2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Туризм
және спорт министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 51-64-қосымшалар)
(үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Мыналардың:
51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
51-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Туризм және спорт саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.06.10. № 1052 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 748078 мың теңге (жеті жүз қырық сегіз миллион жетпіс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 «Қазақстан Республикасында «электронды үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығы; «Қазақстан Республикасында «электронды үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: стратегиялық саясатты жүргізу, туризм және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: дене шынықтыруды, жоғары жетістіктер спортын және салауатты өмір салтын насихаттауды және дамытуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Спортқа және туристік индустрияға инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау. Өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
| № р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | 001 |
| Туризм және спорт саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету |
|
|
|
| 2 |
| 001 | Орталық органның аппараты | Туризм және спорт саласының құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру негіздерін жасау. Мемлекеттік салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру, туризм және спорт салаларының дамуына талдау жүргізу, туризм және спорт индустриясының әлемдік тәжірибесін, оның ішінде кластерлік бастамалар шеңберінде зерделеу және қорытындылау. Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету, салалардың даму жай-күйіне мониторинг жүргізу және жаңа технологиялар әзірлеу. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызмет көрсетулерге рұқсатнама беруді, дене шынықтыру және спорт бойынша қызмет ететін республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуді бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы туристік қызмет саласындағы заңнамасының орындауын бақылау. Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру. Дене шынықтыру және спорт мәселелері, туристік саланың индустриалдық-инновациялық дамуы мәселелері бойынша семинарлар, тренингтер өткізу. Ақпараттық-талдау материалдарын дайындау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі |
| 3 |
| 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға байланысты келесі тақырыптар бойынша қызметтерді сатып алу: 1) Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті және мемлекеттік құпияларды қорғау; 2) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кадр саясаты: жай-күйі және болашағы; 3) стратегиялық жоспарлау және бюджеттік бағдарламалау. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін үйрету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі |
| 4 |
| 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Орталық аппарат пен оның комитеттерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi |
| 5 |
| 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Техникалық, технологиялық, базалық бағдарламалық және спорт пен туризмнің ақпараттық жүйесін жүзеге асыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: туризм және спорт саласындағы нормативтік қызметті;
туризм және спорт саласындағы актілермен қамтамасыз ету ұйымдардың қызметіне жәрдемдесу;
мемлекеттік тілді кемінде 55 адамға, ағылшын тілін кемінде 9 адамға үйрету;
мемлекеттік қызметшілердің кемінде 3 адамның біліктілігін арттыру;
туризм және спорт мәселелері бойынша кемінде 6 семинар мен тренинг өткізу;
кемінде 15 ұйымды аккредиттеу.
Түпкі нәтиже: туризм индустриясы мен спорттың одан әрі өсуіне қажетті жағдай жасау;
туристік кластерді дамыту үшін ірі инвесторларды тарту;
әлемдік спорт аренасында республика беделін арттыруды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: орталық аппараттың 1 мемлекеттік қызметшісін қаржыландырудың орташа шығыны 2931 мың теңге;
бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 84,7 мың теңгеден астам емес;
бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді үйретуге жұмсалатын орташа шығын - 27,2 мың теңгеден астам емес;
бір мемлекеттік қызметшіге ағылшын тілін үйретуге жұмсалатын орташа шығын - 27,2 мың теңгеден астам емес.
Уақтылығы: жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде және жасалған шарттарға сәйкес орындау.
Сапасы: мемлекеттік қызметшілердің қызметін кәсіби деңгейін арттыру арқылы жетілдіру; қазіргі экономикалық жағдайларға байланысты кәсіптік мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дайындығын арттыру.
Мемлекеттік тілді үйрету курсынан өткеннен кейін іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 14,6 пайыз;
ағылшын тілін үйрету курсынан өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 22,2 пайыз;
біліктілікті арттыру курсын өткеннен кейін жоғары қызметке сайланатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 33,3 пайыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылға 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
52-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Спорт бойынша білім беру объектілерін салу және реконструкциялау»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 1 226 491 мың теңге (бір миллиард екі жүз жиырма алты миллион төрт жүз тоқсан бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау мен дамыту туралы» 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында спортты дамыту, халықаралық спорт ареналарында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: дарынды балалардың таңдаған спорт түрімен шұғылдануы үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
| № р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | 002 |
| Спорт бойынша білім беру объектілерін салу және реконструкциялау | Алматы қаласындағы "Шаңырақ" ықшам ауданында спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаттың құрылысын салу жөніндегі бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаны жүзеге асыру (2005 жылғы 27 мамырдағы № 7-178-1/05 жұмыс жобасы бойынша Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы). | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Алматы қаласындағы «Шаңырақ» ықшам ауданында 400 орындық республикалық мектеп-интернаттың құрылысын аяқтау.
Түпкі нәтиже: Объектілерді пайдалануға беру және спортта дарынды балаларға спортпен шұғылдануға және жаттығуға жағдай туғызу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жобаны іске асыру тиімділігін талдау нәтижелері бойынша.
