Бағалы қағаздар рыногы туралы 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ
Қазақстан Республикасының Заңы

(2008.20.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2008 жылғы 4 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-тарау. Жалпы ережелер                  (1-5 баптар)

2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды        (6-13 баптар)

     мемлекеттік тіркеу

3-тарау. Облигациялар шығару мен олардың айналысының    (14-20 баптар)

     ерекше талаптары

4-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру      (21-27 баптар)

5-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы        (28-32 баптар)

6-тарау. Опциондардың, фьючерстердің, своптардың,      (33-35 баптар)

     қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарының және

     өзге де туынды бағалы қағаздардың айналысы

7-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді     (36-40 баптар)

     тіркеу және олар бойынша құқықтарды бастау

8-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық      (41-44 баптар)

     және қызметтік құпия

9-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті        (45-56 баптар)

     жүзеге асыру тәртібі

10-тарау. Бағалы қағаздарын нақтылы ұстау          (57-62 баптар)

11-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк және дилерлiк   (63-64 баптар)

     қызмет

12-тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің    (65-68 баптар)

     жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет

13-тарау. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі     (69-72 баптар)

     қызмет. Зейнетақы активтерін инвестициялық

     басқару жөніндегі қызмет

14-тарау. Кастодиандық қызмет                (73-75 баптар)

15-тарау. Трансфер-агенттік қызмет              (76-77 баптар)

16-тарау. Орталық депозитарий                (78-82 баптар)

17-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушы            (83-90 баптар)

18-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы            (91-100 баптар)

     өзін-өзі реттейтін ұйымдар

19-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпарат        (101-107 баптар)

20-тарау. Бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің      (108-112 баптар)

     қызметін бақылау

21-тарау. Қорытынды ережелер                 (113-114 баптар)

 

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен мәтін бойынша сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)

 

Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң құрылуы мен қызметi ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар рыногының қауiпсiз, ашық түрде және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, инвесторлар мен бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын, бағалы қағаздар рыногы қатысушыларының адал бәсекесiн қорғау мақсатында бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалау тәртібін айқындайды.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара) ; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен  (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2005.21.04. № 46-III ҚР Заңымен ; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара); 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен   (бұр. ред. қара); 2007.19.02 № 230-III (бұр.ред.қара); 2008.05.07 № 66-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 1- бап өзгертілді ;  2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен  1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)

Өзгерістерді қара -2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңы (қолданысқа енетін мерзімін қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) агенттік облигация - қаржы агенттігі шығаратын облигация;

2) айырбасталатын бағалы қағаз - акционерлік қоғамның шығару проспектісінде айқындалған талаптармен және тәртіппен оның басқа түрдегі бағалы қағазына айырбасталуға жататын бағалы қағазы;

3) андеррайтер - бағалы қағаздар рыногының брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде қызмет көрсететін кәсіби қатысушысы;

4) бағалармен айла-шарғы жасау - бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің ұсыныс пен сұраныстың объективті арақатынасы нәтижесінде бағалы қағаздарға белгіленген бағадан жоғары немесе төмен баға белгілеуге бағытталған іс-әрекеттері;

5) бағалы қағаз - мүліктік құқықтарды куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілеулердің жиынтығы;

6) бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы - өз қызметін бағалы қағаздар рыногында лицензия негізінде не заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асыратын және акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында жұмыс істейтін (клиенттердің есебін жүргізу құқығын берместен брокерді және (немесе) дилерді, тіркеушіні, трансфер-агентті қоспағанда) заңды тұлға;

7) бағалы қағаздарды номиналды ұстау - номиналды ұстау шартына не осы Заңға сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылардың атынан және есебінен белгілі бір заңды іс-әрекеттерді жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерін тіркеу;

8) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесі - эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және оларды ұстаушылар туралы мәліметтердің жиынтығы, ал белгілі бір уақыт кезінде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оларды ұстаушылардың құқықтарын сәйкестендіруді, бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ осы бағалы қағаздар бойынша айналысқа немесе құқықтарды жүзеге асыруға арналып тіркелген шектеулердің сипаты және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес өзге де мәліметтер;

9) бағалы қағаздардың бағасын белгілеу - ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында белгілі бір уақыт кезінде бағалы қағаз бойынша сұраныстың және (немесе) ұсыныстың жарияланған бағасы;

10) бағалы қағаздардың қайталама рыногы - орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесінде бағалы қағаздар рыногының субъектілері арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар;

11) бағалы қағазды ұстаушы - бағалы қағаздар бойынша құқықтары бар, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлға, сондай-ақ пай инвестициясы қоры;

12) базалық актив - стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткіштер;

13) бағалы қағаздардың бастапқы рыногы - эмитенттің бұрын қайталама бағалы қағаздар рыногында өзі сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын бұдан әрі орналастыруын қоспағанда, эмитенттің (андеррайтердің немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;

14) биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушы клиенттерінің арасында баға белгілеуді алмастыру жүйесін пайдалану мен қолдау арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

15) брокер - клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен және мүдделерін көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы;

16) бұйрық - қаржы құралдарын ұстаушы (сатып алушы) өзіне тиесілі қаржы құралдарына немесе қаржы құралдарын сатып алуға арналған ақшаға қатысты белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыруды көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысына табыс ететін құжат;

17) делистинг - бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушының тізімінен уақытша немесе тұрақты шығарып тастау;

18) депозитарийлік қолхат - осы депозитарийлік қолхаттың базалық активі болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың белгілі бір санына меншік құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;

19) депозитарийлік қызмет - басқа номиналды ұстаушылар үшін бағалы қағаздарды номиналды ұстау қызметін көрсету және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру жөніндегі қызмет;

20) депозитке салу - орталық депозитарийдің өз клиенттерінің жеке шоттарындағы қаржы құралдарын есепке алуы;

21) депонент - орталық депозитарийдің клиенті болып табылатын ұйым;

22) дефолт - эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша міндеттемелердің орындалмауы;

23) дилер - ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тікелей кіру құқығымен өз мүдделерін көздеп және өз есебінен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы;

24) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздар - шығарылуын уәкілетті орган тіркеген бағалы қағаздар;

25) дара инвестор - институционалдық инвестор болып табылмайтын инвестор;

26) жеке шот - бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде бар, эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша мәмілелерді тіркеу және құқықтарды есепке алу мақсатымен тіркелген тұлғаны бірыңғай сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;

27) жеке шоттан үзінді - тіркеуші немесе номиналды ұстаушы беретін және тіркелген тұлғаның эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша белгілі бір уақыт кезінде құқықтарын растайтын, бағалы қағаз болып табылмайтын құжат;

28) инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектісінің меншігіндегі немесе басқаруындағы әртүрлі қаржы құралдарының не Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес инвестициялық қор мүлкінің жиынтығы;

29) инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқарушы - бағалы қағаздар рыногының азаматтық құқық объектілерін басқару жөніндегі қызметті өз атынан, клиенттің мүдделерін көздеп және соның есебінен жүзеге асыратын кәсіби қатысушысы;

30) инсайдер - эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлесін) иеленуіне, эмитенттің немесе оның аффилиирленген тұлғасының басқару органдарына мүше болуына, эмитентпен немесе оның аффилиирленген тұлғасымен еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық шарт жасауына, оған мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы ретінде берілген өкілеттіктерге байланысты инсайдерлік ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлға;

31) инсайдерлік ақпарат - эмиссиялық бағалы қағаздар және олармен жасалатын мәмілелер туралы, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың эмитенті және ол жүзеге асыратын қызмет туралы үшінші тұлғаларға белгісіз, жария етілуі осы бағалы қағаздардың немесе базалық активі осы бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздардың нарықтағы бағасына елеулі түрде әсер етуі мүмкін кез келген ақпарат;

32) институционалдық инвестор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы заңды тұлға;

33) инфрақұрылымдық облигация - эмитент міндеттемелерінің орындалуы мемлекет пен эмитент арасында мемлекетке берілетін объект құнына сәйкес сомада жасалған инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жөніндегі концессиялық келісім шеңберінде мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген облигация;

34) ипотекалық облигация - ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен (ипотекалық куәліктердің кепілін қоса алғанда), сондай-ақ тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін өзге де өтімділігі жоғары активтер кепілімен қамтамасыз етілген облигация;

35) кастодиан - қаржы құралдары мен клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжаттық-қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы;

36) клиент - бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы көрсететін қызметтерді пайдаланатын немесе пайдаланғысы келетін тұлға;

37) қазақстандық депозитарийлік қолхат - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарының белгілі бір санына меншік құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;

38) қамтамасыз етілген облигация - эмитент міндеттемелерін орындау эмитент мүлкінің кепілімен, банк кепілдігімен қамтамасыз етілген облигация;

39) қаржы агенттігі - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті және осы мақсатпен Қазақстан Республикасының қаржы нарығында және (немесе) халықаралық қаржы нарығында қарыз алуды жүзеге асыратын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;

40) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг - қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу нәтижесінде жүзеге асырылатын есеп айырысуға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен міндеттемелерінің есебі;

41) қаржы құралдарын материалсыздандыру - құжаттық нысанда шығарылған қаржы құралдарымен куәландырылатын құқықтарды растау тәсілін осы құқықтарды орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі электрондық жазбалармен растау арқылы өзгерту;

42) қаржы құралы - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарымен айқындалған қаржы нарығының бағалы қағаздары (туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда) мен өзге де активтері;

43) қаржы нарығы - қаржы қызметін көрсету мен тұтынуға және қаржы құралдарының айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы;

44) қор биржасы - акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

45) құжатсыз бағалы қағаз - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде) шығарылған бағалы қағаз;

46) құжаттық бағалы қағаздар - құжаттық нысанда шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ бағалы
қағаздың мазмұнын тікелей оқуға болатын өзге де материалдық жеткізгіштегі) бағалы қағаздар;

47) левередж - эмитенттің міндеттемелері мен өз капиталы мөлшерлерінің арақатынасы;

48) листинг - қор биржасының бағалы қағаздар тізімінің санатына енгізу және сол санатта болу үшін қор биржасының ішкі құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттеріне арнайы (листингтік) талаптар белгіленіп, бағалы қағаздарды оған енгізу;

49) лицензиат - уәкілетті орган берген лицензия негізінде бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

50) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар - мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылмайтын акциялар, облигациялар және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар;

51) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болатын қарызға қатысы жөнінен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;

52) мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы;

53) мүдделер қақтығысы - бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары мен олардың клиенттерінің мүдделері бір-біріне сай келмейтін жағдай;

54) номиналды ұстауды есепке алу жүйесі - номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушысының бағалы қағаздарды ұстаушылар және оларға тиесілі бағалы қағаздар туралы мәліметтері бар, уақыттың белгілі бір кезінде бағалы қағаздарды сәйкестендіруді, олармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз ететін есеп беру жүйесі, сондай-ақ осы бағалы қағаздарды айналысқа немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға арналып тіркелген шектеулердің сипаты және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге де мәліметтер;

55) облигацияларды өтеу - эмитенттің орналастырылған облигацияларды сыйақы және облигацияның номиналды құнын төлеу (кейіннен сату мақсатынсыз) немесе оны облигациялар шығару проспектісінде белгіленген тәртіппен сол эмитенттің акциясына (акцияларына) айырбастау арқылы айналыстан алып қою жөніндегі іс-әрекеті;

56) облигацияларды ұстаушылардың өкілі - эмитентпен жасалған шарт негізінде қайталама бағалы қағаздар рыногындағы инфрақұрылымдық, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигациялар айналысы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесінде облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін көздеп іс-әрекет жасайтын ұйым;

57) облигациялық бағдарлама - эмитент бірнеше облигациялар шығаруды, оның ішінде шығарылымның тиісті проспектісінде белгіленетін әртүрлі құрылыммен шығаруды жүзеге асыруға құқылы болатын шекте облигациялар шығару;

58) облигацияның номиналды құны - облигация құнының ол шығарылған кезде белгіленген ақшалай көрінісі, оған купондық облигация бойынша процентпен көрсетілген сыйақы есептеледі, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиісті сома;

59) оқшаулау - бағалы қағаздардың сақталуына кепілдік беру мақсатымен жүзеге асырылатын, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде және номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге уақытша тыйым салу;

60) опцион - шарт, оған сәйкес бір тарап (опционды сатушы) сатуға немесе сатып алуға міндеттенеді, ал екінші тарап (опционды сатып алушы) осы шартта аталған мүліктің (базалық активтің) белгілі бір санын осы шартта келісілген баға бойынша сатып алу немесе сату құқығына ие болады; сауда-саттықты ұйымдастырушылар мұндай шартты стандарттаған жағдайда ол туынды бағалы қағаз ретінде пайдаланылуы мүмкін;

61) орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздар - бағалы қағаздардың бастапқы рыногында инвесторлар толық төлеген эмиссиялық бағалы қағаздар;

62) орталық депозитарий - негізгі функциясы депозитарийлік қызметті жүзеге асыру болып табылатын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;

63) өзін-өзі реттейтін ұйым - бағалы қағаздар рыногында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары құрған заңды тұлға;

64) өтініш беруші - бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алу мақсатымен уәкілетті органға құжаттарды табыс еткен заңды тұлға;

65) пруденциялық нормативтер - уәкілетті орган белгілеген және лицензиат сақтауға тиіс нормалардың қаржылық көрсеткіштері;

66) рейтинг - белгілі бір эмитенттің шамамен алғандағы кредит қабілетін немесе оның бағалы қағаздарының сапасы мен сенімділігін белгілейтін бағаның дара сандық және әріппен белгіленген көрсеткіші;

67) сауда жүйесі - сауда-саттықты ұйымдастырушының материалдық-техникалық құралдарының, ішкі құжаттарының және осы сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелері арасында эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер жасауда пайдаланылатын өзге де қажетті активтері мен рәсімдерінің кешені;

68) сауда-саттықты ұйымдастырушы - қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы;

69) сауда-саттықты ұйымдастырушының тізімі - сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесіне айналысқа жіберуге рұқсат етілген қаржы құралдарының сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес және (немесе) Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жасалған тізім;

70) своп - екі тараптың уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде белгілі бір талаптармен қаржы құралдарын айырбастау жөніндегі келісімін куәландыратын туынды бағалы қағаз;

71) төлем агенті - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;

72) трансфер-агент - өз клиенттерінің арасында құжаттар (ақпараттар) қабылдау мен беру жөнінде қызмет көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы;

73) туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз;

74) тіркелген тұлға - бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстау есебі жүйесінде жеке шоты бар тұлға;

75) тіркеуші - бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін түзуді, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы;

76) уәкілетті орган - бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

77) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы - эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс саласы, олармен жасалатын мәмілелер сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады;

78) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы - бағалы қағаздардың айналыс саласы, онда бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылады;

79) ұлттық сәйкестендіру нөмірі - эмиссиялық бағалы қағаздарды сәйкестендіру және есепке алуды жүйелеу мақсатымен оларға уәкілетті орган беретін әріптік-цифрлық код;

80) фьючерс - стандарттық саны мен орындалу мерзімі бар және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста жүретін белгіленген нысандағы туынды бағалы қағаз, оны сатушы сатуға немесе сатып алуға міндеттенеді, ал сатып алушы мүліктің (базалық активтің) белгілі бір санын келісілген баға бойынша және белгілі бір мерзім өткеннен кейін сатып алуға немесе сатуға міндеттенеді;

81) хеджирлеу - қаржы құралдарымен мәміле жасасу арқылы бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің кірістері мен шығындарының туындауы жай-күйіне байланысты болатын бағаның, айырбастау бағамының, сыйақы ставкаларының немесе өзге де ықтимал көрсеткіштердің өзгеруі кезіндегі тәуекелдерден мүліктік мүдделерді қорғау;

82) шетелдік мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы шет мемлекеттің үкіметі болатын қарызға қатысты ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз не шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздарға жатқызылған өзге де бағалы қағаз;

83) шығарылым құрылымы - шығарылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрі, номиналды құны (облигациялар үшін) туралы мәліметтер;

84) ішкі құжаттар - бағалы қағаздар рыногы субъектісінің, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдарының, өкілдіктерінің), қызметкерлерінің қызмет жағдайлары мен тәртібін, қызмет көрсетуін және оларға ақы төлеу тәртібін реттейтін құжаттар;

85) эмиссиялық бағалы қағаздар - бір шығарылым шегінде біртекті белгілер мен реквизиттері болатын, осы шығарылым үшін бірыңғай жағдайлар негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар;

86) эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы - қайталама бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасу;

87) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы - эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық құқықтар объектісі ретінде пайда болуына бағытталған іс-әрекеті немесе орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуі осы эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне сәйкес жүзеге асырылатын белгілі бір бағалы қағаздардың жиынтығы;

88) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектісі - эмитент, оның қаржылық жай-күйі, сатылады деп болжанатын эмиссиялық бағалы қағаздар, шығарылымның көлемі, шығарылымдағы бағалы қағаздардың саны, олардың шығарылымы, орналастырылуы, айналыста болуы, дивидендтер (сыйақы) төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтер және инвестордың бағалы қағаздар сатып алу туралы шешіміне ықпал етуі мүмкін басқа да ақпарат бар құжат;

89) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының күшін жою - эмиссиялық бағалы қағаздың азаматтық құқықтар объектісі ретінде болуын тоқтату;

90) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру - бағалы қағаздарды бастапқы бағалы қағаздар рыногында сату;

91) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімі - уәкілетті орган түзетін эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымдары мен олардың эмитенттері туралы мәліметтердің жиынтығы;

92) эмиссиялық консорциум - андеррайтерлердің эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде қызмет
көрсету мақсатында бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылған бірлестігі;

93) эмитент - эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын тұлға.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнен , осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен  3-тармақ өзгертілді  (бұр.ред. қара)

3. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгiленбесе, осы Заңның нормалары банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, инвестициялық қорлар, жинақтаушы зейнетақы қорлары шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздарды, эмиссиялық бағалы қағаздарды , өзге де қаржы құралдарын шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу процесiнде туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

3-бап. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу

1. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеудi Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

 2. Уәкiлеттi орган:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келiсе отырып, бағалы қағаздар рыногын қалыптастыру мен дамыту саласындағы басымдықтарды айқындайды;

2) Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және ұлттық бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру, бағалы қағаздар рыногында инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргiзедi;

3) өз құзыретi шегiнде бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;

4) бағалы қағаздармен қаржы рыногының активтерiн таниды;

07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 5-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

5) мемлекеттік емес бағалы қағаздардың, туынды бағалы қағаздардың шығарылуы, айналысқа түсуi мен өтелуi және олардың мемлекеттік тiркелуi , мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру мен өтеу, сондай-ақ оларды жою қорытындылары туралы есептердi қарау, оның ішінде Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында шығарылуға және орналастырылуға жататын эмиссиялық бағалы қағаздарын мемлекеттік тiркеу талаптары мен тәртібін белгiлейдi;

6) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiн және бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға берiлген лицензиялар мен рұқсаттардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

7) мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың орналастырылуын тоқтата тұрады және қайта жаңғыртады, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды шығаруды жояды;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен  7-1) тармақшамен толықтырылды

7-1) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілеріне сәйкес мiндеттi түрде жариялануға тиiс бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылуы мүмкiн бұқаралық ақпарат құралдарының түрлерi мен оларға қойылатын талаптарды айқындайды;

8) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызмет пен басқа да лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн, оның iшiнде бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасу, осы мәмiлелердi есепке алу және олар бойынша есеп беру шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды айқындайды;

9) бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi кәсiби қызмет ретiнде мойындайды;

10) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет түрлерi бойынша лицензиялар берудiң талаптары мен тәртібін айқындайды;

11) лицензиаттардың қаржылық тұрақтылығының пруденциалдық нормативтерiнiң түрлерi мен өзге де көрсеткiштерiн немесе өлшемдерiн (нормативтерiн), олардың есеп айырысуының және есеп айырысу әдiстемесiнiң тәртібін белгiлейдi;

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

12) бағалы қағаздар рыногында қызмет түрлерi бойынша лицензиялар бередi, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұрады, қайта жаңғыртады және лицензиялардан айырады;

13)  2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен  алып тасталды (бұр. ред. қара)

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен  14) тармақша өзгертілді  (бұр. ред. қара)

14) орталық депозитарийдiң және лицензиаттардың басшы қызметкерлерiнiң лауазымына кандидатураларды тағайындау үшiн келісім бередi;

 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен  15) тармақша өзгертілді  (бұр. ред. қара)

15) орталық депозитарийдiң және  лицензиаттардың есеп беру тәртібін және есептердiң нысандарын айқындайды;

16)  2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен  алып тасталды (бұр. ред. қара)

17)  2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен  алып тасталды (бұр. ред. қара)

18) 2007.19.02 № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен  19) тармақша өзгертілді  (бұр. ред. қара)

19) эмитенттердiң,  орталық депозитарийдiң және лицензиаттардың  қызметiн қадағалауды жүзеге асырады, өз құзыретi шегiнде олардың қызметiне тексеру жүргiзедi;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен  19-1) тармақшамен толықтырылды  

19-1) бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiне анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған, орындауға мiндеттi түзету шараларын қолдану туралы ұйғарымдарды жiбередi;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен  19-2) тармақшамен толықтырылды

19-2) бағалы қағаздардың эмитенттерiне жарғыларда Қазақстан Республикасының заңдарына қайшылықтарды жою туралы орындауға мiндеттi ұйғарымдарды жiбередi;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен  19-3) тармақшамен толықтырылды

19-3) бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында сотқа жүгiнуге құқылы;

20) 2007.19.02 № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

21) бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi туралы өзiнiң қолындағы мәлiметтердi пайдалана отырып (бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), бағалы қағаздар рыногының мәселелерi жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ олардың бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiне қолданған шаралары туралы ақпаратты жариялайды;

22) бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiнде қолданылатын шараларды үйлестiру, бағалы қағаздар рыногындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен олардың жолын кесу мәселелерi және өзара мүдделiлiк туғызатын өзге де мәселелер бойынша бағалы қағаздар рыноктарын реттейтiн шетелдiк органдармен өзара iс-әрекет жасайды;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 22-1) тармақшамен толықтырылды

22-1) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қалпына келтірудің шарттары мен тәртібін айқындайды;

23) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу жөніндегі өзге де функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

 

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды

3-1-бап. Уәкілетті орган қолданатын ықпал етудің шектеулі

шаралары және санкциялар

1. Уәкілетті орган пруденциалдық нормативтердің және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің бұзылғандығын, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің бұзылғандығын тапқан, бағалы қағаздар рыногының субъектілері лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздіктерін анықтаған жағдайларда уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногының субъектілеріне ықпал етудің мынадай шектеулі шараларының бірін қолдануға:

1) анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою жөнінде орындалуы міндетті жазбаша нұсқама беруге;

2) акционерлер алдына бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің басшы қызметкерлерін қызметінен шеттету туралы мәселе қоюға;

3) міндеттеме-хат талап етуге;

4) бағалы қағаздар рыногының субъектісімен жазбаша келісім жасауға құқылы.

2. Бағалы қағаздар рыногы субъектісінің міндеттеме-хатында орын алған кемшіліктерді мойындау фактісі және бағалы қағаздар рыногы субъектісі басшылығының оларды қатаң айқындалған мерзімдерде жою және (немесе) жоспарланған іс-шаралардың тізбесін көрсете отырып, алдағы уақытта мұндай кемшіліктерді болдырмау жөніндегі кепілдігі болуға тиіс.

3. Жазбаша келісім - бұл бағалы қағаздар рыногының субъектісі мен уәкілетті органның арасындағы анықталған кемшіліктерді шұғыл жою қажеттігі туралы және осыған байланысты бірінші кезектегі шараларды бекіту жөніндегі келісім.

4. Жазбаша нұсқама - бағалы қағаздар рыногының субъектісіне белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған, орындалуға міндетті түзету шараларын қабылдау туралы нұсқау.

Сотта уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағымдану оның орындалуын тоқтатпайды.

5. Бағалы қағаздар рыногының субъектісі міндеттеме-хаттың, жазбаша нұсқаманың немесе жазбаша келісімнің осы құжатта көрсетілген мерзімде орындалғандығы туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.

6. Ықпал етудің шектеулі шараларын қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

7. Уәкілетті орган бағалы қағаздар рыногының субъектісіне оған бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан санкция қолдануға құқылы.

8. Уәкілетті орган санкция ретінде мынадай шаралар қолдануға:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айыппұл салуға және оны өндіртіп алуға;

2) лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға;

3) лицензиядан айыруға;

4) бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің басқарушы қызметкерлерін тағайындауға уәкілетті органның келісімін қайтарып алуға құқылы.

 

4-бап. Бағалы қағаздар рыногының объектiлерi

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - ұйымдарының шығаруын осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган тiркеген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының резиденттерi емес ұйымдардың шығаруын уәкiлеттi орган тiркеген немесе Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналысқа жiберiлген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;

3) Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - ұйымдарының шығаруы шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес тiркелген және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына айналысқа жiберiлген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;

4) халықаралық қаржы ұйымдарының шығаруын уәкiлеттi орган тiркеген немесе уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналысқа жiберiлген эмиссиялық бағалы қағаздары;

5) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен  5-1) тармақшамен  толықтырылды  

5-1) шетелдiк мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар;

6) туынды бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының объектiлерi болып табылады.

2. Эмиссиялық бағалы қағаздардың түрлерi Азаматтық кодекспен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалады.

 

5-бап. Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi

1. Жеке және институционалдық инвесторлар, эмитенттер, бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және өзiн-өзi реттейтiн ұйымдар бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi болып табылады.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен  2-тармақ өзгертілді  (бұр.ред. қара)

2. Жеке инвесторлар эмиссиялық бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестицияны дербес немесе брокерлiк және дилерлiк қызметтi немесе инвестициялық портфельдi басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары көрсететiн қызметтi пайдалана отырып жүзеге асырады.

3. Институционалдық инвесторлар инвестицияны, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары көрсететiн қызметтi пайдалана отырып жүзеге асырады.

 4. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

2-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды

мемлекеттік тіркеу

 

6-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмi

1. Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзудiң талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.

2. Шығарылымы жойылған немесе Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне олар туралы мәлiметтер енгiзiлмеген эмиссиялық бағалы қағаздар бағалы қағаздар рыногында мәмiлелердiң объeктici бола алмайды.

07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Тiркелген эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерi туралы мәлiметтердi уәкiлеттi орган Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне уәкiлеттi органның тиiстi шешiм қабылдаған күнiнен бастап бiр күн iшiнде енгiзедi.

 

7-бап. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару

1. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың, оларды тiркеудiң, орналастырудың, айналысқа жiберудiң және өтеудiң талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

2. Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн беру тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.

 

8-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу

1. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеудi уәкiлеттi орган осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген талаппен және тәртiппен жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу:

1) табыс етiлген құжаттардың және олардың сараптамасының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiгiн қарауды;

2) эмиссиялық бағалы қағаздарға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн берудi және Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне олар және эмитент туралы мәлiметтер енгізудi;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен   (бұр. ред. қара) ; 2008.23.10. № 72-IV  ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 3) тармақшасы өзгертілді

3) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды және эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiн (айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын мерзiммен облигациялар шығаруды қоспағанда) мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктер берудi қамтиды.

07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Инвестициялық пай қорларының пайларын шығаруды мемлекеттік тiркеудiң шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының жеке заң актiсiмен айқындалады.

3. Уәкiлеттi орган мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы құжаттарды олар мемлекеттік тiркеуге табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қарайды.

Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеуге қосымша құжаттар табыс етiлген жағдайда уәкiлеттi орган құжаттарды қарау мерзiмiн күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы.

4. Эмитент пен оның лауазымды адамдары уәкiлеттi органға мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеуге табыс етiлген құжаттарда дәйектемесiз мәлiметтер бергенi үшiн, сондай-ақ құжаттарды табыс ету мерзiмiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

5. Уәкiлеттi органның мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды мақсатқа сай еместiк желеуiмен мемлекеттік тiркеуден бас тартуға құқығы жоқ.

 

9-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi

1. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнде:

1) эмитент пен оның қызмет түрлерi туралы;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен  2) тармақшасы  өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) эмитенттің жарғылық капиталындағы үлестің он және одан да көп процентіне иелік ететін ірі акционерлері және (немесе) қатысушылары туралы;

3) басшы қызметкерлер, олардың лауазымдары туралы соңғы үш жылдағы мәлiметтер, сондай-ақ эмитенттiң орналастырылған акцияларының оларға тиесiлi саны (жарғылық капиталындағы үлестерiнiң мөлшерi) туралы мәлiметтер көрсетiле отырып, эмитент органдарының құрылымы туралы;

4) баланстық құны көрсетiле отырып, эмитенттiң активтерi туралы, эмитенттiң өзi өндiретiн немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) жалпы құнының бес және одан да көп процентiн құрайтын көлемдегi тауарды (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтердi) тұтынушылары және жеткiзiп берушiлерi туралы;

5) эмитенттiң мүлкiн бағалау туралы (қамтамасыз етiлген облигациялар шығарған кезде);

6) кредиторлардың (дебиторлардың) тiзбесi көрсетiле отырып, эмитент активтерiнiң баланстық құнының бес және одан да көп процентiн құрайтын кредиторлық және дебиторлық берешектер, оларды өтеу мерзiмдерi туралы;

7) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаларды қоспағанда, эмитенттiң аффилиирленген тұлғалары туралы;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен  8) тармақшасы  өзгертілді (бұр. ред. қара)

8) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрi , төлеу тәсiлдерi, бағалы қағаздар бойынша кiрiс алу, оның iшiнде облигациялардың нақтылы құны, олардың айналыс мерзiмi және өтелу тәртібі туралы;

9) бағалы қағаздарды (айырбасталатын бағалы қағаздар шығарған кезде) айырбастау тәртібі туралы;

2005.21.04.  № 46-III ҚР Заңымен 10) тармақша  толықтырылды

10) облигация ұстаушылардың өкiлi туралы (инфракұрылымдық, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етiлген облигациялар шығарған кезде);

11) төлем агентi туралы;

12) эмитенттiң бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмдерi жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушi туралы мәлiметтер болуға тиiс.

2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Арнайы қаржы компаниясы секьюритилендіру туралы заңнамаға сәйкес шығаратын облигациялар шығару проспектісіне қойылатын қосымша талаптар Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасымен белгіленеді.

 2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-тармақ өзгертілді

2. Қоғам оларды сатып алу кезіндегі акциялардың құнын айқындау әдістемесі, сондай-ақ эмитенттің (жаңадан құрылған эмитенттердi қоспағанда) соңғы екi қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған қаржылық есептілік және эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеуге құжаттар беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептілік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.

Аяқталған қаржы жылының қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі болмаған жағдайда ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 маусымына дейінгі кезеңде қоғам уәкілетті органға аяқталған соңғы жылдың алдындағы екі жылдың қаржылық есептілігін және аталған кезеңдегі қаржылық есептілігінің аудиторлық есебін ұсынады (аяқталған қаржылық жылдың аудиттік есебін және қаржылық есептілігін қоғам жылдық қаржылық есептілікті акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен күннен бастап бір ай ішінде ұсынады).

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен  2-1  тармақпен  толықтырылды

2-1. Тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң талап етiлетiн ең төмен рейтингi бар эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң мазмұнына қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi.

3. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң құрылымы және оны жасау мен ресiмдеу тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред. қара)  4 тармақ өзгертілді

4. Эмитент қоғамның акцияларды сатып алуы кезінде олардың құнын айқындау әдістемесі және осы баптың 1-тармағының 1)-3), 8)-12) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен тіркеу үшін олар туындаған (қоғамның тиісті органдары шешім қабылдаған) күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға беруге міндетті. Уәкілетті орган жарияланған акциялардың саны ұлғайған және (немесе) жарияланған акциялардың түрі өзгерген не облигациялардың саны кеміген кезде жарияланған акциялар (облигациялар) шығарылымының мемлекеттік тіркеу куәлігін ауыстырады. Уәкілетті орган жарияланған акцияларды (облигацияларды) шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуді не жарияланған акциялар (облигациялар) шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыруды күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырады.

Облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiне қысым жасалатын жағдайларда эмитенттiң шығару проспектiсiнде белгiленген облигациялар бойынша шығару, орналастыру, айналысқа жiберу, сыйақы төлеу және оларды өтеу талаптарын өзгертуге құқығы жоқ.

2008.23.10. № 72-IV  ҚР Заңымен  5 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгiленген эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiне қойылатын талаптар агенттiк облигацияларын, айналым мерзiмi он екі айдан аспайтын облигациялар, облигациялық бағдарламалар және облигациялық бағдарламалар шегiнде шығарылатын облигациялар шығару проспектiсiне қолданылмайды.

6. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi уәкiлеттi органға мемлекеттік тiлде және орыс тілінде табыс етiледi.

 

10-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеуден бас тарту және олардың шығарылуын мемлекеттік тiркеудi тоқтата тұру

07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Эмитент шығару құжаттарын мемлекеттік тiркеуге табыс ету талаптары мен тәртібін бұзған және құжаттарды қарау процесiнде олардың Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеуден бас тартуға құқылы.

2. Егер табыс етiлген құжаттарды қарау процесiнде эмитент пен оның қызметi туралы қосымша мәлiметтер алу қажеттiгi туындаса, уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеудi тоқтата тұруға құқылы.

Уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеудi эмитент қосымша мәлiметтердi табыс еткен күннен бастап қайта жаңғыртады.

3. Эмитент уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеуден бас тарту туралы шешiмiне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

 

11-бап. Жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен  1  тармақ  жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу туралы шешiмдi акционерлік қоғамның құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшысы) немесе акционерлердiң жалпы жиналысы (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционер) қабылдайды.

Акционерлік қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеуге арналған құжаттарды:

1) оны заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркеген күннен бастап;

2) жарияланған акциялар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы сот шешiмi негiзiнде жарияланған акциялар шығарылымы жойылған жағдайда акционерлердiң жалпы жиналысы жарияланған акциялар шығарылымын тiркеу туралы шешiм қабылдаған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде ұсынуға мiндеттi.

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен  1-1  тармақпен  толықтырылды  

1-1. Уәкiлеттi орган акционерлік қоғам заңды тұлға ретiнде тiркелген күннен бастап не сот шешiмi негiзiнде акционерлік қоғамның жарияланған акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеуден өткізуге құқылы емес.

Уәкiлеттi орган:

1) акционерлік қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркелген күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн акционерлік қоғам жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеуден өткізу үшiн құжаттарды бермеген;

2) акционерлік қоғам заңды тұлға ретiнде тiркелген күннен бастап не соттың шешiмi негiзiнде акционерлік қоғамның жарияланған акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн уәкiлеттi орган жарияланған акциялар шығарылымын тiркемеген жағдайларда акционерлік қоғамды тарату не қайта ұйымдастыру мақсатында сотқа жүгiнуге құқылы.

2. Құрылтай жиналысының (жалғыз құрылтайшының) немесе акционерлердiң жалпы жиналысының (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционердiң) жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы шешiмiнде:

1) эмитенттiң атауы және оның орналасқан жерi көрсетiле отырып, құрылтай жиналысының (акционерлердiң жалпы жиналысының) өткiзiлетiн орны мен күні;

2) құрылтай жиналысына қатысқан құрылтайшылардың тiзiмi немесе акционерлік қоғамның акционерлердiң жалпы жиналысына табыс етiлген дауыс берушi акцияларының саны туралы мәлiметтер;

07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 3-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

3) акциялардың түрлерi және олардың жалпы саны;

4) құрылтайшылар арасында орналастырылатын акциялардың саны және олардың акцияларды төлеу тәртібі;

5) құрылтайшылар арасында орналастырылатын акциялардың нақтылы құны қамтылуға тиiс.

Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының ережелерi жалғыз құрылтайшы құрған акционерлік қоғамға және дауыс беретiн барлық акциялары бip акционерге тиесiлi акционерлік қоғамға қатысты қолданылмайды.

3. Жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу акционерлік қоғам табыс еткен мынадай құжаттар:

1) еркiн нысанда жазылған өтiнiш;

2) құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшы шешiмiнiң) жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы немесе акционерлердiң жалпы жиналысының (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционер шешiмiнiң) жарияланған акцияларды шығару проспектiсiне өзгерістердi тiркеу туралы хаттамасының көшiрмесi;

3) акционерлік қоғам жарғысының көшiрмесi;

4) акционерлік қоғамды мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң көшiрмесi;

5) акционерлік қоғамның статистикалық карточкасының көшiрмесi;

6) акциялар шығару проспектiсiнiң екi данасы;

7) акционерлік қоғамның құрылтайшылары арасында орналастырылатын жарияланған акциялар төленгенiн растайтын құжаттар негiзiнде жүзеге асырылады.

4. Табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеудi акцияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрiн (ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн) беру және акционерлік қоғамға жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк пен жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы уәкiлеттi орган белгi соққан акциялар шығару проспектiсiнiң бiр данасын беру (жiберу) арқылы жүзеге асырады.

07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

5. Жарияланған акцияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрiн (ұлттық бiрдейлендiру нөмiрлерiн) беру тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi. Барлық жарияланған бiр түрдегі акциялардың бiрыңғай ұлттық бiрдейлендiру нөмiрi болады.

6. Тiркеушi акционерлік қоғам құрылтайшыларының (жалғыз құрылтайшысының) акциялар жөніндегі құқықтарын тiркеудi жарияланған акциялар шығару мемлекеттік тiркелгеннен кейiн жүзеге асырады.

 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен  7  тармақ  жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III  ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

7. Уәкiлеттi орган қоғам құрылтайшыларының акцияларды төлеу жөніндегі міндеттемелерінің орындалғанын растайтын жарияланған акцияларды орналастырудың қорытындылары туралы есепті бекiткеннен кейiн акционерлік қоғам жарияланған акциялардың санын ұлғайту туралы шешiм қабылдауға құқылы.

 

12-бап. Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу

1. Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн эмитент уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:

1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;

2) эмиссиялық органның облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесiнде эмитент алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялардың шығарылу көлемi, саны мен түрi, облигациялардың нақтылы құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәлiметтер бар облигациялар шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесiн;

3) облигациялар шығару проспектiсiнiң (облигациялық бағдарлама проспектiсiнiң) екi данасын;

4) жарғының көшiрмесiн;

5) заңды тұлғаның мемлекеттік тiркелгенi (қайта тiркелгенi) туралы куәлiктiң көшiрмесiн;

6) статистикалық карточканың көшiрмесiн;

2005.21.04.  № 46-III ; 2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 7) тармақша өзгертілді

7) инфрақұрылымдық, сондай-ақ  банк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген облигациялар шығарылған жағдайда эмитенттiң мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз еткенiн растайтын құжаттарды және облигациялар ұстаушылардың өкiлiмен жасалған шарттың көшiрмесiн;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

8) егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы жиналысының алдын ала шешiмiнсiз облигациялар шығаруды жүзеге асыру мүмкiн болмаса, акционерлердiң (қатысушылардың) жалпы жиналысы хаттамасының көшiрмесiн (хаттаманың үзiндiсiн) және акционерлердiң (қатысушылардың) облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама жарияланған бұқаралық ақпарат құралы беттерiнiң көшiрмесiн табыс етуге мiндеттi.

2. Облигацияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмiрiн берудiң және мемлекеттік емес облигацияларды мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк берудiң талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi. Облигациялық бағдарлама шегiнде облигацияларды әрбiр шығарудың өз ұлттық бiрдейлендiру нөмiрi болады.

2005.21.04. № 46-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 3-тармақ жаңа редакцияда

3. Құрылтайшылар (бірден-бір құрылтайшы) жарғылық капиталды төлегеннен кейін эмитент мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсынуға құқылы.

 

13-бап. Облигациялық бағдарламаны және облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеудiң ерекшелiктерi

1. Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тiркеудi уәкiлеттi орган облигациялық бағдарлама проспектiсiн алған күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде жүзеге асырады.

Облигациялық бағдарлама проспектiсiнiң және облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығарудың құрылымы мен мазмұны, сондай-ақ оларды ресiмдеу тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.

Облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялардың алғашқы шығарылуын мемлекеттік тiркеу эмитенттiң тiлегi бойынша осы облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тiркеумен бiр мезгiлде жүзеге асырылуы мүмкiн.

2. Тiркелген облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн уәкiлеттi органға эмитент табыс еткен құжаттарды уәкiлеттi орган олар табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде қарауға тиiс.

3. Эмитент және облигациялық бағдарламаны немесе облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн эмитент табыс еткен құжаттар осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкiлеттi орган осындай мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырады және эмитентке облигациялық бағдарламаның немесе облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығарудың мемлекеттік тiркелгенi туралы куәлiк бередi.

4. Эмитент және облигациялық бағдарламаны немесе облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн эмитент табыс еткен құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уәкiлеттi орган эмитентке мемлекеттік тiркеуден бас тарту себебiн дәлелдей отырып жiбередi.

Эмитент мемлекеттік тiркеуден бас тарту себептерiн жойғаннан кейiн уәкiлеттi орган құжаттарды қарауды осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес жүзеге асырады.

5. Уәкiлеттi орган мынадай жағдайда, егер:

1) қор биржасында осы облигациялық бағдарлама шегiнде шығарылған облигациялар бойынша сауда-саттық тоқтатыла тұрса;

2) осы облигациялық бағдарлама шегiнде шығарылған облигацияларға делистинг жүргiзiлсе;

3) облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу нәтижесiнде айналыстағы облигациялар шығарылымының жалпы сомасы осындай облигациялық бағдарламаның тiркелген көлемiнен асып кетсе;

4) облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттар табыс етiлген күнi эмитент осы Заңның 14-бабының 1-тармағында белгiленген талаптарға сай келмесе, эмитентке облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеуден бас тартуға құқылы.

 

3-тарау. Облигациялар шығару мен олардың

айналысының ерекше талаптары

 

14-бап. Облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығару

2005.21.04. № 46-III; 2006.20.02. № 127-III (бұр. ред. қара) ; 2007.19.02. № 230-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді

1. Эмитент мынадай талаптарды сақтаған жағдайда ғана:

1) дефолт фактілері болмаған;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) облигациялар шығару туралы шешім қабылдаған күні міндеттемелерді орындамау фактілері болмаған;

2) соңғы үш жыл iшiнде қызметтi залал шекпей жүзеге асырған (арнайы қаржы компаниясын қоспағанда);

3) облигациялық бағдарламалар шегiнде шығарылатын облигацияларды сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiне енгізуге үмiткер эмитенттерге сауда-саттықты ұйымдастырушы қойған талаптарға сай келген жағдайларда облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы.

Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларының талаптары инфракұрылымдық облигациялар шығаруға қолданылмайды.

2. Эмитент облигациялық бағдарлама шегiнде құрылымы бойынша әртүрлi облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы.

3. Облигациялық бағдарламалар шегiнде шығарылған облигацияларды мерзiмiнен бұрын өтеу талаптары мен тәртібіне қойылатын талаптар, облигациялық бағдарлама шегiнде облигациялар шығаруды жүзеге асыратын эмитент орындауға тиiс ерекше талаптар мен шектеулер облигациялық бағдарлама проспектiсiмен белгiленедi.

 

15-бап. Облигациялардың кейiнгi шығарылуы

07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2005.21.04. № 46-III ҚР Заңымен 1- тармақ толықтырылды

 1. Егер облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды уәкiлеттi органға табыс ету күнi эмитентте сыйақы төлеу немесе бұрын шығарылған облигацияларды өтеу жөніндегі мiндеттемелерiн уақтылы орындамаған немесе орындамаған жағдайлар болмаса, өзi бұрын шығарған облигациялар бағалы қағаздардың қайталама рыногында айналыста болған кезде және ол, инфракұрылымдық облигациялар эмитентін қоспағанда, төмендегi талаптардың бiрiн сақтаған жағдайда:

1) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды уәкiлеттi органға табыс ету күнi эмитентте уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген талаптарға сәйкес рейтинг агенттiктерiнiң бiреуi талап ететiн ең төменгi рейтингi болса;

2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды уәкiлеттi органға табыс ету алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары бойынша эмитенттiң левередж шамасы екеуден аспаса және жаңа шығарылымның барлық облигацияларын орналастыру нәтижесiнде көрсетiлген шамадан аспайтын болса;

2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

3) жаңадан шығарылған облигациялар ипотекалық облигациялар немесе Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес арнайы қаржы компаниясы шығаратын облигациялар болса, эмитент облигациялардың одан кейiнгi шығарылымын жүзеге асыруға құқылы.

2. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгiленген талаптар сақталған жағдайда, өзi бұрын шығарған облигацияларды қайталама бағалы қағаздар рыногына айналысқа жiберген кезде облигациялардың кейiнгi шығарылуын жүзеге асыруға құқылы.

 

2008.23.10. № 72-IV  ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред. қара)

16-бап. Айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын облигациялар шығару

07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) ; 2008.23.10. № 72-IV  ҚР Заңымен  1 тармақ жаңа редакцияда  (бұр.ред. қара)

1. Айналыс мерзімі үш айдан аспайтын облигациялар шығарылымын бағалы қағаздары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізілген эмитент жүзеге асыруға құқылы.

Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген), айналыс мерзімі үш айдан аспайтын облигацияларға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

2008.23.10. № 72-IV  ҚР Заңымен  2 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

2. Айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын облигацияларды орналастыру және айналысқа жiберу қор биржасының сауда жүйесiнде ғана жүзеге асырылады.

2008.23.10. № 72-IV  ҚР Заңымен  3 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

3. Айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеудiң талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.

 

17-бап. Айырбасталатын облигациялар шығару

1. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған эмитент айырбасталатын облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы. Айырбасталатын облигациялар шығару мүмкiндiгi акционерлік қоғамның жарғысында көзделуге тиiс.

2. Облигацияларды акционерлік қоғамның акцияларына айырбастау облигацияларды эмитенттiң акцияларына айырбастаудың облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген талаптары мен тәртібіне сәйкес жүргiзiледi.

 

18-бап. Қаржы агенттiгi. Агенттiк облигациялар шығару

1. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi құрған банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға мынадай құжаттар:

1) өтiнiш;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік инвестициялық саясатты iске асырудың талаптары мен тәртібін белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актілері;

3) өтiнiш берушiнiң мемлекеттік инвестициялық саясатты iске асыру жөніндегі қызметiнiң талаптары мен тәртібін белгiлейтiн және қарыз алудың, инвестициялық шешiмдердi iске асырудың, тәуекелдердi басқарудың ережелерi бар iшкi құжаттары;

4) соңғы айдың аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептілік және қаржы агенттiгi үшiн уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленген пруденциалдық нормативтердiң есебi негiзiнде қаржы агенттiгi мәртебесiн бередi.

Қаржы агенттiгi мәртебесiн беру үшiн табыс етiлген құжаттарды уәкiлеттi орган олар табыс етiлген күннен бастап он төрт күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды.

Қаржы агенттiгiн берудi уәкiлеттi орган табыс етiлген құжаттар бойынша өзiнiң ескертпелерi болмаған жағдайда жүзеге асырады.

Қаржы агенттiгiнiң мәртебесiн жою талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленедi.

2. Агенттiк облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу мақсатында уәкiлеттi органға қаржы агенттiгi табыс ететiн агенттiк облигацияларды шығарудың, айналысқа жiберудiң және өтеудiң талаптары мен тәртібі, құжаттар тiзбесi және шығарылуын мемлекеттік тiркеу тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.

 

2005.21.04.  № 46-III ҚР Заңымен 18-1-баппен  толықтырылды

18-1-бап. Инфрақұрылымдық облигациялар шығарудың, айналысы мен өтелуінің ерекшеліктері

1.  Инфрақұрылымдық облигациялар шығарудың, айналысы мен өтелуінің, сондай-ақ оларды орналастыру мен өтеудің қорытындылары туралы есепті табыс етудің талаптары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқыктық актісімен белгіленеді.

2. Инфрақұрылымдық облигацияларды эмитент акциясына айырбастауға тыйым салынады.

3. Инфракұрылымдық облигациялардың айналысы мерзімі ішінде концессиялық келісімнің талаптарын облигациялар ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін кемсітуге әкеп соқтыратындай етіп өзгертуге жол берілмейді.

 

19-бап. Облигацияларды ұстаушылардың өкiлi

2005.21.04.  № 46-III ҚР Заңымен-1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Инфрақұрылымдық, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етiлген облигациялардың шығарылуы мен айналысы кезiнде эмитент алдында облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiрудi облигацияларды ұстаушылардың өкiлi (бұдан әрi - өкiл) жүзеге асырады.

Өкiлдi таңдауды бағалы қағаздар рыногында кастодиандық және (немесе) брокерлiк және дилерлiк  қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар арасынан эмитент дербес жүзеге асырады.

Өкiл эмитенттiң аффилиирленген тұлғасы болмауға тиiс.

2. Облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiру туралы эмитент пен өкiл арасында жасалатын шарттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ өкiлдiң өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату тәртібі мен жағдайлары уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.

 

20-бап. Өкiлдiң функциялары мен мiндеттерi

1. Өкiл мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген мiндеттемелерiн орындауын бақылайды;

2) эмитенттiң облигацияны ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiктiң жай-күйiн бақылайды;

3) эмитентпен эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiкке қатысты кепiл шартын жасасады;

4) облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауға бағытталған шаралар қолданады;

5) облигацияларды ұстаушыларға осы тармақтың 1)-4) тармақшаларына сәйкес өзiнiң iс-әрекеттерi туралы және мұндай iс-әрекеттiң нәтижелерi туралы хабарлайды.

2005.21.04.  № 46-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Инфракұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкілі осы баптың 1-тармағында айқындалған функцияларымен қатар, жобаның уақтылы және сапалы іске асырылуының, сондай-ақ оның инфракұрылымдық облигациялар шығарудың талаптарына сәйкес келуінің мониторингін жүргізеді.

2. Өкiл облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында:

1) облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін бұзуға әкеп соғуы мүмкiн мән-жайларды анықтауға және көрсетiлген мән-жайлар туралы оларға күнтiзбелiк үш күн iшiнде хабарлауға;

2) эмитенттiң облигацияларды ұстаушылардың алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiкке кепiл құқығын ресiмдеуге және тiркеуге байланысты құқықтық қатынастарда облигацияларды ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiруге;

3) Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленген тәртiппен эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiктiң жай-күйiне бақылауды жүзеге асыруға;

4) облигациялар бойынша сыйақының уақтылы төленуiн бақылауды жүзеге асыруға;

5) уәкiлеттi орган мен облигацияларды ұстаушыларға эмитенттiң облигацияларды ұстаушылар алдындағы мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiктiң жай-күйi туралы хабарлауға;

6) уәкiлеттi орган мен облигацияларды ұстаушыларға эмитентпен шартты бұзған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өзiнiң өкiл ретіндегі өкiлеттiктерiнiң тоқтатылғаны туралы хабарлауға;

7) уәкiлеттi орган мен облигацияларды ұстаушыларға олардың сұратуы бойынша өзiнiң өкiл ретіндегі қызметiне қатысты ақпарат пен құжаттарды беруге;

8) қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;

9) эмитент облигацияларды ұстаушылар алдындағы өз мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кепiлге салынған мүлiктi өткізуге мiндеттi.

3. Өкiлдiң осы баптың 1 және 2-тармақтарында айқындалған функциялар мен мiндеттердi орындау тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.

 

4-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру

 

21-бап. Инвесторлардың эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы ақпарат алуға құқығы

1. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру кезiнде эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) инвестордың бiрiншi талап етуi бойынша оған танысу үшiн эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiн немесе оның көшiрмесiн беруге мiндеттi.

2. Эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнiң көшiрмесiн бергенi үшiн инвестордан оны дайындауға жұмсалған шығыс көлемiнен аспайтын мөлшерде ақы алуға құқылы.

3. Инвестор эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi көшiрмесiнiң уәкiлеттi органдағы проспектiсiне сәйкес келуiн тексеру туралы, ocы мақсатта мұндай көшiрменi уәкiлеттi органға бере отырып, уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға құқылы.

 

22-бап. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру тәртібі

2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен    1  тармақ  өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген шектеулер ескерiле отырып жүзеге асырылады.

Эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздар орналастыруды ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында  аукцион немесе  жазылым жүргізу арқылы жүзеге асыруға құқылы.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында  орналастыру сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

 2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен   (бұр. ред. қара) ;  2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен   (бұр. ред. қара)  2  тармақ  өзгертілді

2. Эмитенттің тиісті органы эмиссиялық бағалы қағаздарды инвесторлардың шек қойылмаған тобы арасында орналастыру туралы шешім қабылдағаннан кейін эмитент күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде бұқаралық ақпарат құралдарында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы хабарлама жариялауға міндетті.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру туралы хабарда:

1) эмитенттiң толық атауы және орналасқан жерi;

2) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу күнi, олардың түрi және орналастырылуға тиiстi саны;

2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен    2-1-  тармақшамен  толықтырылды

2-1) акционерлердің акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын іске асырудың мерзімдері мен тәртібі туралы мәліметтер;

3) эмитенттiң бөлiмшелерi мен лауазымды адамдары, эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiмен немесе олар туралы өзге де ақпараттармен танысуға мүмкiн болатын андеррайтердiң (эмиссиялық консорциумның) атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiметтер;

4) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру бағасы мен оларды төлеу туралы мәлiметтер болуға тиiс.

2007.19.02. № 230-III  ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында орналастыру эмитентке (андеррайтерге, эмиссиялық консорциумға) инвесторлар табыс еткен жазбаша өтiнiмдер негiзiнде аукцион өткізу немесе жазылым жүргiзу арқылы жүзеге асырылады. Аукциондар немесе жазылуды өткізу шарттары мен тәртібі эмитенттің ішкі құжаттарымен белгіленеді және ол орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуға ниеті бар инвесторларға қойылатын талаптарды қамтуға тиіс.

4. 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен  алып тасталды  (бұр. ред. қара)

5. Эмитентке (андеррайтерге, эмиссиялық консорциумға) акцияларды орналастыру кезiнде оларды қайта сатып алу мiндеттемесiмен мәмiле жасауға тыйым салынады.

6. Эмитент (андеррайтер, эмиссиялық консорциум) инвестор бағалы қағаздарға ақы төлеу жөніндегі мiндеттемесiн орындаған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесіндегі инвестордың жеке шотына сатып алынған эмиссиялық бағалы қағаздарды аудару туралы бұйрықты тiркеушiге (нақтылы ұстаушыға) табыс етуге мiндеттi.

 

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен  22-1-баппен толықтырылды  

22-1-бап. Шет мемлекеттiң аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың шарттары мен тәртібі

1. Ұйым - Қазақстан Республикасының резидентi уәкiлеттi органның тиiстi рұқсаты болған кезде ғана мынадай негiзгi шарттар сақталған жағдайда шет мемлекеттiң аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асыруға құқылы:

1) Қазақстан Республикасының осы резидентi бұрын шығарған эмиссиялық бағалы қағаздар Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген болса;

2008.23.10. № 72-IV  ҚР Заңымен  2) тармақша  өзгертілді (бұр.ред. қара)

2) шығарылымын уәкiлеттi орган тiркеген облигацияларды орналастыру кезiнде:

осы облигациялар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізілуге тиіс;

осы облигацияларды шет мемлекет аумағында орналастыру басталғанға дейiн олар, тиiстi бағалы қағаздар рыногына тән ықтимал ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алуға ұсынылған болуға тиiс, ал ұсыну кезіндегі осы облигацияларды орналастыру бағасын айқындаудың шарты оларды шет мемлекет аумағында орналастыру кезіндегі шарттарымен бiрдей болу керек;

2008.23.10. № 72-IV  ҚР Заңымен  3) тармақша  өзгертілді (бұр.ред. қара)

3) шығарылымы шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес тiркелген облигацияларды орналастыру кезiнде:

осы облигациялар бойынша қор биржасының оларды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізуге келісімі алынуға тиіс;

осы облигацияларды шет мемлекет аумағында орналастыру басталуымен бiр мезгiлде олар, тиiстi бағалы қағаздар рыногына тән ықтимал ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алу үшiн ұсынылуға тиiс, ал ұсыну кезіндегі осы облигацияларды орналастыру бағасын айқындаудың шарты оларды шет мемлекет аумағында орналастыру кезіндегі шарттарымен бiрдей болу керек;

2006.05.06 № 146-III  ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III  ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV  ҚР Заңымен  (бұр.ред. қара) 4) тармақша  өзгертілді

4) акцияларды, сондай-ақ акционерлік қоғамның бастамасы бойынша немесе оның қатысуымен шығарылатын және базалық активтері осы акционерлік қоғамның акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды орналастыру кезiнде:

осы акциялар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізілуге тиіс;

қоғамның уәкілетті органының акцияларды орналастыру туралы шешімі осы акциялардың жалпы санының кемiнде жиырма процентi Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алуға ұсынылуға тиіс деген шартты қамтуы қажет. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында сатып алу үшiн ұсынылуға тиiс акциялардың саны, егер осындай сан осы акцияларды басым сатып алу құқығын iске асырудың нәтижесi болса, орналастырылатын акциялардың жалпы санының жиырма процентiнен кем болуы мүмкiн;

5) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды ;  2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен  1-1 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

1-1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және (немесе) активтерінің кемінде үштен екі бөлігі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған заңды тұлғалар және (немесе) тиімді басқару орны (нақты басқару органдары) Қазақстан Республикасында орналасқан өзге де заңды тұлғалар осы Заңның мақсатында Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары болып танылады.

Заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін негізгі басқару және қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдау жүзеге асырылатын орын тиімді басқару орны (нақты басқару органы) болып танылады.

2. Ұйымның - Қазақстан Республикасы резидентiнiң шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес облигацияларды немесе туынды бағалы қағаздарды шығаруы уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда жүргiзiледi.

3. Ұйымға - Қазақстан Республикасының резидентiне шет мемлекеттiң аумағында эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруға немесе орналастыруға уәкiлеттi органның рұқсат беруiнiң шарты мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.

 

23-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарға ақы төлеу

1. Акцияларға ақы төлеудiң тәртібі мен ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен  2 тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)

2. Облигацияларды төлеу ақшамен ғана жүзеге асырылады. Орналастырылатын облигацияны толық төлегенге дейін эмитент облигацияларды ұстаушылар тізілімі жүйесіндегі (номиналды ұстаушыны есепке алу жүйесіндегі) оны иеленушінің жеке шотына осы облигацияны есептеу туралы бұйрық беруге құқылы емес.

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Облигацияларды жазылым жүргiзу арқылы орналастыру облигацияларды шығару проспектiсiнде белгiленген талаптар мен тәртiп бойынша жүзеге асырылады.

 

24-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есеп

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарап, бекіту үшiн эмитент уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:

1) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау жөніндегі өтiнiштi;

2) есептi айдың аяғындағы немесе эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру аяқталған күнгi жағдай бойынша қаржылық есептіліктi;

3) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленген талаптарға сәйкес жасалған және ресiмделген есептi табыс етедi.

Эмитент мүлкiнiң кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген ипотекалық және басқа облигациялар шығарылған жағдайда, эмитент өз мiндеттемелерiнiң орындалуы қамтамасыз етiлгенiн растайтын құжаттарды табыс етедi

); 2008.23.10. № 72-IV  ҚР Заңымен 2 тармақ  өзгертілді (бұр.ред. қара)

2. Эмитент уәкiлеттi органға эмиссиялық бағалы қағаздар толық орналастырылғанға дейiн әрбiр алты айдың қорытындылары бойынша (есептi жарты жылдық аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде), сондай-ақ оларды толық орналастыру аяқталғаннан кейiн  бір ай ішінде эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есеп берiп отыруға мiндеттi.

07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi уәкiлеттi орган күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде қарайды.

Егер құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмеу фактілері анықталса, уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекітуден бас тартуға құқылы.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi бекітуден бас тартқан жағдайда эмитент бас тартуды алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде уәкiлеттi органға пысықталған есептi қайта табыс етуге мiндеттi.

 

25-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұpу

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен   1 тармақ  жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

1. Уәкiлеттi орган:

1) эмитент эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi табыс етпеген;

2) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қарау процесiнде есепте көрсетiлген мәлiметтердiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн табыс етiлген құжаттарға сәйкес еместiгi анықталған;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және өтеу шарттары бұзылған;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды

4) сыйақы төлеу немесе бұрын шығарылған облигацияларды өтеу жөніндегі міндеттемелерді уақтылы орындамау немесе орындамау фактілері болған жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы.

 2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен   2 тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмдi уәкiлеттi орган эмитентке, сол бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушiге және орталық депозитарийге жiбередi.

Тiркеушi және орталық депозитарий уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған кезден бастап осы бағалы қағаздарды орналастыру жөніндегі мәмiлелердi тiркеудi тоқтата тұруға мiндетті.

 2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен   3 тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

3. Эмитент уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған күннен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында  мемлекеттік тiлде және орыс тілінде эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарлама жариялауға және анықталған бұзушылықтарды уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде жоюға жәрдемдесетiн барлық iс-әрекеттi қолдануға мiндеттi. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды қайта жаңарту, анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейiн, уәкiлеттi органның жазбаша хабарламасы негiзiнде жүзеге асырылады.

 

26-бап. Инвесторларға эмиссиялық бағалы қағаздар орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарлау

1. Инвесторларға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарлауды эмитент:

2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен   1) тармақша  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

1) бұқаралық ақпарат құралдарында  тиiстi хабар жариялау;

2) тiркеушiнiң көрсететiн қызметтерiн пайдалану арқылы тиiстi хабарды тарату жолымен жүргiзедi.

2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарда:

1) эмитенттiң толық атауы мен орналасқан жерi;

2) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу күнi;

3) уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру жөніндегі шешiмi туралы мәлiметтер болуға тиiс.

 

27-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп тану

1. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкiн.

2. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп тануға:

1) эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы;

2) эмитенттi заңды тұлға ретінде мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыруға негiз болған құжаттардан дәйектемесiз ақпараттың табылуы;

3) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу жүргiзуге негiз болған құжаттардан дәйектемесiз ақпараттың табылуы негiз болып табылады.

2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен   3 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)

3. Соттың эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп тануы уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жоюы үшiн негiз болып табылады.

