Сауда қызметін реттеу туралы
2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544-II Қазақстан Республикасының Заңы

(2014.29.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 16 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

ҚР 2014 жылғы 16 мамырдағы № 203-V Заңын қараңыз (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1 - 4 баптар)

2-тарау. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу

(5 - 9 баптар)

3-тарау. Iшкі сауда

(10 - 14 баптар)

4-тарау. Сыртқы сауда қызметі

(15 - 22 баптар)

5-тарау. Сауданың өзге түрлері

(23 - 30 баптар)

6-тарау. Сауда қызметінің субъектілеріне және тауарларға қойылатын талаптар

(31 - 32 баптар)

7-тарау. Қорытынды ережелер

(33 - 36 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен мәтіндегі «жергілікті атқарушы органдардың», «жергілікті атқарушы органдар», «жергілікті атқарушы органдармен» деген сөздер «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының», «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары», «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен» деген сөздермен ауыстырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, оны мемлекеттік реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда; 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) әкетудi және (немесе) әкелудi сан жағынан шектеулер - тауарлардың сыртқы саудасын сан жағынан шектеу жөнiндегi, квоталарды белгiлеу жолымен енгiзiлуi мүмкiн шаралар;

2) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi - бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етiлген шекте ұстау және елде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгiленетiн бөлшек сауда бағаларының рұқсат етiлген деңгейi, сауда қызметiнің субъектiсi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын осы деңгейге дейін айқындауға құқылы;

3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасы - әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін бөлшек сауда бағаларының деңгейі;

4) бөлшек сауда - сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;

5) кедендiк баждардың квотадан тыс мөлшерлемесі - белгiленген тарифтiк квотадан тыс әкелiнетiн тауарларға белгiленетiн кедендiк әкелiм бажының мөлшерi (шамасы);

6) кедендiк баждардың квотаiшiлiк мөлшерлемесі - белгiленген тарифтiк квота шегiнде әкелiнетiн тауарларға белгiленетiн кедендiк әкелiм бажының мөлшерi (шамасы);

7) көтерме сауда - кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;

8) қоғамдық тамақтандыру - тамақ өнiмдерiн өндiрумен, қайта өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет;

9) рұқсат - осы Заңға сәйкес сыртқы сауда шарты (келiсiмшарты) негiзiнде сыртқы сауда қызметiне қатысушыға берiлетiн рұқсат ету құжаты;

10) сауда алаңы - тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға, сатып алушылардың өтуiне арналған, арнайы құрал-жабдық қойылған сауда объектiсiнiң алаңы;

11) сауда желiсi - ортақ басқарудағы және (немесе) бiрыңғай коммерциялық белгiнi немесе дараландырудың өзге де құралы аясында пайдаланылатын, екi мың шаршы метрден кем емес жалпы сауда алаңы бар, екi және одан да көп сауда объектiлерiнiң жиынтығы;

12) сауда қызметi - жеке және заңды тұлғалардың тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсiпкерлiк қызметi;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

14) сауда қызметiнің субъектici - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сауда қызметiн жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

15) сауда объектiсi - арнайы құрал-жабдықпен жарақталған, тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын үй немесе үйдiң бiр бөлiгi, құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгi, ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;

16) сауда саясаты - осы Заңда белгiленген мақсаттар мен қағидаттарды iске асыру үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық, бақылау шараларының және өзге де шаралардың жиынтығы;

17) сыртқы сауда (бұдан әрi - сыртқы сауда қызметi) - тауарларды Қазақстан Республикасынан әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына әкелумен байланысты сауда қызметi;

18) тарифтiк квота - кедендiк әкелiм бажының қолданыстағы мөлшерлемесімен салыстырғанда тауардың белгiлi бiр санын (заттай немесе құнымен алғанда) әкелу кезiнде белгiлi бiр кезең iшiнде кедендiк әкелiм бажының неғұрлым төмен мөлшерлемесін қолдануды көздейтiн, үшiншi елдерден шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi реттеу шарасы;

19) тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi;

20) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортын және (немесе) импортын қадағалау - тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспорты және (немесе) импорты серпiнiнің мониторингісі мақсатында белгiленетiн уақытша шара;

21) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық - уәкiлеттi орган беретiн лицензияның негiзiнде ұсынылатын тауарлардың жекелеген түрлерiне қатысты сыртқы сауда қызметiн жүзеге асыру құқығы;

21-1) халықаралық мамандандырылған көрме - бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:

ресми болып табылатын немесе халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық үкіметаралық ұйым ресми таныған;

екі және одан көп мемлекет көрмеге қатысушылар болып табылатын;

көрменің ұзақтығы кемінде алты аптаны құрайтын және алты айдан аспайтын;

өнер туындыларының көрмесі және коммерциялық сипаттағы көрме болып табылмайтын;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға әзірлеген және халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу туралы халықаралық шарт ережелерінің орындалуын бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекіткен тіркеу дерекнамасында көрменің басталу және аяқталу күні көрсетілген көрме;

