Салықтық мiндеттемелердi орындау жөнiндегi салық қызмет органдары
хабардар етулерiнiң нысандарын бекiту туралы Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы 28 қазандағы N 1466 бұйрығы
Осы редакция ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 16.06.04 ж. N 300 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 31-бабын iске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған хабардар ету нысандары бекiтiлсiн:
1) салық органы есептеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы туралы;
2) салықтық тексерудiң нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмақылардың және айыппұлдардың сомасы туралы;
3) басқа да салықтар бойынша салықтық мiндеттеменi орындау үшiн бюджетке артық төленген сомалар бойынша жүргiзiлген есепке алулардың сомалары туралы;
4) мерзiмiнде орындалмаған салықтық мiндеттеменi орындауды қамтамасыз ету жөнiнде қабылданатын шаралар туралы;
5) салық берешегiн мәжбүрлi өндiрiп алуға қабылданатын шаралар туралы;
6) дебиторлардың банктiк шоттарындағы ақшаны өндiрiп алудың айналымы туралы;
7) камералдық бақылаудың нәтижелерi бойынша анықталған жолсыздықтарды жою туралы;
8) салық төлеушiнiң шағымдарын қараудың нәтижелерi бойынша салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, өсiмақылардың және айыппұлдардың есептелген сомасы туралы;
9) салық заңнамасының жолсыздықтарын жою туралы.
2. Заң департаментi осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр
| Келісілді | | | | Қазақстан Республикасы |
| Қазақстан Республикасының | | | | Мемлекеттік кіріс министрінің |
| Қаржы министрi | | | | | 2001 жылғы 28 қазандағы |
| 2001 жылғы 31 қазан | | | | | N 1466 бұйрығымен |
бекітілген