Акционерлік қоғам акциялар шығарылымы жойылған күннен бастап үш айдың iшiнде акциялардың жаңа шығарылымын тiркеу немесе қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы шешiм қабылдайды.

 

5-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы

 

28-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының тәртібі

1. Эмиссиялық бағалы қағаздардың қайталама бағалы қағаздар рыногындағы айналысы бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында осы бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасуы арқылы жүзеге асырылады.

2. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасудың және оларды бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiнде немесе бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде тiркеудiң талаптары мен тәртібі осы Заңға және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес белгiленедi.

 

29-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру

1. Уәкiлеттi орган осы Заңда және Қазақстан Республикасының:

1) инвесторлардың эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуы процесiнде олардың құқықтары мен мүдделерiн;

2) эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасудың талаптары мен тәртібін белгiлейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген талаптар бұзылған жағдайда, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiнде және (немесе) бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде барлық немесе жекелеген жеке шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздардың бәрiн немесе бiр бөлiгiн оқшаулау арқылы эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға құқылы.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер бойынша эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған жағдайда уәкiлеттi орган эмитентке және мәмiле жасасуға қатысатын (қатысқан) тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқама жiбередi. Аталған тұлғалар анықталған тәртiп бұзушылықтарды уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде жоюға және нұсқаманың орындалғаны туралы не анықталған бұзушылықтарды жою мүмкiн еместiгi туралы уәкiлеттi органға жазбаша есеп беруге мiндеттi.

3. Уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұру туралы шешiмдi эмитентке, тiркеушiге және орталық депозитарийге жiбередi.

4. Тiркеушi және орталық депозитарий уәкiлеттi органның эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысын тоқтата тұру туралы хабарламасын алған кезден бастап бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесіндегі және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі айналысы тоқтатыла тұрған бағалы қағаздармен мәмiлелердiң тiркелуiн тоқтата тұруға мiндеттi.

5. Нақтылы ұстаушы орталық депозитарийдiң хабарламасын алған кезден бастап жиырма төрт сағаттың iшiнде өзiнiң клиентiн клиенттiң нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі шоты бойынша бағалы қағаздармен мәмiле жасасуын тiркеудi тоқтата тұруы туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.

6. Бұзушылықтар жойылғаннан кейiн бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесіндегі және бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi қайта жаңғырту уәкiлеттi органның эмитентке, тiркеушiге және орталық депозитарийге бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi қайта жаңғырту туралы шешiм қабылданған кезден бастап күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмей жiберiлген жазбаша хабарламасы негiзiнде жүзеге асырылады.

 

30-бап. Акциялар шығарылымын жою

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қайталама бағалы қағаздар рыногында айналыста жүрген акциялар шығарылымын жою туралы шешiмдi уәкiлеттi орган акционерлік қоғам қайта ұйымдастырылған (осы акционерлік қоғамға басқа заңды тұлғаны қосуды немесе осы акционерлік қоғамнан жаңа акционерлік қоғамды бөлiп шығаруды есептемегенде) жағдайда акционерлік қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысының акциялар шығарылымын жою туралы шешiмiне немесе оның таратылуына байланысты, не осы Заңда белгіленген өзге де жағдайларда, сондай-ақ осы Заңның 27-бабына сәйкес сот шешiмi негiзiнде қабылдайды.

2. Эмитент акциялар шығарылымын жою үшiн, уәкiлеттi органға:

1) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп тану немесе эмитенттi мәжбүрлеп тарату (қайта ұйымдастыру) туралы сот шешiмiнiң көшiрмесiн немесе акционерлік қоғамның қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты жарияланған акциялар шығарылымын жою туралы акционерлік қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы хаттамасының (дауыс беретiн барлық акцияларды иеленушi акционер шешiмiнiң) көшiрмесiн;

2) жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктi, жарияланған акциялар шығару проспектiсiн, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептердi және уәкiлеттi органның акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептердi бекіту туралы хабарламасын табыс етедi.

2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен   2-1 тармақпен  толықтырылды

2-1. Сот не атқарушы iс жүргiзу органдары жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп тану немесе мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмiн табыс еткен жағдайда уәкiлеттi орган акциялар шығарылымын жою туралы шешiм қабылдайды және бұл жөнiнде эмитенттi хабардар етедi.

3. Жарияланған акциялардың шығарылымын жоюдың талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.

4. Шығарылымына қатысты уәкiлеттi орган жою туралы шешiм қабылдаған акциялармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасуға тыйым салынады.

2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен   5 тармақ  өзгертілді (бұр. ред. қара)

5. Эмитент уәкiлеттi органның акциялар шығарылымын жою туралы хабарламасын алған кезден бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тiлде және орыс тілінде ақпарат жариялауға мiндеттi.

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Уәкілетті орган акциялар шығарылымын жою туралы шешімді эмитентке, тіркеушіге және орталық депозитарийге жібереді. Жарияланған акциялар шығарылымының жойылуына байланысты эмитенттің бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерін тіркеуді тоқтату тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

 

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 30-1-баппен толықтырылды

30-1-бап. Облигациялар шығарылымын жою

1. Облигациялар шығарылымын жою туралы шешімді уәкілетті орган облигациялар шығарылымын жою туралы шешім қабылдаған эмитент органының шешімі негізінде осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаған жағдайда қабылдайды.

2. Облигациялар шығарылымын жою тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

 

31-бап. Бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеу.

Төлем агентi

1. Қайталама бағалы қағаздар рыногындағы эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы кезеңiнде эмитент Қазақстан Республикасының заңдарында және эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнде белгiленген бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеу тәртібін сақтауға мiндеттi.

07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Облигациялар бойынша кiрiс және облигациялардың нақтылы құны оларды өтеу кезiнде осы төлемдер жүзеге асырылатын кезеңнiң соңғы күнiнiң басындағы жағдай бойынша (бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушi орналасқан жердегi уақыт бойынша) оларды алуға құқығы бар тұлғаларға төленедi.

3. Эмиссиялық бағалы қағаздар және облигациялардың нақтылы құны бойынша кiрiс төлеудi оларды өтеу кезiнде эмитент дербес немесе төлем агентi көрсететiн қызметтi пайдалана отырып жүзеге асырады.

4. Қазақстан Республикасының Yкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi немесе жергiлiктi атқарушы органдар шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеудi жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

5. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстi және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу кезiнде олардың нақтылы құнын төлеудi жүзеге асыру үшiн төлем агентiн сайлау туралы шешiмдi өз жарғысына сәйкес эмитенттiң органы қабылдайды.

6. Төлем агентi көрсететiн қызметтердi пайдалану туралы шешiм қабылданған жағдайда эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнде төлем агентi туралы мынадай мәлiметтер:

1) төлем агентiнiң толық атауы;

2) төлем агентiнiң және оның бағалы қағаздар бойынша кiрiс (облигациялардың нақтылы құнын) төлеудi жүзеге асыратын барлық филиалдарының орналасқан жерi, реквизиттерi болуға тиiс.

7. Төлем агентi өзгерген жағдайда эмитент эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiне өзгерістер енгізуге және оларды тiркеу үшiн осындай өзгерiс жасалған күннен бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.

8. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiс және облигациялардың нақтылы құны оларды өтеу кезiнде эмитенттiң кiнәсiнен төленбеген, сондай-ақ толық төленбеген жағдайда эмитент бағалы қағаздарды ұстаушыларға негiзгi мiндеттеменiң сомасын және мерзiмi өткен әр күн үшiн ақшалай мiндеттеменi немесе оның тиiстi бөлiгiн орындау күніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негiзге ала отырып есептелген өсiмпұл төлеуге мiндеттi.

9. Төлем агентi қызметiн жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.

 

32-бап. Мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп

1. Эмитент қарау және бекіту үшiн мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi уәкiлеттi органға облигацияларды шығару проспектiсiнде белгiленген өтеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде табыс етуге мiндеттi.

2. Мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi қарау және бекіту үшiн эмитент уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:

1) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi қарау туралы өтiнiштi;

2) есептi айдың аяғындағы немесе облигацияны өтеу аяқталған күнгi жағдай бойынша қаржылық есептіліктi;

3) мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген талаптарға сәйкес жасалып, ресiмделген есептi;

4) тiркеушiнiң эмитент облигацияларын ұстаушылары тiзiлiмiн жабу туралы хабарламасын;

5) эмитенттiң облигацияларды өтеу жөніндегі өз мiндеттемелерiн орындағанын растайтын төлем агентiнiң немесе эмитенттiң (төлем агентiмен шарт болмаған жағдайда) хабарламасын табыс етедi.

3. Мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi уәкiлеттi орган күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде қарайды.

 

2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен   тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

6-тарау. Туынды бағалы қағаздар айналысы

 

2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен   33-бап өзгертілді  (бұр. ред. қара)

33-бап. Туынды бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасу

талаптары

1. Нақтылы ұстаушылар бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында мәмiлелер жасасқан жағдайда туынды бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi және олар бойынша құқықтарды растауды осы Заңға және биржа қорының iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен  2 тармақ  жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында туынды бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасудың шарттары мен тәртібі қор биржасының iшкi құжаттарында белгiленедi

 

2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен   34-бап  жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

34-бап. Эмитенттердiң - Қазақстан Республикасы

резиденттерiнiң эмиссиялық бағалы қағаздары

базалық активi болып табылатын депозитарийлiк

қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Базалық активі аталған ұйымдардың эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын, депозитарлық қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды шығару және орналастыру арқылы Қазақстан Республикасының резидент ұйымдарының бағалы қағаздарын қайталама рынокта сатуды жоспарлаушы тұлға шығарылым туралы уәкілетті органды оның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен хабардар етуге міндетті.

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң эмиссиялық бағалы қағаздары базалық активi болып табылатын депозитарийлiк қолхаттарды немесе өзге де бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырған Қазақстан Республикасының резидент ұйымы орналастыру аяқталған күннен бастап бiр ай ішінде уәкiлеттi органға оның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген тәртiппен орналастырудың қорытындылары туралы есеп бередi.

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Депозитарийлiк қолхаттар шығару ережесінде орталық депозитарийге және уәкілетті органға оның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес депозитарийлiк қолхаттарды ұстаушылар туралы ақпарат беру тәртібі болуға тиiс.

 

35-бап. Қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарын шығару

Қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарын шығарудың, орналастырудың, айналысқа салудың және өтеудiң, қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарын орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есеп берудiң талаптары мен тәртібі, сондай-ақ қазақстанның депозитарийлiк қолхаттарының эмитент сақтауға тиiс талаптары уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.

 

7-тарау. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді

тіркеу және олар бойынша құқықтарды бастау

 

Өзгерістерді қара -2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңы  (2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі)

36-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелер осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тiркелуге тиіс.

2. 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасу кезiнде тiркеушi (нақтылы ұстаушы) мәмілені және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттарды тіркеуді мәмiлеге қатысушылардың қарсы бұйрықтары негiзiнде жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды тiркеудiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

 2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен   5 тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

5. Егер осы мәмiленi тiркеу үшiн табыс етiлген құжаттар осы Заңның, уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актiсiнiң талаптарына және оның iшкi құжаттарына сәйкес келмесе, тiркеушi (нақтылы ұстаушы) эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеуден бас тартуға мiндеттi.

6. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында эмиссиялық бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу тәртібі орталық депозитарийдiң және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарымен белгiленедi.

7. Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында эмиссиялық бағалы қағаздармен бiр жақты мәмiле жасалған жағдайда оны тiркеу осы мәмiлеге қатысушының бұйрығы негiзiнде, оның сол эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқығын растайтын құжаттар қоса тiркеле отырып жүзеге асырылады.

8. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша өзгерістердi тiркеудi немесе құқықтарды тоқтатуды тiркеушi (нақтылы ұстаушы) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес барлық қажеттi реквизиттер бар атқарушы парақ негiзiнде жүзеге асырады.

9. Осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген негiздер болмаған жағдайда тiркеушiнiң (нақтылы ұстаушының) эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттары бойынша жазбаларды өз бетiнше енгізуге құқығы жоқ.

10. Жеке шоттар бойынша тiркеушiнiң (нақтылы ұстаушының) жазбалар енгізуi үшiн негiз болып табылатын құжаттар (тiркелген тұлғаны бiрдейлендiретiн құжаттарды қоспағанда) бес жыл бойы сақталуға тиiс.

 

37-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеу

1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеудi тiркеушi (нақтылы ұстаушы) кепiл берушiнiң және кепiл ұстаушының кепiлге берiлетiн эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтары көрсетiле отырып жасалған сол мәмiленi тiркеу үшiн қажеттi барлық мәлiметтер бар бұйрығы негiзiнде жүзеге асырады.

2. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар кепiлiн тiркеу құқықтары кепiлге берiлген, кепiл ұстаушының пайдасына кепiл берушiнiң шотындағы бағалы қағаздарға ауыртпалық салу және кепiл ұстаушыға оның пайдасына бағалы қағаздарға ауыртпалық салу туралы жазба жасалатын жеке шот ашу (бұл болмаған жағдайда) арқылы жүзеге асырылады. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң тоқтатылуына байланысты эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды кепiлге беру тоқтатылған жағдайда бағалы қағаздардан ауыртпалықты алып тастауды тipкeушi (нақтылы ұстаушы) мәмiлеге қатысушылардың қарсы бұйрықтары негiзiнде жүзеге асырады.

3. Кепiл берушi эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда мәмiленi тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, кепiлге берiлген затты өндiрiп алу арқылы кепiлдiң тоқтатылғанын растайтын құжаттар негізiнде жүзеге асырылады.

4. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кепiл құқықтарын тiркеудiң ерекшелiктерi ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногындағы осы бағалы қағаздармен мәмiле жасауға байланысты орталық депозитарийдiң және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарымен белгiленедi.

 

Өзгерістерді қара -2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңы  (2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі)

38-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау

1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесіндегі немесе орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шотынан үзiндi табыс ету арқылы жүзеге асырылады.

Үзiндiнi ресiмдеу мен беру тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен және тiркеушiнiң (нақтылы ұстаушының) iшкi құжаттарымен белгiленедi.

2. Жеке шоттан үзiндi берудiң талаптары мен тәртібі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен белгiленедi.

 

Өзгерістерді қара -2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңы  (2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі)

39-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеу туралы бұйрық

1. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеу туралы бұйрық (бұдан әрi осы бапта - бұйрық) жазбаша нысанда жасалып, бағалы қағазды ұстаушы немесе оның өкiлi қол қоюға және орындау үшiн тiркеушiге немесе нақтылы ұстаушыға берiлуге тиiс.

2. Бұйрық Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою туралы заңдарына сәйкес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электронды түрде жасалуы және берiлуi мүмкiн.

3. Бұйрықтың мазмұны, сондай-aқ оны тiркеушiнiң (нақтылы ұстаушының) тiркеу талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен және тiркеушiнiң (нақтылы ұстаушының) iшкi құжаттарымен белгiленедi.

4. Бұйрық орындауға қабылданған кезде тiркеушi (нақтылы ұстаушы) осы бұйрықты берген тұлғаның өкiлеттiгiн, сондай-ақ бұйрық нысанының белгiленген талаптарға сәйкес болуын тексеруге мiндеттi.

Бұйрықты орындау кезiнде тiркеушi (нақтылы ұстаушы):

1) алынған бұйрықты тiркеуге;

2) бұйрықта көрсетiлген iс-әрекеттердi жасау мүмкiндiгiн тексеруге;

3) бұйрықты орындаудан бас тарту үшiн негiз болмаған кезде онда көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға және бұйрықтың орындалғаны туралы есеп беруге;

4) бұйрықты орындаудан бас тарту үшiн негiз болған кезде бас тарту негiзi бар құжат беруге мiндеттi.

5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе нақтылы ұстаушымен жасалған шарт талаптарында бұйрықты орындаудың өзгеше мерзiмi көзделмесе, тiркеушi (нақтылы ұстаушы) қарсы бұйрық алған кезде күнтiзбелiк үш күннен аспайтын мерзiмде бұйрықтың орындалуын жүзеге асырады.

 

40-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттары бойынша операцияларды тоқтата тұру.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды тәркiлеу

1. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесіндегі немесе бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттар бойынша жазба жасауды немесе эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай шешiм қабылдауға уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.

2. Эмиссиялық бағалы қағаздарды тәркiлеу заңды күшiне енген сот актiсi негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.

 

8-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық

және қызметтік құпия

 

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 41-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

41-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпия

1. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны мынадай (осы баптың 2-тармағында белгіленгендерді қоспағанда):

1) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы акционерлік қоғамның жай акциялары мен оның жай акцияларына айналдырылған эмиссиялық бағалы қағаздарының қалдықтары мен қозғалысы туралы;

2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы, осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілгендерден басқа, эмиссиялық бағалы қағаздардың болу-болмауы және олардың иелері туралы, осы шоттардағы эмиссиялық бағалы қағаздардың қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпарат құрайды.

2. Мынадай:

1) акционерлік қоғамның ірі акционерлеріне қатысты бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесіндегі және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттардағы жай акциялардың қалдықтары мен қозғалысы туралы;

2) осы Заңның 19-тарауына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ашуға жататын эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың ұстаушылары туралы;

3) қор биржасының ережелеріне сәйкес оған берілуге тиіс эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың ұстаушылары туралы;

4) осы бағалы қағаздар бойынша төлемдерді жүзеге асыру мақсатында ашуға жататын эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың ұстаушылары туралы ақпарат бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрамайды.

 

42-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiк құпия

1. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiк құпия бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiнiң қызметi туралы, шектелмеген тұлғалар тобы үшiн бiрдей жағдайларда жалпы қолжетiмдi болып табылмайтын мәлiметтердi қамтиды.

2. Өзiнiң қызметтiк жағдайы немесе туыстық қатынастары, еңбек мiндеттерi немесе бағалы қағаздар рыногының субъектiсiмен немесе оның аффилиирленген тұлғасымен жасалған (оның iшiнде ауызша) шарт негiзiнде аталған ақпаратқа қол жеткізуге мүмкiндiгi бар тұлға, оның iшiнде:

1) бағалы қағаздар рыногының осы субъектiсiнiң басшы қызметкерiн;

2) бағалы қағаздар рыногының осы субъектiсiнiң аталған ақпаратқа қол жеткiзе алатын кез келген қызметкерi;

2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

3) бағалы қағаздар рыногының субъектiсiне қызмет көрсететiн аудиторлық ұйым қызметкері, бағалаушы және басқа тұлғалар;

4) бағалы қағаздар рыногының осы субъектiсi сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшесi немесе осы сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiне енгiзiлген бағалы қағаздардың эмитентi ретiнде өз қызметi туралы ақпарат беретiн сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметкерi;

5) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды дайындауға, сондай-ақ оларды орналастыруға қатысатын ұйымның қызметкерi;

6) клиенттiң тапсырмасы бойынша бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiле жасауды жүзеге асыратын лицензиаттың қызметкерi;

7) мемлекеттік орган мен өзiне берiлген өкiлеттiкке орай аталған ақпаратқа қол жеткiзе алатын өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметкерi бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiк құпияны құрайтын ақпараты бар тұлға болып табылады.

 

43-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны ашу

1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.

 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтер өзi эмиссиялайтын бағалы қағаздарға қатысты - эмитентке және эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оның құқықтарына қатысты - бағалы қағазды ұстаушыға не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ресiмделген сенiмхат негiзiнде олардың өкiлдерiне берiлуі мүмкiн.

Нақтылы ұстаушының коммерциялық құпияны құрайтын клиенттерi туралы мәлiметтерді табыс ету тәртібі осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де Заң актілерінде айқындалады.

3. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтер:

1) өздері жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша анықтау және алдын ала тергеу органдарына;

2) соттың ұйғарымы, қаулысы негiзiнде өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттарға;

3) олардың құзыретi шегiнде тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде өздерi қарап жатқан материал бойынша прокуратура органдарына;

2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4) сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу органының мөрімен расталған және прокурор санкция берген қаулысы негізінде өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарына;

5) тексерiлетiн тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша салық органдарына;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 6 тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

6) оның сұратуы бойынша уәкiлеттi органға;

7) олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша нотариустерге;

8) олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша шетелдiк консулдық мекемелерге берiлуге тиiс.

4. Бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi осы баптың 3-тармағында аталған органдарға беру тәртібі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен белгiленедi.

 

44-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларына қойылатын талаптар

1. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы өзiнiң клиенттерiне қызмет көрсету процесiнде бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануды болғызбауға мүмкiндiк беретiн талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

2. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға және табиғи баға белгiлеудi бұзу мен бағалы қағаздар рыногының тұрақсыздануына әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттерге жол беруге құқылы емес.

3. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының iшкi құжаттарында бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз ететiн және оларды кәсiби қатысушының, оның қызметкерлерiнiң немесе үшiншi тұлғалардың өз мүдделерiнде пайдалануына жол бермейтiн талаптар болуға тиiс.

 

9-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті

жүзеге асыру тәртібі

 

45-бап. Бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымы

1. Бағалы қағаздар рыногында уәкiлеттi органның лицензиялауына жататын мынадай қызмет түрлерi:

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1 тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1) брокерлiк;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды   

1-1) дилерлiк;

2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн жүргiзу;

3) инвестициялық портфельдi басқару;

4) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару;

5) кастодиандық;

6) трансфер-агенттiк;

7) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

8) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда ұйымдастыру жүзеге асырылады.

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Осы баптың 1-тармағының 1)-8) тармақшаларында аталған қызмет, сондай-ақ депозитарийлiк қызмет бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет болып табылады.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

3. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң белгiлi бiр түрiн немесе өзара қоса атқаратын түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар өзiнiң қызметiн үйлестiру мақсатында өзiн-өзi реттейтiн ұйым құрады.

4. Бағалы қағаздар рыногындағы лицензиялауға жататын қызметтi жүзеге асыру тәртібі осы Заңмен, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен, өзін-өзi peттeйтін ұйымдардың және лицензиаттардың ішкі құжаттарымен белгiленедi.

Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң түрлерiн қоса атқарудың талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 4-1-тармақ өзгертiлдi

4-1. Лицензиат бағалы қағаздар нарығындағы қызметті:

бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібін;

операцияларды жүргізудің жалпы шарттарын;

лицензиат пен оның клиентінің құқықтары мен міндеттерін, олардың жауапкершілігін;

Осы тармақта көзделген ішкі құжаттарды лицензиаттың директорлар кеңесі бекітуге тиіс.

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

5. Клиенттердiң (депоненттердiң)  ақшасы мен бағалы қағаздарын лицензиаттар  және орталық депозитарий өздерiнiң активтерiнен бөлек есепке алады және олар банкрот болған немесе ерiктi түрде таратылған жағдайда тарату массасына енгiзiлмейдi.

6. Бағалы қағаздар рыногында көрсеткен қызметтерi үшiн лицензиатқа клиенттiң сыйақы төлеуiнiң талаптары мен тәртібі лицензиаттың iшкi құжаттарымен және (немесе) лицензиаттың өз клиентiмен жасалған шартымен белгiленедi.

7. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

46-бап. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) жарғылық капиталын қалыптастыру

 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен  1-тармақ өзгертiлдi (бұр. ред. қара)

1. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) акцияларына төлем жасау тек қана ақшалай Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүзеге асырылады.

Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.

Заңды тұлға акцияға төленген ақы және (немесе) басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесi ретiнде енгiзiлген активтер сомасын шегере отырып, өз капиталы шегiнде өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) акцияларын төлеуге құқылы.

2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен   2  тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

2. Мәмiлелердiң нәтижесiнде пруденциалдық нормативтер және қаржылық тұрақтылықтың уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген өзге де көрсеткiштерi немесе өлшемдерi (нормативтерi) бұзылмайтын жағдайда, лицензиат акцияның он және одан да көп  процентi тиесiлi акционерлерден өз акцияларын сатып алу жөнiнде мәмiлелер жасасуға құқылы.

 

47-бап. Өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құрылтайшылары мен акционерлерi

1. Жеке және заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидентi еместер осы баптың 2-тармағында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген шектеулердi ескере отырып, өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құрылтайшылары және акционерлерi бола алады.

2. Мыналар:

1) тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалар;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысы бойынша аффилиирленген тұлғалар;

3) осы тармақтың 1) тармақшасында аталған заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары, акционерлерi) болып табылатын тұлғалар өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) құрылтайшысы және акционерлерi бола алмайды.

Қазақстан Республикасының резидентi емес заңды тұлға өзiнде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiне сәйкес рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң талап етiлетiн ең төмен рейтингi болған жағдайда зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асырғысы келетiн (жүзеге асыратын) өтiнiш берушiнiң (лицензиаттың) акцияларын сатып ала алады.

 

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 47-1-баппен толықтырылды ; 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен  47-1 бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)

47-1-бап. Лицензиат органдары

Лицензиат (тіркеушіні, трансфер-агентті қоспағанда) міндетті түрде мынадай алқалы органдарды құрады:

1) басқару органы;

2) атқарушы орган;

3) бақылаушы орган.

 

48-бап. Өтiнiш берушiге қойылатын біліктілік талаптары

1. Өтiнiш берушi лицензия алу үшiн мынадай біліктілік талаптарына сай болуға тиiс:

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен  (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1) өтініш берушінің директорлар кеңесі бекіткен, жуырдағы үш жылға арналған бизнес-жоспарының болуы. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер:

лицензияны алу мақсаттары;

қызметінің негізгі бағыттарының сипаттамасы және оған өтініш беруші бағдар жасаған нарық сегментіне шолу;

қызмет шеңберіндегі көзделген қызмет көрсету, оларды бағалау тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ оларды сатудың шарттары мен көлемі бойынша жоспарлар;

қызметіне байланысты негізгі тәуекелдер, оларды бағалау және меншікті капиталы есебінен өтеу тәсілдері, меншікті капиталының жеткіліктілік мәні, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау рәсімдері туралы ақпарат;

қаржы жоспары, оның ішінде алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы кірістер мен шығыстар болжамы, көрсетілген кезең ішінде жол берілетін залалдылық коэффициенттері;

инвестициялық саясат, компания қызметін қаржыландыру көздері;

өтініш берушінің ұйымдық құрылымы, корпоративтік басқару рәсімін іске асыру тәсілдерінің сипаттамасы, сондай-ақ мамандардың білім деңгейіне қойылатын талаптар көрсетілуге тиіс;

2) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес, бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға қажеттi бағдарламалық-техникалық құралдары мен жабдықтары болуы;

3) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

4) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

5) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін ұйымдық құрылымның болуы;

6) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды ; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен  (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

7) өтініш берушінің тексеру жүргізудің тәртібін, кезеңділігін және ішкі аудит қызметінің есебін жасау мерзімдерін айқындайтын ішкі аудит қызметі туралы ереженің болуы.

2. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен  49-бап  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

49-бап. Лицензиаттың сақтауға мiндеттi пруденциялық нормативтерi, қаржы тұрақтылығының өзге де көрсеткiштерi мен өлшемдерi (нормативтерi)

1. Лицензиат бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң тиiстi түрiне қатысты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген пруденциялық нормативтердi және қаржы тұрақтылығының өзге де көрсеткiштерi мен өлшемдерiн (нормативтерiн) сақтауға мiндеттi.

2. Лицензиат уәкiлеттi органға пруденциялық нормативтердiң, қаржы тұрақтылығының өзге де көрсеткiштерi мен өлшемдерiнiң (нормативтерiнiң) сақталуын сипаттайтын көрсеткiштердiң есептерiн, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiп пен мерзiмде табыс етуге мiндеттi.

3. Пруденциялық нормативтердiң, сондай-ақ пруденциялық нормативтер мәнiнiң сақталуы мен есеп айырысу тәртібін сипаттайтын көрсеткiштердiң, лицензиат сақтауға тиiстi қаржы тұрақтылығының өзге де көрсеткiштерi мен өлшемдерiнiң (нормативтерiнiң) түрлерi бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң әр түрiне қатысты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Лицензиат уәкілетті органның жазбаша нұсқамасында көрсетілген қаржылық және (немесе) өзге де есептіліктегі деректерді түзету жөніндегі талаптарды орындамаған кезде, пруденциалдық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өздері түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.

 

50-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi лицензиялау

1. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру үшiн лицензиялар берудiң талаптары мен тәртібі осы Заңмен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.

 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен  (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттарды уәкiлеттi орган қарайды және өтiнiш берушi мен ол табыс еткен құжаттар осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес болған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттарды табыс еткен күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешiктiрмей лицензия бередi.

Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген негiздемелер бойынша лицензия беруден бас тартуға құқылы.

3. Егер лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттарды қарау процесiнде осы құжаттарда өтiнiш берушi, оның құрылтайшылары немесе олардың қызметi туралы дәйектемесiз мәлiметтер бар екенi анықталса, уәкiлеттi орган ол құжаттарды қарау мepзiмiн тоқтата тұруға құқылы. Өтініш беруші ескертпелердi жойғаннан кейiн және құжаттарды тапсырғаннан кейiн олардың қарау мерзiмi қайта жаңғыртылады. Уәкiлеттi органның құжаттарды кейiнгi қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.

 

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 51-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

51-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру. Лицензиядан айыру және қолданылуын тоқтату

1. Уәкiлеттi орган мынадай:

1) лицензия алу немесе лицензиаттың қызметi туралы есептi қарау үшiн табыс етiлген құжаттарда дәйектемесiз ақпарат анықталған;

2) лицензия алу үшiн табыс етiлген құжаттардағы өзгерістер туралы ақпарат берiлмеген;

3) осы Заңда белгiленген біліктілік талаптары сақталмаған;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 4-9) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

4) бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ лицензиаттың iшкi құжаттарын бұзған;

5) уәкiлеттi органның ұйғарымын орындамаған;

6) лицензияның қолданылуын ерiктi түрде тоқтата тұру туралы жазбаша өтiнiш болған;

7) жүзеге асыруға лицензия берiлген қызметтi алты және одан да көп ай iшiнде лицензиат жүзеге асырмаған;

8) бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы мәлiметтердi мемлекеттік органдарға табыс ету жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарды орындамаған;

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

9) лицензиаттар үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтердi жүзеге асырған;

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды

10) бағалы қағаздар нарығы лицензиаттарының басшы қызметкерлерін келісумен байланысты талаптар бұзылған жағдайларда лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.

2. Уәкiлеттi органнан лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейiн бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң лицензияланатын түрiн жүзеге асыру заңсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 3.  2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен  алып тасталды  (бұр. ред. қара)

 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен  4 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)

4. Уәкiлеттi орган:

1) лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерi жойылмаған;

2) бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдары, сондай-ақ лицензиаттың iшкi құжаттары жүйелi түрде (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш рет және одан көп) бұзылған;

3) уәкiлеттi органның ұйғарымдары жүйелi түрде (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш рет және одан көп) орындалмаған жағдайларда;

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген өзге де негiздер бойынша лицензиядан айыруға құқылы.

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

5. Лицензияның қолданылуы Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгiленген негiздемелер бойынша тоқтатылады.

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

6. Лицензиат уәкiлеттi органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы хабарламасын алғаннан кейiн оның клиенттер алдындағы мiндеттемелерiн орындау тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.

 

52-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы есептер

2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен  1 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)

1. Лицензиаттар  және орталық депозитарий  уәкiлеттi органға бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы есептер беруге мiндеттi.

2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен  2 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)

2. Лицензиаттардың және орталық депозитарийдiң  бағалы қағаздар рыногындағы қызметi туралы есептердi беру кезеңдiлiгi, есептердiң нысандары және оларды табыс ету тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.

2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен  3 тармақпен  толықтырылды  

3. Бағалы қағаздар рыногының субъектiсi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне оның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген нысандарда және мерзiмдерде статистикалық есептілік берiп отыруға мiндетті.

 

53-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға шектеулер және тыйым салу

1. Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларды қоспағанда, лицензиаттың қаржы рыногындағы қызметке жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ.

2. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бағалы қағаздар рыногындағы қызметi Қазақстан Республикасының осы ұйымдардың қызметiн реттейтiн заң актілерінiң талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады.

 

Өзгерістерді қара -2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңы  (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі)

2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 54-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

54-бап. Өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы

қызметкерлеріне қойылатын талаптар

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Оқшауланған бөлімшелердің бірінші басшыларын және бас бухгалтерлерін қоспағанда, өтініш берушінің (лицензиаттың) директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, басқармасының бірінші басшысы (тіркеушінің атқарушы органының, трансфер-агенттің функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) мен мүшелері, бас бухгалтері, өтініш берушінің (лицензиаттың) құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және бағалы қағаздар нарығында мәмілелер жасауға негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар өзге басшылары өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкерлері болып табылады.

2. Мыналар:

1) жоғары білімі жоқ;

2) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен  3) тармақша  жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)

3) тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында осы бапта белгіленген жұмыс стажы және (немесе) қаржылық қызмет көрсету және (немесе) оны реттеу және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету саласындағы жұмыс стажы жоқ;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) мінсіз іскерлік беделі жоқ;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

5) уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы (тіркеушінің атқарушы органының, трансфер-агенттің функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және оның орынбасары, бас бухгалтері болған адамдар өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті органның қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;

6) өзге қаржы ұйымында басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде осы адамды басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарылып алынған адамдар өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.

3. Өтініш берушінің (лицензиаттың) директорлар кеңесі құрамының кемінде отыз проценті тәуелсіз директорлар болуға тиіс.

4. Осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талапқа сәйкес келу үшін:

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ; 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред. қара)  1) тармақша өзгертілді

1) өтініш берушінің (лицензиаттың) басқармасының бірінші басшысы, (тіркеушінің атқарушы органының, трансфер-агенттің функцияларын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) бас бухгалтері лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде үш жыл;

 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен  2) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)  

2) өтініш берушінің (лицензиаттың) басқарма мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде екі жыл;

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен  3) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)  

3) өтініш берушінің (лицензиаттың) құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және бағалы қағаздар нарығында мәмілелер жасауға негіз болатын құжаттарға қол қою құқығы бар өзге басшылар лауазымдарына кандидаттар үшін кемінде бір жыл жұмыс стажы болуы қажет.

Директорлар кеңесінің бірінші басшысы және мүшелері лауазымдарына кандидаттар үшін  осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жұмыс стажының болуы талап етілмейді.

Осы тармақта айқындалған жұмыс стажына қаржы ұйымы бөлімшелеріндегі шаруашылық қызметті жүзеге асыруға байланысты жұмыс кірмейді.

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен  5 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)  

5. Басшы қызметкер тағайындалған (сайланған) күннен бастап өз қызметін уәкілетті органның келісімінсіз күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім ішінде атқаруға құқылы.

Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық пакеті уәкілетті органға келісуге табыс етілмеген жағдайда не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, өтініш беруші (лицензиат) осы адаммен еңбек шартын бұзуға міндетті.

6. Өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісім беру тәртібі, келісім алуға қажетті құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

7. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не ол өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымынан босатылған немесе оны осы өтініш берушідегі (лицензиаттағы) өзге лауазымға ауыстырған жағдайда, бұл адам оны тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартылғаннан не ол лауазымнан босатылғаннан не өзге лауазымға ауыстырылғаннан кейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн өткен соң, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес, осы өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына қайтадан тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.

8. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда, бұл адам өзін уәкілетті органның осы өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешімі қабылданған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындала (сайлана) алады.

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды

8-1. Уәкілетті орган осы бапта көрсетілген тұлғаларды өтініш берушінің (лицензиаттың) аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетуге құқылы.

 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен  9 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)  

9. Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін:

1) келісім беруге негіз болған дәйектемесіз мәліметтер анықталған;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) басшы қызметкерге және (немесе) лицензиатқа уәкілетті органның санкцияларды жүйелі түрде (қатарынан соңғы он екі ай ішінде үш және одан астам рет) қолдану;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды

3) уәкілетті орган осы бапта көрсетілген тұлғаларды өтініш берушінің (лицензиаттың) аталған басшы қызметкерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді деп тану үшін жеткілікті деректердің негізінде қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету негіздері бойынша кері қайтарып алуға құқылы.

Уәкілетті орган өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алған жағдайда, өтініш беруші (лицензиат) ол адаммен еңбек шартын бұзуға міндетті.

2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен  10-  тармақпен  толықтырылды

10. Осы баптың 1-9-тармақтарында белгіленген талаптар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкер лауазымын иеленуге үміткер тұлғаларға қолданылмайды.

2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен  11-  тармақпен  толықтырылды

11. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган тіркеген өтініш берушінің (лицензиаттың), уәкілетті органмен келісілуге тиіс басшы қызметкерлерінің тізбесі, сондай-ақ басшы қызметкер лауазымына кандидатураны келісудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органның актілерінде белгіленеді.

 

55-бап. Ұйымдық құрылымға қойылатын талаптар

1. Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға екi және одан да көп лицензиясы бар лицензиаттың ұйымдық құрылымы қызметтiң әр түрi бойынша жекелеген бөлiмшелерден тұруға тиiс.

2. Лицензиаттың бiр бөлiмше қызметкерлерiнiң функциялары мен мiндеттерiн орындауды екiншi бөлiмшенiң қызметкерлерiне жүктеуге құқығы жоқ.

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптарын қолдану ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.

 

 2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен  56-бап  жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

Өзгерістерді қара -2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңы  (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі)

56-бап. Жосықсыз мiнез-құлыққа тыйым салу.

Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау

1. Лицензиаттың:

1) басқа лицензиаттарға және инвесторларға бағалы қағаздар рыногында олардың әрекетiн өзгерту мақсатында кез келген нысанда ықпал етуiне;

2) бағалы қағаздар рыногында қалыптасатын жағдайға ықпал ету мақсатында дәйектемесiз мәлiметтер таратуына тыйым салынады.

2. Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында мәмiлелер жасауға тыйым салынады. Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған мәмiленi жасасуға қатысқан тұлғалар осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде көзделген жауаптылықта болады.

Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмiленi мүдделi тұлғалардың талап қоюы бойынша сот жарамсыз деп тануы мүмкiн.

3. Мынадай мәмiлелер:

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен  1) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)  

1) бес жұмыс күнi iшiнде жасалған, орындалуы осы мәмiле тараптарындағы осындай бағалы қағаздар санының елеулi өзгеруiне әкеп соқпаған бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмiлелерi (мәмiле тараптарындағы бағалы қағаздардың алғашқы санының он процент және одан көп айырмашылық бағалы қағаздар санының елеулi өзгерiсi деп танылады);

2) клиент екi немесе одан да көп брокерге беретiн бiр шығарылымдағы бағалы қағаздарды сату және сатып алуға қарама-қарсы бұйрықтар негізінде жасалған мәміле не бірнеше мәмiле;

3) осы бағалы қағаздардың мұндай мәмiле жасалғанға дейiн бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан бағаларынан айтарлықтай өзгеше, алдын ала келісілген баға бойынша жасалатын мәмiле;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) инсайдерлік ақпарат пайдаланылып жасалған бағалы қағаздармен мәмілелер бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілелер деп танылады.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен  4 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)  

4. Бағалы қағаздармен мәмiлелердi бағалармен айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмiле деп тану тәртібі  мен талаптары уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсінде және сауда-саттықты ұйымдастырушының (егер мұндай мәмiле оның сауда жүйесiнде жасалған болса) iшкi құжаттарында белгiленедi.

 

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 56-1-баппен толықтырылды

56-1-бап. Инсайдерлік ақпаратқа билік етуді және оны

пайдалануды шектеу

1. Инсайдерлік ақпаратқа осы Заңға сәйкес оны ашқан сәтке дейін коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат жатады.

Жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттың негізінде жүргізілген эмитенттің бағалы қағаздардың құнын бағалау және (немесе) эмитенттің мүліктік жағдайын бағалау қамтылған ақпарат инсайдерлік ақпаратқа жатпайды.

2. Инсайдерлер, сондай-ақ олардың аффилиирленген тұлғалары:

1) инсайдерлік ақпаратты пайдалану арқылы өз мүдделерінде немесе үшінші тұлғалардың мүдделерінде бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, инсайдерлік ақпаратты немесе оған негізделген ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге немесе үшінші тұлғалар үшін қол жетерліктей жасауына;

3) үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпаратқа негізделген бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу туралы ұсынымдар беруге құқығы жоқ.

 

10-тарау. Бағалы қағаздарын нақтылы ұстау

 

57-бап. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды жүзеге асыру тәртібі

1. Бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушысы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар орталық депозитарий, кастодиан және  брокер және (немесе) дилер нақтылы ұстау қызметiн көрсетуге құқылы.

2. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды клиентпен жасалған, лицензиаттың нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздарға қатысты құқықтарын белгiлейтiн шарттың талаптарына сәйкес лицензиат жүзеге асырады.

 2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен  3 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)

3. Нақтылы ұстау ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргізу құқығы бар кастодиан және брокер және (немесе) дилер  клиентпен нақтылы ұстау туралы шарт жасалғаннан кейiн күнтiзбелiк үш күн iшiнде клиентке нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде жеке шот және  клиенттiң қосалқы шот ашу үшiн қажет барлық деректемелерiн ашып көрсете отырып, орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесіндегі клиенттiң қосалқы шотын ашуға мiндеттi.

Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесiнде нақтылы ұстауға берiлген мемлекеттік емес бағалы қағаздарды есепке алу орталық депозитарийдiң жеке шоты бойынша жүзеге асырылады, оны ашуды орталық депозитарийдiң бұйрығы негiзiнде тiркеушi жүргiзедi.

Нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде жеке шот ашу тәртібі нақтылы ұстаушының iшкi құжаттарымен белгiленедi.

4. Бағалы қағаздарды нақтылы ұстауды жүзеге асыру тәртібі осы Заңның талаптарына және нақтылы ұстау туралы шарттың талаптарына сәйкес лицензиаттардың iшкi құжаттарымен белгiленедi.

2008.23.10. № 72-IV  ҚР Заңымен бап 5 тармақпен толықтырылды  

5. Номиналды ұстаушының міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының клиенттеріне тиесілі қаржы құралдарынан ақы өндіріп алуға жол берілмейді.

 

58-бап. Нақтылы ұстаушының мiндеттерi

Нақтылы ұстаушы:

1) клиенттiң жеке шотындағы қателiктер мен ақпаратты бұрмалаудың алдын алу мақсатымен тұрақты бақылауды жүзеге асыруға;

2) нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде бар және клиенттiң жеке шоты бойынша өзгерістер енгізудiң ретiн белгiлеуге немесе қалпына келтiруге мүмкiндiк беретiн ақпаратты сақтауға;

3) осы Заңда белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде клиенттiң жеке шоты бойынша өзгерістер енгізуге;

4) нақтылы ұстау туралы жасалған шартқа сәйкес клиентке анық ақпарат беруге мiндеттi.

 

Өзгерістерді қара -2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңы  (2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі)

59-бап. Нақтылы ұстаушының функциялары. Нақтылы ұстаушының функцияларын жүзеге асыруға байланысты тыйым салу

1. Нақтылы ұстаушының функциялары:

1) клиенттiң бағалы қағаздарын есепке алу және осы бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасу кезiнде олардың болуын қамтамасыз ету;

2) клиенттiң бағалы қағаздарымен жасаған мәмiлелерiн тiркеу;

3) клиенттердiң бағалы қағаздар бойынша құқықтарын растау;

4) нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздармен мәмiлелер жасасу кезiнде клиенттердiң мүдделерiн бiлдiру;

5) нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздарға қатысты ақпаратты клиенттiң назарына жеткізу;

6) нақтылы ұстау туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де функциялар болып табылады.

2. Нақтылы ұстаушының:

1) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келмейтiн бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеудi жүзеге асыруына;

2) осы Заңда және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, клиенттiң бұйрығынсыз бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеудi жүзеге асыруына;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, клиенттiң тиiстi жазбаша рұқсатынсыз оның ақшасы мен бағалы қағаздарын өз мүддесiне немесе үшiншi тұлғалардың мүддесiне пайдалануына тыйым салынады.

3. Қазақстан Республикасының аумағында нақтылы ұстаушының:

1) орталық депозитарийдi;

2) шетелдiк бағалы қағаздарға немесе осы баптың 1-тармағында белгiленген функцияларды жүзеге асырушы шетелдiк ұйымдарға қатысты өзiнiң нақтылы ұстау қызметiн көрсеткен кезде, кастодиандарды қоспағанда, басқа нақтылы ұстаушыға өзiне нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздарға қатысты нақтылы ұстау қызметiн көрсетуге құқығы жоқ.

 

60-бап. Нақтылы ұстау туралы шарт

1. Нақтылы ұстаушы мен оның клиентi арасындағы құқықтық қатынастар олардың арасында жасалған нақтылы ұстау туралы шартпен реттеледi. Нақтылы ұстау туралы шартқа Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес тапсырма шартының нормалары қолданылады.

 2. Нақтылы ұстау туралы шартты жасасар алдында нақтылы ұстаушы клиенттi өзiнiң нақтылы ұстаушы ретіндегі қызметтi орындау талаптарымен таныстыруға мiндеттi.

3. Нақтылы ұстау туралы шартта:

1) шарттың нысанасы;

2) нақтылы ұстаушының клиенттiң жеке шоты туралы коммерциялық құпияны caқтaу жөнiндегі мiндеттемелерiн қоса алғанда, тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;

3) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен  алып тасталды  (бұр. ред. қара)

4) клиенттердiң нақтылы ұстауға берiлген бағалы қағаздар жөніндегі құқықтарын растау тәртібі;

5) нақтылы ұстаушының көрсеткен қызметiне ақы төлеудiң мөлшерi мен тәртібі;

6) нақтылы ұстаушының клиент алдындағы есептілік нысаны және кезеңдiлiгi;

7) тараптардың шарттың талаптарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi;

8) бағалы қағаздар бойынша кiрiс алу талаптары мен тәртібі болуға тиiс.

Жоғарыда тiзiлiп көрсетiлген ережелерден бөлек шартта Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де талаптар болуы мүмкiн.

 

61-бап. Нақтылы ұстаудағы бағалы қағаздармен мәмiленi тiркеу

1. Нақтылы ұстаудағы бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi нақтылы ұстаушы клиенттiң нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі шоты және клиенттiң орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесіндегі қосалқы шоты бойынша жүзеге асырады.

2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен  2 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)

2. Депоненттiң клиентi орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесіндегі өзiнiң қосалқы шотының жай-күйi туралы үзiндi алуға құқылы.

Нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шоттан үзiндiде көрсетiлген бағалы қағаздардың саны, түрi  туралы мәлiметтер орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесіндегі қосалқы шоты бойынша сондай мәлiметтерге сәйкес келмеген жағдайда орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiнде көрсетiлген мәлiметтер басымдыққа ие болады.

Орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесіндегі қосалқы шоттан үзiндiнi табыс ету тәртібі оның iшкi құжаттарымен белгiленедi.

3. 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

62-бап. Нақтылы ұстаушының ақпаратты ашуы

2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен  1 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)

1. Нақтылы ұстаушы  тiркеушiнiң, орталық депозитарийдiң және эмитенттiң  талап етуi бойынша,  өзiнiң нақтылы ұстауындағы бағалы қағаздары бар клиенттер туралы мәлiметтердi табыс етуге мiндеттi.

Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде аталған ақпаратты табыс ету тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.

2. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен   алып тасталды  (бұр. ред. қара)

 

11-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы

брокерлiк және дилерлiк  қызмет

 

2005.08.07 ж. № 72-IІІ   ҚР Заңымен  63-бап  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

63-бап. Брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi

жүзеге асыру тәртібі

1. Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлiк қызмет және дилерлiк қызмет брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.

Брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығымен немесе клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығынсыз болуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жағдайларда уәкiлеттi орган дилерлік қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия беруге құқылы.

2. Брокер және (немесе) дилер осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде, өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарында белгiленген, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу тәртібіне қойылатын талаптарды сақтауға мiндеттi.

3. Брокер мен оның клиенттерiнiң арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тапсырма немесе комиссия шартының нормалары қолданылатын брокерлiк қызмет көрсету туралы шарт негiзiнде туындайды.

4. Нақтылы ұстаушы ретіндегі клиенттердiң шотын жүргiзу құқығы бар брокердiң және (немесе) дилердiң ұйымдық құрылымына мынадай құрылымдық бөлiмшелер:

1) қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасуды жүзеге асыратын сауда бөлiмшесi;

2) қаржы құралдарымен мәмiлелердiң орындалуын, қаржы құралдарын және сол брокер және (немесе) дилер мен оның клиенттерiнiң ақшасын есепке алуды жүзеге асыратын есеп айырысу бөлiмшесi енуге тиiс.

5. Нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргiзу құқығы бар брокердiң және (немесе) дилердiң  сауда бөлiмшесi басшы қызметкерлерiнiң сол брокердiң және (немесе) дилердiң есеп айырысу бөлiмшесiнiң басшы қызметкерiнiң мiндеттерiн орындауға және керiсiнше жасауға құқығы жоқ.

2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен  6  тармақ  толықтырылды

6. 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

64-бап. Брокердiң және (немесе) дилердiң мәмiлелер жасауы

1. Брокер және (немесе) дилер клиенттiң бұйрығына сәйкес қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайды. Клиенттердiң бұйрықтарының түрлерi, олардың мазмұны және ресiмделуi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен және брокердiң және (немесе) дилердiң  iшкi құжаттарымен белгiленедi.

2. Клиенттiң бұйрығын орындауды брокер және (немесе) дилер сол бұйрықта көрсетiлген мәмiле жacaу талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады. Егер мәмiле жасау кезiнде мәмiленiң талаптарын өзгерту қажет болса, брокер және (немесе) дилер  өз iс-әрекетiн клиентпен келісіп алуға мiндеттi.

Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда брокер және (немесе) дилер  мәмiленi өз мүддесiнен клиенттiң мүддесi басым екендiгiн негiзге ала отырып жасауға мiндеттi.

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Уәкілетті орган берген банкілік қарыз беру операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар брокер және (немесе) дилер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен факторинг операцияларын (төленбеу тәуекелін қабылдай отырып, (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сатып алушыдан төлем талап ету құқықтарын сатып алуды) және форфейтинг операцияларын (сатушыға айналымсыз вексельді сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесін төлеуді) жүзеге асыруға құқылы.

3. Брокер және (немесе) дилер  эмитентке андеррайтер ретiнде немесе эмиссиялық консорциум құрамында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызмет көрсетуге құқылы.

4. Эмиссиялық консорциумға қатысушылардың эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөніндегі бiрлескен қызметiн жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі эмиссиялық консорциумға қатысушылар болып табылатын андеррайтерлердiң бiрлескен қызметi туралы шартта белгiленедi, онда мынадай мәлiметтер:

1) эмиссиялық консорциумға қатысушылардың функциялары;

2) эмиссиялық консорциумға қатысушылар арасындағы құқықтарды, мiндеттердi және жауапкершiлiктi бөлiсу;

3) бiрлескен қызмет туралы шарттың қолданылу мерзiмi болуға тиiс.

5. Эмитент пен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасындағы қатынастар жазбаша нысанда жасалған шартпен реттеледi.

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды мынадай тәсiлдермен:

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмитенттен кейiннен басқа инвесторларға сату мақсатында бағалы барлық орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алатын "қатаң мiндеттемелер" тәсiлiмен;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) андеррайтер (эмиссиялық консорциум) эмиссиялық бағалы қағаздарды инвесторларға ұсыну арқылы оларды орналастыру жөнiнде қолынан келгенше күш-жiгерiн жұмсауға мiндеттенетiн "ең үздiк күш салу" тәсiлiмен;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) эмитент пен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) арасында жасалған шарт талаптарына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың өзге де тәсiлдерiмен жүзеге асыруға құқылы.

 

12-тарау. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің

жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет

 

Өзгерістерді қара -2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңы  (2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі)

65-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыру тәртібі

1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi осы Заңға, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілеріне, тiркеушiнiң iшкi құжаттарына және эмитентпен жасалған шартқа сәйкес тiркеушi жүзеге асырады.

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу эмиссиялық бағалы қағаздарға қатысты мiндеттi болып табылады.

 2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен  2 тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

2. Тiркеушi эмитенттiң, оның басшы қызметкерлерiнiң және дербес немесе аффилиирленген тұлғалармен бiрлесiп осы эмитенттiң дауыс беретiн акцияларының (үлесiнiң) он және одан да көп процентiн  иеленетiн эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) аффилиирленген тұлғасы болмауға тиiс.

3. Бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы мәлiметтер уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде және тiркеушiнiң iшкі құжаттарында белгiленген тәртiппен бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiне енгiзiлуге тиiс.

4. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын құжаттардың тізбесі, бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн қалыптастыру, сақтау мен жүргiзу тәртібі, жеке шоттардан үзiндiлердiң нысандары және оларда көрсетiлетiн мәлiметтер тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Тіркеушінің лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған, одан айырған жағдайларда уәкілетті орган бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізу жөнінде эмитент жаңа шарт жасасқан тіркеушіге оларды кейіннен беру үшін бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін құрайтын деректердің резервтік көшірмелерін алып қоюға құқылы.

 

66-бап. Тiркеушiнiң функциялары

Тiркеушiнiң функциялары:

1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн қалыптастыру, жүргiзу және сақтау;

2) тiркелген тұлғаға бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесінде жеке шот ашу;

3) тiркелген тұлғаның жеке шоты бойынша бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу;

4) тiркелген тұлғаның бағалы қағаздары бойынша құқықтарын растау;

5) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн сайма-сай қалпында ұстау;

6) қайталама бағалы қағаздар рыногында айналыста жүрген бағалы қағаздар санының уәкiлеттi орган тiркеген санына сәйкестiгiн бақылауды жүзеге асыру;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

7) бағалы қағаздарды ұстаушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда немесе эмитенттiң тапсырмасы бойынша эмитенттiң жалпы жиналысын өткізуiне немесе эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстi төлеуiне қатысты, сондай-ақ эмитенттiң бағалы қағаздарды шығаруына қатысты хабарлау;

8) эмитенттiң сұратуы негiзiнде оған бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын ақпарат табыс ету;

9) осы Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын мәлiметтер алуға құқығы бар мемлекеттік органдарға ақпарат табыс ету;

 2008.23.10. № 72-IV  ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертiлдi  (бұр.ред. қара)

10) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де функциялар болып табылады.

 

67-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөніндегі шарт

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен  1 тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)

1. Тiркеушiмен бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiнде шарт жасау туралы шешiмдi оның эмитенттiң жарғысында белгiленген құзыретiне сәйкес эмитенттiң органы қабылдайды. Осы шешiмде эмитенттiң атынан шарт жасасуға қатысуға және, оған қол қоюға уәкiлдiк берiлген тұлға көрсетiлуге тиiс.

 2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен  2 тармақ жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)

2. Тiркеушi өзiнiң бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмдерінiң жүйесiн жүргізуді жүзеге асыруға құқылы емес.

Тiркеушi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу бойынша шарт жасасқан эмитенттiң бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi басқа тiркеушiге қайта тапсыруға құқылы емес.

3. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiнде шарт жасасқан кезде эмитент тiркеушiге мынадай құжаттарды:

1) эмитент органының тiркеушiнi таңдау және бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiнде шарт жасасу туралы шешiмiн;

2) жарғының көшiрмесiн;

3) эмитенттi заңды тұлға ретiнде мемлекеттік тiркеу туралы куәландыратын құжаттардың көшiрмелерiн;

4) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу туралы куәландыратын құжаттардың көшiрмелерiн;

5) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын ақпаратты алу және шарттың талаптарын орындау кезiнде құжаттарға қол қою құқығы бар эмитент өкiлдерiнiң қол қою үлгiлерiнiң эмитент мөрiнiң бедерi бар карточкасын табыс етуге мiндеттi. Бұл карточканы нотариат куәландыруға тиіс.

4. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөніндегі шартты жасасқан кезде тiркеушi эмитентке танысу үшiн өзiнiң iшкi құжаттарын табыс етуге мiндеттi.

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Лицензияның қолданылуы бір айдан астам мерзімге тоқтатыла тұрған, сондай-ақ лицензиядан айырған жағдайда бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі шарт бұзылады.

 

 Өзгерістерді қара -2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңы  (2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі)

68-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөніндегі шарт бұзылған жағдайда тiркеушiге қойылатын талаптар

1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөніндегі шарт бұзылған жағдайда бұрынғы тiркеушi эмитентпен жасалған шарттың бұзылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiн әзiрлеп, өткізуге мiндеттi, ал жаңа тiркеушi шарт бұзылған күнi қалыптастырылған оны және осы эмитенттiң бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын өзге де құжаттарды қабылдауға мiндеттi.

Аталған құжаттарды өткізу тiркеушiлер өкiлдерiнiң қатысуымен қабылдау-өткізу актiсiн жасау арқылы жүзеге асырылады. Жаңа тiркеушi қабылдау-өткізу актiсiне қол қойылған кезден бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде бұрынғы тiркеушiден қабылданған құжаттардағы мәлiметтердi эмитенттiң ол шарт жасасқан бағалы қағаздар тiзiлiмдерiнiң жүйесiне енгізуге мiндеттi.

2. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн құрайтын жаңа тіркеушіге өткізілуге тиісті құжаттар мен электрондық деректердiң құрамы, оларды тапсырудың талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.

3. Шарттың қолданылуы тоқтатылған күннен кейiн тiркеушiнiң бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiнiң жеке шоттарынан берген үзiндiлерi жарамсыз болады. Шарттың қолданылуы тоқтатылған күннен кейiн тiркеушiнiң бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтарын орындау үшiн қабылдауға құқығы жоқ. Жаңа тiркеушi өзiне қабылдау-өткізу актiсiмен берiлген құжаттарға сәйкес бұрынғы тiркеушiнiң бағалы қағаздар ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу күнiнде жасаған үзiндi мен өзге де құжаттардағы мәлiметтер үшiн жауапкершiлiк бұрынғы тiркеушiге жүктеледi.

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен  4 тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

4. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөніндегі шарт бiр жақты бұзылған жағдайда құжаттар мен бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiн қалыптастыру және жаңа тiркеушiге өткізу шартты бұзуға бастамашы болушының есебiнен жүзеге асырылады. Тiркеушi лицензиясының қолданылуы тоқтатылған немесе одан айырылған жағдайда тiркеушi шартты бұзудың бастамашысы деп танылады.

 

13-тарау. Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі

қызмет. Зейнетақы активтерін инвестициялық

басқару жөніндегі қызмет

 

69-бап. Инвестициялық портфельдi басқару жөніндегі қызметтi немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыру

07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Инвестициялық портфельдi басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.

2. 07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 2-тармақ алып тасталды (бұр. ред. қара)

3. Инвестициялық портфельдi басқару немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі қызмет клиенттiң мүддесiн көздеп кiрiс алу мақсатымен жүзеге асырылады.

4. Инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқарушылардың олар басқаратын қаржы құралдарына қатысты құқықтарын нақтылы ұстаушылар өздерiнiң iшкi құжаттарына сәйкес есепке алады.

 

70-бап. Инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқарушылардың функциялары

1. Инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқарушылардың функциялары:

1) ақшаны эмиссиялық бағалы қағаздарға және уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актiсiнің талаптарына сәйкес өзге де қаржы құралдарына инвестициялау туралы шешiмдер қабылдау;

2) қабылданған инвестициялық шешiмдердi орындау мақсатында инвестициялық портфельдi басқару және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару процесiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiмен өзара iс-қимыл жасау;

3) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде және олардың iшкi құжаттарында белгiленген тәртiппен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын мәмiлелердiң есебiн жүргiзу;

4) инвестициялық портфельдi басқару немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөніндегі шарттың талаптарын орындау болып табылады.

2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқарушылар эмиссиялық бағалы қағаздар мен басқаруындағы өзге де қаржы құралдарына қатысты пайдалану және билiк ету жөніндегі құқығын жүзеге асыруға құқылы.

 

07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 71-бап алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 72-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 72-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)  

72-бап. Инвестициялық шешiмдер қабылдау

Клиенттердiң инвестициялық портфелiне қатысты инвестициялық шешiмдер қабылдауды инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқарушылардың құрамында кемінде үш адам болатын инвестициялық комитет жүзеге асырады. Инвестициялық комитет мүшелерінің кемінде жартысы инвестициялық портфельді немесе зейнетақы активтерін басқаратын басшы қызметкерлер болуға тиіс.Қызметкерлердi инвестициялық комитеттiң құрамына сайлауды басқарушылардың атқарушы органы жүзеге асырады. Инвестициялық комитеттiң шешiмдерi оның отырысына қатысушы қызметкерлердiң көпшiлiк дауысымен қабылданады және жазбаша түрде ресiмделедi.

 

14-тарау. Кастодиандық қызмет

 

73-бап. Кастодиандық қызметтi жүзеге асыру тәртібі

1. Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметтi кастодиандық қызмет пен сейфтiк операцияларға лицензиялары бар банктер жүзеге асырады.

2. Кастодиан өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына және клиентпен жасалған кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шартқа сәйкес жүзеге асырады.

 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 3 тармақ жаңа редакция (бұр.ред. қара)

3. Кастодианның шетелдік клиенттерге қызметтер көрсету жағдайларын қоспағанда, кастодиан өз клиентінің аффилиирленген тұлғасы болмауға тиіс.

4. Кастодианға кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шартқа сәйкес клиент берген ақша мен қаржы құралдары кастодиандық қызмет объектiлерi болып табылады.

5. 07.07.04 ж. № 577-II ҚР Заңымен 5-тармақ алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

74-бап. Кастодианның функциялары мен мiндеттерi

1. Кастодиан мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) ақшаға, эмиссиялық бағалы қағаздарға және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарына қатысты клиентке шоттар ашу;

2) ақшаны, эмиссиялық бағалы қағаздарды және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарын есепке алуды қамтамасыз ету;

3) нақтылы ұстауды жүзеге асыру;

4) эмиссиялық бағалы қағаздармен және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша төлем агентiнiң функциясын атқару;

5) клиенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарымен мәмiлелердi тiркеу және осы бағалы қағаздар бойынша оның құқықтарын растау;

6) эмиссиялық бағалы қағаздар және кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдары бойынша кiрiс алу және оны клиенттiң шотына есептеу;

7) эмитенттiң тапсырмасы бойынша клиентке ақпарат беру;

8) клиентке кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шартта көзделген өзге де қызметтер көрсету;

9) құжатты бағалы қағаздарды және құжатты нысанда шығарылған өзге де қаржы құралдарын сақтау.