21-2) халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушы - заттарды (экспонаттарды) халықаралық мамандандырылған көрмеге қоятын және халықаралық мамандандырылған көрмеде ұлттық секцияларда тиісті елдің мүддесін білдіретін жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ халықаралық шарттың талаптарына сәйкес қабылданатын халықаралық мамандандырылған көрмені өткізудің ішкі қағидаларында айқындалған халықаралық ұйым не жеке немесе заңды тұлға;

21-3) халықаралық мамандандырылған көрменің аумағы - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаға бөлінген жер учаскелері;

21-4) халықаралық мамандандырылған көрменің объектілері - бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген кезде:

халықаралық мамандандырылған көрменің аумағында орналасқан;

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, жалпымемлекеттік, мемлекетаралық немесе өңіраралық маңызы бар қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасында (оның ішінде бас жоспарда) көзделген объектілер тізбесіне енгізілген;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға бекіткен құжатта көзделген ғимараттар, сәулет объектілері, құрылыстар, инженерлік және көлік инфрақұрылымы;

22) iрi сауда объектiсi - сауда алаңы екi мың шаршы метрден кем емес сауда объектiсi;

23) iшкi сауда - Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-бап. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары мен принциптерi

1. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары:

1) халықтың тауарларға сұранысын қанағаттандыру және сауда инфрақұрылымын дамыту;

2) сауда қызметiн көрсетудi және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру;

3) Қазақстан Республикасында сауда қызметiн дамытуға және жетiлдiруге жәрдемдесу;

4) Қазақстан Республикасының әлемдiк сауда жүйесiне ықпалдасуы үшiн жағдайлар жасау;

5) сыртқы нарықтарда отандық тауарлардың бәсекелестік қабілеттігін арттыру болып табылады.

2. Сауда қызметiн реттеудiң негiзгi принциптерi:

1) сауда қызметі субъектілері құқықтарының теңдiгi;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың сауда қызметiне араласпауы;

3) еркiн және адал кәсiпкерлiктi қолдау;

4) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау;

5) сапалы сауда қызметiн көрсетудi қамтамасыз ету;

6) сауда қызметi түрлерiн еркiн таңдау және оны сауда қызметi субъектiлерiнiң жүзеге асыру мүмкiндiгi;

7) сауда саясатының Қазақстан Республикасының мемлекеттік экономикалық саясатының құрамдас бөлiгi ретіндегі бiрлiгi;

8) тұтынушылардың, сауда қызметi субъектiлерiнiң және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және сауда қызметiнiң барлық субъектiлерiне қолданылады.

2. Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен реттелетiн жекелеген тауарлар түрiнiң айналымы бойынша қатынастарға қолданылмайды. Осындай тауарлармен сауда қызметiн жүзеге асыру Қазақстан Республикасының осындай заң актілерімен реттелмейтiн бөлiгiнде осы Заңның нормаларымен реттеледi.

 

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара);  2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 184-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2009.11.12. № 229-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тарау өзгертілді; 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 2-тарау жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-тарау. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу

 

5-бап. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары мен әдістері

1. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары:

1) сауда қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өтуі шарттарын айқындау;

3) сауда қызметін дамытуды ынталандыру;

4) сауда қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау;

5) сертификаттау болып табылады.

2. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу әдістері:

1) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу;

2) сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарлардың сатылуын тоқтата тұру және (немесе) сатуға тыйым салу;

4) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шаралар қолдану;

5) халықаралық экономикалық санкцияларға қатысу болып табылады.

 

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді

6-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

4) - 8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9) сауда қызметi саласында шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды және шетелде Қазақстан Республикасының сауда өкiлдiктерiн ашуды жүзеге асырады;

10) сауда қызметi саласында келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды;

11) уәкiлеттi органды айқындайды;

12) - 14) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

14-1) қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаны құрады;

14-2) Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін бекітеді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14-3) тармақшамен толықтырылды

14-3) қарсы шаралар қолдану туралы шешім қабылдайды;

15) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:

1) сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылды

1-1) мемлекеттік сауда саясатын қалыптастырады;

1-2) Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау бойынша шаралар қолданады;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолданады;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылды

2-1) әкелу және (немесе) әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекітеді;

2-2) сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу шараларын қолданады;

3) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

4) сауда қызметін реттеу саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды

4-1) iшкi сауда қағидаларын бекiтедi;

5) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

7) тармақша 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңның редакциясында (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төмен нормативтерiн әзірлейді және бекiтедi;

8) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуге бастамашы болады, оларға қатысады және оларды ұйымдастырады;

10) халықаралық сауда ұйымдарымен келіссөздерде Қазақстан Республикасы Yкіметінiң атынан өкілдік етеді;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекелеген тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асырады;

2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін бір жыл өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

12) тоқсан сайын тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйым беретін, тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар жөніндегі ақпаратты талдау арқылы мониторинг жүргізуді, сондай-ақ уәкілетті органның (ұйымның) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру, Кеден одағы тауарының және (немесе) шетел тауарының мәртебесін айқындау мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;

13) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағалары мөлшерін белгілеудің орындылығын айқындау мақсатында макроэкономикалық талдау жүргізеді;

14) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу және жыл сайынғы негізде оларға бағалардың шекті мәндерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды

14-1) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн бекiтедi;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағалардың шектi мәндерiн және оларға рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн белгiлеу тәртiбiн әзірлейді және бекiтедi;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды

15-1) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн бекiтедi;

16) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептілік, тексеру парақтары нысандарын әзірлейді және бекітеді;

17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

7-1-бап. 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары:

2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi;

2) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;

3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлейдi;

4) тармақша 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңның редакциясында (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

4) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді;

5) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлейді және іске асырады;

6) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;

7) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

8) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

 

9-бап. Сауда қызметi саласында баға белгiлеу

1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды және тауар берушінің талап етуі бойынша тараптардың келісімімен шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленетін азық-түлік тауарларын беру шарты жасалатын жағдайларды қоспағанда, сауда қызметiнің субъектiлерi тауар бағаларын өз бетінше айқындайды.

Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларын беру шарттарын жасасу кезінде шектi сауда үстемесiнiң мөлшерi мiндеттi түрде белгiленуге тиiс. Осы талап бұзылып жасалған мәмiле жарамсыз болады.

2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері артқан жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі күнтізбелік тоқсан күннен аспайтын мерзімге облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында оларға рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеуге құқылы.

Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес белгіленетін әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерлері артқан кезде сауда қызметінің субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

 

3-тарау. Iшкі сауда

 

2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

10-бап. Iшкi сауда объектiлерi және түрлерi

1. Сауда объектiлерi мен қоғамдық тамақтандыру объектiлерi iшкi сауда объектiлерiне жатады.

2. Iшкi сауда объектiлерiне:

1) автомат - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;

2) жылжымалы сөре - арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын тасымалды немесе жылжымалы сауда орны;

3) автодүкен - сауда жабдықтарымен жарақталған арнайы автокөлiк құралы;

4) шатыр - құрастырмалы-жинамалы конструкциядан жасалып, сауда жабдықтарымен жарақталған және арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын құрылыс;

5) дүңгiршек - арнайы бөлiнген жep учаскесiне орнатылған, сауда залы жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалды құрылыс;

6) дүкен - сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, тұрақты жұмыс iстейтiн күрделi құрылыс немесе оның бiр бөлiгi;

7) сауда үйi - бiртұтас басқарылатын сауда объектiлерiнiң және қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң жиынтығы орналасқан, сауда қызметiне арналған және сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық және қойма үй-жайларымен және өз аумағы шекарасының шегiнде автокөлiк құралдарын қоюға арналған алаңмен қамтамасыз етiлген тұрақты жұмыс iстейтiн күрделi құрылыс;

8) сауда базары - аумақта шаруашылық қызметiн көрсету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн, маңындағы аумақтан бөлектенген, сауда қызметiне арналған және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшiн алаңмен қамтамасыз етiлген оқшауланған мүлiктiк кешен.

Сауда базарларының қызметiн ұйымдастыру ережелерiн, олардың түрлерiн, санаттарын және оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.

3. Қоғамдық тамақтандыру объектiлері мынадай санаттарға бөлiнедi:

1) ресторан - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды қоса алғанда, дайындалуы күрделi ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;

2) кафе - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, дайындалуы күрделi емес ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ, алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;

3) бар - тұтынушыларға тiске басар, десерт және кондитерлiк тағамдар, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;

4) асхана - тұтынушылар өз-өздерiне қызмет көрсететiн қоғамдық тамақтандыру объектiсi.

4. Сауда объектiсiнiң мамандандырылуын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, оның меншiк иесi айқындайды.

5. Iшкi сауда түрлерiне көтерме және бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру және сауданың осы Заңмен белгiленген өзге де түрлерi жатады.

6. Көтерме, бөлшек сауданы және қоғамдық тамақтандыруды жүзеге асыруға, сондай-ақ iшкi сауда объектiлерiне қойылатын тәртiптер мен талаптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.

11-бап. Көтерме сауда

1. Көтерме сауда бөлшек сауда жүзеге асырылатын орындардан бөлек орын болған жағдайда мамандандырылған немесе аралас дүкендерде, сауда үйлерi мен базарларда жүзеге асырылады.

2. Көтерме сауданы жүзеге асыру кезiнде сауда объектiлерiнiң меншiк иелерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілері мен нормативтiк құжаттарының талаптарын, сондай-ақ тауарларды тасымалдау, сақтау және сату үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге мiндеттi.

12-бап. Бөлшек сауда

1. Бөлшек сауда дүкендер, сауда үйлерi, базарлар және автомат-нүктелер, дүңгiршектер, автодүкендер, шатырлар, жылжымалы сөрелер арқылы жүзеге асырылады.

2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше белгiленбесе не тауардың табиғатынан туындамайтын болса, бөлшек сауда кезiнде тауардың әр бiрлiгi оралуға, өлшенiп-буылуға тиiс.

