Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөнiндегi нормативтiк
құқықтық актiлердi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
2002 жылғы 1 тамыздағы N 174-ө бұйрығы
Осы редакция ҚР Еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 8 қазандағы N 228-ө бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 наурыздағы Заңының 1-бабын және "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 21 желтоқсандағы N 1668 қаулысын iске асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Мүгедектiктi куәландырудың, оның себептерiн, топтарын және еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiн анықтаудың ережесi бекiтiлсiн.
2. Әлеуметтiк қамсыздандыру және бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру департаментi директорының мiндетiн атқарушы (Баймұханов М.Х.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы департаменттерiне жеткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Х.М.Өтеулинаға жүктелсiн.
4. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және 2002 жылғы 28 маусымнан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Министрдiң мiндетiн атқарушы
Келiсiлген:
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрiнiң
мiндетiн атқарушы
2002 ж. 2 тамыз
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау Министрi мiндетiн атқарушының
2002 жылғы 1 тамыздағы N 174-ө бұйрығымен
бекiтiлген
Мүгедектiктi куәландырудың, оның себептерiн, топтарын
және еңбекке қабiлетiн жоғалту дәрежесiн анықтаудың