Уақтылығы: жасалған шарттар бойынша жұмыс орындау жоспарына сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылға 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
53-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Спортта дарындылық көрсеткен балаларды оқыту және тәрбиелеу»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1050937 мың теңге (бір миллиард елу миллион тоғыз жүз отыз жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 18 және 24-баптары; «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 16 және 17-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «Шығыс Қазақстан облысының Лениногор қаласын қайта атау туралы» 2002 жылғы 28 маусымдағы № 900 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» Өкімін жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 16 қыркүйектегі № 1125 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің «Лениногор қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 19 маусымдағы № 673 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 маусымдағы № 629.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: спортта дарынды балалардың жеке қабілетін дамыту және халықаралық деңгейдегі жоғары біліктілігі жоғары спортшыларды, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларына үміткерлерді және мүшелерін даярлау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: оқушылардың таңдаған спорт түрлерімен шұғылдануы үшін қолайлы жағдайлар жасау, сапалы оқу-жаттығу процесі мен жаттығу сабақтарын ұйымдастыру, жастар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты жетілуге бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын спортшылармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
| № р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | 003 |
| Спортта дарындылық көрсеткен балаларды оқыту және тәрбиелеу |
|
|
|
| 2 |
| 100 | Спортта дарындылық көрсеткен балаларға арналған республикалық мектеп-интернаттар | Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарына сәйкес оқу процесін өткізу және дарынды балалармен таңдаған спорт түрлері бойынша жыл бойы толық көлемде оқу-жаттығу сабақтарын өткізу. Спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау. Спорттық іс-шараларға қатысу. Негізгі құралдарды сатып алу. Мемлекетік сараптама қорытындысы мен жобалық-сметалық құжат негізінде күрделі жөндеу жүргізу (Мемлекеттік сараптаманың 2006 жылғы 14 маусымдағы № 7-302/06 қорытындысы). | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті Қ.Мұңайтпасов атындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат Қ.Ахметов атындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат Риддер қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат Спортта дарынды балаларға арналған "Шаңырақ" ықшам ауданындағы республикалық мектеп-интернат |
| 3 |
| 101 | Олимпиадалық резерв және жоғары спорттық шеберлік мектептерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету | Дарынды балалармен таңдаған спорт түрлері бойынша жыл бойы толық көлемде оқу-жаттығу сабақтарын өткізу. Спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау. Олимпиадалық спорт түрлері бойынша республика құрама командаларына үміткерлер мен мүшелерін даярлауды ұйымдастыру; оқу-жаттығу сабақтарын өткізу; республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысу. Қысқы бұқаралық спорт түрлері бойынша, су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебіне жабдықтар сатып алу үшін күрделі трансферттер аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қ.Мұңайтпасов атындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта оқушыларды оқытудың орташа жылдық контингенті - 260 адамды, Қ.Ахметов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта оқушыларды оқытудың орташа жылдық контингенті - 385 адамды, Риддер қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатта оқушыларды оқытудың орташа жылдық контингенті - 150 адамды, Спортта дарынды балаларға арналған «Шаңырақ» ықшам ауданындағы республикалық мектеп-интернатта оқушыларды оқыту - 400 адамды құрайды.
Қ. Мұңайтпасов атындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін жабдықтар сатып алу: жиhаз, тұрмыстық техника, автобус 1 бірлік, спорттық құрал-жабдық - кемінде 14 дана, асхана жабдығы - кемінде 7 дана, медициналық жабдық - кемінде 2 дана, сервер - 1 дана, жиынтық компьютер - кемінде 14 бірлік.
К. Ахметов атындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін жабдықтар сатып алу: автокөлік (автомобиль, автобус) спорттық құрал-жабдық - кемінде 18 дана, кір жуғыш машина - 1 дана, мотор насостары - 2 дана, кабинеттерге арналған жабдықтар - кемінде 14 дана. К. Ахметов атындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Риддер қаласындағы Спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат оқушыларының дайындалуына жағдай жасау үшін жабдықтар сатып алу: автобус, медициналық жабдық - кемінде 6 дана, сынып кабинеттеріне арналған жабдық - кемінде 3 дана, тұрмыстық жабдық - кемінде 5 дана, асхана жабдығы - кемінде 3 дана, спорттық құрал-жабдық - кемінде 25 дана.
Спортта дарынды «балаларға арналған «Шаңырақ» ықшам ауданындағы республикалық мектеп-интернаты үшін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті төрағасының бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес, кемінде 35 бірлік, негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу.
Су спорты және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебіне жабдықтар сатып алу: қазіргі бессайыс бөліміне 3 спорт аты, жүк тасушы, спорт құрал-жабдығы - кемінде 12 дана.
Бұқаралық және қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебіне кемінде 3 жиынтық компьютер, шағын автобус - 1 дана.
Кемінде 80 оқу-жаттығу жиындарын өткізу, олимпиадалық спорт түрлері бойынша кемінде 75 республикалық және кемінде 45 халықаралық жарысқа қатысу.
Түпкі нәтиже: олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын халықаралық деңгейдегі білікті спортшылармен толықтыру және материалдық-техникалық базаны жақсарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мектеп-интернаттарда бір оқушыны оқытуға кететін шығынның құны - 589,08 мың теңге және олимпиада резерві мектептерінде бір спортшының даярлығына кететін шығынның құны - 221,2 мың теңге құрайды.
Уақтылығы: халықаралық дәрежеде кемінде 182 спортшы даярлау және республика құрама командаларына келешегі бар үміткерлер дайындап шығару, оқу жоспары бойынша оқушылар даярлау және оқу-жаттығу сабақтарын өткізу, спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес спорттық іс-шараларға қатысу.
