ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық
мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 25 тамыздағы № 141-ө Өкімін қараңыз

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:

124-бапта:

2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Әскери жиындарға шақыру кезеңінде әскери міндетін орындағаны үшін жұмыскерге жалақы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілген міндетті орындайтын жері бойынша төленеді.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жергілікті әскери басқару органдарына шақыру кезінде әскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылуға жататын жұмыскерлердің медициналық комиссиядан өту кезеңінде жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады, ал әскерге шақыру бойынша әскери қызметті (жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезіндегі және соғыс уақытындағы әскери қызметті қоспағанда) өткеру немесе әскери жиындар кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеру кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскер әскери қызметтен шығарылуына байланысты әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен алып тасталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей өзінің еңбек міндеттеріне кірісуге міндетті.».

2. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 4-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы «және әскери-патриоттық тәрбиені» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 8-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«1-1) әскери-патриоттық тәрбие жүйесін дамыту мен ілгерілетуге бағытталған іс-шараларға қатысады;»;

«6-2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесімен тікелей өзара іс-қимылды жүзеге асырады;»;

3) 9-бап мынадай мазмұндағы 7-4), 7-5) және 7-6) тармақшалармен толықтырылсын:

«7-4) Қорғаныс министрлігінің жанындағы әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

7-5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жанынан әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңестерін құрады және олар туралы ережені бекітеді;

7-6) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде әскери-патриоттық тәрбие жүйесін дамыту мен ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды іске асырады;»;

4) 4-тарау мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:

«17-1-бап. Қорғанысты ақпараттық-идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету

Қорғанысты ақпараттық-идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуді мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар жүзеге асырады және ол:

1) Қазақстан Республикасының азаматтарында патриотизм мен қазақстандық біртектілікті;

2) барлық білім беру деңгейі мен барлық әлеуметтік топта әскери-патриоттық тәрбие жүйесін;

3) әскери қызметтің, әскери қызметшінің, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар мәртебесінің оң имиджін қалыптастыру үшін жағдайлар мен алғышарттар жасауға бағытталған.»;

5) 22-баптың 2-тармағында:

9) тармақшадағы «әскери даярлықты жүзеге асыратын ведомстволық әскери оқу орындары мен басқа да білім беру ұйымдарының» деген сөздер «ведомстволық әскери оқу орындарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 9-1) және 16-5) тармақшалармен толықтырылсын:

«9-1) білім беру, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша білім беру ұйымдарында әскери даярлықтың сапасын мониторингтеу және талдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

«16-5) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарының бірінші басшыларымен бірлесе отырып, әскери қызметшілерді көлік құралдарын басқаруға даярлау, емтихандар қабылдау және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын беретін әскери қызметшілердің жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

21) тармақша алып тасталсын;

26-14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

2-тармағы 5) тармақшасының сегізінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

«26-14) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі даярлық қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

26-20) тармақшадағы «білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әскери оқу орындары мен әскери кафедралардағы» деген сөздер «ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әскери оқу орындары мен әскери кафедралардағы (әскери факультеттердегі)» деген сөздермен ауыстырылсын;

26-23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«26-23) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында әскери кафедра (әскери факультет) құру және оны тарату туралы шешім қабылдайды және ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында әскери кафедра (әскери факультет) құру және оны тарату қағидаларын бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 26-35), 26-36) және 26-37) тармақшалармен толықтырылсын:

«26-35) Қорғаныс министрлігінің жанынан әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесін құрады және ол туралы ережені бекітеді;

26-36) мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді білім беру жеңілдіктерін алуға конкурстық іріктеу қағидаларын әзірлейді және оларды ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша құрылымында әскери қызмет өткеру көзделген мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен бірлесіп бекітеді;

2-тармағы 5) тармақшасының он бесінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

26-37) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық қағидаларын әзірлейді және бекітеді;».

3. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

5-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу;».

4. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-баптың 38-3) тармақшасы «дамытуға» деген сөзден кейін «, әскерге шақыруға дейінгі даярлыққа» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 6-бапта:

2-тармақта:

4-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

4) тармақша «дарынды балаларды» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өтіп жатқан балаларды» деген сөздермен толықтырылсын;

13) тармақша «ауқымдағы конкурстар» деген сөздерден кейін «, облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) ауқымдарда бастапқы әскери даярлық бойынша жарыстар» деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақта:

4-тармағы 2) тармақшасының алтыншы абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

14) тармақша «дарынды балаларды» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өтіп жатқан балаларды» деген сөздермен толықтырылсын;

15) тармақша «мектеп олимпиадаларын,» деген сөздерден кейін «бастапқы әскери даярлық бойынша жарыстар,» деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармағы 3) - 6) тармақшалары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

3) 8-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 6) тармақшасы «арналған» деген сөзден кейін «немесе әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 14-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі «Дарынды адамдардың» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ әскери іске қызығушылық пен қабілет танытатын адамдардың» деген сөздермен толықтырылсын;

5) 18-баптың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскер қатарына шақыруға дейінгі терең даярлықты мамандандырылған мектептерінде» деген сөздер «әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 23-баптың 3-тармағы «бекітетін білім беру бағдарламаларын» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітетін әскерге шақыруға дейінгі даярлық бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын» деген сөздермен толықтырылсын;

7) 26-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі «50-1-бабының 2) тармақшасына» деген сөздер «50-1-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 28-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Әскери-патриоттық тәрбие білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламаларының ажырамас бөлігі болып табылады.»;

9) 43-1-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) білім алушыларды запастағы офицерлер және запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлауды;»;

2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«11) білім алушыларға дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде, босанған, бала асырап алған жағдайларда бала үш жасқа толғанға дейін, сондай-ақ әскери қызметке шақыруға байланысты академиялық демалыстар беру;»;

10) 47-баптың 17-2-тармағы 4) тармақшасындағы «адамдарға беріледі.» деген сөздер «адамдарға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

«5) әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің (әскери жиындарды қоспағанда) белгіленген мерзімін өткерген жағдайда азаматтарға;

6) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқан және оның талаптарын сақтаған жағдайларда азаматтарға беріледі.»;

11) 59-1-бапта:

2-тармақта:

4-тармағы 11) тармақшасының үшінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

13) тармақша «дарынды балаларды» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өтіп жатқан балаларды» деген сөздермен толықтырылсын;

14) тармақша «шеберлік конкурстарын» деген сөздерден кейін «, бастапқы әскери даярлық бойынша жарыстар» деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақтың 9) тармақшасы «шеберлік конкурстарын» деген сөздерден кейін «, бастапқы әскери даярлық бойынша жарыстар» деген сөздермен толықтырылсын.

5. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 10-баптың 12-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Әскери, арнаулы оқу орындарында, сондай-ақ шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқудың толық курсын бітірген азаматтар үшін оқу уақыты мерзімді әскери қызмет өткерумен теңестіріледі.

Әскери, арнаулы оқу орындарынан немесе шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарынан шығарып жіберілген, сондай-ақ келісімшарт жасасудан бас тартқан курсанттар әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қою үшін жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі және белгіленген тәртіппен әскери қызмет өткереді.»;

2) 51-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Әскери, арнаулы оқу орнынан немесе шет мемлекеттің білім беру ұйымынан шығарып жіберілуіне байланысты қызметтен шығарылған курсанттар әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қою үшін жергілікті әскери басқару органдарына жіберіледі және белгіленген тәртіппен әскери қызмет өткереді.»;

3) 52-баптың 2-тармағында:

1) тармақшадағы «қатардағы» деген сөз «курсанттарды қоспағанда, қатардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-1) тармақша «тыңдаушылар қатарынан» деген сөздермен толықтырылсын.

6. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-бапта:

5) тармақшадағы «әскери есепке алынғанға» деген сөздер «әскерге шақыру жасына толғанға» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) тармақшадағы «органдарының әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген» деген сөздер «органдарында әскери есепте тұратын» деген сөздермен ауыстырылсын;

11) тармақшаның үшінші абзацындағы «, әскери оқу орындарына түскен кезде әскерге шақырылушыларды және әскери кафедралардың студенттерін» деген сөздер алып тасталсын;

14) және 25-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«14) әскери кафедра (әскери факультет) - запастағы офицерлер және (немесе) запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша студенттерді әскери даярлауды және әскери-патриоттық тәрбиелеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі;»;

«25-2) әскери-оқу практикасы - әскери даярлықтың тиісті бағдарламасы бойынша теориялық білімді, машықтарды бекітуге, практикалық дағдыларды меңгеру мен дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;»;

мынадай мазмұндағы 25-3) тармақшамен толықтырылсын:

«25-3) әскери резидент-дәрігер - медициналық ұйым тәлімгерінің қадағалауымен резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алатын әскери қызметші;»;

26) және 30-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

6-тармағының 1) тармақшасы он бірінші абзацыны қолданысы 2026 ж. 1 қыркүйекке дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың редакциясында қолданылады

«26) бастапқы әскери даярлық - орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери қызметке даярлау және оларды әскери-патриоттық тәрбиелеу шеңберінде әскери іс негіздері бойынша міндетті оқыту пәні (оқу пәні);»;

6-тармағы 1) тармақшасының он екінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

«30-1) жас айбын - әскерге шақыруға дейінгі даярлық бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын адам;»;

мынадай мазмұндағы 30-2) және 30-3) тармақшалармен толықтырылсын:

6-тармағы 1) тармақшасының он төртінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

«30-2) жас сарбаз - әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша тәрбиеленетін және білім алатын адам;

30-3) жауынгерлік даярлық бойынша жиындар - резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілермен жауынгерлік даярлық бағдарламалары бойынша өткізілетін іс-шаралар;»;

35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«35) курстық даярлық - белгілі бір әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери білім мен дағдыларды алуға, сақтауға және жетілдіруге бағытталған, мыналарда:

әскери қызметшілер үшін әскери оқу орындарында, әскери басқару органдарының оқу орталықтарында, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында немесе халықаралық шарттарға немесе шақыруларға сәйкес шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында;

әскери міндеттілер үшін әскери оқу орындарында, Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жанындағы әскери кафедраларда (әскери факультеттерде) немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымында жүзеге асырылатын әскери қызметшілер мен әскери міндеттілерге қосымша білім беру нысаны;»;

мынадай мазмұндағы 35-2) тармақшамен толықтырылсын:

«35-2) қатардағы жауынгерлер (матростар) - қатардағы құрамның тиісті әскери атақтары берілген әскери қызметшілер;»;

37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«37) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымы - азаматтарды әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша даярлауды, қайта даярлауды, әскери қызметшілер мен әскери міндеттілерді курстық даярлықты, оның ішінде көлік құралдарын басқару бойынша даярлауды өтеусіз, өтеулі негіздерде жүзеге асыратын ұйым;»;

44) және 46) тармақшалар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 52) тармақшамен толықтырылсын:

«52) штаттан тыс құрамның əскери лауазымы - əскери кафедраның (əскери факультеттің) студенттерді əскери даярлау жəне əскери-патриоттық тəрбиелеу жөніндегі лауазымдық өкілеттіктер жүктелген штат бірлігі.»;

2) 5-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 15) тармақшасы «біліктілігін арттыруда,» деген сөздерден кейін «курстық даярлықта,» деген сөздермен толықтырылсын;

3) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

«7-1-бап. Əскери міндеттілердің жалпы міндеттері

1. Əскери міндетті:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын жəне Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;

2) əскери есепке алу бойынша міндеттерді сақтауға;

3) əскери білім мен дағдыларды алу, сақтау жəне жетілдіру үшін, оның ішінде кезекті əскери атақтар алу үшін əскери жиындардан не əскери міндеттілердің курстық даярлығынан өтуге;

4) əскери даярлық кезеңінде тəртіпті, қырағы болуға;

5) əскери даярлық кезеңінде əскери мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге;

6) əскери даярлық кезеңінде əскери қызмет мүдделеріне зиян келтіретін жария сөйлеуге жол бермеуге міндетті.

2. Əскери жиындарға шақырылған əскери міндеттілердің лауазымдық жəне арнаулы міндеттері жалпыəскери жарғыларда айқындалады.

3. Əскери міндеттілердің өзге де міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленуі мүмкін.»;

4) 2-тараудың тақырыбы «жəне əскери-патриоттық тəрбиелеу» деген сөздермен толықтырылсын;

5) 9-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Азаматтарды əскери қызметке даярлау:

1) мыналар:

6-тармағы 5) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі даярлық;

мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық;

бастапқы əскери даярлық;

запастағы офицерлер жəне запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша əскери даярлық қамтылған білім беру ұйымдарындағы əскери даярлықты;

2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарындағы əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша əскери даярлықты;

3) əскери міндеттілердің курстық даярлығын қамтиды.»;

4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі білім беру ұйымдарындағы əскери даярлықтың сапасын мониторингтеу мен талдауды білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының азаматтарды əскери қызметке даярлау бөлігіндегі талаптарының сақталуы жəне білім беру ұйымдарында əскери даярлықтың сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар əзірлеу мақсатында жүзеге асырады.»;

6-тармағы 5) тармақшасының он үшінші - он жетінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

мынадай мазмұндағы 6 жəне 7-тармақтармен толықтырылсын:

«6. Бастапқы əскери, əскерге шақыруға дейінгі жəне əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты жүзеге асыратын азаматтардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың, əскери оқу орындарының, сондай-ақ жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының əскери кафедраларының (əскери факультеттерінің) базасында бастапқы əскери даярлық қағидаларына сəйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың, əскери оқу орындарының, сондай-ақ жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының əскери кафедраларының (факультеттерінің) базасында бастапқы əскери даярлықтың білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттырудан өткені туралы құжат білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен біліктілік санатын беру кезінде ескеріледі.

Бастапқы əскери, əскерге шақыруға дейінгі жəне əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты жүзеге асыратын азаматтардың біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен əзірленеді жəне оны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітеді.

7. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі əскерге шақыруға дейінгі даярлық бөлігінде балаларға арналған қосымша білім беруді реттейтін, сондай-ақ бастапқы əскери даярлықты, оның ішінде əскерге шақыруға дейінгі жəне əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық шеңберінде жүзеге асыратын педагогтерге қатысты бөлігінде аттестаттау, біліктілік санаттарын беру, біліктілікті арттыру мен педагогикалық қайта даярлау тəртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін əзірлеуге жəне келісуге қатысады.»;

6) 10-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші жəне үшінші бөліктермен толықтырылсын:

6-тармағының 6) тармақшасы үшінші жəне төртінші абзацтарының қолданысы осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады

«Алғашқы əскери даярлықты:

1) тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі бар, əскери қызмет өткерген немесе жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім беру ұйымдарының əскери кафедрасында (əскери факультетінде) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша əскери даярлықтан өткен;

2) офицерлер, аға немесе жоғары сержанттар құрамдарының лауазымдарында əскери қызмет өткерген (əскери қызметке қайта кіру құқығынсыз теріс себептермен əскери қызметтен шығарылған азаматтарды қоспағанда), жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар азаматтар жүзеге асыра алады.

Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында аталған азаматтардың кəсіптік дағдылары бастапқы əскери даярлық бейіні бойынша кəсіптік білімге сай келеді жəне олар бастапқы əскери даярлық қағидаларына сəйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен жағдайда бастапқы əскери даярлықты жүзеге асыруға құқылы.»;

2-тармақтағы «Азаматтарды əскери қызметке даярлау қағидаларына сəйкес мерзімді əскери қызметке шақырылар алдында» деген сөздер «əскери қызмет өткеру кезеңінде» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы «тəртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды» деген сөздер «тəртібі бастапқы əскери даярлық қағидаларында айқындалады» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-тармағы 7) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

7) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«11-бап. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық

1. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылады.

2. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты ұйымдастыру жəне одан өту тəртібі мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлық қағидаларында айқындалады.

3. Əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру жəне тарату Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісіледі.

4. Əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарына бірінші басшылар мен педагогтер лауазымдарына тағайындау жəне оларды лауазымдарынан босату тəртібі, сондай-ақ олардың біліктілік сипаттамалары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісіледі.

5. Əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қатысуымен жүзеге асырылады.»;

6-тармағы 8) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

8) мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:

«11-1-бап. Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі даярлық

1. Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі даярлық негізгі орта жəне жалпы орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарында жас айбындар сыныптарында, топтарында жүзеге асырылады. Сондай-ақ жас айбындарды əскерге шақыруға дейінгі даярлық балаларға қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда жəне əскери бөлімдердің (мекемелердің) қатысуымен жүзеге асырылуы мүмкін.

2. Əскерге шақыруға дейінгі даярлықты ұйымдастыру жəне одан өту тəртібі қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша əскерге шақыруға дейінгі даярлық қағидаларында айқындалады.»;

9) 13-бапта:

1-тармақ «тапсырысына сəйкес» деген сөздерден кейін «жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Азаматтарды запастағы офицерлер жəне запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша əскери даярлықтан өткізу тəртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес айқындалады.

Əскери-оқу практикасы əскери бөлімдердің (мекемелердің), əскери оқу орындарының оқу-материалдық, техникалық базасы пайдаланыла отырып жүргізіледі.»;

2-тармақтағы «запастағы кіші сержант» деген сөздер «запастағы сержант» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Азаматтарды запастағы офицерлер жəне запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша əскери даярлықты ұйымдастыру үшін Қорғаныс министрлігі:

1) əскери кафедра (əскери факультет) қызметінің қағидаларын;

2) əскери кафедрадағы (əскери факультеттегі) əскери даярлық бағдарламаларының тізбесін;

3) əскери кафедрада (əскери факультетте) оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді.»;

10) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:

«13-1-бап. Əскери міндеттілердің курстық даярлығы

1. Əскери міндеттілердің курстық даярлығы жұмылдыру қажеттілігіне жəне əскери оқытылған резервті жинақтау қажеттілігіне сүйене отырып, Қорғаныс министрлігінің тапсырысына сəйкес өтеулі негізде жүргізіледі.

2. Əскери міндеттілердің курстық даярлығы бағдарламалары бойынша əскери даярлықтың толық курсын бітірген əскери міндеттілерге кезекті əскери атақ əскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалған тəртіппен беріледі.

3. Əскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу тəртібі Қорғаныс министрлігі бекітетін əскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидаларына сəйкес айқындалады.»;

11) 2-тарау мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

«14-1-бап. Əскери-патриоттық тəрбие

1. Əскери-патриоттық тəрбие - əскери-патриоттық тəрбиелеу субъектілерінің Қазақстан Республикасы азаматтарының бойында қазақстандық патриотизмді, біртұтас ұлтқа тиесілілік сезімін, рухани-имандылық құндылықтарын, Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық міндетті орындауға əзірлікті қалыптастыру жəне осыған байланысты қажетті білім мен дағдыларды дамыту бойынша жүйелі, мақсатты жəне үйлестірілген қызметі.

2. Əскери-патриоттық тəрбиелеу жүйесі азаматтарды əскери-патриоттық тəрбиелеудің үздіксіз болуын қамтамасыз ететін, өзара байланысты құралдардың, əдістердің, құжаттардың, іс-шаралардың, əскери-патриоттық тəрбиелеу субъектілерінің жиынтығын білдіреді.

Əскери-патриоттық тəрбиелеу жүйесі əскери-патриоттық тəрбиелеу субъектілері қызметінің бағыттарын үйлестіру мен айқындауды, сондай-ақ мұндай қызметті ғылыми жəне əдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуді қамтиды.

3. Азаматтарды əскери-патриоттық тəрбиелеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен ұйымдары əскери-патриоттық тəрбиелеу субъектілері болып табылады.

Қазақстан Республикасында əскери-патриоттық тəрбиелеу субъектілерінің қызметін үйлестіруді əскери-патриоттық тəрбие жөніндегі үйлестіру кеңестері жүзеге асырады, олар:

Қорғаныс министрлігі жанынан - республикалық;

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жанынан - аумақтық болып құрылады.

Əскери-патриоттық тəрбие жөніндегі үйлестіру кеңестері консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.

Əскери-патриоттық тəрбие жөніндегі үйлестіру кеңестерінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) əскери-патриоттық тəрбиелеу субъектілерінің келісілген іс-қимылдарды жүзеге асыруы жəне олардың қызмет тиімділігін арттыру;

2) əскери-патриоттық тəрбие мəселелері бойынша ақпарат алмасу, оң тəжірибені зерделеу жəне тарату;

3) əскери-патриоттық тəрбиелеу субъектілерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау.

Əскери-патриоттық тəрбие жөніндегі үйлестіру кеңестерінің құрамы, өкілеттіктері мен қызмет тəртібі тиісінше Қорғаныс министрлігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары бекітетін ережелерде айқындалады.

Əскери-патриоттық тəрбие жөніндегі аумақтық үйлестіру кеңестері туралы үлгілік ережені Қорғаныс министрлігі əзірлейді жəне бекітеді.

4. Шетелдік заңды жəне жеке тұлғалар, шет мемлекеттер жəне халықаралық ұйымдар ұсынатын қаржыландыруды қоспағанда, əскери-патриоттық тəрбие бюджет қаражаты жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған бюджеттен тыс көздер есебінен жүзеге асырылады.»;

12) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Əскери есепке алу»;

13) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«16-бап. Азаматтарды жергілікті əскери басқару органдарына тіркеу

1. Азаматтарды жергілікті əскери басқару органдарына тіркеу - азаматтарды бастапқы əскери есепке қою үшін жергілікті əскери басқару органдары жүргізетін əскери есепке алу іс-шаралары.

2. Жергілікті əскери басқару органдарына тіркелуге мыналар жатады:

1) он жеті жасқа толған ер азаматтар;

2) бұрын əскери есепте тұрмаған ер азаматтар;

3) осы Заңның 15-бабының 1-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдар;

4) əскери-есептік мамандығы бар əйел азаматтар.

3. Азаматтарды жергілікті əскери басқару органдарына тіркеу əскери міндеттілер мен əскерге шақырылушыларды əскери есепке алу қағидаларына сəйкесжүзеге асырылады.»;

14) 17-бапта:

тақырыптағы «, əскери міндеттілердің жəне əскерге шақырылушылардың» деген сөздер алып тасталсын;

1-тармақтың 4) тармақшасындағы «əскерге шақыру жасына дейінгілерді тіркеген жəне» деген сөздер алып тасталсын;

4-тармақтың бірінші бөлігінде:

«жерінің өзгеруі туралы;» деген сөздер «жерінің, жұмыс (оқу) орнының өзгеруі туралы; білімінің болуы туралы; отбасы құрамы туралы; жүргізуші куəлігінің бар-жоғы туралы; Қазақстан Республикасының аумағында болуы туралы;» деген сөздермен ауыстырылсын;

«танылғандығы;» деген сөзден кейін «стационарлық емделуде болуы жəне динамикалық байқауда тұратындығы;» деген сөздермен толықтырылсын;

«болуы не болмауы туралы» деген сөздерден кейін «; оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқаны; сот оларға қатысты қылмыстық істерді қарап жатқаны, сондай-ақ оларға қатысты заңды күшіне енген үкімдер туралы» деген сөздермен толықтырылсын;

7-тармақ алып тасталсын;

15) 18-бапта:

3-тармақта:

«Мерзімді қызмет өткеруге азаматтардың құқық қорғау жəне арнайы мемлекеттік органдар оқу орындарының күндізгі оқу бөлімдерінде оқыған уақыты» деген сөздер «Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың арнаулы оқу орындарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

«, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің əскери оқытылған резервті даярлау бағдарламасы жөніндегі мамандандырылған ұйымдарында əскери даярлықтан өту уақыты» деген сөздер «не осы мемлекеттік органдардың жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарында оқудың толық курсын бітірген азаматтар үшін оқу уақыты мерзімді əскери қызмет өткерумен» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған, бұрын мерзімді əскери қызметті өткермеген азаматтар оқудан шығарылған жағдайда, белгіленген тəртіппен мерзімді əскери қызметке шақырылады, ал осы Заңның 38-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының алтыншы абзацында аталған адамдар оқудан шығарылған жағдайда келісімшарт бойынша əскери қызметке кіруге құқылы.»;

4-тармақта:

екінші жəне үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұрын əскери ант қабылдамаған əскери міндеттілер оны əскери жиындарға (əскери міндеттілердің курстық даярлығы аяқталғаннан кейін) жəне жұмылдыру бойынша шақырылған кезде қабылдайды.

Əскери кафедралардың (əскери факультеттердің) студенттері əскери антты запастағы офицерлер жəне запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша əскери даярлық қағидаларына сəйкес Отан қорғаушы күні қарсаңында қабылдайды.»;

мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша өтеулі негізде білім алатын əскерге шақырылушылар əскери антты əскери-техникалық жəне өзге де мамандықтар бойынша даярлау қағидаларына сəйкес оқуды бітіргеннен кейін қабылдайды.»;

16) 20-бап мынадай мазмұндағы ескертпелермен толықтырылсын:

«Ескертпелер.

1. Осы баптың төртінші бөлігі 2) тармақшасының екінші абзацында көзделген «лейтенант» əскери атағында еңбек сіңірген мерзім, егер əскери қызметші:

курсант бола тұра, бес жəне одан көп жыл бойы жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бір немесе бірнеше əскери оқу орнында білім алса;

техникалық жəне кəсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының əскери оқу орнын бітіргеннен кейін шетелдік жоғары əскери оқу орнына түссе жəне курсант бола тұра, төрт жəне одан көп жыл бойы білім алса, бір жылға дейін қысқартылады.

2. Егер əскери қызметші курсант бола тұра, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бір немесе бірнеше əскери оқу орнында алты жыл бойы білім алса немесе техникалық жəне кəсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының əскери оқу орнын бітіргеннен кейін шетелдік жоғары əскери оқу орнына түссе жəне курсант бола тұра, бес жыл бойы білім алса, онда осы баптың төртінші бөлігі 2) тармақшасының үшінші абзацында көзделген «аға лейтенант» əскери атағында еңбек сіңірген мерзім де қысқартылады жəне екі жылды құрайды.»;

17) 21-бап мынадай мазмұндағы 4-3-тармақпен толықтырылсын:

«4-3. Штаттан тыс құрамның əскери лауазымына Қарулы Күштердің əскери қызметшісі əскери қызмет өткеру қағидаларына сəйкес тағайындалады.»;

18) 23-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы Заңның 10-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде аталған азаматтарға педагогтің кəсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде бастапқы əскери даярлық қағидаларында айқындалатын тəртіппен əскери киім нысанының жекелеген заттарын киіп жүру жəне айырым белгілерін тағып жүру ерекшеліктерімен əскери киім нысанын киіп жүруге де рұқсат етіледі.»;

19) 26-баптың 10-тармағында:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Осы Заңның 37-бабының 6-тармағына сəйкес келісімшарт бойынша əскери қызметке кірген, мерзімді əскери қызметпен қоса жиынтығында он екі айдан аз қызмет өткерген жəне əскери қызметтен шығарылған қатардағы жəне сержанттар құрамдарының əскери қызметшілері белгіленген тəртіппен мерзімді əскери қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін, бірақ кемінде үш айға əскери бөлімдерге (мекемелерге) жіберіледі.»;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бұрын əскери қызмет өткермеген, əскери кафедрада (əскери факультетте) немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери даярлықтан өтпеген, келісімшарт бойынша əскери қызметке алғаш рет кірген, он екі айдан аз қызмет өткерген жəне əскери қызметтен шығарылған азаматтар əскерге шақырылушылардың əскери есебіне қою үшін жергілікті əскери басқару органдарына жіберіледі жəне белгіленген тəртіппен мерзімді əскери қызметке шақырылады.»;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұрын мерзімді əскери қызмет өткермеген жəне əскери, арнаулы оқу орындарынан оқудан шығарып жіберілген, жиырма алты жасқа толмаған курсанттар мен кадеттер əскерге шақырылушылардың əскери есебіне қою үшін жергілікті əскери басқару органдарына жіберіледі жəне белгіленген тəртіппен мерзімді əскери қызметке шақырылады, ал осы Заңның 38-бабының 1-тармағы 4) тармақшасының алтыншы абзацында аталған адамдар келісімшарт бойынша əскери қызметке кіруге құқылы.»;

үшінші жəне бесінші бөліктер алып тасталсын;

20) 29-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы «əскери кафедраларға» деген сөздерден кейін «(əскери факультеттерге)» деген сөздермен толықтырылсын;

21) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«30-бап. Əскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың міндеттері

Əскери қызметке шақырылуға жататын азаматтар көрсетілген күні мен уақытында жергілікті əскери басқару органының шақыруы бойынша (медициналық куəландыруға немесе зерттеп-қарауға, зерделеу жүргізуге, əскерге шақыру комиссиясының отырысына немесе əскери қызмет өткеру үшін əскери бөлімге (мекемеге) жіберу, сондай-ақ əскери қызметке қатыстылығын айқындау үшін) келуге міндетті.

Шақыру келу күніне дейін кемінде күнтізбелік үш күн бұрын ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жəне (немесе) «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне мəтіндік хабар арқылы шақыру қағазын жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Ұялы байланыстың, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген абоненттік нөмірі туралы мəліметтер болмаған жағдайда, қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазы қолма-қол жеткізіледі не тұрғылықты жері тіркелген мекенжай, уақытша тұратын (болатын) жері немесе жұмыс орны бойынша пошта арқылы жіберіледі. Жергілікті əскери басқару органдарының уəкілетті адамдары, ұйым басшысы не пошта операторының курьері шақыру қағазын əскери қызметке шақырылуға жататын азаматқа оның қолын қойғыза отырып, жеке өзіне табыс етеді.

Əскери қызметке шақырылуға жататын азамат қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазын қабылдаудан бас тартқан кезде оны табыс ететін адам шақыру қағазына тиісті белгі жасайды, ол жергілікті əскери басқару органына қайтарылады. Шақыру қағазын қабылдаудан бас тартқан азамат тиісті түрде хабарланған болып табылады.

Қажет болған кезде қағаз жеткізгіштегі шақыру қағазы əскери қызметке шақырылуға жататын азаматқа жергілікті əскери басқару органында табыс етіледі, бұл ретте келу күні келесі күннен кешіктірілмей белгіленуге тиіс.

Əскери қызметке шақырылуға жататын азамат шақыру қағазын мынадай жағдайларда:

1) өзі жергілікті əскери басқару органына берген не азаматтың атына тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша алса, жеткізілгенін растайтын есеп алынған кезде;

2) «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мəтіндік хабар жіберіле отырып, «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының кабинетінде;

3) тұрғылықты жері тіркелген мекенжай, уақытша тұратын (болатын) жері немесе жұмыс орны бойынша алса, сондай-ақ шақыру қағазын жергілікті əскери басқару органында алған кезде тиісті түрде хабарланған болып табылады.

Əскери қызметке шақырылуға жататын азамат «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне жəне (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жіберілген мəтіндік хабарды, оның ішінде ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің өзгеруіне байланысты оқымаған жағдайда, ол тиісті түрде хабарланған деп танылмайды.

Əскерге шақырылуға жататын азамат шақыру бойынша белгіленген мерзімде келуге кедергі келтіретін дəлелді себептердің болуы туралы өзін шақырған жергілікті əскери басқару органын хабардар етуге міндетті.

Əскери қызметке шақырылуға жататын, шақыру туралы тиісті түрде хабарланған азаматтың келмеуінің дəлелді себептері мыналар болып табылады:

1) адамды келу мүмкіндігінен айыратын сырқат;

2) жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы;

3) дүлей зілзалалар, адамды белгіленген мерзімде келу мүмкіндігінен айыратын өзге де себептер;

4) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу;

5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерде болу.

Əскери қызметке шақырылуға жататын азамат жергілікті əскери басқару органының шақыруы бойынша келмеген жағдайда, оның келуін қамтамасыз ету тиісті ішкі істер органына жүктеледі.

2. Əскери қызметке немесе əскери жиындарға шақырылуға жататын азаматтардың медициналық комиссиядан өту кезеңінде жергілікті əскери басқару органдарына шақырылған кезде жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады.»;

22) 33-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Əскери оқу-жаттығу жиындарына шақырылуға жататын əскери міндеттілер əскери міндеттілерді курстық даярлық бағдарламасы бойынша əскери даярлық курсынан өтеулі негізде өтуге құқылы.»;

23) 35-бапта:

1-тармақта:

бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Əскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру азаматтарға мынадай негіздер бойынша:»;

екінші бөліктің бірінші абзацы алып тасталсын;

3 жəне 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Білім алуды жалғастыру үшін əскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру тиісті білім беру деңгейіндегі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын азаматқа азаматтарды əскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларына сəйкес бүкіл оқу кезеңіне беріледі.

Білім алуды жалғастыру үшін əскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру рухани (діни) білім беру ұйымдарында білім алатын азаматтарға, егер осы ұйым Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сəйкес білім беру қызметін жүзеге асырған жағдайда беріледі.

Білім алуды жалғастыру үшін əскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру білім берудің əрбір деңгейі үшін бір рет беріледі.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алып жатқан азаматқа əскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру резидентурада, магистратурада немесе докторантурада оқу кезінде тиісінше бір рет беріледі.

Білім алуды жалғастыру үшін əскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру шет мемлекеттердің оқу орындарында қашықтан оқытуды қолдану арқылы білім алатын азаматтарға берілмейді.»;

«6. Осы Заңның 41-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сəйкес запасқа қойылған азаматтарға осы баптың 2-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларында, 3, 4 жəне 5-тармақтарында көзделген жағдайларда əскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру беріледі.»;

9-тармақта:

«өтiнішін жəне» деген сөздер «өтінішін, ал осы баптың 2-тармағына сəйкес кейінге қалдыруға құқығы болған кезде -» деген сөздермен ауыстырылсын;

«адамдар мен халықты əлеуметтiк қорғау органдарынан нотариат куəландырған тиiстi құжатты ұсынған кезде азаматтар» деген сөздер «адамдардан нотариат куəландырған тиiстi құжат ұсынылған кезде азаматтар азаматтарды əскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларында айқындалатын тəртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;

24) 36-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған азаматтарды қоспағанда, əскери қызметке шақырудан босатылуға құқығы бар азаматтар азаматтарды əскерге шақыруды ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларында айқындалатын тəртіппен өздерінің қалауы бойынша əскери қызметке шақырылуы мүмкін.

Осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, əскери жиындарға шақырудан босатылуға құқығы бар азаматтар азаматтарды əскерге шақыруды ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларында жəне əскери міндеттілерді курстық даярлықтан өткізу қағидаларында айқындалатын тəртіппен тиісінше өздерінің қалауы бойынша əскери жиындарға шақырылуы мүмкін не əскери міндеттілердің курстық даярлығынан өте алады.»;

6-тармағы 25) тармақшасының бірінші - төртінші абзацтары 2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

25) 38-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігінде:

3) тармақша бесінші абзацындағы «бес жыл қалғанға дейін;» деген сөздер «бес жыл;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

«келісімшарт бойынша əскери қызметке қайта кіретіндер жəне кемінде он екі жыл жəне алты ай үздіксіз əскери қызметі, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарындағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі барлар үшін - үш жыл қалғанға дейін;»;

4) тармақшада:

үшінші абзацтағы «ерлерді қоспағанда, мерзімді əскери қызметті өткеруге не əскери кафедрада оқудан немесе əскери-техникалық мамандарды даярлау бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери даярлықтан өтеулі негізде өтуге тиіс.» деген сөздер «ерлерді;» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші жəне алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

6-тармағы 25) тармақшасының сегізінші жəне тоғызыншы абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

«кемінде екі жыл əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өткен жас сарбаздарды;

кемінде төрт жыл кезең ішінде əскерге шақыруға дейінгі даярлықтан өткен жас айбындарды;

оқудың бір жылы өткеннен кейін əскери оқу орындарынан, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарының, азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның арнаулы оқу орындарынан оқудан шығарып жіберілген адамдарды, ал оқудың екі жылы өткеннен кейін - оқудан шығарып жіберілген ұландарды қоспағанда, мерзімді əскери қызметті өткеруге не əскери кафедрада (əскери факультетте) оқудан немесе əскери-техникалық мамандарды даярлау бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери даярлықтан өтеулі негізде өтуге тиіс.»;

6-тармағы 25) тармақшасының он бірінші жəне он екінші абзацтары 2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

2-тармақтың бірінші бөлігі 11) тармақшасының екінші бөлігі үшінші абзацындағы «адамға қолданылмайды, ол осындай шығарудан кейін екі жыл өткен соң əскери қызметке кіруге құқылы.» деген сөздер «, осындай шығарудан кейін екі жыл өткен соң əскери қызметке кіруге құқылы болатын;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

«əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптарын жүйелі түрде (екі жəне одан көп рет) бұзғаны үшін қызметтен шығарылған, осындай шығарудан кейін екі жыл өткен соң келісімшарт бойынша əскери қызметке кіруге құқылы болатын адамға қолданылмайды.»;

6-тармағы 26) тармақшасының бірінші абзацы 2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

26) 39-бапта:

1-тармақта:

екінші бөлікте:

«Əскери» деген сөз «Тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери» деген сөздермен ауыстырылсын;

«қабылдау» деген сөз «оқуға қабылдау» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөлікте:

бірінші жəне үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«Əскери оқу орындарына қабылдауға конкурс өткізу кезінде тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына сəйкес конкурстық іріктеудің барлық кезеңінен сəтті өткен жағдайда:»;

6-тармағы 26) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

«жас сарбаз, жас айбын ретінде кемінде екі жыл кезең ішінде əскерге шақыруға дейінгі даярлықтан өткен азаматтардың;»;

мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

«еңбек сіңірген жылдары кемінде он бес жыл болатын əскери қызметшілердің, сондай-ақ теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдарды қоспағанда, еңбек сіңірген жылдары жиырма жəне одан көп жыл болатын əскери қызметтен шығарылған адамдардың балаларының;»;

6-тармағы 26) тармақшасының он екінші абзацы 2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

5-тармақтың екінші бөлігіндегі «кіші сержант» деген сөздер «сержант» деген сөзбен ауыстырылсын;

27) 39-1-бапта:

1-тармақтағы «жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы» деген сөздер «əскери оқу орны» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақ «университетіне» деген сөзден кейін «жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

6-тармағы 28) тармақшасының бірінші абзацы 2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

28) 40-баптың 1-тармағында:

1) тармақшадағы «- келісімшарт бойынша əскери қызметке алғаш кіретін адамдар үшін» деген сөздер алып тасталсын;

5) тармақшадағы «, кадеттер» деген сөз алып тасталсын;

6-тармағы 28) тармақшасының төртінші жəне бесінші абзацтары 2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

7) тармақшадағы «үш жылға жасалады.» деген сөздер «үш жылға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) кадеттер үшін - əскери оқу орнында оқу мерзіміне жəне оны бітіргеннен кейін əскери қызметтің бес жылына жасалады.»;

29) 40-2-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы «əскери кафедрада» деген сөздерден кейін «(əскери факультетте)» деген сөздермен толықтырылсын;

30) 41-бапта:

1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының əскери кафедраларында (əскери факультеттерінде) запастағы офицерлер жəне запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша əскери даярлықтан өткен;»;

4-тармақ «органдары» деген сөзден кейін «əскери міндеттілер мен əскерге шақырылушыларды əскери есепке алу қағидаларына сəйкес» деген сөздермен толықтырылсын;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Запаста болу əскери жиындардан (əскери міндеттілердің курстық даярлығынан) өтуді, əскери қызметке шақыруды ұйымдастыру жəне жүргізу қағидаларын орындауды жəне əскери есепке алу бойынша міндеттерді сақтауды білдіреді.»;

8-тармақта:

«жиындардан» деген сөзден кейін «(əскери міндеттілердің курстық даярлығынан)» деген сөздермен толықтырылсын;

«кезде» деген сөз «жағдайда» деген сөзбен ауыстырылсын;

31) 43-бапта:

1-тармақтағы «, сондай-ақ əскери даярлық бойынша сабақтарға тартылады» деген сөздер «немесе өтеулі негізде курстық даярлықтан өтеді» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Əскери міндеттілердің курстық даярлық бағдарламасы бойынша толық курстан өтуі əскери оқу-жаттығу жиындарынан өтумен теңестіріледі.»;

6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Əскери жиындар кезеңінде əскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталады, оларға бюджет қаражаты есебінен орташа, бірақ республика бойынша орташа жалақыдан жоғары емес жалақы, ал жұмыс істемейтіндерге ең төмен жалақы төленеді.»;

32) 44-баптың 7-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Əскери-оқу практикасы кезеңінде əскери кафедралардың (əскери факультеттердің) өтеусіз негізде білім алып жатқан студенттері, əскери оқу орындарына түсу кезінде əскерге шақырылушылар, сондай-ақ оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшін келген жəне əскери колледждерде казармалық жағдайда тұратын кандидаттар бюджет қаражаты есебінен тиісті нормалар бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі. Əскери-оқу практикасы кезеңінде əскери кафедралардың (əскери факультеттердің) өтеулі негізде білім алып жатқан студенттері өз жанында тиісті əскери кафедралар (əскери факультеттер) жұмыс істейтін жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының есебінен тиісті нормалар бойынша тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.»;

33) 48-бапта:

тақырыптағы «тəрбиеленушілерін,» деген сөз алып тасталсын;

бірінші бөліктегі «, тəрбиеленушілері» деген сөз алып тасталсын;

34) 48-1-баптағы «тəрбиеленушілерін,», «тəрбиеленушілері,» деген сөздер алып тасталсын;

35) 50-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші жəне үшінші бөліктермен толықтырылсын:

«Əскери қызметтен шығарылған адамдарды əлеуметтік бейімдеу мақсатында Қорғаныс министрлігі білім беру, ғылым жəне жоғары білім саласындағы уəкілетті органдармен келісу бойынша педагогикалық қайта даярлаудың білім беру бағдарламаларын əзірлейді жəне бекітеді.

