Табиғи монополиялар субъектiлерінің, шығындары олар көрсететiн
қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде
ескерiлетiн материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтердi сатып
алу ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының
2003 ж. 6 маусымдағы N 149-НҚ бұйрығы
Осы редакция ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi туралы ереженi басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
1. Қоса берiп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу ережесi бекiтiлсiн.
2. Заңнама және тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеу департаментi (Жолдыбаева Ғ.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн.
3. Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (А.Т.Шабдарбаев):
Ережені ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңда белгiленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсiн;
Ереженi Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгінің құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсін.