"Қазақстан Республикасында көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк
тiркеуден өткiзу Ережелерiн", "Көлiк құралдарын, олардың тораптары мен
агрегаттарын сатып алуға берiлетiн анықтама есепшоттың бланкiлерiн
қабылдап алу, есепке алу, сақтау және жұмсау тәртiбi туралы Ережелердi",
"Көлiк құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға
жүргiзушi куәлiгiн беру тәртiбi туралы Ережелердi", "Тiркеу құжаттары
мен жүргiзушi куәлiктерiнiң бланкілерiн, көлiк құралдарының номерлiк
белгiлерiн қабылдап алу, есепке алу, сақтау, жұмсау және ҚР IIМ Жол
полициясының тiркеу-емтихан бөлiмшелерiнде тексерiс өткiзу тәртiбi
туралы Ережелердi" бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігінің 1998 ж. 12 қазандағы N 343 бұйрығы
(ҚР Ішкі істер министрлігінің 25.03.01 ж. N 249; 28.10.01 ж. N 762;
01.10.02 ж. N 632 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Ішкі істер министрлігінің 2004 жылғы 24 наурыздағы N 184 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы желтоқсанның 21-iндегi N 2707 "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" заң күшi бар Жарлығына және Қазақстан Республикасының 1996 жылғы шiлденiң 15-iндегi N 29 "Жол қозғалысы қауiпсiздiгi туралы" Заңына сәйкес бұйырамын:
1. Қосылып берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасында көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркеуден өткiзу Ережелерi /қосымшаларымен бiрге/;
2) Көлiк құралдарын, олардың тораптары мен агрегаттарын сатып алуға берiлетiн анықтама-есепшоттың бланкiлерiн қабылдап алу, есепке алу, сақтау және жұмсау тәртiбi туралы Ережелер /қосымшаларымен бipгe/;
3) Көлiк құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргiзушi куәлiгiн беру тәртiбi туралы Ережелер /қосымшаларымен бiрге/;