Əскери оқу орындарында өтеусіз негізде педагогикалық қайта даярлаудан офицерлер, аға немесе жоғары сержанттар құрамдары лауазымдарында əскери қызмет өткерген, жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі жəне кемінде он жыл сіңірген еңбегі бар, əскери қызметтен шығарылатын немесе шығарылған (əскери қызметке қайта кіру құқығынсыз теріс себептермен шығарылған адамдарды қоспағанда), адамдар өтуге құқылы.»;

36) 50-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«50-1-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының əскери қызмет міндеттерін орындауы кезіндегі кепілдіктер

1. Мерзімді əскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасы азаматтарының:

1) білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларына сəйкес мерзімді əскери қызметті өткеру кезеңінде өткізілетін конкурстық іріктеу негізінде мерзімді əскери қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл ішінде жоғары əскери, арнаулы оқу орындарына түсуге;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квоталар шегінде білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларына сəйкес мерзімді əскери қызметті өткеру кезеңінде өткізілетін конкурстық іріктеу негізінде медициналық, фармацевтикалық жəне педагогикалық білімнің білім беру бағдарламаларын қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге;

3) мемлекеттік жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқудың бірінші жылында жатақханадан орынды басымдықпен алуға;

4) қызметтен шығарылған күннен бастап екі жыл ішінде ұлттық бірыңғай тестілеу мен емтихандардың нəтижелері ескерілместен ақылы негізде жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квоталар шегінде техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсуге;

6) əскери қызметтен шығарылған кезеңмен тұспа-тұс келетін академиялық кезең ішінде білім беру грантын жоғалтпай, жеке оқу жоспарлары бойынша оқуды жалғастыруға (білім алуды жалғастыру үшін əскерге шақыруды кейінге қалдырудан бұрын бас тартқандарға жəне əскери қызметке өз қалауы бойынша шақырылғандарға);

7) мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алуға байланысты жəне «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 17-тармағында көзделген жұмыспен өтеу жөніндегі міндетті бюджет қаражаты есебінен жұмсалған, білім алуға байланысты шығыстарды өтемей тоқтатуға құқығы бар.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4), 6) жəне 7) тармақшаларының күші əскерге шақыру бойынша əскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген запастағы офицерлерге де қолданылады.

2. Мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілерге мерзімді əскери қызмет өткеру мерзімін жəне ол аяқталғаннан кейінгі алпыс күнді қамтитын кезеңге банктік қарыз шарттары жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қарыз жəне (немесе) микрокредит бойынша сыйақы есептелмей, негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді кейінге қалдыру беріледі.

3. Əскери қызметке (жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде жəне соғыс уақытында əскерге шақыруды қоспағанда) немесе əскери жиындарға шақырылған азаматтардың əскерге шақыру бойынша əскери қызметті өткеру немесе əскери жиындар кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

Əскери қызмет өткеру кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталған азамат əскери қызметтен шығарылуына байланысты əскери бөлім (мекеме) тізімдерінен алып тасталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей өзінің еңбек міндеттеріне кірісуге міндетті.»;

6-тармағы 37) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

37) 52-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «Жас ұлан» республикалық мектебіне» деген сөздер «əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;

38) 53-баптың 3-тармағы алып тасталсын.

7-тармақ 2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

7. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

161-баптың 1-тармағының төртінші бөлігіндегі «Қорғаныс өнеркəсібі жəне мемлекеттік» деген сөздер «Мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын.

8. «Дербес деректер жəне оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 8-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «2),» деген цифрдан кейін «2-1),» деген цифрлармен толықтырылсын;

2) 9-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) Қазақстан Республикасының əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы заңнамасына сəйкес əскери есепке алуды жүзеге асырған;».

9. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 16-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Ерекше мақсаттағы күштерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын беретін əскери қызметшілердің жүргізуші куəліктерін (бұдан əрі - əскери қызметшілердің жүргізуші куəліктері) беруді жүзеге асырады;»;

2) 73-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «74-бабында» деген сөздер «74 немесе 74-1-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 74-бапта:

3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Аталған адамдарға олар жиырма бір жасқа толғанға дейін берілген ұлттық жүргізуші куəліктері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға ғана тиесілі «С» санатындағы көлік құралдарын жəне олар əскери қызмет өткерген кезеңде ғана басқару құқығын растайды.»;

4-тармақ алып тасталсын;

4) мынадай мазмұндағы 74-1-баппен толықтырылсын:

«74-1-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын алудың ерекше шарттары

1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығы ұлттық жүргізуші куəлігінің немесе əскери қызметшінің жүргізуші куəлігінің болуымен расталады.

2. Əскери қызметшілерді көлік құралдарын басқаруға даярлау, емтихандар қабылдау жəне əскери қызметшілердің жүргізуші куəліктерін беру, сондай-ақ əскери қызметшілер үшін жасына жəне еңбек өтілі мен көлік құралдарын басқару өтілінің болуына қойылатын талаптар əскери қызметшілерді көлік құралдарын басқаруға даярлау, емтихандар қабылдау жəне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын беретін əскери қызметшілердің жүргізуші куəліктерін беру қағидаларында айқындалады.

3. Əскери қызметшінің жүргізуші куəлігі əскери қызметшінің əскери қызметті өткеру кезеңіне жарамды деп саналады.

4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарының ерекшеліктері ескеріле отырып, əскери қызметшілерді көлік құралдарын басқаруға даярлау, емтихандар қабылдау жəне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын беретін əскери қызметшілердің жүргізуші куəліктерін беру қағидаларына сəйкес көлік құралдарының қосымша санаттары енгізілуі мүмкін.

5. Осы Заңның 74-бабының 2-тармағында белгіленген жасқа толған жəне көлік құралдарын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы бар адамдар əскери қызметшінің жүргізуші куəлігі болған кезде көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымдарында даярлықтан өтпей, тиісті санаттағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыруға жіберіледі.».

10-тармақ 2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

10. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

28-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «тапсырысты қалыптастыру, орналастыру жəне орындау саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыратын» деген сөздер «тапсырыс саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.

11. «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

12-баптың 3) тармақшасы «мəдениет» деген сөзден кейін «жəне əскери-патриоттық тəрбие» деген сөздермен толықтырылсын.

12. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

40-бапта:

«мерзімді əскери қызметке» деген сөздер «əскери қызметке (жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде жəне соғыс уақытында əскерге шақыруды қоспағанда) немесе əскери жиындарға» деген сөздермен ауыстырылсын;

«мерзімді əскери қызмет» деген сөздер «əскери қызмет (əскери жиындар)» деген сөздермен ауыстырылсын.