Сапасы: республикалық және халықаралық жарыстарда, сондай-ақ Олимпиада ойындарында жүлделі орындарды иеленуге және жоғары нәтижелер көрсетуге қабілетті спортшыларды даярлау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылға 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
54-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Орта кәсіптік білімді мамандар даярлау»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 139195 мың теңге (бip жүз отыз тоғыз миллион бір жүз тоқсан бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8 , 24, 43 және 44-баптары; «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 4 және 28-баптары; «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1264 қаулысы; «Білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1903 қаулысы; «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; «Республикалық бюджеттен қаражат алатын білім беру ұйымдарында кәсіптік орта білімді, кәсіптік жоғары білімді, жоғары оқу орындарында және ғылыми ұйымдарда жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімді мамандар даярлауға 2006/2007 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырыстарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 485 қаулысы, «Жастар арасынан орта және жоғары кәсіптік оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитындар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 18 шілдедегі № 736 қаулысы.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоғамның дене шынықтыру және спорт саласында орта кәсіптік білімі бар білікті мамандар даярлау жөніндегі әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: дене шынықтыру және спорт саласына орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлау үшін оқу процесін ұйымдастыруға қажетті жағдайлар жасау, насихатталатын олимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын жоғары білікті спортшылармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
| № р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | 004 |
| Орта кәсіптік білімді мамандар даярлау | Білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттарына сәйкес оқу процесін өткізу. Оқу, әдістемелік, мәдени ағарту, дене шынықтыру және спортты жұмысты біріктірген білім беру қызметін жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Yкіметінің қаулысымен бекітілген білім берудің мемлекеттік тапсырысына сәйкес жыл сайын орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлау үшін оқушылар қабылдау. Республикалық спорт колледжіне мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитындарға қысқы және жазғы демалыс кезінде жеңілдікпен жол жүруіне ақшалай өтемақы төлеу үшін Республикалық спорт колледжіне трансферттер аудару. Республикалық спорт колледжіне негізгі құралдар сатып алу үшін күрделі трансферттер аудару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: кем дегенде 13 халықаралық жарысқа даярлану және қатысу. Республикалық спорт колледжінде жылдық орташа контингенті - 238 адамды оқыту.
Республикалық спорт колледжіне мамандарды дайындау жағдайын қамтамасыз ету үшін негізгі құрал-жабдықтарын сатып алу: компьютер жиынтығы кемінде 13 дана және жатақхана үшін төсек кемінде 100 дана.
Түпкі нәтиже: спорт ұйымдарында еңбекке орналасатын түлектердің үлесі - 60 пайызды, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыратын түлектердің үлесі - 40 пайызды құрайды.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір оқушыны оқытуға кететін шығынның орташа құны - 528,9 мың теңге.
Уақтылығы: дене шынықтыру және спорт саласына орта кәсіптік білімі бар кем дегенде 76 білікті маман даярлап шығару.
Сапасы: біліктілігі жоғары мамандармен қамтамасыз ету арқылы дене шынықтыру және спорт саласын дамыту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылға 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
55-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Спорт объектілерін салу және реконструкциялау»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597(бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 12315166 мың теңге (он екі миллиард үш жүз он бес миллион бір жүз алпыс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту және жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу, халықаралық спорт аренасында Қазақстанның беделін арттыру, спортшыларды даярлауға жағдайлар туғызу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Алматыны және бүкіл Қазақстанды азия өңірінің спорт көшбасшыларына айналдыратын жоғары дәрежелі спортшылар даярлау үшін қажетті базаны, әлемдік стандарттағы дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының кең желісін салу. Спорт ғимараттарының жағдайын жақсарту және халықты дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға бейімдеу.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
| № р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | 005 |
| Спорт объектілерін салу және реконструкциялау | Келесі объектілердің құрылысы бойынша бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру және техникалық қадағалау жүргізу: 1) Алматы облысында республикалық олимпиадалық даярлық базасын салу (24.03.2005 ж. № 7-140/05 жобасы бойынша Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); 2) Шучье қаласында республикалық шаңғы базасын салу (14.12.2005 ж. № 2-880/05 ТЭН жобасы бойынша Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); 3) Астана қаласында республикалық велотрек салу (11.07.2005 ж. № 2-426/05 ТЭН бойынша Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); 4) Ақмола, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында туризм инфраструктура объектілерінің жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау. 5) 15 мың орынға арналған әмбебап спорт сарайын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және мемлекеттік сараптама жүргізу, «Медеу» биік таулы спорт кешенін, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын қайта жаңарту және шаңғы трамплині (К-90, К-120) кешенінің құрылысын бастау. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Астана қаласында күніне 290 адамды қабылдау қабілеті бар Республикалық велотректің және Алматы облысында күніне 487 адамды қабылдау қабілеті бар Республикалық олимпиадалық дайындық базасының құрылысы; Шучье қаласында күніне 380 адамды қабылдау қабілеті бар Республикалық шаңғы базасын салу. Туризм индустриясы объектілерінің құрылысына дайындықты қамтамасыз ету 15 мың орынға арналған әмбебап спорт сарайын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және мемлекеттік сараптама жүргізу, «Медеу» биік таулы спорт кешенін, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын қайта жаңарту және шаңғы трамплині (К-90, К-120) кешенінің құрылысын бастау.