2. Кастодиан:

1) кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шарттың талаптарын, сондай-ақ клиенттiң бұйрықтарын олардың мазмұнына сәйкес орындауға;

2) эмиссиялық бағалы қағаздардың және өз активтерiне қатысты кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген өзге де қаржы құралдарының бөлек сақталуы мен есепке алынуын қамтамасыз етуге;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес, клиенттердiң шоттарын жүргiзу технологиясын сақтауға;

4) клиентке тұрақты негiзде немесе оның талап етуi бойынша шоттарының жай-күйi туралы есеп беруге;

5) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге мiндеттi.

 

75-бап. Кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шарт

1. Кастодиан мен оның клиентi арасындағы қатынастар кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шарт негiзiнде туындайды, оған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген сақтау және тапсырма шартының нормалары қолданылады.

2. Кастодиан кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шартты жасасу кезiнде клиенттi өзiнiң iшкi құжаттарымен таныстыруға мiндеттi.

3. Кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шартта:

1) клиентке кастодиандық қызмет көрсету жөнiнде қызметтер ұсыну тәртібі;

2) кастодианның және оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi;

3) кастодианның қызметiне ақы төлеу тәртібі;

4) кастодианның кастодиандық қызмет көрсетуге берiлген бағалы қағаздары бойынша кiрiс алуының талаптары мен тәртібі және оны клиенттiң шотына есептеу;

5) кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шартты бұзу тәртібі;

6) тараптардың жауапкершiлiгi;

7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де талаптар болуға тиiс.

 

15-тарау. Трансфер-агенттік қызмет

 

76-бап. Трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі

1. Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттiк қызмет трансфер-агент клиенттерiнiң арасындағы құжаттарды (ақпаратты) қабылдау және беру мақсатында жүзеге асырылады.

2. Бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен және лицензиаттың iшкi құжаттарымен белгiленедi.

77-бап. Трансфер-агенттiң функциялары

1. Трансфер-агент мынадай функцияларды:

1) өзi тапсыру үшiн алған құжаттарды тiркеу және есепке алу;

2) клиенттерге берiлген құжаттарды тiркеу және есепке алу;

3) трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырған кезде қолданылатын электрондық деректер базасының сақталуын қамтамасыз ету;

4) трансфер-агенттiк қызметтi жүзеге асырған кезде қолданылатын электрондық жүйелердi жұмысқа қабiлеттi жағдайда ұстау;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

2. Трансфер-агент пен оның клиенттерi арасындағы қатынастар трансфер-агенттiк қызмет көрсету жөніндегі шарт негiзiнде туындайды, оған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген тапсырма шартының нормалары қолданылады.

 

16-тарау. Орталық депозитарий

 

78-бап. Орталық депозитарий қызметiнiң негiзгi принциптерi

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен  1  тармақ өзгертілді ( бұр. ред. қара)

1. Орталық депозитарий коммерциялық емес ұйым болып табылады. Орталық депозитарийдiң акциялары бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары  және халықаралық қаржы ұйымдары арасында орналастырылады.

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен  1-1  тармақпен толықтырылды

1-1. Мына тұлғалар:

1) тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн оффшорлық аймақтарда тiркелген заңды тұлғалар;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлғаларға қатысы бойынша аффилиирленген тұлғалар;

3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары, акционерлерi) болып табылатын тұлғалар орталық депозитарийдiң құрылтайшылары және акционерлерi бола алмайды.

2. Бағалы қағаздар рыногының бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылар болып табылатын кәсiби қатысушылары, сондай-ақ шетелдiк депозитарийлер мен кастодиандар орталық депозитарийдiң депоненттерi болып табылады.

3. Бағалы қағаздар рыногында орталық депозитарийлiк қызметтi жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі осы Заңмен, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен және iшкi құжаттармен - орталық депозитарийдiң ережелер жинағымен белгiленедi.

Орталық депозитарий Қазақстан Республикасы аумағында депозитарлық қызметтi жүзеге асыратын бiрден-бiр ұйым болып табылады.

79-бап. Орталық депозитарийдi басқару

1. Орталық депозитарийдiң органдары, олардың функциялары мен өкiлеттiктерi, олардың шешiмдерiн қалыптастыру және қабылдау тәртібі осы Заңмен, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен, орталық депозитарийдiң жарғысымен және оның iшкi құжаттарымен белгiленедi.

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен 1-1 тармақпен толықтырылды

1-1. Орталық депозитарийдiң басшы қызметкерлерi осы Заңның 54-бабында белгiленген талаптарға сай болуға тиiс.

2. Орталық депозитарийдiң директорлар кеңесiнiң құрамына уәкiлеттi органның өкiлi тұрақты негiзде дауыс беру құқығымен кiредi.

 

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 80-бап жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)

Өзгерістерді қара -2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңы  (2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі)

80-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асыру тәртібі

1. Орталық депозитарий депозитарийлiк қызметтi жүзеге асыру процесiнде:

1) депоненттерге қаржы құралдарын нақтылы ұстау қызметiн көрсетедi;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған мәмiлелер және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында оның депоненттерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті лицензиясыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын өзге тұлғалардың қатысуымен (депоненттердiң өздерiнiң арасында; бiр тараптан депонент және екiншi тараптан басқа депоненттiң клиентi арасында; әртүрлi екi депоненттің клиенттерi арасында) жасалған мәмiлелер бойынша қаржы құралдарындағы есеп айырысуларды жүзеге асырады;

3) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға Қазақстан Республикасының заңдарына және өзiнiң ережелер жинағына сәйкес депозитарийлiк қызмет көрсетудi жүзеге асырады;

4) консультациялық, ақпараттық және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да қызмет түрлерiн көрсетедi.

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырлды

5) қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша қаржы құралдарындағы және (немесе) ақшадағы клиринг қызметін көрсетеді.

2. Орталық депозитарий банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялары болған кезде:

1) брокерлер мен дилерлер арасындағы есеп айырысуды жүзеге асыратын орталықтандырылған ұйымның функцияларын;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) қаржы құралдары бойынша кірісті төлеу жөніндегі және оларды өтеу кезінде төлем агентінің функцияларын орындауды;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) депонентке эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыруға, сондай-ақ кiрiстi төлеу және қаржы құралдарын өтеу кезiнде ақша алуға арналған банк шоттарын ашуды жүзеге асырады.

4) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Орталық депозитарий бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыруға арналған лицензия негiзiнде бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзуге құқылы.

4. Орталық депозитарий қаржы рыногындағы қызметке жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқылы емес.

Орталық депозитарийдiң қызметiн жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде және iшкi құжаттарда - орталық депозитарийдiң ережелер жинағында белгiленедi.

 

81-бап. Орталық депозитарийдiң ережелер жинағы

 2008.23.10. № 72-IV  ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертiлдi (бұр.ред. қара)

1. Орталық депозитарийдiң ережелер жинағы орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiмен қарым-қатынасын айқындайды.

Орталық депозитарийдің ережелер жинағын сақтау орталық депозитарийдің қызметтерін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады.

Орталық депозитарийдің ережелер жинағын орталық депозитарийдің директорлар кеңесі бекітеді және ол уәкілетті органмен келісіледі.

2 тармаққа енгізілетін өзгерістерді қара -2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңы  (2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі)

2. Орталық депозитарийдiң ережелер жинағында:

1) эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелердi тiркеу ережелерi;

2) эмиссиялық бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын есепке алу ережелерi;

3) құжатты нысанда шығарылған бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарын сақтауды және материалсыздандыруды жүзеге асыру ережелерi;

4) клиринг қызметiн жүзеге асыру тәртібі;

5) депоненттерге есептілік табыс ету тәртібі;

6) бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiмен өзара iс-қимыл тәртібі;

7) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

8) депоненттер мен оның клиенттерiнiң ақшасын есепке алу тәртібі;

9) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де ережелер болуға тиiс.

 

82-бап. Орталық депозитарийдiң қызметiн шектеу

1 тармаққа енгізілетін өзгерістерді қара -2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңы  (2010 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі)

1. Орталық депозитарий:

1) Қазақстан Республикасының заңдарына және орталық депозитарийдiң ережелер жинағына сәйкес өз функцияларын орындауды басқа да тұлғаларға беруге;

2008.23.10. № 72-IV   ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертiлдi  (бұр.ред. қара)

2) өз депоненттерiнiң, сауда-саттықты ұйымдастырушының тиісті бұйрықтары немесе уәкілетті органның тиісті шешімі болмаса да  қаржы құралдарымен мәмiлелердi тiркеудi жүзеге асыруға;

3) депонент (оның клиентi) туралы, депоненттiң (оның клиентiнiң) жеке шотында (қосалқы шотында) ескерiлетiн қаржы құралдары туралы коммерциялық құпияны, қызметтік құпияны жария етуге;

4) депоненттер мен олардың клиенттерiнiң құқықтарын және мүдделерiн бұзатын iс-әрекеттер жасауға құқылы емес.

2. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген жағдайларды қоспағанда, орталық депозитарий заңды тұлғаларды құруға және оның қызметiне қатысуға құқылы емес.

 

17-тарау. Сауда-саттықты ұйымдастырушы

 

83-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымы

1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.

2008.23.10. № 72-IV   ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертiлдi  (бұр.ред. қара)

2. Сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерге мониторинг жүргізуді және талдауды жүзеге асыру мақсатында сауда-саттықты ұйымдастырушының ұйымдық құрылымына сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiнде жасалатын мәмiлелердi қадағалау жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi кіруге тиіс.

Сауда-саттықты ұйымдастырушының аталған құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметiн жүзеге асыру тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.

 

2007.19.02 . № 230-III ҚР Заңымен 84-бап  өзгертілді  (бұр. ред. қара);  2007.21.07. № 309-III ҚР Заңымен  84-бап жаңа редакцияда   (бұр. ред. қара )

84-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушыны басқару

1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының органдары, олардың функциялары және өкілеттіктері, олардың шешімдерді қалыптастыру және қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сауда-саттықты ұйымдастырушының жарғысымен және оның ішкі құжаттарымен айқындалады.

 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен  2-тармақ  өзгертілді (бұр.ред. қара)  

2. Акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тиесілі заңды тұлға акционері болып табылатын жағдайды қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционерінің оның аффилиирленген тұлғаларымен бірлескен үлесі орналастырылған акциялардың жалпы санының жиырма процентінен аспауға тиіс.

2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен  3-тармақ  өзгертілді (бұр.ред. қара)  

3. Акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тиесілі акционер заңды тұлғаның үлесі сауда-саттықты ұйымдастырушының дауыс беретін акциялары жалпы санының жиырма бес процентінен аспауға тиіс.

Сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционері , Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, «бір акция - бір дауыс» принципі бойынша дауыс береді.

4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның өкілі тұрақты негізде дауыс беру құқығымен кіреді.

Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы болып белгіленген қор биржасы директорлар кеңесінің құрамына Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілі де тұрақты негізде дауыс беру құқығымен кіреді.

2008.23.10. № 72-IV   ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертiлдi  (бұр.ред. қара)

5. Листинг, делистинг мәселелері бойынша шешім қабылданған немесе бағалы қағаздар тізімінің санаттары алмасқан кезде:

1) аталған шешімге сәйкес бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілетін, осы тізімнен шығарылатын немесе осы тізімнің өзге санатына ауыстырылатын эмитенттің (бұдан әрі осы тармақта — мүдделі эмитент);

2) мүдделі эмитентке қатысты оның еншілес ұйымдары немесе тәуелді акционерлік қоғамдары болып табылатын ұйымдардың;

3) өздеріне қатысты мүдделі эмитент оның еншілес ұйымы немесе тәуелді акционерлік қоғамы болып табылатын ұйымдардың;

4) үшінші ұйымға қатысты оның мүдделі эмитентпен бірге еншілес ұйымдары немесе тәуелді акционерлік қоғамдары болатын ұйымдардың өкілдері болып табылатын  , құзыретіне көрсетілген мәселелерді қарау кіретін қор биржасы органы мүшелерінің (бұдан әрі осы бапта - листинг комиссиясы) дауыс беруге құқығы жоқ.

Листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. Листинг комиссиясының құрамына тұрақты негізде дауыс беру құқығымен уәкілетті органның өкілі кіреді.

 

85-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерi

1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерiн оның атқарушы органы әзiрлейдi, уәкiлеттi органмен келісіледi және сауда-саттық ұйымдастырушының директорлар кеңесi бекiтедi.

2. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерi сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiне айналысқа жiберiлген қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасаған кезде сауда-саттықты ұйымдастырушы мүшелерiнiң қызметiн, сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушы мен оның мүшелерi (клиенттерi) арасында туындайтын құқықтық қатынасты реттейдi.

3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерi сауда-саттықты ұйымдастырушының функциясына кiретiн мәселелердi реттейтiн сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарын қамтиды.

4. Қор биржасының ережелерi:

1) қор биржасындағы мүшелiк санатын, қор биржасының мүшелiгiне кіру талаптары мен тәртібін, қор биржасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, қор биржасында мүшелiктi тоқтата тұрудың және тоқтатудың талаптары мен тәртібін;

2) қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздарын енгізу жорамалданып отырған және енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды;

3) қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздарды енгізудiң, оларды осы тiзiмнен және тiзiм санатының ауысымынан алып тастаудың талаптары мен тәртібін;

4) бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне (соның iшiнде ақпаратты жариялау бойынша) енгiзiлген эмитенттердiң мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн;

5) бағалы қағаздармен биржалық сауда-саттық өткізу тәртібін;

6) қаржы құралдарымен биржалық сауда-саттықта жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібін;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртібін;

7) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

8) қор биржасының сауда жүйесiнде айналысқа жiберiлген қаржы құралдарын бағалаудың әдiстемесiн;

9) биржалық сауда ережелерiн бұзғаны үшiн қор биржасы мүшелерiнiң жауапкершiлiгiн, қор биржасы өндiрiп алатын айыппұлдар төлеудiң мөлшерi мен тәртібін;

10) қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру барысында пайда болатын дау-жанжалды шешу тәртібін айқындауға тиiс.

 

86-бап. Қор биржасының мүшелерi

1. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, бағалы қағаздардан басқа, өзге қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру құқығы бар өзге де заңды тұлғалар қор биржасының мүшелерi болып табылады.

2. Қор биржасында бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының кемiнде он мүшесi болуға тиiс.

3. Қор биржасының мүшелерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген талаптарға сай келетiн шетелдiк заңды тұлғалар болуы мүмкiн.

4. Қор биржасының мүшелiгiне кандидаттарға қойылатын талаптар, мүшелiкке қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру және одан айыру тәртібі, сондай-ақ қор биржасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттемелерi Қор биржасының ережелерiнде белгiленедi.

5. Қор биржасының мүшелерi мәмiлелердi жасау осы мүшелер үшiн қор биржасының ережелерiнде жол берiлетiн қаржы құралдарының түрлерi бойынша сауда-саттыққа қатысуға құқылы.

 

87-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметiн қаржыландыру

1.  2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен  алып тасталды ( бұр. ред. қара)

2. Сауда-саттықты ұйымдастырушы мынадай жағдайларда:

1) сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелiгiне кiргенi үшiн;

2) сауда-саттықты ұйымдастырушының мүлкiн пайдаланғаны үшiн;

3) бағалы қағаздар листингi үшiн және олардың сауда-саттықты ұйымдастырушысының тiзiмiнде болғаны үшiн;

4) мәмiлелердi тiркеу және ресiмдеу үшiн;

5) ақпараттық қызмет көрсеткенi үшiн;

6) сауда-саттықты ұйымдастырушының ережелерiмен көзделген өзге де жағдайларда ақшалай жарналар мен алымдар алады.

 

88-бап. Қор биржасының қызметi

2007.21.07. № 309-III ҚР Заңымен  1- тармақ  өзгертілді   (бұр. ред. қара )

1. Қор биржасы коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2. Қор биржасы мынадай:

1) сауда жүйелерiн пайдалану және қолдау;

2) қор биржасының тiзiмiне бағалы қағаздары енгізуге жорамалданып отырған немесе енгiзiлген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында айналысқа жiберiлетiн (жiберiлген) бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарына талап қою;

3) қор биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәміле жасасу мақсатында сауда жүйесiне кіруге өз мүшелерiне мүмкiндiк беру;

4) қор биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда-саттық ұйымдастыру және өткізу;

2008.23.10. № 72-IV   ҚР Заңымен  тармақ 4-1) тармақшамен толықтырылды  

4-1) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерге мониторингті және талдауды жүзеге асыру;

2008.23.10. № 72-IV   ҚР Заңымен  тармақ 4-2) тармақшамен толықтырылды  

4-2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану мәселелері бойынша сараптамалық қорытынды дайындау;»;

5) қор биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру және жүзеге асыру, не осындай есеп айырысуды жүзеге асыру үшiн қажет ақпаратты әзiрлеу;

6) өз мүшелерiне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету;

7) бағалы қағаздар рыногы және өзге де қаржы құралдары мәселелерi бойынша талдамалық зерттеулер жүргiзу;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

8) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген тәртiппен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыру;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8-1) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта бастаудың шарттары мен тәртібін айқындау функцияларын;

9) қор биржасының iшкi құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

89-бап. Қор биржасының тiзiмi

2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен  1  тармақ  толықтырылды

1. Бағалы қағаздарды қор биржасының тiзiмiне енгізудiң талаптары мен тәртібі оның ережелерiмен белгiленедi.

Уәкiлеттi орган эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жiберiлетiн (жiберiлген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тiзiмiнiң жекелеген санаттарына талаптар белгiлейдi.

Қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының сауда-саттық ұйымдастырушысының тізіміне енгізу және одан алып тастау шарттары мен тәртібі Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актісімен белгіленеді және уәкілетті органмен келісіледі.

2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-1 тармақпен толықтырылды ; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1-1 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)

1-1. Акциялары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санатына енгiзiлген эмитенттер, сондай ақ оларға рұқсат беруге бастамашы болғандар орналастырылған және еркiн айналыстағы акциялардың қор биржасының ережелерiнде белгiленген ең төменгi көлемiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

2. Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының тiзiмiне енгiзiлген эмитенттер, сондай-ақ сол бағалы қағаздарға рұқсат етудiң бастамашылары осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде және эмитенттiң қызметi мен қор биржасының тiзiмiне енгiзiлетiн (енгiзiлген) бағалы қағаздар туралы ақпаратты ашу жөніндегі қор биржасының ережелерiнде белгiленген талаптарды сақтауға мiндеттi.

2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен  3  тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

3. Егер эмитенттер белгiленген талаптарды орындамаса, қор биржасы және (немесе) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган  құқық бұзушылықтарды жою жөнiнде өз ережелерiне сәйкес шаралар қолдануға құқылы.

 2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен  4  тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

4. 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)  

 

90-бап. Биржадан тыс рыноктың баға белгiлейтiн ұйымының қызметi

1. Биржадан тыс рыноктың баға белгiлейтiн ұйымының (бұдан әрi - баға белгiлейтiн ұйым) негiзгi мақсаты оның клиенттерi арасындағы бағалы қағаздарға баға белгiлеудiң алмасу жүйесiн ұйымдастыру болып табылады.

Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары ғана баға белгiлейтiн ұйымның клиенттерi бола алады.

Егер бұған Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаса, баға белгiлейтiн ұйым да уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілеріне және баға белгiлейтiн ұйымның iшкi құжаттарына сәйкес бағалы қағаздардан басқа, өзге қаржы құралдарымен баға белгiлеудiң алмасуын ұйымдастыруға құқылы.

2. Баға белгiлейтiн ұйым мынадай:

1) бағалы қағаздарға баға белгiлеудiң алмасу жүйесiн (бұдан әрi ақпараттық жүйе) пайдалану және қолдау;

2) баға белгiлейтiн ұйымның айналысына жiберiлген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу мақсатында ақпараттық жүйеге кіруге өз клиенттерiне мүмкiндiк беру;

3) баға белгiлейтiн ұйымның клиенттерi арасында бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарының бағасын белгiлеумен тұрақты алмасып отыруды ұйымдастыру;

4) баға белгiлейтiн ұйымның клиенттерi арасында бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдарымен мәмiле жасасу туралы хабарлама алмасуды ұйымдастыру;

5) өз клиенттерiне баға белгiлейтiн ұйымында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiле жасасу үшiн қажеттi ақпараттар беру функцияларын;

6) осы Заңда, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде және баға белгiлейтiн ұйымның iшкi құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3. 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред. қара)  

 

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен тақырыб жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

18-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы өзін-өзі реттейтін

ұйымдар және өзара сақтандыру қоғамдары

 

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен  91-бап  жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)

91-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мiндеттерi

Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның негiзгi мiндетi өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асырудың бiрыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болып табылады.

 

92-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның құқықтық жағдайы

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)  

1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн заңды тұлғаға бағалы қағаздар рыногында белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асыратын  лицензиаттардың кемінде 30 проценті осы заңды тұлғаның мүшелерi екенiн растайтын құжаттар негiзiнде уәкiлеттi орган бередi.

