Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi ведомствоаралық кеңес құру
туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 шiлдедегi N 1184
қаулысы
(ҚР Үкiметiнiң 06.05.98 ж. N 412; 25.12.99 ж. N 1984; 02.10.00 ж.
N 1487; 02.03.01 ж. N 320; 18.03.02 ж. N 326; 03.12.02 ж. N 1277;
29.04.03 ж. N 409 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 30.09.03. N 1005 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
"Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 3590 өкiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi ведомствоаралық кеңес қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
2. Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi ведомствоаралық кеңес туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
3. Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi ведомствоаралық кеңес;
екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 қазандағы N 1244 қаулысымен бекiтiлген 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистикасын жетiлдiру Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi шараларын орындау жөнiндегi Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң ұйымдастыру жоспарына қажеттi өзгерiстердi әзiрлеп, енгiзсiн;
1997 жылдың 1 қарашасына дейiн Ведомствоаралық кеңестiң отырысында Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Ұлттық статистика агенттiгiнiң Статистикалық және ұйымдастыру жұмыстарының жоспарын және 1998 жылы шығарылатын статистикалық материалдардың тiзбесiн қарап, оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
4. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Ұлттық статистика агенттiгi екi апта мерзiм iшiнде 1998-1999 жылдарға арналған мемлекеттiк статистиканы реформалаумен байланысты шығындарды республикалық бюджеттен қаржыландыру жөнiндегi, Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi ведомствоаралық кеңес мақұлдаған ұсынысты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсынсын.