«Қағаздың және картонның кейбір түрлерінің импортына қатысты
істі қарауды бастау туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 шілдедегі
№ 721 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды

 

«Тауарлар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда қызметін реттеу комитеті:

1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарлар импортына қатысты істі қарауды бастасын;

2) істі қарау рәсімі аяқталғанға дейін заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарлар импортын лицензиялауды жүзеге асырсын;

3) он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық Комитетіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетіне істі қараудың басталғандығы туралы хабарласын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 31 шілдедегі

№ 721 қаулысына қосымша

 

Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, оларға

қатысты істі қарау рәсімі басталатын тауарлардың тізбесі

 

Өнімнің атауы

СЭҚ ТН бойынша коды

Жартылай целлюлозадан жасалған гофрлеуге арналған қағаз

4805110000

Одан әрі өңделмеген немесе аталған топқа 3 ескертуде көрсетілгендей өңделген орамдардағы немесе парақтардағы борланбаған, өзге де қағаз  

4805199000

Массасы 1 шаршы м. 150 г. немесе тест-лайнер (гофрленген картонның тегіс қабатына арналған регенерленген картон)

4805240000

Массасы 1 шаршы м. 150 г. артық тест-лайнер (гофрленген картонның тегіс қабатына арналған регенерленген картон)

4805250000

Орамдардағы немесе парақтардағы массасы 1 шаршы м. 150 г. немесе аз гофрленген қағазға немесе картонға арналған борланбаған қағаз және картон

4805919100

Орамдардағы немесе парақтардағы 1 шаршы м. 150 г. немесе аз боланбаған өзге де қағаз немесе картон

4805919900

Гофрленген, перфорацияланған немесе перфорацияланбаған қағаз және картон

4808100000

Гофрленген қағаздан немесе картоннан жасалған жәшіктер мен қораптар 

4819100000