Квитанциялардың және фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын
қолданбай қызмет көрсету кезінде тұрғындарға берілетін чектерге
теңестірілген басқа да қатаң есептілік құжаттарының нысандарын бекіту
туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті
төрағасының 2003 жылғы 26 тамыздағы N 344 бұйрығы
Осы редакция ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 16 қыркүйектегі N 445 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 546-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Квитанциялардың және фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданусыз қызмет көрсету кезінде тұрғындарға берілетін чектерге теңестірілген басқа да қатаң есептілік құжаттарының мынадай нысандары бекітілсін:
1) 1-қосымшаға сәйкес сақтандыру сыйлықақысын қабылдауға арналған квитанция;
2) 2-қосымшаға сәйкес хаттарды және тапсырыс берілген және құндылығы жарияланған бандеролдар мен жай және құндылығы жарияланған сәлемдемелер, ұсақ пакеттер, "EXPRESS" жіберілімдерін және электронды почта жіберілімдерін қабылдауға арналған квитанция;
3) 3-қосымшаға сәйкес қосымша және келісілген қызметтер үшін төлемдерді, почталық төлеу белгілерін, конверттерді, тілекхаттарды, почта және халықтық тұтыну тауарларды, газеттер мен журналдарды қабылдауға арналған квитанция;
4) 4-қосымшаға сәйкес автоматтандырылмаған почта бөлімшелерінде почта аударымдарының төлемдерін қабылдау үшін почта аударымдарын қабылдауға арналған квитанция;
5) 5-қосымшаға сәйкес мерзімді басылымға жазылуды қабылдауға арналған квитанция;
6) 6-қосымшаға сәйкес мерзімді басылымға қолма-қол ақшаларды қабылдауға арналған жазылу полисі;