке қосымша (диаграммалар, графиктер, кестелер, құжаттардың көшірмелері және тағы басқалар) - 30 беттен көп емес;

4) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес 1a-дан 9б-ға дейінгі өлшемдер көрсеткіштерінің негізінде толтырылған заңды тұлғалардың сапа саласындағы қызметін бағалау (өзін-өзі бағалау) жөніндегі сауалнама;

5) салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;

6) менеджмент жүйелері сертификаттарының көшірмелері.

10. Конкурсқа қатысу үшін материалдарды ұсыну мерзімі - конкурс өткізілетін жылдың 1 қыркүйегіне дейін.

11. Заңды тұлғалардың есебі:

1) заңды тұлға қызметіне қысқаша шолудан;

2) Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының моделіне сәйкес белгіленген бағалау (өзін-өзі бағалау) өлшемдерінің сипаттамасынан тұруы тиіс.

12. Көлемі A4 форматты 6 беттен аспайтын шолуда:

1) заңды тұлғаның тарихы;

2) өнімнің (қызметтердің) негізгі түрлерінің сипаттамасы;

3) ұйымдық құрылымы;

4) өнімнің (қызметтердің) сапасына қойылатын негізгі талаптар;

5) өнімді өткізудің негізгі нарықтары немесе көрсетілген қызметтер (өңірлік, республикалық, халықаралық) туралы ақпарат;

6) өңімді (қызметтерді) негізгі тұтынушылардың сипаттамасы;

7) заңды тұлғаның маңыздылығын білдіретін өзге де ақпарат қамтылуға тиіс.

13. Заңды тұлғаның мүмкіндіктері мен қызметінің нәтижелерін сипаттайтын өлшемдерді конкурсты ұйымдастырушы айқындайды.

14. Конкурсты ұйымдастырушының шешімімен конкурсқа ұсынылатын материалдарға алдын ала сараптамалық бағалау жүргізу үшін конкурсты ұйымдастырушының, министрліктер мен ведомствалардың өкілдерінен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен сараптамалық топтар құрылады.

15. Сарапшылар тобының сандық құрамы кемінде 7 адамды құрауы тиіс.

16. Заңды тұлғалар ұсынған материалдарды алдын ала сараптамалық бағалауды жүргізу:

1) сауалнама-сұрақнама бойынша өзін-өзі бағалаудың объективтілігін айқындау мақсатында конкурсқа қатысушылардың қызметін алдын ала сараптамалық бағалау жүргізуді және олармен келісуді;

2) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес конкурсты ұйымдастырушы мен сараптамалық топтар жүзеге асыратын алдын ала сараптамалық бағалауды қамтиды.

17. Сараптамалық топ материалдарға алдын ала сараптамалық бағалау жүргізгеннен кейін 2 данадағы құжаттардың жиынтығы мен сараптамалық қорытынды конкурсты ұйымдастырушыға жіберіледі.

18. Конкурсты ұйымдастырушы осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысандағы конкурсқа қатысушылардың материалдарын және осы материалдар бойынша алдын ала қорытындыны Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаттары атақтарын және «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсы дипломанттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның қарауына ұсынады.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

«Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын

алуға арналған конкурсқа қатысушылардың

материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала

бағалау ережесіне

1-қосымша

 

Тіркеу нөмірі ________________________

 

Конкурстың ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасы Индустрия және

сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетi

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін»

сыйлығын алуға арналған конкурсқа қатысуға

ӨТІНІМ

 

1. Өтінім берушi

Заңды тұлғаның атауы _______________________________________

____________________________________________________________

Мекен-жайы _________________________________________________

Жұмыс істеу кезеңі _________________________________________

2. Заңды тұлғаның басшысы

Тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________

Лауазымы ___________________________________________________

Мекен-жайы _________________________________________________

Қызметтік телефоны,

факс _______________________________________________________

3. Заңды тұлғаның сипаттамасы

Қызметкерлердің жалпы саны _________________________________

Филиалдардың саны __________________________________________

 

Қосымша:

1. Сауалнама-декларация - 1 дана

2. Құжаттар жиынтығы - 3 дана

Басшының қолы

"___"________ жыл

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

«Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын

алуға арналған конкурсқа қатысушылардың

материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала

бағалау ережесіне

2-қосымша

 

Тіркеу нөмірі ___________________

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін»

сыйлығын алуға конкурсанттың сауалнама-декларациясы

 

1. Конкурсант

Заңды тұлғаның атауы ________________________________________

_____________________________________________________________

Заңды мекен-жайы ____________________________________________

2. Басшы

Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________

Лауазымы ____________________________________________________

_____________________________________________________________

Почталық мекен-жайы _________________________________________

_____________________________________________________________

Қызметтік телефоны _________________________________

3. Заңды тұлғаның атауы туралы мәлімет

Қызметкерлердің жалпы саны _____________________

Филиалдардың саны ______________________________

Шығарылатын өнімдердің (жұмыстардың, қызметтердің) маңызды

түрлерінің үш атауы СЭҚТН, СЭҚ ӨК кодтары _________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

4. Конкурсқа өкілетті және жауапты тұлға

Тегі, аты, әкесінің аты _____________________________________

Лауазымы _________________________________

Телефон __________ факс ___________

5. Декларация

Кәсіпорын атынан біз конкурсқа қатысушылар үшін белгіленген ережелерді орындауға келісетіндігімізді және Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаттары атақтарын және «Алтын сапа» республикалық көрме-конкурсының дипломанттары атақтарын беру жөніндегі комиссиясының шешімін түпкілікті ретінде қабылдайтындығымызды мәлімдеймін. Сараптаманы жергілікті жерде жүргізу қажеттілігі жағдайында біз оның ашық және әділ өткізілуіне жәрдемдесетін боламыз. Біз осындай сараптамаға байланысты шығыстарды кәсіпорынның көтеруге тиіс екенін түсінеміз.

 

Басшының қолы

 

200 ж. "___"____________

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

«Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын

алуға арналған конкурсқа қатысушылардың

материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала

бағалау ережесіне

3-қосымша

 

Заңды тұлғаның сапа саласындағы қызметін бағалау

(өзін-өзі бағалау) бойынша сауалнама

 

Сыйлық моделіне сәйкес өлшемнің атауы

Баллдар

Өлшем көрсеткіштері

Баға, баллмен

Ескертпе

Өлшем көрсеткішінің ең жоғарғы бағасы

Өзін-өзі бағалау

Сараптама бағасы

 

1

2

3

4

5

6

7

Басшылықтың көшбасшылық ролі

100

25

 

 

 

 

25

 

 

 

 

25

 

 

 

 

25

 

 

 

Сапа саласындағы

саясат және стратегия

100

25

 

 

 

 

25

 

 

 

 

25

 

 

 

 

25

 

 

 

Персонал

100

20

 

 

 

 

20

 

 

 

 

20

 

 

 

 

20

 

 

 

  

 

20

  

  

  

Әріптестік және

ресурстар

80

16

 

 

 

 

16

 

 

 

 

16

 

 

 

 

16

 

 

 

 

16

 

 

 

Ұйым жүзеге

асыратын үдерістер

120

24

 

  

 

 

24

 

 

 

 

24

 

 

 

 

24

 

 

 

 

24

 

 

 

Мүмкіндіктер

бағаланады

Барлығы

max

 500 балл

 

 

 

Өнімнің (қызметтердің)

сапасына

тұтынушылардың қанағаттанушылығы

200

150

 

 

 

 

50

 

 

 

Персоналдың қанағаттанушылығы

90

67,5

 

 

 

 

22,5

 

 

 

Ұйымның

қоғамға ықпалы

70

40

 

 

 

 

30

 

 

 

Ұйым жұмысының

нәтижелері

140

70

 

 

 

 

70

 

 

 

Нәтижелер бағаланады

Барлығы

max

500 балл

 

 

 

Барлық көрсеткіштер бойынша

баллдардың жалпы саны

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

«Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын

алуға арналған конкурсқа қатысушылардың

материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала

бағалау ережесіне

4-қосымша

 

Тіркеу нөмірі _____________________

 

«Материалдарды сараптау» конкурсын ұйымдастырушының

алдын ала қорытындысы

 

Кәсіпорынның атауы

Конкурсқа қатысушының құжаттары

Сараптамалық баға

Жұмыс органының бағасы

Ескертпе

 

Өтінім:

Сауалнама-декларация:

Баға бойынша сауалнама:

Есеп:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұжырымдар: _______________________________________________

___________________________________________________________

Ұсыныстар: ________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________

Конкурсты ұйымдастырушының қолы

200 ___ жылғы "___"__________

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

«Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын

алуға арналған конкурсқа қатысушылардың

материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала

бағалау ережесіне

5-қосымша

 

Тіркеу нөмірі ____________

 

Конкурсты ұйымдастырушының алдын ала қорытындысы

 

Заңды тұлғаның атауы _______________________________________

 

Өлшемдер

Конкурсанттың өзін-өзі бағалауы, баллмен

Сараптау бағасы, баллмен

Түпкілікті баға, баллмен

Өлшемнің атауы

Ең жоғарғы баға, баллмен

1. Басшылықтың көшбасшылық ролі

100

  

 

 

2. Сапа саласындағы саясат және стратегия

100

 

 

 

3. Персонал

100

 

 

 

4. Әріптестік және ресурстар

80

 

 

 

5. Ұйым жүзеге асыратын үдерістер

120

 

 

 

6. Тауар сапасына тұтынушылардың қанағаттанушылығы

 

200

 

 

 

7. Персоналдың қанағаттанушылығы

90

 

 

 

8. Ұйымның қоғамға ықпалы

70

 

 

 

9. Ұйым жұмысының нәтижелері

140

 

 

 

Барлық өлшемдер бойынша баллдардың жалпы саны

max

1000

 

 

 

 

Тұжырымдар: _______________________________________________

___________________________________________________________

Ұсыныстар: ________________________________________________

___________________________________________________________

___________________________________________________________

Конкурсты ұйымдастырушының қолы

200 ___ жылғы "___"__________

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 7 қарашадағы

№ 1059 қаулысына қосымша

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған

кейбір шешімдерінің тізбесi

 

1. «Сапа саласындағы конкурстар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 11, 125-құжат).

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 желтоқсандағы № 1593 қаулысы.

3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсанлағы № 1727 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 48, 580-құжат).

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 999 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 39, 411-құжат).

5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қарашадағы № 1147 қаулысы.

6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 715 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 28, 360-құжат).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами