Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2001 ж. 11
наурыздағы N 151 бұйрығы
(ҚР Білім және ғылым министрінің 21.03.02 ж. N 200;
13.02.03 ж. N 82 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы N 906 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
1999 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 30 бабына сәйкес және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережелері бекітілсін.
2. Жоғары және орта кәсіптік білім департаменті (Ә. Әбжаппаров) осы бұйрықты, белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-Министрі Ә. Ахметовке жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлiгiнiң 2001 жылғы
11 наурыздағы N 151 бұйрығымен
бекiтiлген
Жоғары оқу орындарының қызметiн ұйымдастыру
ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Кiрiспе
1999 жылдың 7 маусымындағы Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңы жаңа ұлттық бiлiм жүйесiнiң моделiн қалыптастырудың негiзi болып табылады, оның келешектегi даму стратегиясын және осы саладағы мемлекеттiк саясат принциптерiн айқындайды.