Заңды тұлға осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiнен айрылады.

Заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн беру және оны жою тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленеді.

2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның атауында осы ұйым мүшелерiнiң негiзгi қызметiнiң түрiн көрсететiн, сондай-ақ "Қауымдастық", "Одақ" немесе "бiрлестiк" деген сөздер болуға тиiс.

 

93-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның функциялары

1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның функциялары:

1) уәкiлеттi органға бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру тәртібін белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары, нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар беру;

2) бағалы қағаздар рыногында өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi арасында туындайтын дауларды және мүшелерi мен олардың клиенттерi арасындағы дауларды қарау;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   3) тармақша  өзгертілді  ( бұр. ред. қара)

3) бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыруға ниет бiлдiрген адамдарға оқу бағдарламаларын әзiрлеу және оларды оқытуды жүргiзу;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   4) тармақша  жаңа редакцияда  ( бұр. ред. қара)

4) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кәсiби қызметiнiң бiрыңғай ережелерi мен стандарттарын белгiлеу;

5) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң рейтингтерiн жасау және жариялау;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   6) тармақша  жаңа редакцияда  ( бұр. ред. қара)

6) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң қызметiне тексеру жүргiзу;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   6-1) тармақшамен  толықтырылды; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

6-1) уәкiлеттi органға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiнiң лицензиясын тоқтата тұру және одан айыру туралы өтiнiштер жiберу;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   7) тармақша  жаңа редакцияда  ( бұр. ред. қара)

7) бағалы қағаздар рыногында өз мүшелерiнiң қызметiн бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңдары мен өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын бұзуға жол берген өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiне өзiнiң iшкi құжаттарында белгiленген ықпал ету шараларын қолдану болып табылады.

2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшелерiнен, коммерциялық, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, олардың бағалы қағаздар рыногындағы қызметi туралы ақпарат табыс етудi талап етуге құқылы.

3. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшелерiнiң қызметi мәселелерi бойынша уәкiлеттi орган беретiн ақпаратты өзiнiң мүшелерiне жеткiзiп отыруға мiндеттi.

 

94-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттары

1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттары:

1) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi қызметiнiң ережелерi мен стандарттарын;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   2) тармақша  өзгертілді  ( бұр. ред. қара)

2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның өз мүшелерiнiң қызметiне қатысты бақылау  iс-шараларын жүргiзу ережелерiн;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   3) тармақша  өзгертілді  ( бұр. ред. қара)

3) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi арасындағы дауларды  шешу ережелерiн;

4) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау, мүшелiктi тоқтата тұру және өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiнен шығару ережесін;

5) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кәсiби этика ережелерiн;

6)  2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   алып тасталды  ( бұр. ред. қара)

7) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның бөлiмшелерi, комитеттерi, филиалдары мен өкiлдiктерi қызметiнiң тәртібін белгiлеуге тиiс.

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   2 тармақ  жаңа редакциядаі  ( бұр. ред. қара)

2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кеңесi әзiрлейдi және оны өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң жалпы жиналысы бекiтедi.

Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттары өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi үшiн оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы белгiлеген күннен бастап мiндеттi болады.

 

95-бап. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   алып тасталды  ( бұр. ред. қара)

 

96-бап. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   алып тасталды  ( бұр. ред. қара)

 

97-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның уәкiлеттi органмен өзара қатынастары

1. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiне араласуға құқығы жоқ.

2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшесiнiң Қазақстан Республикасының заңдарын, өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын бұзғаны туралы, сондай-ақ өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiне қатысты қолданылған ықпал ету шаралары туралы ақпаратты уәкiлеттi органның назарына жеткізуге мiндеттi.

3. Уәкiлеттi орган өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң және оның клиенттерінің мүдделерi қозғалатын нормативтiк құқықтық актіні әзiрлеу кезiнде өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мамандарын тартады.

 

98-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау тәртібі

1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау тәртібі өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарымен белгiленедi.

2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау туралы өтiнiш оның өзiн-өзi реттейтiн ұйымға түскен кезiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады. Өтiнiшке тiзбесi өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарында айқындалатын құжаттар қоса тiркеледi. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдау туралы шешiмдi өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң кеңесi қабылдайды.

3. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiне қабылдаудан бас тарту туралы шешiм жөнiнде сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

 

99-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымға мүшелiктiң тоқтатылуы

1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiнен шығару өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарына сәйкес мынадай жағдайларда:

1) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiнiң өтiнiшi бойынша;

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшесін бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырған  немесе лицензияның қолданылуы тоқтатылған;

3) өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшесi Қазақстан Республикасының заңдарын және өзiн-өзi реттейтiн ұйымның iшкi құжаттарын бұзған жағдайларда жүзеге асырылады.

2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелiгiнен шығаруға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерi кеңесiнiң мүшелiктен шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесi берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

 

100-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерi клиенттерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   1 тармақ  өзгертілді  ( бұр. ред. қара)

1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшелерi клиенттерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауды олардың өтiнiштерiн қарау арқылы жүзеге асырады. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым клиенттердiң өтiнiштерiн қарау қорытындылары бойынша және негiздемелер болған жағдайда өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiне қатысты  ықпал ету шараларын қолданады.

2. Өтiнiштi қараудан заңсыз бас тартуға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшесiнiң клиентi уәкiлеттi органға шағым жасай алады.

 

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 100-1-баппен толықтырылды

100-1-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының

жауапкершілігін өзара сақтандыру қоғамдары

1. Инвесторларға бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары келтірген залалдарды өтеуді қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен өзара сақтандыру қоғамдарын құруға құқылы.

2. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының өзара сақтандыру қоғамдарын құрудың және олардың жұмысының ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

 

19-тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпарат

 

101-бап. Эмитенттiң бастапқы бағалы қағаздар рыногында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру процесiнде ақпаратты ашып көрсетуi

1. Инвесторлардың шектелмеген тобының арасында орналастырылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың эмитентi кез келген мүдделi тұлғалардың алдында:

1) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсiнде бар;

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) акционерлік қоғамның бағалы қағаздарының аукциондары мен оған жазылудың шарттарын және өткізу тәртібін белгілейтін ішкі құжатта қамтылған;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi органға табыс етiлетiн есептерде бар;

3) қаржылық есептілікке енгiзiлген ақпаратты;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес немесе сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес (егер осы бағалы қағаздар сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiне енгiзiлсе) немесе осы эмитенттiң iшкi құжаттарына сәйкес ашып көрсетуге жататын өзге де ақпаратты ашып көрсетуге мiндеттi.

2. Эмитент ақпаратты ашып көрсетудi:

1) уәкiлеттi органға осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес инвесторлардың (акционерлердiң) мүдделерiн қозғайды деп танылған ақпаратты табыс ету;

2) егер эмитенттiң бағалы қағаздары сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiне енгiзiлсе, сауда-саттықты ұйымдастырушыға осы сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес ақпаратты табыс ету;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   3) тармақша  өзгертілді  ( бұр. ред. қара)

3)  бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау арқылы жүзеге асырады.

3. Бағалы қағаздарды ұйымдастырушылар үшiн ақпаратты эмитент бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзудi жүзеге асыратын тiркеушi арқылы таратуды жүзеге асыруға құқылы.

 

102-бап. Эмитенттiң қайталама бағалы қағаздар рыногында эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы процесiнде ақпаратты ашып көрсетуi

1. Эмитент эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысы кезеңiнде уәкiлеттi органның және бағалы қағаздарды ұстаушылардың алдында бағалы қағаздарды ұстаушыларының мүдделерi қозғалатын өз қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты ашып көрсетуге мiндеттi.

2. Мыналар:

1) эмитент органдары құрамының өзгерістерi;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   2) тармақша  өзгертілді  ( бұр. ред. қара)

2) эмитенттiң дауыс беретiн акцияларының он және одан да көп процентiн (үлесiн) иеленетiн акционерлер (қатысушылар) құрамының өзгерістерi;

3) эмитенттiң, оның еншiлес ұйымдарының және тәуелдi акционерлік қоғамдарының қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы;

4) эмитенттiң мүлкiне тыйым салынуы;

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

5) эмитент лицензиясының алынуы, тоқтатыла тұруы немесе одан айыру;

6) эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешiмi;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   7) тармақша  өзгертілді  ( бұр. ред. қара)

7) эмитент әрбiр осындай ұйым акцияларының он және одан да көп процентiн (үлесiн, пайын)  иеленетiн ұйымдар тiзiміндегі өзгерістер эмитент қызметіндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың мүдделерi қозғалатын өзгерістер деп танылады.

3. Эмитент өзгерістер туындаған кезден бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде бұл туралы ақпаратты уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.

 2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   4  тармақ  өзгертілді  ( бұр. ред. қара)

4. Осы баптың 2-тармағындағы өзгерістердi эмитент  олар туындаған кезден бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау арқылы бағалы қағаздарды ұстаушылардың назарына жеткізеді.

 

103-бап. Лицензиаттың ақпаратты ашып көрсетуi

Лицензиат:

1) шартқа сәйкес өз клиентiнiң алдында оның құқықтары мен мүдделерi қозғалатын ақпаратты ашып көрсетуге;

2) бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау жөніндегі бұйрықты қабылдау кезiнде клиенттiң бағалы қағаздар және олардың эмитентi туралы қолда бар барлық ақпаратпен (бағалы қағаздар рыногындағы коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын ақпараттарды қоспағанда) танысуына мүмкiндiк беруге;

3) өзiнiң клиентiн осы клиенттiң бұйрығы бойынша қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу процесiнде мүдделер қақтығысының туындау мүмкiндiктерi және фактілері туралы хабардар етуге;

4) өзiнiң клиентiн қаржы құралдарымен жасалады деп жорамалданып отырған мәмiлелерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер мен ерекше талаптар туралы хабардар етуге;

5) өзiнiң клиентiне оның бұйрығын орындаудан бас тартылу себептерiн түсiндiруге;

6) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңдарында ашып көрсету мiндеттi болып белгiленген қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер туралы ақпаратты, сондай-ақ өз бұйрықтары бойынша осындай мәмiлелер жасалған клиенттер туралы ақпаратты табыс етуге;

7) эмитенттерден алынған және таратуға арналған ақпаратты клиенттердiң назарына жеткізуге;

8) клиенттердiң алдында лицензиат қызметiне қатысты ақпаратты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген көлемде және тәртiппен ашып көрсетуге;

9) лицензияны алу кезiнде табыс етiлетiн құжаттарға өзгерістер мен толықтыруларды уәкiлеттi органның назарына жеткізуге мiндеттi.

 

104-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушының ақпаратты ашып көрсетуi

1. Сауда-саттықты ұйымдастырушы кез келген мүдделi тұлғаның алдында өзiнiң тiзiмiне енгiзiлген бағалы қағаздар және олардың эмитенттерi туралы өзiнде бар мәлiметтердi (бағалы қағаздар рыногында қызметтiк және коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттарды қоспағанда) ашып көрсетуге мiндеттi.

 2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   2  тармақ  өзгертілді  ( бұр. ред. қара)

2. Сауда-саттықты ұйымдастырушы осы баптың 1-тармағына сәйкес ашып көрсетуге тиiс ақпаратты ол Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң актiсiне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында  және (немесе) сауда-саттықты ұйымдастырушы үшiн қолжетiмдi әдiстермен таратады.

3. Сауда-саттықты ұйымдастырушының осы баптың 1-тармағына сәйкес ашып көрсетуге жататын ақпаратты осы сауда-саттықты ұйымдастырушы мүшелерiнiң арасында тарату тәртібі және өзіндегі аталған ақпарат бар құжаттардың көшiрмелерiн мүдделi тұлғаларға табыс ету тәртібі сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарымен белгiленедi.

 

105-бап. Инвестордың және тiркелген тұлғаның ақпаратты жария етуi

1. Тiркелген тұлға тiркеушiге (нақтылы ұстаушыға) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесіндегі және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі өз деректерiнiң өзгерістерi туралы мұндай өзгерістер туындаған кезден бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде хабарлауға мiндеттi.

2. Тiркеушi (нақтылы ұстаушы) бағалы қағаздарды ұстаушылардан бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесіндегі және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі деректердiң өзгерістерi туралы мәлiметтер алмауы немесе уақтылы алмауы салдарынан келтiрiлген шығын үшiн бағалы қағаздарды ұстаушылардың алдында жауапты болмайды.

3. Қазақстан Республикасының заң актілерінде инвестордың (бағалы қағазды ұстаушының) эмиссиялық бағалы қағаздарға инвестицияларды жүзеге асыру кезiнде өзi және өзiнiң аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты мемлекеттік органдардың алдында ашып көрсетуге мiндеттi екенi белгiленуi мүмкiн.

 

106-бап. Уәкiлеттi органның ақпаратты ашып көрсетуi

Уәкiлеттi орган:

1) эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiлерiнде;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   1-1)  тармақшамен  толықтырылды; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-1) шет мемлекеттердің бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарының сауалы бойынша бағалы қағазды себептері туралы ақпаратты өзінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес атап көрсетуге тиіс.

2) эмитенттердiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi органға табыс ететiн есептерiнде бар;

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

3) бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар (рұқсаттар) беру немесе одан айыру, осындай лицензиялардың (рұқсаттардың) қолданылуын тоқтата тұру, қайта жаңғырту және тоқтату туралы, сондай-ақ мұндай оқиғалардың себептері туралы ақпаратты өзінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес атап көрсетуге тиіс.;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4) 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ақпарат алмасу көзделетін халықаралық шарттары негізінде бағалы қағаздар рыногындағы қызметтік және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді береді.

 

 2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   107-бап жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

107-бап. Уәкiлеттi органның және Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің ақпарат алу құқығы

Уәкiлеттi органға жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында ол эмитенттен, лицензиаттан және өзiн-өзi реттейтiн ұйымнан қажеттi (оның iшiнде бағалы қағаздар рыногында коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын) ақпаратты өз құзыретi шегiнде алуға құқылы. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, алынған мәлiметтер жария етiлмеуге тиiс.

Осы Заңда белгiленген, жарияланған акциялар шығарылымын тiркеу мерзiмдерiнiң сақталуын бақылау мақсатында әдiлет органдары уәкiлеттi органға оның сауалы бойынша акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында тiркелген заңды тұлғалар туралы ақпарат бередi.

Ақша-кредит статистикасын қалыптастыру, экономикалық жағдайды талдау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өз құзыретi шегiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiнен қажеттi ақпарат алуға құқылы.

 

20-тарау. Бағалы қағаздар рыногы

субъектілерінің қызметін бақылау

 

108-бап. Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң қызметiн тексеру

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   1 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара) ; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 1 тармақ  жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

1. Уәкілетті орган эмитенттердің, лицензиаттардың, орталық депозитарийдің, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметін лицензиясыз жүзеге асыратын өзін-өзі реттейтін ұйымдардың және заңды тұлғалардың қызметін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.

2.  2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен  алып тасталды  (бұр. ред. қара)

 3. Тексеруге:

1) инвесторлардың өтiнiш жасауы;

2) бағалы қағаздарды ұстаушылардың өтiнiш жасауы;

3) бағалы қағаздар рыногының және өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың кәсiби қатысушыларының өтiнiш жасауы;

4) тексерудiң жүргiзiлгенi туралы немесе уәкiлеттi орган қызметкерлерiнiң тексеруге қатысқаны туралы сот ұйғарымы, прокурордың немесе анықтау және алдын ала тергеу органының қаулысы;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   5)  тармақша  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

5) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есептіліктi қарау және бекіту үшiн эмитент табыс еткен құжаттарды қарау процесiнде құжаттардағы немесе мәлiметтердегi ақпараттың уәкiлеттi орган анықтаған сәйкессiздiктерi;

6) лицензиаттардың қызметi туралы есептердi қарау процесiнде уәкiлеттi орган анықтаған сәйкессiздiктер;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   7)  тармақша  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

7) бағалы қағаздар рыногында коммерциялық және қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалана отырып, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасау туралы мәлiметтердiң болуы;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   8)  тармақшамен  толықтырылды  

8) бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасы заңдарын бұзуының уәкiлеттi органға мәлiм болған өзге де фактілері негiздеме болып табылады.

4. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi орган күнтiзбелiк жыл iшiнде бiр рет өз бастамасы бойынша бағалы қағаздар рыногының субъектiлерiне тексеру жүргiзуге құқылы.

 

109-бап.  2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен алып тасталды  (бұр. ред. қара)

 

110-бап. Эмитенттiң қызметiн бақылау

Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу процесінде бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган эмитентке мынадай мәселелер:

1) эмитент органының эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару немесе орналастыру, опциондар жасасу туралы қабылдаған шешiмдерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына және эмитенттің жарғысына сәйкестiгi;

2) эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiс төлеуi және эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектілерiне сәйкес бағалы қағаздарды ұстаушылар алдындағы өзге де мiндеттемелерiн орындауы;

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

3) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды және оларды орналастыру және (немесе)  өтеу қорытындылары туралы есептердi табыс ету;

4) уәкiлеттi органға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға өз қызметіндегі өзгерістер туралы ақпаратты табыс ету жөніндегі талаптарды орындау;

5) Қазақстан Республикасы заңдарының iрi мәмiлелер және мүдделiлiк бар мәмiлелер жасасу туралы талаптарын орындау;

6) шығарылуы жойылған, эмитент ерiктi түрде қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, бастапқы инвестицияларды қайтару кезiнде бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерiн сақтау;

7) 2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   алып тасталды  (бұр. ред. қара)

8) бұқаралық ақпарат құралдарында эмитенттiң қызметi туралы мәлiметтер жариялау мәселелерi бойынша тексеру жүргiзуге құқылы.

 

111-бап. Лицензиаттың қызметiн бақылау

Уәкiлеттi орган бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн лицензиатқа мынадай мәселелер:

1) бағалы қағаздар рыногында жүзеге асырылатын қызметтiң Қазақстан Республикасының заңдарына, өзiн-өзi реттейтiн ұйымның және лицензиаттың iшкi құжаттарына сәйкестiгі;

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

2) лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру процесiнде клиенттердiң құқықтары мен мүдделерін сақтау;

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

3) лицензиаттың қаржылық тұрақтылығының пруденциялық нормативтерін және өзге де көрсеткіштерін немесе өлшемдерін (нормативтерін) сақтау;

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

4) ерiктi түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;

2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен  бап 5) тармақшамен толықтырылды

5) лицензияны ерікті түрде қайтаруына байланысты лицензияның қолданылуын тоқтату мәселелері бойынша тексеру жүргізуге құқылы.

 

112-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiн бақылау

Өзiн-өзi реттейтiн ұйымға қатысты бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн уәкiлеттi орган:

1) өзін-өзi реттейтiн ұйымның қызметi туралы, сондай-ақ оның мүшелерiнiң қызметi туралы ақпарат табыс етудi талап етуге;

2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымға орындалуы мiндеттi ұйғарымдар жiберуге және олардың орындалуы туралы есеп табыс етудi талап етуге құқылы.

 

21-тарау. Қорытынды ережелер

 

113-бап. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

2005.08.07 ж. № 72-IІІ  ҚР Заңымен   113-1-баппен толықтырылды

113-1-бап. Акциялар эмиссиясы осы Заң қолданысқа

енгiзiлгенге дейiн тiркелген акционерлік

қоғамдарда акциялар шығарылымын мемлекеттік

тiркеудi жарамсыз деп не акциялар эмиссиясы

жасалмады деп танудың салдарлары

1. Акциялар эмиссиясы осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн тiркелген акционерлік қоғамдарда акциялар шығарылымын мемлекеттік тiркеудi жарамсыз деп таныған жағдайда осы акционерлік қоғам акцияларының барлық эмиссиясы жойылуға тиiс.

2. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн қоғамның акциялар эмиссиясы жасалмады деп танылған жағдайда қоғам акцияларының эмиссиясы жасалмады деп тану туралы шешiм негiзiнде бұл эмиссия жойылуға тиiс.

 

2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 113-2-баппен толықтырылды

113-2-бап. Нақтылы ұстаушының клиенттері туралы

ақпаратты ашу

Нақтылы ұстаушы "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдардың мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған нақтылы ұстау туралы шартқа сәйкес нақтылы ұстаушыға өзі туралы мәліметтерді ашуға құқық бермеген клиенттің орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі тиісті қосалқы шотын ашу үшін міндетті түрде қажет болатын деректемелерін оларды орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі тиісті қосалқы шотта көрсету үшін орталық депозитарийге ұсынуға міндетті.

 

114-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 5, 52-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 15-16, 238-құжат; 2003 жылғы 23 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2003 жылғы 21 мамырда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар рыногы және акционерлік қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2003 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне ипотекалық кредиттеу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы);

2) «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы» 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 5, 53-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 17-18, 224-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 238-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; 2003 жылғы 23 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2003 жылғы 21 мамырда «Казахстанская правда» газеттерiнде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар рыногы және акционерлік қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы).

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. Назарбаев