Түпкі нәтиже: Республикалық спорт объектілерін салу велосипед спортынан жоғары дәрежелі спортшылардың, олимпиадалық спорт түрлері бойынша және шаңғы спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спортшылардың даярлығы үшін, халықтың қыс мезгілінде белсенді демалуы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ақмола, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жоғары рентабельді индустрия құру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: инвестициялық жобаларды іске асырудың тиімділігіне бағалау жүргізудің негізінде анықталатын болады.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес орындалған жұмыс кесіміне сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
56-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдау»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 81866 мың теңге (сексен бір миллион ceгіз жүз алпыс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 2-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: халық арасында ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамытуға жағдай жасау, дене шынықтыру-спорт бірлестіктерінің және спорт клубтарының жұмысын жандандыру, ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын дамытуды бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
| № р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | 006 |
| Бұқаралық спортты және спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қолдау | Ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен күнтізбелік спорттық іс-шараларға қатысу және өткізу ("Ақ бидай" ауыл ойындары, ТМД мемлекеттерінің халықаралық спорт ойындары, Параолимпиадалық ойындар). Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне арналған халық спорты ойындарын өткізу. Ел ішінде және шет елдерде ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарын насихаттау. Ұлттық спорт түрлері бойынша спортшылар мен жаттықтырушыларды спорттық құрал-жабдықпен және киіммен қамтамасыз ету. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ұлттық және бұқаралық спорт түрлері бойынша кемінде 10 оқу-жаттығу жиынын, 42 республикалық жарыс өткізу және 20 халықаралық жарысқа қатысу.
Түпкі нәтиже: халықтың әртүрлі жіктерін ұлттық спорт түрлері мен халық ойындарымен шұғылдануға тарту арқылы салауатты өмір салтын енгізу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 іс-шараға жұмсалатын шығынның орташа құны - 1137 мың теңге.
Уақтылығы: республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес бұқаралық және ұлттық спорт түрлері бойынша іс-шаралар өткізу.
Сапасы: ұлттық спорт түрлерін дамыту және халық арасында оны кеңінен таныту арқылы Қазақстан Республикасының беделін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
57-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Спорт саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 110 000 мың теңге (бір жүз он миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 20-бабы; «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2006 жылғы Туриндегі (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегі (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиадалық ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны-қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық спорт аренасында жоғары нәтижелерге қол жеткізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Тамақтанумен, медико-биологиялық және қалпына келтіру дәрі-дәрмектерімен қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми-әдістемелер ұсынымдар әзірлеу, жаттықтырудың жаңаша әдістері арқылы спортшылар ағзасының функционалдық мүмкіндігін арттыру. Ғылыми негізде жаттықтыру және жарыс жүктемелерінің, демалудың, тамақтанудың, сондай-ақ қалыпқа келтіру, жұмысқа қабілеттілікті арттыру және спортшылар ағзасының функционалдық резервін жұмылдыру құралдарының қатаң балансталған жүйесін жасау.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
| № р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | 007 |
| Спорт саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | Спорт саласында 4 тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеу жүргізу: 1) орта тау, биік тау және жасанды гипоксия жағдайларында спортшыларды дайындаудың тиімді әдістемесінің әзірлемесі; 2) Қазақстан Республикасы құрамаларының кейбір мамандандырылған спортшыларының тамақтануын ұтымдандырудың және олардың тамағына биологиялық белсенді қоспаларды пайдаланудың негіздемесі; 3) Пекин қаласындағы XXIX жазғы Олимпиада ойындарына элиталық спортшыларды психологиялық дайындау; 4) Қазақстан Республикасының жоғары білікті спортшыларының спорт жарақатының және ауыруының алдын алу мен төмендету. 5) Пекин қаласындағы XXIX жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға ықтимал үміткер-спортшылар даярлығының қорытынды кезеңінің моделін әзірлеу (педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық аспектілер). | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 5 тақырып бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу:
1) «Орта тау, биік тау және жасанды гипоксия жағдайларында спортшыларды дайындаудың тиімді әдістемесін әзірлеудің негіздемесі» орта тау, биік тау және жасанды гипоксия жағдайларында оқу-жаттығу жиындарын өткізу, спорт жүктемесін жоспарлау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленетін болады;
2) «Қазақстан Республикасы құрамаларының кейбір мамандандырылған спортшыларының тамақтануын ұтымдандырудың және олардың тамағына биологиялық белсенді қоспаларды пайдаланудың негіздемесі» аталған топ спортшыларына арналған тамақтану нормалары және функционалдық тамақтану өнімдері мен тамаққа арнайы биологиялық белсенді қоспаларды қолдану жөнінде ұсынымдар әзірленетін болады;
3) «Пекин қаласындағы XXIX жазғы Олимпиада ойындарына элиталық спортшыларды психологиялық дайындау» спортшылардың психо-эмоционалдық және дене жай-күйін, олардың денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті ұсынымдар әзірленетін болады;
4) «Қазақстан Республикасының жоғары білікті спортшыларының спорт жарақатының және ауыруының алдын алу мен төмендету» - жоғары білікті спортшылардың спорт жарақаты мен ауыруының алдын-алу және олардың денсаулығын сақтау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірленетін болады.
5) Пекин қаласындағы XXIX жазғы Олимпиада ойындарын қатысуға ықтимал үміткер-спортшылар даярлығының қорытынды кезеңінің моделін әзірлеу (педагогикалық, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық аспектілер) - спортшылар даярлығының қорытынды кезеңіндегі оқу-жаттығу процесі бойынша медициналық-биологиялық, фармакологиялық және қалпына келтіру препараттарын пайдалана отырып, жеке адам ағзасының ерекшеліктерін, психо-эмоционалдық жүктемені және алдағы олимпиаданың ақтық жарыстарының басталуына спорт түрлерінің айрықша талаптарын ескере отырып, әдістемелік ұсынымдар әзірленетін болады.
Түпкі нәтиже: спорт саласында қызмет көрсетумен қамтамасыз етудің тұрақты дамитын жүйесі қалыптастырылады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір ғылыми жобаны іске асыруға қажет шығынның орташа құны 27 500 мың теңге.
Уақтылығы: ғылыми жобалардың уақтылы әзірленуін қамтамасыз ету. Жоспарланған іс-шаралардың уақтылы орындалуы.
Сапасы: жоғары білікті спортшыларды дайындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
58-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік сыйлықтар»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 169 мың теңге (бір жүз алпыс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Жазушы Сейдахмет Бердіқұловты мәңгілік есте қалдыру туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 желтоқсандағы № 1363 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: спорт және дене шынықтыру туралы үздік жарияланымдары үшін журналистерді ынталандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: спорт және дене шынықтыру туралы үздік жарияланымдары үшін журналистерге мемлекеттік сыйлық төлеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
| № р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | 008 |
| Мемлекеттік сыйлықтар | Yш сыйлықты тапсыру үшін дипломдар әзірлеу, сондай-ақ байқауды ұйымдастыру және спорт пен дене шынықтыру туралы үздік жарияланымдары үшін үздік журналистерге сыйлықтар төлеу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: дене шынықтыру туралы жарияланымдары үшін үздік журналистерге арналған 3 мемлекеттік сыйлықтарды төлеу.
Түпкі нәтиже: жарияланған ең үздік еңбектері үшін журналистерді, Қазақстан Республикасының спорт саласындағы көрнекті өкілдерді ынталандыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1 мемлекеттік сыйлыққа төленетін орташа шығынның құны - 56,3 мың теңге.
Уақтылығы: жоспарланған мемлекеттік сыйлықтарды төлеуді қамтамасыз ету.
Сапасы: бұқаралық ақпарат құралдары қайраткерлеріне мемлекеттік қолдауды күшейту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
59-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне спорт
объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 3 618 903 мың теңге (үш миллиард алты жүз он сегіз миллион тоғыз жүз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың салауатты өмір салтын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спортты дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: спорттың инфрақұрылымын дамыту.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.25.09. № 835 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
| № р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | 009 |
| Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне спорт объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттерi | Тізбе бойынша және "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің соманың шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген смета-жобалау құжаттамаларына сәйкес мына іс-шараларға дене шынықтыру және спорт объектілерін дамытуға облыстық бюджеттер, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне арналған нысаналы трансферттерді аудару: 1) Астана қаласында теннис кортын салу; 2) Алматы облысы Талдықорған қаласы Жансүгіров көшесінде орналасқан спорт сарайын салу (24.11.06ж. № 7-637/06 Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы); 3) Қызылорда облысы Арал қаласында спорттық-сауықтыру кешенін салу (30.01.2006 ж. № 13-14/06 ТЭН бойынша Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы). 4) Астана қаласында коньки тебу стадионын салу, оның ішінде тауар жеткізілмеген, толық жеткізілмеген немесе сапасыз жеткізілген жағдайда Тапсырыс берушіге оның төлеген аванс сомасының сөзсіз қайтарылуын қамтамасыз ететін сақтандыру полисін мердігер ұйым беретін болса, материалдар мен жабдықтарға оның құнының елу пайызынан аспайтын мөлшерде аванс аудару | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Астана қаласының, Алматы және Қызылорда облысының әкімдері |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Астана қаласында теннис кортын, Алматы облысы Талдықорған қаласында мұзды сарайын, Қызылорда облысы Арал қаласында спорттық-сауықтыру кешенін салу жөніндегі жұмыс көлемін орындау, Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамадан өткен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама және Астана қаласында коньки тебу стадионының құрылысын бастау.
Түпкі нәтиже: тұрғындардың салауатты өмір салтын қамтамасыз ету үшін спорт объектілерін іске қосу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жобаларды іске асырудың тиімділігін талдау нәтижелері бойынша.