3. Тауарларды сатылатын орындарында көрмеге қою, олардың үлгiлерiн көрсету немесе сатылатын тауарлар туралы мәлiметтер беру (сипаттау, каталогтар, фотосуреттер және тағы сол сияқты), сатушы тиiстi тауарлардың сатуға арналмағанын нақты анықтаған жағдайларды қоспағанда, оның бағасының көрсетiлгенiне және сатып алу-сату шарттарының басқа да маңызды жағдайларына қарамастан, жария оферта болып танылады.

4. Маркетинг желісі, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен реттеледi.

Алкоголь өнiмiнiң (сырадан басқа) бөлшек саудасының ережесін қара

 

2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

13-бап. Қоғамдық тамақтандыру

1. Қоғамдық тамақтандыру объектiлерi өз өнiмдерiн, сондай-ақ басқа да азық-түлік тауарларын өндiрудi, өңдеудi, өткізудi және тұтынуды ұйымдастыруды жүзеге асырады.

2. Қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнде келушiлерге дастархан мәзiрiн ұсыну мәзiрде көрсетiлген қоғамдық тамақтандыру тауарларын бөлшек сатып алу-сату шартын жасауға ұсыныс (жария оферта) болып танылады.

3. Осы Заңның 10-бабының 3-тармағында белгiленген санаттар бойынша қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

14-бап. Сауда қызметіндегі сатып алу-сату шарты

1. Сатып алу-сату шартын жасау тәртібі мен талаптары, сондай-ақ сатушылар мен сатып алушылардың құқықтары мен мiндеттерi осы Заңда белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және өзге де заң актілеріне сәйкес айқындалады.

2. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде қандай да бiр тауарды сату кезiнде тұтынушының жасына қарай шектеу белгiленсе, егер ол өзінің жасын растайтын құжатын көрсетпесе, онда сатушы тауар сатудан бас тартуға мiндеттi.

3. Тауарларды көтерме сатып алу-сату шарты жеткiзiп беру шартының бiр түрi болып табылады, бұл жағдайда сауда қызметiнiң субъектiлерi тауарларды сауда объектiлерiнде сатады.

 

2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 3-1-тараумен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

3-1-тарау. Ішкі сауданы дамытуға жәрдемдесу

 

14-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының сауда қызметін қолдауы

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының сауда қызметін қолдауы мынадай іс-шараларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады:

1) сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;

2) сауда қызметкерлерін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру, кәсіби негізде еңбек нарығын қалыптастыру;

3) сауда қызметі субъектілерін, оның ішінде отандық өндірістің азық-түлік тауарлары саудасын жүзеге асыратындарды экономикалық ынталандыру шараларын қолдану;

4) электрондық сауданы дамыту;

5) шекара маңындағы сауданы дамыту;

6) отандық сауда желілерін дамыту.

2-тармақ 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңның редакциясында (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

2. Ішкі сауданы дамытуға бағытталған іс-шаралар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері ескеріле отырып әзірленеді.

 

14-2-бап. Халықты сауда алаңдарымен қамтамасыз етуді нормалау

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері өңірлердің аумақтарының қала құрылысы жоспарларының (аудандық жоспарлау жобасы), елді мекендердің бас жоспарларының кешендік схемаларын әзірлеу кезінде ескерілуге тиіс.

2. Уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлейді.

3. Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлеу кезінде елді мекендердің санаттары, елді мекендегі халықтың құрылымы мен тығыздығы ескерілуге тиіс.

 

2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 4-тарау жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-тарау. Сыртқы сауда қызметі

 

15-бап. 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

15-1-бап. 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

16-бап. Сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу

1. Сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу шараларына:

1) кедендік баждарды;

2) тарифтік жеңілдіктерді;

3) тарифтік преференцияларды;

4) тарифтік квоталарды қолдану жатады.

2. Сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеудің негізгі мақсаттары:

1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің тауарлық құрылымын ұтымды ету;

2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің және оған әкелудің ұтымды арақатынасын ұстау;

3) Қазақстан Республикасында тауарларды өндіру және тұтыну құрылымында прогрессивтік өзгерістер үшін жағдайлар жасау;

4) Қазақстан Республикасының экономикасын импортталатын тауарлардың қолайсыз әсерінен қорғау;

5) Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға тиімді ықпалдасуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

6) елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

 

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 16-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16-1-бап. Тарифтік квоталар

1. Қазақстан Республикасында тауарларды өндіру және тұтыну құрылымында прогрессивтік өзгерістер үшін жағдай жасау және отандық және шетелдік тауарлардың ұтымды арақатынасын сақтау мақсатында уәкілетті орган:

1) тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге және (немесе) әкетуге арналған тарифтік квоталарды белгілейді;

2) бөлу әдісін, тәртібін, көлемін және олардың қолданылу мерзімін айқындайды.

Уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар тарифтік квотаны бөлу тәртібіне сәйкес, өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квоталарды бөледі.

2. Әкелуіне және (немесе) әкетуіне қатысты тарифтік квоталар қолданылатын тауарларға кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемелерін және квотадан тыс мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес уәкілетті орган белгілейді.

3. Тарифтік квоталар шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу немесе әкету экспортқа және (немесе) импортқа уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.

Экспортқа және (немесе) импортқа лицензиялар беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес белгіленеді.

 

17-бап. Сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу

1. Сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу шараларына:

1) жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салу;

2) жекелеген тауарларды әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулер;

3) тауарлардың жекелеген түрлері экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық беру;

4) сыртқы сауда қызметi саласындағы лицензиялау;

5) тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортын және (немесе) импортын қадағалау;

6) халықаралық экономикалық санкцияларды орындауға қатысу;

7) техникалық, фармацевтикалық, санитариялық, ветеринариялық, фитосанитариялық, экологиялық стандарттар, нормалар мен талаптар, әкелiнетiн тауарлардың сапасын бақылау жатады.

2. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

18-бап. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салу және сан жағынан шектеулер

1. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салуды уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде, тиісті орталық мемлекеттік органдар:

1) құқықтық тәртiпті сақтау;

2) адамның өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау;

3) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасын сақтау;

4) мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени игіліктер объектілерін заңсыз әкетуден және (немесе) әкелуден қорғау;

5) орны толмайтын табиғи ресурстардың iшкi өндiрілуін және тұтынылуын бір мезгілде шектей отырып, олардың сарқылуын болдырмау;

6) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

7) халықаралық мiндеттемелердi орындау;

8) елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттiлiгiне қарай енгiзеді.

2. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеулерді уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде, тиісті орталық мемлекеттік органдар:

1) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

2) халықаралық мiндеттемелердi орындау;

3) ішкі нарықты қорғау қажеттілігіне қарай енгізеді.

3. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеулер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізіледі және лицензиялау жолымен жүзеге асырылады.

4. Тиісті орталық мемлекеттік органдар жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салуды және сан жағынан шектеулерді ішкі нарық үшін айтарлықтай маңызды болып табылатын азық-түлік немесе өзге де тауарлардың ішкі нарықта өте көп жетіспеушілігін болдырмау немесе азайту үшін уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде енгізеді.

Елеулі маңызды тауарлар тізбесін уәкілетті орган айқындайды.

5. Тиісті орталық мемлекеттік органдар сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында жекелеген тауарларды әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулерді бөлуді уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Тиісті орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде, квоталар мөлшерін және квотаның қолданылу мерзімін айқындайды.

Уәкілетті орган квоталар мөлшерін, сондай-ақ квотаның қолданылу мерзімін айқындайды.

 

18-1-бап. Рұқсаттарды беру шарттары мен тәртібі

1. Рұқсаттар барлық өтінім берушілерге шектеусіз беріледі.

2. Рұқсат алу үшін өтінім беруші уәкілетті органға бір данада қағаз жүзінде белгіленген үлгідегі рұқсаттың жобасын және оның электрондық көшірмесін ұсынады.

3. Рұқсаттың жобасы берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде рұқсат беріледі.

4. Рұқсаттың қолданыс мерзімі рұқсат берілген күнтізбелік жылмен шектеледі.

5. Берілген рұқсатқа өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

6. Берілген рұқсат басқа өтінім берушілерге қайта ресімдеуге жатпайды.

7. Рұқсат жоғалған жағдайда өтінім берушінің жазбаша өтініші бойынша уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде рұқсаттың телнұсқасын береді.

 

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-2-баппен толықтырылды

18-2-бап. Қарсы шаралар

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, егер шетел мемлекеті:

1) Қазақстан Республикасына қатысты халықаралық шарттар бойынша өздері қабылдаған міндеттемелерді орындамаса;

2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін бұзатын шаралар, оның ішінде қазақстандық тауарлардың шетел мемлекетінің нарығына шығуын негізсіз жабатын немесе өзгеше түрде оларды негізсіз кемсітетін шаралар қолданған жағдайда қарсы шаралар енгізуге құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының мүдделерін тиімді қорғау үшін қажетті, осы баптың 1-тармағында көзделген қарсы шараларды енгізуге құқығы бар.

 

19-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық санкцияларға қатысуы

Бір немесе бірқатар мемлекеттерге қатысты Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық санкцияларға қатысуы, осы санкцияларды күшіне енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

 

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

20-бап. Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық

1. Тауарлар жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық лицензиялау негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық берілетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде тиісті орталық мемлекеттік органдар бекiтедi.

3. Уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде тиісті орталық мемлекеттік органдар айқындаған сауда қызметі субъектілеріне жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық енгiзiлетiн жекелеген тауарлар түрлерінің экспортын және (немесе) импортын жүзеге асыруға лицензиялар беріледі, олар жекелеген тауарлар түрлерінің экспорты және (немесе) импорты бойынша операцияларды кемсiтпеушiлiк және адал коммерциялық практика қағидаттары негiзiнде жасауға міндетті.

 

21-бап. Жекелеген тауарлар түрлерінің экспортын және (немесе) импортын қадағалау

Жекелеген тауарлар түрлерінің экспортын және (немесе) импортын қадағалау рұқсаттар беру арқылы жүзеге асырылады.

