Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 Қаулысы

(2013.26.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2005 жылғы 24 қаңтардағы

№ 51 қаулысымен

бекітiлген

 

 

Бөлiнбейтiн іpi көлемдi және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды

ұйымдастыру және жүзеге асыру

ережесi

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігi туралы» 2003 жылғы 4 шiлдедегi, «Автомобиль жолдары туралы» 2002 жылғы 17 шілдедегi Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiне, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөніндегі негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiне және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көліктің тiзбесiне (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесi), «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн реттейтiн кейбір мәселелер» туралы 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк және құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрлендi.

2. Ереже автокөлiк құралының көлемi мен салмағын ескере отырып, автомобиль жолдары арқылы және қалалар мен елдi мекендердің көшелерi арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгiленген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдiк және салмақтық өлшемдерiнен асатын жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін реттейдi.

ҚР Үкіметінің 2009.16.06. № 913 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.03.08. № 902 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:

1) бүркемелеу автомобилi - iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралына барлық жүру бағыты бойынша iлесiп жүру үшiн тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi бөлген автомобиль;

2) ілесіп жүру автомобилі - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралына автомобиль жолдарымен ілесіп жүретін, тиісті тану белгілері бар Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшілерінің (бұдан әрі - жол полициясы) ақысыз негізде ұсынатын патрульдік автомобилі;

3) бақылаушы органдар - көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары, жол полициясы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері;

4) Арнайы рұқсатқа бақылау талоны - iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуi үшiн төленген алым сомасын растайтын құжат;

5) iрi көлемдi автокөлiк құралы - автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерi асып түсетiн жүгімен немесе жүксіз автокөлiк құралы;

6) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүк - автокөлiк құралдарымен тасымалдау кезiнде рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерден асатын және (немесе) жүгi бар автокөлiк құралының толық салмағы немесе оське түсетін жүктемелерi автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгiленген рұқсат етiлген салмақтың өлшемдерден асып түсетiн жүк;

7) халықаралық тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өтетiн тасымал;

8) өңiраралық тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының екi және одан да көп облысы арқылы өтетiн тасымал;

9) жергiлiктi тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының бір әкiмшiлiк-аумақтық бірлiгі шегiнде өтетiн тасымал;

10) бөлiнбейтiн жүк - тасымалдау кезінде бөлшектеу-құрастыру жұмыстарына шектен тыс шығынсыз (мысалы жүктiң немесе оны тасымалдау құнымен бара-бар болатын), сондай-ақ жүктi өндiрушi немесе жүктi жiберушінiң құжаттарымен расталған жоюға болмайтын бастапқы сапасын жоғалту қаупiне байланысты екi немесе одан да көп бөлiктерге бөлiнбейтiн жүк;

11) көліктік бақылау посты - арнайы лайықталған ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған, техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырылған стационарлық немесе жылжымалы бақылау-өткізу пункті;

12) ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі үшін алынатын алым - Қазақстан Республикасы Салық Кодексінде белгіленген тәртіппен алынатын ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі салдарынан автомобиль жолдарына және жол құрылыстарына келтірілген залалды ақшалай өтеу;

13) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдау бағытын келiсу - келiсушi ұйымдардың iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының белгiленген бағыт бойынша жүру шарттарын белгiлеуi;

14) келісуші ұйымдар - автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүру бағытында автомобиль жолдары, жол құрылыстары және коммуникациялық объектілері (көпірлері, жолөткелдері, темір жол өтпелері, электр желілері, байланыс кабелдері және т.б.) теңгерімінде бар, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында автомобиль жолдарына иелік ету немесе басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

15) Арнайы рұқсат - белгiленген бағытқа және тасымалды жүзеге асыру мерзiміне сәйкес iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары арқылы жүруiне құқық беретiн рұқсат беру құжаты;

16) ауыр салмақты автокөлiк құралы - толық салмағы немесе оське түсетiн жүктемесi Қазақстан Республикасы аумағында автомобиль жолдарымен жүру үшін белгiленген рұқсат етілген салмақтық өлшемдерден асатын жүгi бар немесе жүксіз автокөлiк құралы;

17) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көліктiк бақылау комитетi немесе аумақтық көліктiк бақылау органдары.

ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автокөлік құралдарымен автомобиль жолдары арқылы тасымалдауға оларды көліктің басқа түрлерімен тасымалдау мүмкін болмаған және орынсыз жағдайда ғана рұқсат етіледі.

5. Автокөлiк құралының көлемдерi мен салмағын ескергенде, Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдары арқылы жүру үшін белгiленген автокөлiк құралдарының рұқсат етілген көлемдiк және салмақтық өлшемдерiнен асатын бөлiнетiн жүктердi автокөлiк құралымен тасымалдауға рұқсат етілмейдi.

ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автокөлік құралымен автомобиль жолдары арқылы тасымалдауға уәкілетті орган берген осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Арнайы рұқсат пен осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның бақылау талоны болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

7. Ipi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автомобиль көлiгiмен автомобиль жолдары арқылы тасымалдау Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесінің және осы Ереженің талаптарына, сондай-ақ iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердің тасымалына оларды өндiрушi немесе жүк жөнелтуші (жүк алушы) белгiлеген қосымша талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

 

2. Арнайы рұқсатты алуға берiлетiн өтініштi беру, қарау және келiсу тәртібі

 

ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 508 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда

8. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуіне Арнайы рұқсат алу үшін отандық тасымалдаушы:

1) Халыққа қызмет көрсету орталығына;

2) www.elicense.kz  «Е-Лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішпен жүгінеді.

Шетелдік тасымалдаушы уәкілетті органға осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішпен жүгінеді.

ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9. Өңіраралық және халықаралық тасымалдау бағытын келісу жүргізілетін келісуші ұйымдардың тізбесі автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелер басшыларының шешімімен бекітіледі.

Жергілікті тасымалдау бағытын келісу жүргізілетін келісуші ұйымдардың тізбесін жергілікті атқарушы органдар көрсетеді.

10. Ұсынылған тасымалдау маршрутын келiсу кезiнде тасымалдау қауiпсіздiгiн, жолдардың, жол құрылысы мен өзге де инженерлiк құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету, жол жүру бағытындағы қозғалыс қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде қосымша шаралар қабылдау қажеттілігi бөлiгiнде жүру жолы бойынша автомобиль жолдарының, жол құрылысы мен өзге де инженерлiк құрылыстардың көтерушілік қабiлетi және өткізу қабiлеті бағаланады.

11. Автомобиль жолдарының жол құрылыстары мен өзге де инженерлiк құрылыстардың көтерушілік қабілетiн бағалау үшiн есептеудiң сынақтан өткiзiлген әдiстерiн, жолдардың жол құрылыстары мен өзге де инженерлiк құрылыстардың жай-күйi туралы ақпаратты, сондай-ақ қосымша зерттеулердің материалдарын пайдалануға рұқсат етiледi.

ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерімен және жергілікті атқарушы органдармен тасымалдау бағытын келісу, егер:

1) ірі көлемді автокөлік құралының ені 3,5 метрден асқан;

2) ірі көлемді автокөлік құралының биіктігі жол бетінен 4,5 метрден асқан;

3) ірі көлемді автокөлік құралының, оның ішінде автопоездың ұзындығы 25 метрден асқан;

4) жалпы салмағы жасанды инженерлік құрылыстардың жүккөтергіштігінен асатын ауыр салмақты көлік құралының жол жүруі жүзеге асырылған;

5) ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының қозғалу жылдамдығы 8 км/сағатты кем болған жағдайларда жүргізіледі.

Тасымалдаудың бағыты темір жол өтпелерімен, жолөткелдерімен, көпірлермен, құбырлармен, электр және байланыстың әуе желілерімен қиылысқан жағдайларда егер:

1) ірі көлемді автокөлік құралының ені 5 метрден асатын болса;

2) ірі көлемді автокөлік құралының биіктігі жол бетінен 4,5 метрден асатын болса;

3) ірі көлемді автокөлік құралының, оның ішінде автопоездың ұзындығы 25 метрден асатын болса;

4) ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының қозғалу жылдамдығы 8 км/сағаттан кем болса, тиісті келісуші ұйымдармен тасымалдауды келісу жүргізіледі.

ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13. Келісуші ұйым мәлімделген бағытқа келісуді жүргізеді немесе белгіленген мерзімдерде:

1) жергілікті тасымалға бір жұмыс күні ішінде;

2) өңіраралық және халықаралық тасымалға үш жұмыс күні ішінде негізді бас тартуды ұсынады.

ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

14. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралын өткізудің теріс көрсеткіштері болмаса, онда келісуші ұйым отандық тасымалдаушының өтінішінде портал арқылы, ал шетелдік тасымалдаушының өтінішінде мөрмен куәландыра отырып, жазбаша түрде өз шешімін растайды.

ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша ipi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі мүмкін болмаса немесе егер оны жүзеге асыру үшін жол жамылғысын немесе жол құрылыстарын нығайту бойынша қосымша шаралар жүргізу талап етілетін болса, келісуші ұйым бұл туралы уәкілетті органды:

1) отандық тасымалдаушы үшін - жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында;

2) шетелдік тасымалдаушы үшін - ол туралы уәкілетті органды жазбаша түрде хабардар етеді және жүрудің басқа бағытын ұсынады немесе тасымалдау жүзеге асырылғанға дейін күшейту жұмыстарының қажетті кешенін орындайды.

16. Өтінiште онда барлық осьтер мен дөңгелектердi, ондағы осьтердің өзара орналасуын және дөңгелектердiң (жалғыз немесе қосарланған) санын, автокөлiк құралына немесе оның құрамдас бөліктерiне жүктің біркелкi тиелмеуi мүмкіндігін ескере отырып, жүктеменiң осьтер бойынша бөлiнуiн көрсете отырып, автокөлiк құралының дөңгелектiк өрнегi беріледi.

ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

17. Уәкілеттi органға өтiнiш түскен кезде оны журналға тiркеу және ондағы мәлiметтердi:

1) ұсынылған ақпараттың толықтығы;

2) тасымалдауға ұсынылған iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктің бөлiнбейтiндiгінің (пайдалану мақсатын өзгертпестен, шектен тыс шығындарсыз немесе бүлiну қаупiнсіз екi немесе одан да көп бөлiктерге бөлiнуi мүмкiн болмайтындығының) негiзділігі;

3) жүкті тасымалдауға қойылатын автокөлік құралының, оның ішінде автомобиль-тартқыштың және тіркеменің (жартылай тіркеменің) техникалық сипаттамаларының сәйкестігі;

4) ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуіне Арнайы рұқсатты алу үшін өтінішті уәкілетті орган ол келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.

ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 17-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 17-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

17-1. Уәкілетті орган осы Ереженің 12-тармағында көзделген жағдайларда өтінішті қарау барысында тасымалдаушының өтінішін келісуші ұйымдармен келісуді жүргізеді.

Осы Ереженің 13-тармағында көрcетілген мерзімде келісуші ұйым уәкілетті орган жолдаған тасымалдаушының өтінішін келіседі немесе дәлелді бас тартуды:

1) отандық тасымалдаушы үшін - жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында;

2) шетелдік тасымалдаушы үшін - жазбаша түрде береді.

Келісуші ұйымнан белгіленген мерзімде жауап болмаған жағдайда тасымалдаушының өтініші келісілген болып есептеледі.

ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 508 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 18-тармақ жаңа редакцияда

18. Егер өтініште ақпарат толық болмаса және (немесе) жүктің бөлінбейтіндігі құжаттамалық тұрғыдан жеткіліксіз негізделсе, уәкілетті орган өтініш тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:

1) отандық тасымалдаушыны - жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында;

2) шетелдік тасымалдаушыны - жазбаша түрде өтінішті қабылдамау туралы хабардар етеді.

ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

19. Уәкілетті орган осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген мерзім ішінде тасымалдаушыны Арнайы рұқсатты беру және Қазақстан Республикасы Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша және тәртіппен ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені үшін төленуі қажет алым сомасы туралы тасымалдаушыға хабарлайды немесе Арнайы рұқсат беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуды береді.

20. Егер автокөлiк құралының жасаушы зауыт белгілеген техникалық сипаттамалары тасымалдауға мәлiмделген iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бермесе тасымалдаушыға Арнайы рұқсат беруден дәлелдi бас тарту берiледi.

ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 508 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 21-тармақ жаңа редакцияда

21. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуіне Арнайы рұқсатты алуға өтініш:

1) автокөлік құралы табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жұмысқа тартылған;

2) бұрын алынған Арнайы рұқсатта көрсетілген автокөлік құралының техникалық сипаттамалары және салмақтық-көлемдік параметрлері сәйкес болған кезде, көлік құралын ауыстырған (сынған жағдайларда) және жаңа Арнайы рұқсатты ресімдеу қажет болған;

3) Арнайы рұқсатты алғаннан кейін жүк жөнелтуші не жүк алушы тасымалдау бағытын өзгерткен және жаңа Арнайы рұқсатты осы Ережеде белгіленген тәртіппен ресімдеу қажет болған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде қаралады.

22. ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

23. Өтiнiште көрсетiлген мәлiметтер мен деректемелер:

1) егер тасымалдаушы заңды тұлға болып табылса, бірiншi басшының (оның орынбасарының немесе сенiмдi адамының) қолымен және мөрмен;

2) егер тасымалдаушы жеке тұлға болып табылса, қолымен және жеке басын куәландыратын құжат деректері;

3) егер тасымалдаушы дара кәсіпкер болып табылса, қолымен және дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы куәлігінде қамтылған деректер көрсетіле отырып расталады.

ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 24-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

24. ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

3. Арнайы рұқсатты беру және келiсу тәртібі

 

25. Арнайы рұқсатты уәкiлеттi орган бередi.

26. Арнайы рұқсаттардың бланкiлерi мен оның бақылау талондары қатаң есептегі құжаттар болып табылады және тiркелуге жатады.

ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

27. Тасымалданатын жүктердiң санатына, тасымалдардың түрi мен сипатына байланысты Арнайы рұқсат біржолғы немесе келісілген мерзім iшiнде жарамды болуы мүмкiн:

1) біржолғы Арнайы рұқсат iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты бір автокөлiк құралына белгiленген мерзiмде келісілген бағыт бойынша бір сапарға берiледi;

2) көрсетілген мерзім ішінде жарамды болатын Арнайы рұқсат белгіленген тәртіппен бекітілген бағыт бойынша бір тұрпатты ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді тасымалдайтын бір автокөлік құралына беріледі.

Арнайы рұқсат алты айға дейінгі мерзімге беріледі.

ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 508 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 28-тармақ жаңа редакцияда

28. Арнайы рұқсатты уәкілетті орган толтырады және мөрмен куәландырады және барлығы келісілгеннен және ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені үшін тасымалдаушы алым сомасын төлегеннен кейін бір жұмыс күні ішінде беріледі.

ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 29-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 855 Қаулысымен 29-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

29. Ілесіп жүру автомобилінің болуы қажет болған кезде oсы Ереженің 42-тармағында көзделген жағдайларда уәкілетті орган жол полициясына Арнайы рұқсатта көрсетілген бағыт бойынша ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралына ілесіп жүру қажеттілігі туралы тиісті хабарламаны жолдайды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті халықаралық және өңіраралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы уәкілетті органды хабардар етеді.

Облыстың, қаланың немесе ауданның жол полициясы жергілікті тасымалдауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы уәкілетті органды хабардар етеді.

30. ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

4. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлік

құралдарының автомобиль жолдары арқылы жүріп өтуiн ұйымдастыру және оның тәртібі

 

31. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптар жасасқан тасымалдау шарты негізінде жүргiзiледi.

Ipi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдаудың, соның iшiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүріп өтуiне Арнайы рұқсат алу бөлiгіндегi жалпы шарттары халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңнамасында белгіленедi.

32. Тасымалға және Арнайы рұқсатқа қойылатын талаптардан туындайтын қажеттілік жағдайында тасымалдау шарты iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкке қосалқы автокөлiк құралдарының (отын құюшы, автошеберхана, қосымша персоналға арналған автобус, тапқыш немесе итергiш қосымша автомобиль және т.с.с.), бүркемелеу автомобилiнiң және (немесе) ілесіп жүретiн автомобильдiң ерiп жүруiн көздейдi.

33. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдауға тиiстi санаттағы автокөлiк құралын басқару құқығы бар жүргiзушiге рұқсат етiледi.

34. Тасымалдаушының және (немесе) жүк жөнелтушiнiң жауапты өкiлi iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдаумен айналысатын жүргізушi(лер)мен және жүк жинаушылармен қауiпсіздiк техникасы жөнiнде арнайы нұсқаулық өткiзедi.

35. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүк бекiтілген автокөлiк құралын жүру басталмас бұрын жүргiзушi, тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінiң жауапты өкілдерi қарап шығады. Жүк Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесінiң талаптарына, сондай-ақ жүк жөнелтушiнiң талаптарына сәйкес бекiтіледi және таңбаланады.

36. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдары, сондай-ақ бүркемелеу автомобильдерi қызғылт немесе сары түстi арнайы жарық беру сигналдарымен (жарқылдауық маяктармен) жабдықталады.

Қозғалыс кезiнде жарқылдауық маяктардың жұмысы жол қозғалысының басқа қатысушыларына қосымша хабар беру құралы болып табылады және артықшылықпен жүрiп өту құқығын бермейдi.

37. Белгіленген тәртіппен ресiмделген Арнайы рұқсат бланкісi iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүргiзушiсiнде болады және бақылаушы органдар өкiлдерінің талабы бойынша көрсетiледi.

38. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының автомобиль жолдарымен жол жүруiне әдетте қозғалыс қарқындылығы мейлiнше аз сағаттарда, ал елдi мекендерден тыс жерлерде - тәулiктiң жарық уақытында рұқсат етіледi.

Тәулiктің қараңғы уақытында елдi мекендерден тыс жерлердегі жолдармен, сондай-ақ тәулiктің жарық уақытында қозғалыс қарқынды болған кезде тасымалдауға iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралының жүруiн бүркемелеу немесе ілесіп жүру автомобилінің ерiп жүруi шартымен ғана рұқсат етіледi.

39. Көлiк құралдарының қозғалысын елеулi түрде кiдiртуге және айналасындағылар үшiн жоғары қауіп төндiруге қабілеттi жол-ауа-райының қолайсыз жағдайлары мен қозғалыс қарқындылығы жағдайларында тасымалдауға рұқсат етілмейдi.

40. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралымен, сондай-ақ бүркемелеу және iлесіп жүру автомобильдерімен тәулiктiң жарық уақытында жол жүрген кезде жақынға жарық түсiру шамдары iске қосылуы тиiс.

41. Мына жағдайлардың барлығында:

1) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ені 3,5 метрден асатын болса;

2) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ұзындығы 24 метрден асатын болса;

3) Арнайы рұқсаттың «Қозғалыстың ерекше шарттары» бағанында жол жүру бағытындағы қандай да бір жол құрылысы бойынша жеке дара тәртіппен жүруге рұқсат етіледi деп көрсетiлген немесе жол жүру бағытының жекелеген учаскелерінде қозғалысты ұйымдастыруға жедел ықпал етудi талап ететiн басқа да шарттар көрсетiлген басқа жағдайларда бүркемелеу автомобилiнiң болуы міндетті.

42. Мына жағдайлардың барлығында:

1) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының енi 4,0 метрден асатын болса;

2) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ұзындығы 3,0 метрден асатын болса;

3) қозғалыс кезiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қарсы қозғалыс ендiгiн ең болмағанда iшiнара иеленуге мәжбүр болса;

4) тасымалдау процесiнде жүру қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету мақсатында қозғалысты ұйымдастыруды шұғыл өзгерту талап етiлгенде;

5) ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

43. Бүркемелеу немесе iлесіп жүру автомобилi оның сол жағы iлесiп жүретiн iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының соң жағынан шығыңқы болатындай түрде жол бере отырып, iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының алдында 10-12 метр қашықтықта қозғалады.

44. Көпірлер мен жол құрылыстары арқылы жол жүру кезінде қозғалыс келiсушi ұйымдармен белгiленген шарттарға сай жүзеге асырылады.

45. Жол қиылыстарынан өту кезiнде iлесiп жүру автомобилi авариялық жағдайларды болдырмау мақсатында қиылысатын көшелер мен жолдардағы қозғалысты уақытылы тоқтатуды қамтамасыз етедi.

46. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қозғалысының жылдамдығы Арнайы рұқсатта белгіленген көрсеткiштерден аспауы тиiс.

Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жалпы пайдаланымдағы жолдармен жүрген кезiндегі жылдамдығы 50 км/сағаттан, ал жасанды құрылыстарда 10 км/сағаттан аспауы тиiс.

47. Қозғалыс процесiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүргізушiсi:

1) қарсы келе жатқан автокөлiк құралдарын кедергісіз және қауiпсіз өткiзiп жiберу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды;

2) жол қозғалысына бөгет жасамайды және артында келе жатқан автокөлiк құралдарының басып озуына мүмкiндiк бередi.

48. Iрi көлемдi көлiк құралының биiктiгi 4 метрден артық болған жағдайда тасымалдаушы көпiрлердiң, құбыр өткiзгiштердiң және басқа да коммуникациялардың астымен қозғалу кезiнде биiктiктi қосымша бақылаулық өлшеуi қажет.

49. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуiн жүзеге асыра отырып:

1) Арнайы рұқсатсыз, мерзiмi өткен немесе дұрыс ресiмделмеген Арнайы рұқсатпен, Арнайы рұқсатта көрсетiлген лауазымды адамдардың қолы болмаған жағдайларда рейске шығуға;

2) Арнайы рұқсатқа қандай да бір өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге;

3) белгiленген қозғалыс бағытынан ауытқуға;

4) Арнайы рұқсатта көрсетілген қозғалыс жылдамдығын арттыруға;

5) 30 км/сағат және одан жоғары жылдамдықпен келе жатқан автокөлiк құралдарын басып озуға;

6) басқа көлiк құралдарын сүйретуге;

7) қозғалысты қолайсыз ауа-райы жағдайларында (көктайғақ, көрiнiм 100 метрден кем және т.с.с.) жүзеге асыруға;

8) егер тасымалдау шарттарында мұндай қозғалыс тәртібі белгiленбесе, жол жиегімен жүруге;

9) жолдың жүру бөлігінiң шегінен тысқары орналасқан арнайы тұрақтардан тыс жерлерге тоқтауға;

10) автокөлiк құралының техникалық жарамсыздығы туындаған немесе қозғалыс қауiпсіздігіне және (немесе) жүктiң сақталуына қауiп төндiретiн жүктiң бекітілуi бұзылған кезде қозғалысты жалғастыруға тыйым салынады.

ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 50-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

50. Егер тасымалдау процесінде қозғалыс бағытын өзгертуді талап ететін мән-жайлар туындаса, тасымалдаушы қозғалысын тоқтатуы және осы Ережеде белгіленген тәртіппен жаңа бағыт бойынша жүруге рұқсат алу үшін:

1) отандық тасымалдаушы - Халыққа қызмет көрсету орталығына не портал арқылы;

2) шетелдік тасымалдаушы - аумағында тасымалдау тоқтатылған уәкілетті органға жүгінуі тиіс.

 

 

5. Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдайтын автокөлік құралдарының

техникалық жай-күйіне және жабдықтарына қойылатын қосымша талаптар

 

51. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдау мамандандырылған жылжымалы құраммен - тiркемесi немесе ауыр жүк тасығыш жартылай тiркемесi бар автомобиль-тартқышпен жүзеге асырылады.

Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті ернеулi тұғырнамалары бар жылжымалы құраммен тасымалдауға рұқсат етiледi. Бұл ретте, қажет болған жағдайда (мысалы, жүк шанақтың көлемiнен шығып тұрса) ернеулер алынады және автокөлік құралында жүкте орнықтыру үшiн қосымша бекіту құралдары қолданылады.

52. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралының техникалық жай-күйi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ оны жасаушы зауыттың нұсқаулығына сәйкес болуы тиiс.

53. Автокөлiк құралына жасаушы зауыт белгiлеген, рұқсат етiлген салмақтық нормативтен артық жүк тиеуге рұқсат етілмейдi.

54. Автопоездың тежегiш жүйесi автомобиль-тартқыштың тежегішi басқышынан жұмыс iстеуi және оның буындары арасында тежеу кезiнде тiркеме мен жартылай тiркеменiң автомобиль-тартқышқа қатысты ауытқу, сондай-ақ басқа да авариялық жағдай жасау мүмкiндiгi болмайтындай тежегiш күштердi бөлудi қамтамасыз етуi тиiс.