Уақтылығы: жұмыс өнімділігінің кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
60-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 536068 мың теңге (бес жүз отыз алты миллион алпыс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 4 , 9 , 10, 11, 14,16-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тартымды туристтік объект ретінде Қазақстанның беделін арттыру және бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құруға байланысты туристік кластерді дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: туризм индустриясын дамыту үшін қолайлы инвестициялық климат тудыру; ұлттық турөнімді қалыптастыру және оның сапасының әлемдік деңгейге сай болуын қамтамасыз ету; туризм индустриясына жаңаша технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді енгізу; Қазақстанның халықаралық туристік беделін нығайту мақсатында ірі халықаралық ic-шараларды ұйымдастыру және оларға қатысу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
| № р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | 011 |
| Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру | Туристік саланы дамыту мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізу; туризмді дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік материалдар әзірлеу және басып шығару; Қазақстан Республикасында шетелдік жетекші туристік операторлар мен БАҚ өкілдері үшін ақпараттық турлар өткізу; Қазақстанның туристік болашағы туралы жарнамалық-ақпараттық материалдарды шетелдік БАҚ-та өндіру және шығару; Іле-Балқаш регатасын өткізу; "Сарқылмас саяхат" қазақстандық туристік жәрмеңкесін (жылжымалы) өткізу; Еуропаға арналған Халықаралық туристік комиссияның кезекті отырысына Қазақстанның қатысуы; Халықаралық туристік ұйымның Бас Ассамблеясының XVII сессиясына Қазақстанның қатысуы; Берлин қаласындағы (Германия) "ІТВ", Лондон қаласындағы (Англия) "WTM", Токио қаласындағы (Жапония) "JATA", Сеул (Оңтүстік Корея) қаласындағы "КОТҒА" халықаралық туристік көрмелеріне қатысу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) республиканың туристік болашағын таныту мақсатында бес халықаралық туристік көрмеге қатысуды қамтамасыз ету;
2) ішкі туризмді дамытуға және шетелдік туристерді тартуға жәрдемдесу мақсатында үш ішкі туристік іс-шара өткізу;
3) Қазақстан туризмі туралы ақпараттық вакуумды жою мақсатында туристік мүмкіндіктер туралы жарнамалық және ақпараттық-анықтамалық өнімдерді 88 000 данада басып шығару, туристік әлеует туралы бейнематериалдарды әлемдік арналарда жылына 299 рет эфирге шығару;
4) Еуропаға арналған Халықаралық туристік комиссияның кезекті отырысына және Халықаралық туристік ұйымның Бас Ассамблеясының XYII сессиясына Қазақстанның қатысуы;
5) туристік саланы дамыту мәселелері бойынша кемінде 2 семинар-кеңес өткізу.
Tүпкі нәтиже:
1) туристік қызмет көрсетулердің халықаралық нарығында бәсекеге қабілетті ұлттық туристтік өнімді жетілдіру және іске асыру;
2) әлеуетті туристердің Қазақстанның мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру;
3) жергілікті халық пен шетелдік азаматтардың арасында туристік мүмкіндіктерді таныту;
4) Қазақстанның оң туристік беделін қалыптастыру;
5) семинар-кеңестер кезінде туризм саласындағы мамандарды оқыту және тәжірибе алмасу;
6) экономикалық өсімге және халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу үшін елдің туристік кешенін одан әрі дамыту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1) Қазақстанның халықаралық туристік көрмелерге қатысуын қамтамасыз етуге кететін орташа шығыс - 43041 мың теңге;
2) бір ішкі туристік іс-шараны өткізуге кететін орташа шығыс - 6801 мың теңге;
3) туризмді дамыту мәселелері бойынша бір ақпараттық-анықтамалық материалды әзірлеуге және басып шығаруға кететін орташа шығыс - 0,4 мың теңге;
4) Қазақстанның туристік әлеуеті туралы жарнамалық-ақпараттық материалды шетелдік БАҚ-та бір рет эфирге шығаруға кететін орташа шығыс - 544 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: аталмыш бюджет бағдарламасы шеңберінде 2007 жылы іс-шараларды іске асыру Қазақстанның халықаралық туристік оқиғаларға қатысуға байланысты жұмысын жалғастыруға және күшейтуге, өзіндік іс-шаралар өткізуге және туризм саласына инвестициялар мен жеке капиталды тарту үшін жағдайлар туғызуға мүмкіндік береді.
Сапасы: туризм үшін тартымды ел ретінде Қазақстанның туристік беделін нығайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
61-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Жоғары жетістіктер спортын дамыту»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 4 667 503 мың теңге (төрт миллиард алты жүз алпыс жеті миллион бес жүз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 2 , 4 , 8 , 15, 18, 25, 30-баптары; «Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесі даярлығының Президенттік сынамалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы № 774 қаулысы; «Қазақстан Республикасының спортшыларын кезекті 2006 жылғы Туриндегі (Италия Республикасы) XX қысқы және 2008 жылғы Пекиндегі (Қытай Халық Республикасы) XXIX жазғы Олимпиадалық ойындарына қатысуға даярлау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу және халықаралық спорт аренасындағы Қазақстан Республикасының беделін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларына олимпиадалық резерв даярлау, республикалық және халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының құрама командаларының спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстарға қатысуы, республика құрама командаларын ұйымдық медициналық қамтамасыз ету, халық арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау және патриоттық тәрбие беру, құрама командалар спортшыларының шеберлігін арттыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау, спортшылар мен жаттықтырушыларға әлеуметтік қолдау көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
| № р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | 012 |
| Жоғары жетістіктер спортын дамыту | Спорт түрлерінен халықаралық деңгейдегі спортшылар мен спорт резервін даярлау, спорттың түрлері бойынша республикалық жарыстар, оқу-жаттығу жиындарын өткізу және халықаралық жарыстарға қатысу (Азия, Еуропа, Әлем чемпионаттары және Әлем кубоктары, VI қысқы Азия ойындары, ҚР біріншіліктері, кубоктары, Достастық елдерінің халықаралық спорт жарыстары және басқа да халықаралық турнирлер); ұлттық штаттық командаларды материалдық қамтамасыз ету, спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының мүшелерін ресми халықаралық жарыстарға қатысу кезінде бір мәрте сақтандыру. Спорт түрлерінен жетекші спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын, соның ішінде шет елдерден жаттықтырушыларды келісім-шарт негізінде жұмысқа тарту. Жоғары жетістіктер спортын насихаттау. "Жыл спортшысы" Республикалық конкурсын өткізу. Олимпиадалық спорт түрлерінен КСРО және Қазақстан Республикасы құрама командаларында болған және кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар спортшыларды және жаттықтырушыларды - олимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлерін, әлем чемпионатының жеңімпаздарын заңнамада белгіленген тәртіппен және мөлшерде өмір бойы материалдық қамсыздандыру. Спортшыларды диспансерлік қадағалау және емдеу. Спорт түрлерінен спортшыларға, республикалық құрама командалардың мүгедектеріне медициналық консультативтік кеңес беру. Спорттық-бұқаралық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысушыларға медициналық қызмет көрсету. Спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысушыларды қамтамасыз етуге белгіленген нормаларды есепке ала отырып, фармакологиялық қалпына келтіру құралдарын, витаминдерді және белоктық-глюкозалық препараттарды, сондай-ақ халықаралық және республикалық спорт жарыстарының қарсаңында ағзадағы анаболик-стероидтердің және пептидті гормондардың болуын анықтау үшін тесттен өткізуге арнайы жабдықтар, химиялық реактивтер мен медикаменттер сатып алу. Жазғы және қысқы олимпиадалық спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталықтарында олимпиада резервін даярлау. Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарының спортшыларын құрал-жабдықпен және киіммен қамтамасыз ету. Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының командаларына алынған спортшыларға арналған спорттық құрал-жабдықтар және жабдықтар сатып алуға Ұлттық штаттық командалар дирекциясына күрделі трансферттер аудару. Республикалық спорттық медицина және оңалту орталығына және Медициналық құрал-жабдықтарды алуға арналған допингке қарсы зертхана үшін арнайы жабдықтар сатып алуға, Республикалық олимпиадалық даярлау орталығына негізгі құралдар сатып алу үшін күрделі трансферттер аудару және Алматы қ. Олимпиадалық даярлау орталығының спорттық-сауықтыру базасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.29.12. № 1404 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары мүшелерінің қысқы Азия ойындарында спорттың 10 түрінен және басқа халықаралық спорттық іс-шараларда орта есеппен спорттың 64 түрінен қатысу. Орта есеппен 677 оқу-жаттығу жиынын, 360 республикалық жарыс өткізу және спорт түрлерінен 480 халықаралық жарысқа қатысу.
Жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионаттарын қоса алғанда халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, спорт шеберлері мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерін даярлау. Кемінде 2560 адамды, республика құрама командалары спортшыларын диспансерлік қадағалау және емдеу.
Спорт түрлерінен республиканың ұлттық құрама командаларын сапалы ұйымдастыру мақсатында Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы үшін автокөлік (шағын автобус, автомобиль), кемінде 52 дана спорттық құрал-жабдықтар сатып алу.
Олимпиадалық спорт түрлерінен КCPO және Қазақстан Республикасы құрама командаларында болған және кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар спортшыларды және жаттықтырушыларды - олимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпионатының жеңімпаздарына - кемінде 110 адамға заңнамада белгіленген тәртіппен және мөлшерде өмірлік материалдық қамсыздандыру төлеу.
Республикалық олимпиадалық даярлау орталықтарында спортшыларды даярлауды жақсарту үшін кемінде 6 дана спорттық құрал-жабдық, синхронды жүзуге арналған музыкалық аппаратура - 1 дана, қарда жүру құралы - 1 дана, ретракт - 1 дана, автокөлік - 2 дана, тұрмыстық және кеңселік құрал-жабдық сатып алу. Спортшыларды велоспорт, бокс, күрес және атлетикадан олимпиадалық даярлықтың мамандандырылған орталықтарында даярлауға жағдайлар жасау үшін автокөлік (4 автобус, 9 автомобиль), кемінде 80 дана спорттық құрал-жабдық, велоспорттан, бокс, күрес және атлетикадан олимпиадалық даярлық орталықтарында дайындық жағдайларын жасау үшін тұрмыстық және кеңсе жабдықтарын, кемінде 5 дана медициналық жабдықтар сатып алу.
Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының денсаулығын жақсарту үшін республикалық спорттық медицина және оңалту орталығына кемінде 5 дана медициналық жабдық және спортшылардың допингке қарсы зертханасына арналған құрғақ блоктық термостат, майсыз компрессор және масс-спектометр сатып алу. Алматы қ. Олимпиадалық даярлау орталығының спорттық-сауықтыру базасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Түпкі нәтиже: жоғары деңгейдегі спортшылар даярлау жүйесін жетілдіру. Ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында республиканың құрама командалары мүшелерінің халықаралық жарыстарда, соның ішінде Әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарында қысқы спорт түрлері бойынша Азия ойындарында, Орталық Азия ойындарында, Спартакиадаларда табысты өнер көрсетуі және материалдық-техникалық базаны жақсарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір спортшыны даярлауға және қатыстыруға кететін шығынның орташа құны - 1414,2 мың теңге.
