ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 993 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2008 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 172 бұйрығымен
бекітілген
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2009.21.10. № 244 бұйрығымен барлық мәтін бойынша «Ереже», «Ережелерді», «Ережелерге», «Ережелерде» сөздері сәйкесінше «Талап», «Талаптарды», «Талаптарға», «Талаптарда» сөздерімен алмастырылды
Сұйық аммиактың жер үсті қоймаларына арналған өнеркәсіптік
қауіпсіздік талаптары
(2009.21.10. берілген өзгерістермен)
Мазмұны
1. Жалпы талаптар
2. Сұйық аммиакты сақтау
3. Қойма аумағы
4. Сұйық аммиакты сақтауға арналған резервуар-ыдыстар
5. Құбыр желілері және оның тетіктері
6. Қосалқы жабдықтар
7. Жылулық сыртқы орамдар
8. Бақылау, басқару және автоматты түрдегі апатқа қорғаныс жүйелері
9. Қойманы электрмен жабдықтау
10. Сумен қамтамасыз ету және ағын су жүесі. Өрт сөндіру құралдары мен жүйелері
11. Қойма жабдықтарын пайдалануға дайындау, пайдалану және жөндеу
12. Қызметкерлерді қорғау
Қосымша
1. Жалпы талаптар
1. Осы Талаптар сұйық аммиактың жер үсті қоймаларына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейді.
2. Осы қауіпсіздік Талаптары мына нысандарда:
1) сұйық аммиакты сақтауға арналған жобаланған, қайта салынған және жұмыс істеп тұрған жер үсті қоймаларында;
2) аммиак өндіретін, оны шикізат ретінде немесе қосалқы материал ретінде тауарлық өнім өндіретін, аммиакты өнеркәсіптік мұздатқыш қондығыларда немесе басқа да мақсаттарға қолданатын зауыттық қоймаларда;
3) порт жанындағы қоймалар немесе су тасымал көліктері базасының өткізу қоймаларында;
4) мекеме аумағының сыртында орналасқан және теміржол цистерналарынан сұйық аммиакты қабылдауға арналған, оны резервуар-ыдыстарда сақтап және тұтынушыларға автокөлік цистерналарда тарататын рельс жанындағы қоймаларда;
5) ауылшаруашылық аудандарының аумақтарында орналасқан қоймаларда;
6) аммиакты құбыр арқылы алатын ауылшаруашылық аудандарында орналасқан таратқыш бекеттерде қолданылады.