55. Автомобиль-тартқыш өзi мен тiркемесiнiң (жартылай тiркемесiнiң) арасындағы жалғағыш магистральдар үзіліп кеткен жағдайда автомобиль-тартқышты жұмысшы немесе авариялық тежегiшпен тежеуге мүмкiндiк беретін тежеу қондырғысымен жабдықталады.

56. Тiркемелер (жартылай тіркемелер) автомобиль-тартқышпен жалғағыш магистральдар үзiлген жағдайда олардың автоматты түрде тоқтауын қамтамасыз ететiн тежеу қондырғыларымен жабдықталады.

57. Тiркемелер (жартылай тiркемелер) барлық дөңгелектерге әсер ететiн және автомобиль-тартқыштан ажыратылған толық салмақты тiркеменi (жартылай тiркеменi) кемiнде 16% еңiсте ұстап тұруды қамтамасыз ететiн тұру тежегішімен жабдықталады.

58. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралында еңісте тоқтауға мәжбүр болған жағдайда оны қосымша орнықтыру мақсатында сырғуға қарсы кемінде екi тiреуiш (әр жаққа біреуден) болуы қажет.

59. Автопоезд үшін оның әрбір буынына екiден сырғуға қарсы тіреуіштер болуы тиiс.

60. Көлiк құралының кабинасы екi жағынан артқы жақты көретiн сыртқы айналармен жабдықталуы тиiс. Айналар автокөлiк құралының және тасымалданатын жүктiң көлемiн ескере отырып, тура да және бұрылмалы да қозғалыс кезiнде жүргiзушiге көлденеңiнен әрi тігiнен жеткiлiктi көрудi қамтамасыз етуi тиiс.

61. Артқы көрiнiс айналарының автокөлiк құралының негiзгі көлемдерiнiң iшiне 20-25 кг/с шегіндегі күшпен ауыстыру мүмкiндігін қамтамасыз ететiн бұру тетiктерi болады.

62. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдары нормативтiк құқықтық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес «Автопоезд» «Iрi көлемдi жүк» немесе «Ұзын өлшемдi көлiк құралы» деген тану белгiлермен белгіленедi.

63. Тiркеме-ұзартылманың тiркеменiң артқы көлемiнен 1 метрден аса шығып тұратын жетегi (құбыр) Жол қозғалысы ережесіне сәйкес белгіленедi.

64. Iрi көлемдi жүктi тасымалдау кезiнде жүгі бар автокөлiк құралының биiктігi жолдың жүру бөлігінің үстiнен 4,5 метрден асатын болса, бүркемелеу автомобилiне жоғары ұшында сары түстi сигналдық шамдары бар бір немесе екi габариттік штангалар орнату қажет.

Шамдарды орнату биiктігi тасымалданатын жүктiң жоғарғы көлемiнен 5-10 сантиметр жоғары болуы және iрi көлемдi автокөлiк құралы жүргiзушiсiнiң көз алдында болуы тиiс.

Шамдар тәулiктiң қараңғы кезіндегі немесе жеткiлiксіз көрiнiм жағдайларындағы қозғалыс кезiнде iске қосылуы тиiс.

 

 

6. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк

құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары арқылы жүру тәртібін бақылау

 

ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 65-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

65. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары арқылы жүруін бақылауды уәкілетті орган өзінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде автокөлік құралдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, сондай-ақ арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары арқылы жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 66-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

66. Автокөлік құралының көлемдік өлшемдерінің нақты мәндерін айқындау өлшеу сызғыштарының немесе арнайы сызықтық өлшеу аспабының көмегімен, ал толық салмақ пен біліктік жүктемелер - стационарлық немесе жылжымалы үлгідегі автомобиль таразыларының, сондай-ақ арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының көмегімен жүргізіледі.

67. Сызықтық өлшеу жабдығы мен автомобильдiк таразылар жарамды жағдайда болуы және олардың метрологиялық тексеруден өткендiгi туралы сертификаты болуы тиiс.

68. Автокөлiк құралдарының көлемдiк және салмақтық өлшемдерiн айқындау кезiнде өлшеу жабдығының тасымалдаушының пайдасына шешiлетiн қателiктерi ескерiледi.

69. ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 70-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

70. Егер уәкілетті орган осы Ереженің бұзылу фактісін анықтаса, тасымалдаушы және (немесе) жүк жөнелтуші Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады, ал автокөлік құралын одан әрі пайдалануға анықталған бұзушылық жойылғанға дейін тыйым салынады.

ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 71-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

71. Осы Ереже бұзылған жағдайда уәкілетті орган Кодексте көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және тасымалдау мынадай жағдайларда жалғастырылады:

1) осы Ережеде белгіленген тәртіппен Арнайы рұқсатты алғаннан кейін және барлық жол жүру бағыты бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралының жүріп өткені үшін алым сомасы төленгеннен кейін - ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының Арнайы рұқсатсыз жүріп өткені анықталған кезде;

2) тасымалдаушы Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүру үшін автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген рұқсат етілген өлшемдеріне сәйкес келтіру үшін автокөлік құралын артық жүктен босатуды жүргізгенде және ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралының жүріп өткеніне бағыттың іс жүзінде жүріп өткен бір бөлігі үшін алым сомасын төлеген жағдайда - Арнайы рұқсат берілместен, бөлінетін жүгі бар ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені анықталған кезде;

3) ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені үшін төленген алымға қосымша осы Ережеде белгіленген тәртіпті бұза отырып және салмақтық және көлемдік өлшемдерді іс жүзінде көрсете отырып, осы Ережеде белгілеген тәртіппен Арнайы рұқсатты ала отырып, іс жүзінде жүріп өткен бағыт үшін ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені үшін алынатын алымды тасымалдаушы төлегеннен кейін - ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралы өлшемдерінің бірі Арнайы рұқсатта көрсетілгендерден асып кеткені анықталған кезде;

4) тасымалдаушы нақты жүріп өткен бағыт бойынша ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені үшін алым сомасын төлеген және осы Ережеде белгіленген тәртіппен Арнайы рұқсатты алғаннан кейін - ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жолды Арнайы рұқсатта көрсетілген бағыттан ауытқи отырып жүргені анықталған кезде;

5) уәкілетті орган Арнайы рұқсаттағы мерзімді ұзартқаннан кейін - ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының Арнайы рұқсатта көрсетілген мерзімдерден ауытқи отырып жүргені анықталған кезде.

Арнайы рұқсаттағы ұзарту мерзімі күнтізбелік он бес күннен аспауы тиіс;

6) осы Ереженің 29-тармағында көзделген мерзімде жол полициясы ілесіп жүру автомобилін бөлгеннен кейін - осы Ереженің 42-тармағында көзделген жағдайларда ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының ілесіп жүру автомобилінсіз жүргені анықталғанда.

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты

жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында

тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру

ережесіне 1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуіне

АРНАЙЫ РҰҚСАТ

 №_________

 

____________________________________________________________________________________________________автокөлік құралының

(маркасы, моделі, нөмірлік белгісі)

______________________________________________________________________________________________________________________

(бағыт бойынша өтетін елді мекендердің атауы, жолдың ұзақтығы км-мен)

________________________________________________________________________________________________бағыты бойынша жүруіне

 

1. Көлік құралының өлшемдері:

 

автокөлік құралының жалпы салмағы, т

жүктің салмағы, т

ұзындығы, м

ені, м

биіктігi

дөңгелек осьтерінің орналасу схемасы және олардың ара қашықтығы, м

жүкпен бұрылудың ең аз мөлшердегі радиусы, м

 

осьтер бойынша жүктеме, т

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Ілесіп жүру үшін бөлінген көлік құралдары_______________________________________________________________________________

(маркасы, моделі, нөмірлік белгісі)

3. Жүкті тасымалдаушы ұйымның атауы, мекенжайы мен телефоны

_____________________________________________________________________________________________________________________

4.____________сағ. бастап__сағ. дейін (жылы, айы, күні)___км/сағ. аспайтын жылдамдықпен___________жолдарымен жүруге рұқсат етіледi

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

(кесу сызығы)

 

АРНАЙЫ РҰҚСАТ ТҮБІРТЕГІ

 

№__________ _________________________________________________________________________________________________________

(маркасы, моделі, нөмірлік белгісі, көлік құралының өлшемі,

_____________________________________________________________________________________________________________________

бағыт нөмірі, бастапқы және соңғы пункті, жолдың ұзақтығы км-мен)

_____________________________________________________________________________________________________________________

5. Қозғалыстың ерекше жағдайлары______________________________________________________________________________________

(ілесіп жүретін автомобильдердің қозғалыс тәртібін,

_____________________________________________________________________________________________________________________

қозғалысқа басқа қатысушыларды тасымал туралы хабар ету тәсілін,

_____________________________________________________________________________________________________________________

жүктеме түрін, оның көпірлерден өткізу тәртібін және т.б. көрсету)

6. Рұқсат берілді________________________________________________________________________________________________________

(уәкілетті органның атауы, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)

_____________________________________________________________________________________________________________________

7. Жүріп өткені үшін алымдар есебі_______________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________

Төлем сомасы_________________________________________________________________________________________________________

(жазбаша)

8. Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесінің негізгі талаптарымен танысқандар:

Негізгі тартқыш жүргізушісі______________________________________________________________________________________________

(Т.А.Ә., қолы)

Жүкті шығарып салушы тұлға___________________________________________________________________________________________

(Т.А.Ә., қолы)

9. Автокөлік құралын жүкті тасымалдауға жауапты ұйымның өкілдері тексерді және Жол қозғалысы ережесі мен Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін талаптарына сәйкес келеді

_____________________________________________________________________________________________________________________

(ұйым, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)

_____________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________

Ескертпе: арнайы рұқсаттың барлық бағандары біркелкі сиямен толтырылуы тиіс (толтырылмаған бағандар сызылып тасталады).