Уақтылығы: республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапасы: спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командалары спортшыларының халықаралық деңгейдегі рейтингін арттыру және әлемдік спорт аренасында Қазақстан спортының беделін нығайту, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмір салты қағидаттарын енгізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
62-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Туризм мен спортты институционалдық дамыту»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 54600 мың теңге (елу төрт миллион алты жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2001 жылдың 13 маусымындағы «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы; «Экономиканың басым секторларында пилот кластерлерін жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 663 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: туристік өнімді халықаралық нарыққа және мемлекет ішінде өткізу мақсатында интерактивтік технологияларды енгізу, Қазақстан және оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты тарату, туризм инфрақұрылымын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: туристік қызметтің әлемдік нарығына отандық туристік өнімді шығару, туризм индустриясына жаңаша технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді енгізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
| № р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | 013 |
| Туризм мен спортты институционалдық дамыту | "Республикалық туристік ақпараттық-орталық" акционерлік қоғамының жарғылық қорын қалыптастыру. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: туристік өнімді халықаралық нарыққа және мемлекет ішінде өткізу үшін, Қазақстан және оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты тарату үшін "Республикалық туристік ақпараттық орталық" акционерлік қоғамының жарғылық қорын қалыптастыру.
Түпкі нәтиже: туристік саланы экономиканың кіріс саласына айналдыру, жоғары табысты туризм индустриясын құру, туристік қызметтердің халықаралық нарығында ұлттық турөнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және іске асыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: номинал құны 10 000 (он мың) теңгелік 5 460 дана көлемінде қосымша акция шығару.
Сапасы: туризм объектілерінің қызмет көрсетуін жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
63-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Туризм мен спорттың ақпараттық жүйесін құру және дамыту»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 50000 мың теңге (елу миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 Бюджет кодексі; «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 14-бабы; «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 11-бабы, «Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономикалық өсімге және халықтың еңбекпен қамтылуына жәрдемдесу үшін елдің туристік және спорттық кешендерін одан әрі дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: министрліктің біріккен ақпараттық жүйесі және порталын құру. Ақпараттық жүйені кең қолдану арқылы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі құрылымдық бөлімшелері қызметінің тиімділігін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
| № р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | 014 |
| Туризм мен спорттың ақпаратттық жүйесін құру және дамыту | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің жүйесін жоба алдындағы тексеру; Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ақпараттық жүйесінің тұжырымдамасын әзірлеу; ақпаратттық жүйені құру үшін техникалық тапсырма әзірлеу; туризм және спорттың ақпараттық жүйесін әзірлеу; портал құру; есептеуіш инфрақұрылымның техникалық құралдарын сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Ақпараттық қауіпсіздікті, мемлекеттік қаржы мен мүлікті жедел басқаруды қамтамасыз ету, мемлекеттің экономикалық өсуін тұрақтандыруға ықпал ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының туризмі және спортының дамуын ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
64-ҚОСЫМША
205 - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес»
деген 104 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 11292 мың теңге (он бір миллион екі жүз тоқсан екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңының 8-бабы; «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 13 маусымдағы № 211 Заңы; «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысы; «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 240 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы әрекеттің тиімділігін одан әрі тарату жөніндегі жүйелердің негізгі буындарын нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: есірткіні пайдаланудың алдын алу, республикалық деңгейде есірткіге қарсы спорттық іс-шаралар өткізу арқылы қоғамдық иммунитетті қалыптастыру; дене шынықтыру мен спортты насихаттау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
| № р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 1 | 104 |
| Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес | Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне арналған бұқаралық-спорттық іс-шаралар ұйымдастыру және спорт және жер-жерлерде өткізу. Шайбалы хоккейден екі жас топтары арасында жарыстар ұйымдастыру. Қоғамдық орындарда көрнекі үгіт құралдарын (жарнамалық қалқандар, билбордтар, әдістемелік құралдар, буклеттер және т.б.) орнату жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру. Футболдан "Былғары доп" турнирін ұйымдастыру. Жазғы және қысқы президенттік көпсайыстан республика чемпионатын ұйымдастыру. Стритболдан, кіші футболдан, үстел теннисінен жасөспірімдер клубтары арасында жарыстар ұйымдастыру. "Жоңғария" Республикалық туристік саяхатын өткізу. "Туризм есірткіге қарсы" туристік слетін өткізу. Жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, жасөспірімдер мен жастар арасында бұқаралық спорттан республикалық жарыстар өткізу; жастардың есірткіге қарсы санасын қалыптастыру; есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті қалыптастыруға, салауатты өмір салтын уағыздауға бағытталған қазақ және орыс тілдеріндегі бейнероликтерді прокатқа шығару. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жастар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен, спортпен және туризммен шұғылдануға тарту.
Түпкі нәтиже: қоғамдық иммунитетті қалыптастыру, есірткіге тәуелді адамдардың санын азайту.
Қаржы-экономикалық нәтиже: республикалық бюджет қаражатын тиімді бөлу.
Уақтылығы: Белгіленген уақытта жоспарланған іс-шаралардың уақтылы орындалуы.
Сапасы: Азаматтардың нашақорлықтың зиянын, есірткі заттарын пайдаланудан кейін болатын өкінішті салдарларды сезінуі, республикалық және өңірлік деңгейлерде есірткіге қарсы іс-шаралар өткізу арқылы және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, балалар мен жастарға арналған спорттық-бұқаралық және туристік іс-шаралар ұйымдастыру арқылы қоғамдық иммунитетті қалыптастыру.