Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын)
қарау және келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының
Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі
агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 қаңтардағы N 16-НҚ бұйрығы
(ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігі төрағасының 23.05.03 ж. N 138-НҚ бұйрығымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау ж/гі агенттігі төрағасының 24.05.04 ж. N 238-НҚ бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 23 мамырдағы N 138-НҚ бұйрығымен тақырып өзгертілді (бұр. ред. қара)
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық жобаларын қарау және келісу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (А.Т.Шардарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін:
оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;