 

22-бап. Тауарларды импорттау кезінде қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану

Тауарларды импорттау кезінде қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

 

 

5-тарау. Сауданың өзге түрлері

23-бап. Аукциондық сауда

1. Тауарларды сату жөніндегі аукциондық сауда көпшiлiкке жария сауда-саттық жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.

Тауардың бастапқы бағасы сатушының сауда-саттық жасау кезіндегі тауардың рыноктық құнына орай айқындалуы мүмкiн, түпкi бағаны сауда-саттық жүргiзу нәтижесiнде сатып алушы айқындайды.

2. Аукциондық сауда жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттеледi.

24-бап. Комиссиялық сауда

Комиссиялық сауда Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

25-бап. Тапсырыс бойынша сауда

1. Тапсырыс бойынша сауда сатушының тауар туралы жарнама және ақпарат таратудың өзге де әдiстерi негiзiнде мәлiметтер ұсыну жолымен жүзеге асырылады.

Тапсырыс бойынша тауарларды сату жиынтық (стандартты) жiберiлiм арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн. Жиынтық (стандартты) жiберiлiм түрлi мақсаттағы тауарлардың жинақталымын қамтуы мүмкiн.

2. Тапсырыс бойынша сауда осы қызмет субъектiлерiнiң тiкелей сатып алушыдан, көшпелi сауда орындарында, телефон немесе почта тапсырысы бойынша тапсырыс беру және (немесе) оны қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

3. Тапсырысты қабылдау және оны орындау жөніндегі қызмет көрсету бағасы, ақы төлеу тәртібі, жеткізу мерзiмi шартпен айқындалады.

4. Тауарды елдi мекен шегiнде жеткізу қолма-қол жүзеге асырылады, тауарларды басқа орындардан жеткізу көлiк немесе почта ұйымымен шарт жасасу арқылы да жүзеге асырылуы мүмкiн.

Тауар басқа елдi мекеннен жеткiзiлген жағдайда тауар үшiн есеп айырысуды, сондай-ақ көлiк немесе почта ұйымы көрсеткен қызметтерге ақы төлеудi сатушының агентi жүзеге асырады.

5. Тапсырыс берушi шарттың талаптары бұзылмай орындалған тапсырысты қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тапсырыс берушi сатушыға тауарды тапсырыс берушiге және керi қарай тасымалдау жөнiнде көрсетiлген қызметтердiң құнын өтеуге мiндеттi.

26-бап. Шекара маңындағы сауда

1. Шекара маңындағы сауданы Қазақстан Республикасының шекара маңы аумағы мен шектес мемлекеттiң тиiстi шекара маңы аумағындағы жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

2. Шекара маңындағы сауданы жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен ережелерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен шектес мемлекеттермен жасасқан халықаралық шарттармен белгiленген талаптарға сәйкес айқындалады.

2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

27-бап. Көшпелi сауда

1. Көшпелi сауда тиістi аумақта жоқ тауарларға қажеттiлiктi қанағаттандыру үшiн не осы аумақта сауда объектiлерi болмаған жағдайда жүзеге асырылады.

2. Сауда қызметiнiң субъектiлерi көшпелi сауданы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары белгiлеген арнайы бөлiнген орындарда жүзеге асырады.

3. Көшпелi сауда автодүкендерде және (немесе) шатырларда жүзеге асырылады.

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.03.12. № 151-V ҚР Заңымен 28-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

28-бап. Көрме-жәрмеңке қызметі

1. Көрме-жәрмеңке қызметі нарықтың конъюнктурасын зерделеу, тауарларды сатып алу-сатуды ұйымдастыруға жәрдемдесу, шарттар жасасу және жаңа сауда байланыстарын орнату мақсатында көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады. Көрме-жәрмеңке қызметі тауар үлгілерін көрсетумен байланысты.

2. Жергілікті атқарушы органдар, жеке немесе заңды тұлғалар халықаралық және республикалық маңызды мәртебесі бар көрмелер мен жәрмеңкелер өткізген жағдайда оларды өткізу көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізу тұжырымдамасын уәкілетті органмен алдын ала келісу жолымен жүзеге асырылады. Көрмелер мен жәрмеңкелерді өткізу тұжырымдамасында болжалды ұйымдық және қаржылық ресурстар мен ықтимал қатысушылар туралы мәліметтер болуға тиіс.

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген талаптар халықаралық мамандандырылған көрмеге қолданылмайды.

4. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым өз қызметінің мақсатына қол жеткізу үшін мынадай функцияларды орындайды:

1) халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу кезінде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді;

2) халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға және өткізуге тікелей байланысты іс-шараларды қаржыландыруды, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрме аумағында орналасқан халықаралық мамандандырылған көрме объектілерінің құрылысын қаржыландыруды қамтамасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның жарғысында көзделген өзге де функцияларды орындайды.

5. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым:

1) орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардан мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті ақпаратты сұратуға;

2) халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу мәселелерін қозғайтын шешімдер қабылдауға қатысуға;

3) Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды олармен жасалған өтеусіз шарттар негізінде Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыруға және өткізуге қатысу үшін волонтерлер ретінде тартуға құқылы.

6. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесіне енгізілген заңды тұлғалар да жатады.

7. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

29-бап. Электрондық сауда

1. Электрондық сауда оған қатысушылардың келісімi (шарты) негiзiнде электрондық байланыс құралдарын пайдалана отырып, тауарларды сатып алу-сатуға сауда мәмiлесiн жасасу арқылы жүзеге асырылады.

2. Электрондық саудаға қатысушылардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау сауда қызметiнiң субъектiлерi үшiн көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

3. Электрондық сауданы жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен ережелерге сәйкес айқындалады.

30-бап. Тауарлармен биржалық сауда жасау

Биржалық сауда Қазақстан Республикасының тауарлық биржалар туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 6-тарау өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 6-тарау жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-тарау. Сауда қызметi субъектiлерiне және тауарларға қойылатын талаптар

 

31-бап. Сауда қызметi субъектiлерiне қойылатын талаптар

1. Сауда қызметi субъектiлерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:

1) тиiсiнше сапалы, қауiпсiздiк талаптарына сай келетiн тауарларды сатуға;

2) тауарларды тиісінше жария оферта, шарттар немесе өзге де мәмiлелер талаптарына сәйкес белгiленген өлшемдер бойынша сатуға;

3) сатып алушыға тауардың сапасы мен шығарылған жерi, тұтыну қасиеттерi, кепiлдi мiндеттемелерi және талаптар қою тәртібі, өнiмдi пайдалану, оны сақтау тәсiлдерi мен ережелерi туралы, ал талап-арызды және сотқа ұсынылатын, оған қоса берілетін құжаттар ресiмделген жағдайда, сол сияқты сатушының немесе дайындаушының (орындаушының) орналасқан жерi мен өзге де реквизиттері туралы қажеттi және дұрыс ақпарат беруге;

4) сауда объектiсiнiң жалпы жұртқа қолжетімді жерiнде өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттік жүйесi талаптарына сәйкес тексерiлген бақылау-өлшеу аспаптарын орналастыруға;

5) сатып алушыда тауарлардың массасы мен ұзындығына қатысты күмән туындаған жағдайларда, оған бақылау-өлшеу құралдарының көмегiмен аталған сипаттамаларды өз бетінше тексеру мүмкiндiгiн беруге;

6) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестiгі міндетті расталуға жататын тауарларды сату кезiнде сатып алушының талабы бойынша оған сәйкестік сертификатын (белгіленген үлгідегі бланкілердегі көшірмесін) не сәйкестік туралы декларацияны көрсетуге;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын тауарларды көтерме саудада сату кезiнде сатып алушының талабы бойынша оған сәйкестiк сертификатын не сәйкестiк сертификаты көшірмесінің берілген күнін көрсете отырып, сәйкестiк сертификатының тауарларды беруші болып табылатын заңды тұлға басшысының немесе құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның немесе дара кәсіпкердің мөрімен және қолымен расталған көшірмесін не сәйкестiк туралы декларацияны көрсетуге;

7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiп пен жағдайларда фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналарды қолдануға;

8) осы Заңның 32-бабында белгiленген қауiпсiздiк талаптары мен нормаларына сай келмейтiн тауарды айналымнан алып тастауға, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тұтынушыдан сатылған тауарды оның құнын өтей отырып, қабылдап алуға;

9) мемлекеттік органдардың белгiленген тәртiппен шығарылған ұйғарымдарын орындауға;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi.

2. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асырушы сауда қызметі субъектілеріне тауарлар беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартудан не көрінеу кемсітушілік сипаттағы шарт жасасудан көрінетін және:

1) сауда қызметі субъектісіне осындай қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен, сондай-ақ осындай немесе өзге де талаптармен басқа да сауда қызметі субъектілерімен тауарлар беру шарттарын жасасуға тыйым салу туралы;

2) тауарлар беруді жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісінің осындай қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен жасасатын шарттары туралы мәліметтер беруін талап ету туралы талаптармен тауарлардың сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне жетуін шектеуіне тыйым салынады.

3. Сауда қызметі субъектілеріне нормативтік құқықтық актілерде белгіленген, осы Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағасының мөлшерін бұзуға тыйым салынады.

4. Осы баптың 2 және 3-тармақтары бұзылған кезде сауда қызметі субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

5. Егер сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісі мен өнім беруші арасында сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөнінде қызметті жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісіне мұндай тауарларды бергеннен кейін белгілі бір уақыттан соң оларға ақы төлеу талабымен тауарлар беру шарты жасалған жағдайда, осы шартта белгілеу үшін мұндай тауарларға ақы төлеу мерзімі мынадай қағидалар бойынша айқындалады:

1) сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісі жарамдылық мерзімі күнтізбелік он күннен кем болып белгіленген азық-түлік тауарларына мұндай тауарлар берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ақы төлеуге тиіс;

2) сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісі Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, жарамдылық мерзімі күнтізбелік он және одан да көп күн болып белгіленген азық-түлік тауарларына мұндай тауарлар берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде ақы төлеуге тиіс.

6. Осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімдерде тауарларға ақы төлеу тауарлар беруді жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісінің Қазақстан Республикасының заңдарына, нормативтік құқықтық актілеріне немесе шартқа сәйкес тауарларға қатысты құжаттарды беру жөніндегі міндеттерін орындаған жағдайда жүзеге асырылады.

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 31-1-баппен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

31-1-бап. Сауда объектілерін, сауда объектілерінде, оның ішінде сауда базарларында сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін салық төлеуші дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын талаптар

Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын күнтізбелік ай шегінде күнтізбелік үш күннен астам мерзімге жалға (пайдалануға) беру кезінде мыналарды:

1) жалға алушының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) не толық атауын;

2) жалға алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен күнін;

2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) жалға алушы салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) жалға алушының сәйкестендіру нөмірін;

4) жалға алу (пайдалану) шартының нөмірі (болған жағдайда) мен жасасқан күнін;

5) сауда орнының мақсатын, оның сауда объектісіндегі, оның ішінде сауда базарындағы орналасқан орнын;

6) жалға алу (пайдалану) мерзімін;

7) жалға алу төлемінің сомасын және (немесе) өтелетін шығыстардың сомасын;

8) жалға беруші мен жалға алушының қолдары мен мөрін (ол болған жағдайда) қамтуы тиіс жазбаша жалға алу (пайдалану) шарттарын жасасуға міндетті.

 

32-бап. Тауарларға қойылатын талаптар

1. Қауіпсіздік талаптарына сай келетін және белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтік құжаттарға, техникалық шарттарға сәйкес келетін тиісті сападағы тауарлар Қазақстан Республикасының ішкі нарығында айналымға жатады.

2. Тауарлардың сапасы туралы мәліметтер:

1) дайындаушының тауар белгісі;

2) тауардың шыққан елі;

3) тауардың құрамы туралы;

4) азық-түлік тауарлары үшін - тамақ құндылығы;

5) дайындалған күні;

6) сақтау және жарамдылық мерзімі туралы;

7) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың аталуы;

8) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес өзге де мәліметтер.

Тауардың сапасына қойылатын жоғарыда аталған талаптар туралы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде жапсырмаларда, затбелгілерде, қосымша парақтарда болуға тиіс.

Тауарлардың сақталуы және тасымалы олардың сапасының сақталуы және тұтыну үшін қауіпсіздік талаптарының сақталуы, оның ішінде арнайы жабдықталған үй-жайларда сақтаудың көзделген шарттарға, осы мақсаттар үшін арнайы арналған көлік құралдарында тасымалдау шарттарына қойылатын талаптардың сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда жүзеге асырылуға және белгіленген жағдайларда мұндай талаптардың сақталуы тиісті құжаттардағы жазбалармен расталуға тиіс.

3. Мыналарды:

1) айналыстан алынған тауарларды;

2) арнайы рұқсат алынбастан, айналыс қабілеті шектелетін тауарларды;

3) белгіленген тәртіппен таңбалауға жататын акциздік таңбалары немесе есепке алу-бақылау таңбалары жоқ акцизделетін тауарларды;

4) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында сатуға тыйым салынған өзге де тауарларды сатуды жүзеге асыруға тыйым салынады.

 

32-1-бап. Сауда қызметі субъектілерінің құқықтары

1. Сауда қызметі субъектілері осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметін жүзеге асыруға құқылы.

2. Сауда қызметі субъектісі:

1) сауданың мамандандырылуын (әмбебап сауда және (немесе) мамандандырылған сауда);

2) сатылатын тауарлардың ассортиментін;

3) жұмыс режимін;

4) осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатылатын тауарлар бағаларын өз бетінше айқындайды.

3. Сауда қызметі субъектісі өзінің мүдделері қозғалатын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды мемлекеттік органдардың қарауы үшін ұсынуға құқылы.

 

7-тарау. Қорытынды ережелер

2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

33-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 33-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

33-1-бап. Тауарлардың сауда желілеріне және ірі сауда объектілеріне жетуін шектеуді бақылау

«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен монополияға қарсы орган тауарлардың сауда желілеріне және ірі сауда объектілеріне жетуін шектеуді бақылауды жүзеге асырады.

 

2011.26.01. № 400-IV ҚР Заңымен 33-2-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 33-2-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

33-2-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылау

1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асыралады.

3. Тексерудің өзге де нысандары сауда объектісіне бару арқылы жүзеге асырылады және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын бақылауға бағытталған.

4. Тексерудің өзге де нысандары жеке, заңды тұлғалардың өтініштері немесе облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.

5. Тексерудің өзге нысандарының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асыру анықталған жағдайда бұзушылықты дереу жою туралы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша нұсқама шығарылады.

6. Тексерудің өзге де нысандарының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды дереу жою туралы нұсқаманы орындауды бақылау «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес өткізілетін жоспардан тыс тексеру арқылы жүзеге асырылады.

 

34-бап. Дауларды шешу

Сауда қызметiн мемлекеттік реттеу процесiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiледi.

35-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

36-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

 

 

Н. Назарбаев