Монополиялық кірісті анықтау жөніндегі ережені және монополиялы жоғары
және монополиялы төмен бағаны белгілеу жөніндегі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитеті Төрағасының 2006 жылғы 7 қарашадағы № 252-НҚ Бұйрығы
ҚР Бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының (Монополияға қарсы агенттік) 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 424-НҚ бұйрығымен 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Мына қоса берілген:
Монополиялық кірісті анықтау жөніндегі ереже;
Монополиялық жоғары және монополиялы төмен бағаны белгілеу жөніндегі ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің Ішкі әкімшілік ету басқармасы осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті Төрағасының орынбасары Ж.М. Қожахметовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық ол алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігі
Бәсекелестікті қорғау комитеті
Төрағасының 2006 жылғы 7 қарашадағы
№ 252-НҚ бұйрығымен бекітілген
2. Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер заңдарда айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.