13-тармақ 2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

13. «Стандарттау туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

6-баптағы «жəне мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс» деген сөздер алып тасталсын.

14-тармақ 2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

14. «Қорғаныс өнеркəсібі жəне мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-бапта:

мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:

«22-1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті орган - мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласында басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;

38) тармақшадағы «жəне мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс» деген сөздер алып тасталсын;

2) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;

3) 5-баптың 8) тармақшасындағы «уəкілетті» деген сөз «мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 6-бапта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру жəне бақылау функцияларын жүзеге асырады;»;

мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) мемлекеттің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары жəне мемлекеттің Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлеген əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде жəне оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес қорғаныс өнеркəсібі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;»;

3) тармақшадағы «жəне мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс» деген сөздер алып тасталсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) əскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;»;

6) тармақша алып тасталсын;

18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«18) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруға қатысады;»;

19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 35) жəне 36) тармақшалар алып тасталсын;

5) мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:

«6-1-бап. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті органның функциялары

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті орган:

1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру жəне бақылау функцияларын жүзеге асырады;

2) мемлекеттің Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары жəне мемлекеттің Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлеген əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары негізінде жəне оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;

3) Қазақстан Республикасының басқа да əскерлері мен əскери құралымдарымен, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарымен мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастырады жəне жүзеге асырады;

4) мемлекетте қорғаныс мұқтаждарын, қауіпсіздікті жəне құқықтық тəртіпті қару-жарақтың, əскери, автомобильдік жəне арнаулы техниканың, техникалық жəне арнаулы құралдардың қажетті түрлерімен қамтамасыз етуді ағымдағы жəне перспективалы жоспарлауды ұйымдастыруға қатысады;

5) əскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

6) орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдармен, олардың ведомстволарымен əскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастырады жəне жүзеге асырады;

7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуын салааралық үйлестіруді жəне бақылауды жүзеге асырады;

8) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін ұйымдастырады;

9) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру жəне орындау қағидаларын əзірлейді;

10) монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде əскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын əзірлейді;

11) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру жəне орындау қағидаларына сəйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың əскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілерінің жəне əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерінің тізілімін қалыптастырады, бекітеді жəне жүргізеді;

12) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдауды жүзеге асырады;

13) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру жəне орындау қағидаларына сəйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады жəне бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмаларын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға жеткізеді;

14) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушымен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шартты жасасады;

15) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қаржыландыруды жүзеге асырады;

16) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті органның бюджетінде көзделген жағдайда, шарт сомасының үнемделуі орын алған, ол азайтылған не ұлғайтылған, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың мерзімі ұзартылған кезде жоспарлы кезеңге бөлінген шектерде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражатын қайта бөлу туралы шешім қабылдайды;

17) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыларды əскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен) жəне қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен) қамтамасыз етеді;

18) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті органның бюджетінде көзделген жағдайда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру жəне орындау қағидаларына сəйкес, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаға) сəйкестігін қамтамасыз етеді;

19) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті органның бюджетінде көзделген жағдайда, орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді бекітеді;

20) мүдделі орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдармен келісу бойынша тəжірибелік-конструкторлық жəне технологиялық жұмыстардың нəтижелеріне сынақтар жүргізу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

21) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;

6) 7-бапта:

9) тармақшадағы «уəкілетті» деген сөз «мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 14-1) жəне 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«14-1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру жəне орындау қағидаларына сəйкес, мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын əскери мақсаттағы тауарлардың (өнімдердің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімдердің), əскери мақсаттағы жұмыстар мен əскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаға) сəйкестігін қамтамасыз етеді;

14-2) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберіндегі бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайда, орындалған ғылыми зерттеулер бойынша есептерді бекітеді;»;

7) 15-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі «уəкілетті орган,» деген сөздер алып тасталсын;

8) 20-бапта:

2-тармақта:

үшінші бөліктегі «уəкілетті» деген сөз «мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөліктегі «уəкілетті» деген сөз «мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «уəкілетті» деген сөз «мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 22-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «уəкілетті» деген сөз «мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақтағы «Уəкілетті» деген сөз «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;

9-тармақтағы «Уəкілетті» деген сөз «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;

10-тармақтағы «уəкілетті» деген сөз «мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;

12-тармақтағы «уəкілетті» деген сөз «мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 24-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «Уəкілетті» деген сөз «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 25-баптың 7) тармақшасындағы «уəкілетті» деген сөз «мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 26-бапта:

1) тармақшадағы «уəкілетті» деген сөз «мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) жəне 7) тармақшалардағы «уəкілетті» деген сөз «мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;

13) 27-баптың 2-тармағындағы «уəкілетті» деген сөз «мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;

14) 29-бапта:

1-тармақтағы «уəкілетті» деген сөз «мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтың 2) тармақшасындағы «уəкілетті» деген сөз «мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уəкілетті» деген сөздермен ауыстырылсын.

15-тармақ 2025 ж. 28 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

15. «Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» 2022 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 12-баптың 3-тармағының үшінші бөлігіндегі «жəне мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс» деген сөздер алып тасталсын;

2) 16-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «жəне мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс» деген сөздер алып тасталсын.

16. «Əскери полиция органдары туралы» 2023 жылғы 14 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

«16-1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Ерекше мақсаттағы күштерін қоспағанда, Қарулы Күштерге, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарға тиесілі көлік құралдарын басқару құқығын беретін əскери қызметшілердің жүргізуші куəліктерін беруді жүзеге асыруға;».

2-бап.

1. Осы Заң:

1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 25) тармақшасының бірінші - төртінші, он бірінші жəне он екінші абзацтарын, 26) тармақшасының бірінші жəне он екінші абзацтарын, 28) тармақшасының бірінші, төртінші жəне бесінші абзацтарын, 7, 10, 13, 14 жəне 15-тармақтарын;

2) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағы 5) тармақшасының сегізінші жəне он бесінші абзацтарын, 4-тармағы 2) тармақшасының үшінші жəне алтыншы абзацтарын, 3) - 6) тармақшаларын, 11) тармақшасының үшінші абзацын, 6-тармағы 1) тармақшасының он екінші жəне он төртінші абзацтарын, 5) тармақшасының бесінші, алтыншы, он үшінші - он жетінші абзацтарын, 7) жəне 8) тармақшаларын, 25) тармақшасының сегізінші жəне тоғызыншы абзацтарын, 26) тармақшасының тоғызыншы абзацын жəне 37) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасы он бірінші абзацының қолданысы 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

«26) бастапқы əскери жəне технологиялық даярлық - орта, техникалық жəне кəсіптік білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын əскери іс негіздері, робот техникасы жəне ІТ-технологиялар бойынша міндетті оқыту пəні (оқу пəні);».

3. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағының 6) тармақшасы үшінші жəне төртінші абзацтарының қолданысы осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.

 

 

Қазақстан Республикасының

   Президенті

 

    Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 16 шілде

    № 211-VIII ҚРЗ