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _

(кесу сызығы)

 

Ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының жүруіне

АРНАЙЫ РҰҚСАТ ТҮБІРТЕГІ

 №_________

 

Жүріп өткен үшін алымдар есебі_________________________________________________________________________________________

Төлем сомасы_________________________________________________________________________________________________________

(жазбаша)

Жүргізуші______________________________________________________________________________________________________________

(Т.А.Ә., қолы, күні)

Рұқсат берген уәкілетті өкіл_______________________________________________________________________________________________

(ұйым, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)

 

 

 

                                                                           Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр

                                   салмақты жүктердi Қазақстан

                                    Республикасының аумағында

                                  тасымалдауды ұйымдастыру және

                                     жүзеге асыру ережесіне

                                          2-қосымша

 

                             Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк

                                      құралдарының Қазақстан

                                    Республикасының жолдары

                                         бойынша жүруiне

N______________

АРНАЙЫ РҰҚСАТҚА

БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ

      Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргенi үшiн
алынатын алымның сомасы________________________________
                                  (жазумен)

      Ескерту: Осы бақылау талоны Iрi көлемдi және ауыр
салмақты көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының жолдары
бойынша жүруіне арналған тиісті арнайы рұқсатқа мiндеттi
қосымша болып табылады

                                       Теңге

1000000

100000

10000

1000

100

10

1

2000000

200000

20000

2000

200

20

2

3000000

300000

30000

3000

300

30

3

4000000

400000

40000

4000

400

40

4

5000000

500000

50000

5000

500

50

5

6000000

600000

60000

6000

600

60

6

7000000

700000

70000

7000

700

70

7

8000000

800000

80000

8000

800

80

8

9000000

900000

90000

9000

900

90

9

 

                  Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк

                 құралдарының Қазақстан Республикасының

                        жолдары бойынша жүруiне

N____________
АРНАЙЫ РҰҚСАТТЫҢ
TYБIPTEГIНЕ БАҚЫЛАУ ТАЛОНЫ

      Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргені үшiн
алынатын алымның сомасы________________________________
                              (жазбаша)

      Арнайы рұқсатты алдым_____________________________
                          (тасымалдаушының аты-жөнi,
                               қолы, күні)

 

Ескерту: Осы бақылау талоны iрі көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының жолдары бойынша жүруiне арналған тиiстi арнайы рұқсаттың түбіртегiне мiндеттi қосымша болып табылады

 

 

ҚР Үкіметінің 2009.16.06. № 913 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 508 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-қосымша жаңа редакцияда

Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты

жүктерді Қазақстан Республикасының

аумағында тасымалдауды ұйымдастыру

және жүзеге асыру ережесіне

3-қосымша

 

___________ облысы (қаласы)

бойынша аумақтық көліктік

бақылау органының басшысына

 

 

Iрі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының
жүріп өтуіне арнайы рұқсатты алу үшін
ӨТІНІШ

 

Тасымалдаушының атауы _______________________________________________________________________________

ЖСН/БСН ____________________________________________________________________________________________

Мекенжайы, телефоны _________________________________________________________________________________

Автомобильдің маркасы _____________________________________ мем. нөмірі _________________________________

Тіркеменің (жартылай тіркеменің) маркасы ______________________ мем. нөмірі ________________________________

Көлік құралының түрі __________________________________________________________________________________

Изотермиялық шанақтың болуы __________________________________________________________________________

Әуе немесе оған балама аспаның болуы ___________________________________________________________________

Жүру бағыты __________________________________________________________________________________________

Бағыттың жалпы ұзақтығы, км ___________________________________________________________________________

оның ішінде қалалардың аумағы бойынша, км _______________________________________________________________

Жүргізушінің Т.А.Ә. _____________________________________________________________________________________

Ілесуші адамның Т.А.Ә. __________________________________________________________________________________

Ілесіп жүру түрі _________________________________________________________________________________________

Жүктің атауы мен салмағы, т. _____________________________________________________________________________

АКҚ жүк көтергіштігі _____________________________________________________________________________________

Жүру күні мен уақыты ____________________________________________________________________________________

 

Автокөлік құралының жүгін қоса есептегендегі нақты салмақтық
және көлемдік өлшемдері

 

Өлшемдерi

Нақты

Рұқсат етілген

Асқаны

Жол бетінен биіктігі, м

 

 

 

Ені, м

 

 

 

Автокөлік құралының ұзындығы, м

 

 

 

Толық салмағы, т

 

 

 

Тіркеменің толық салмағы, т

 

 

 

АКҚ-ның дөңгелектік өрнегi

1-білік

2-білік

3-білік

4-білік

5-білік

6-білік

7-білік

8-білік

9-білік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңістігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біліктердің ара қашықтығы, м

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білікке нақты жүктеме, т.с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білікке рұқсат етілген жүктеме, т.с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Асқаны, %

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автокөлік құралының ең кіші бұрылу радиусы _______________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________

Қосымша деректер ______________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________

(тасымалдаушының лауазымы, Т.А.Ә.)           (М.О. қолы)

Өтініштің берілген күні ___________________________________________________________________________________

Келісуші ұйымның шешімі ________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________              _____________________

(лауазымы, Т.А.Ә.)                                                                             (М.О. қолы)

Келісуші ұйымның шешімі ________________________________________________________________________________

_____________________________________              _________________________________

(лауазымы, Т.А.Ә.)                                                                 (М.О. қолы)