ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) мынадай мазмұндағы 127-3-баппен толықтырылсын:
«127-3-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасын бұзу
1. Білім беру ұйымдары жəне (немесе) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының жəне (немесе) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын:
1) баланы жəбірлеу (буллинг) туралы ақпаратты қабылдау жəне (немесе) баланы жəбірлеу (буллинг) белгілерін анықтау жөніндегі əрекеттерді жүзеге асыру жəне (немесе) оларға ден қою тəртібін сақтамау;
2) зорлық-зомбылыққа жəне (немесе) қатыгездікпен қарауға жəне (немесе) жəбірлеуге (буллингке) ұшыраған жəне (немесе) зорлық-зомбылықтың куəсі болған кəмелетке толмағандарға көмек көрсетпеу;
3) қадағалаусыз жəне панасыз қалған балаларға жəне (немесе) арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін балаларға жəне (немесе) əлеуметтік бейімсіздікке жəне əлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы əлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға жəне (немесе) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарына жіберілетін жетім балаларға жəне (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиісті құжаттар бермеу түрінде жасаған бұзуы -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын:
1) жетім баланы (жетім балаларды) жəне (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жəрдемақы төлеу мерзімдерін жəне (немесе) мөлшерін жəне (немесе) оны тоқтату негіздерін бұзу;
2) неке-отбасы заңнамасының талаптарына сай келмейтін қорғаншыларды немесе қамқоршыларды жəне (немесе) баланы қабылдайтын ата-аналарды жəне (немесе) баланы қабылдайтын кəсіптік тəрбиешілерді жəне (немесе) патронат тəрбиешілерді тағайындау;
3) баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда балалардың болу мерзімдерін бұзу түрінде жасаған бұзуы -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Білім беру ұйымдары басшыларының Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын:
1) білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру тəртібін сақтамау;
2) білім беру ұйымдарына дəлелсіз себептермен бармайтын кəмелетке толмағандарды есепке алудың болмауы;
3) баса назар аударуды талап ететін кəмелетке толмағандарға педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асырмау түрінде жасаған бұзуы -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың бірінші, екінші жəне үшінші бөліктерінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекеттер -
алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тəрбиеленетін жəне білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын:
1) конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулерді, конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау шеңберінде келіп түскен конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салуларды қарамау не уақтылы қарамау, сол сияқты конкурстық құжаттаманың жобасына ескертулер жəне түсіндірулер туралы сұрау салулар болған кезде оны алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мəтінін мемлекеттік сатып алудың веб-порталында орналастырмау не уақтылы орналастырмау;
2) конкурсқа қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптарына жəне конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келтіру мерзімі өткеннен кейін тиісінше ресімделмеген құжаттарды сəйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сұрау салуды жіберуі жəне өзге де əрекеттері;
3) көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттарын қолданбау бөлігіндегі талаптарды бұзу, сол сияқты оларды дұрыс есептемеу;
4) əлеуетті өнім беруші немесе өнім беруші біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат берген жағдайда, тапсырыс берушінің, сатып алуды ұйымдастырушының не сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының əлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі;
5) білім алушылар мен тəрбиеленушілерді үздіксіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін сатып алуды белгіленген мерзімнен асыра жүзеге асыру;
6) əлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін уақтылы қарамау, сол сияқты алдын ала рұқсат беру хаттамасын жəне (немесе) қорытындылар хаттамасын уақтылы орналастырмау түрінде жасалған бұзушылық -
лауазымды адамдарға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекеттер -
лауазымды адамдарға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпелер.
1. Осы бапта лауазымды адамдар деп - бірінші басшылар, ал олар болмаған жағдайда басшылардың міндеттерін атқару тиісті бұйрықтармен жүктелген, оларды алмастыратын орынбасарлары түсінілуі керек.
2. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін лауазымды адамдар деп:
1) 1) жəне 4) тармақшаларда - сатып алуды ұйымдастырушының, сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшылары немесе сатып алуды ұйымдастыру жəне өткізу рəсімдерін жүзеге асыруға жауапты, олардың міндеттерін атқаратын адамдар;
2) 2), 3) жəне 6) тармақшаларда - конкурстық комиссияның төрағасы мен мүшелері;
3) 5) тармақшада бірінші басшы не жүктелген өкілеттіктерге сəйкес шешім қабылдаған адам түсінілуі керек.»;
2) 214-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«214-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзу
1. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын мəліметтерді тіркеп-белгілеу, мəліметтер мен құжаттарды сақтау, құжаттарды қорғау бөлігінде бұзуы -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз он, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Қаржы мониторингі субъектілерінің «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3 жəне 5-тармақтарында көзделген, қаржы мониторингіне жататын, ақшамен жəне (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты уақтылы бермеуі -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - алпыс бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз сексен, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз тоқсан, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына бес жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Қаржы мониторингі субъектілерінің «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 3 жəне 5-тармақтарында көзделген, қаржы мониторингіне жататын, ақшамен жəне (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты бермеуі, көрінеу анық емес ақпарат беруі -
жеке тұлғаларға - жетпіс бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз он, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз отыз, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты, мəліметтер мен құжаттарды уақтылы бермеуі -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз он, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз сексен, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органның сұрау салуы бойынша ақпаратты бермеуі, анық емес ақпаратты, мəліметтер мен құжаттарды беруі -
жеке тұлғаларға - қырық бес, лауазымды адамдарға, нотариус тар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органның сұрау салуы бойынша «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-3-бабының 5-тармағында көзделген мəліметтер мен құжаттарды уақтылы ұсынбау -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - қырық, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органның сұрау салуы бойынша «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-3-бабының 5-тармағында көзделген ақпаратты бермеу, анық емес мəліметтер мен құжаттарды ұсыну -
жеке тұлғаларға - қырық бес, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз он, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз сексен, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
8. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді (олардың өкілдерін) жəне бенефициарлық меншік иелерін тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қабылдамауы -
жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз он, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз сексен, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Қаржы мониторингі субъектілерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдас тыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын ақшамен жəне (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шараларды қабылдау жəне (немесе) ақшамен жəне өзге мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою жөніндегі шаралар туралы ақпаратты беру бөлігінде бұзуы -
жеке тұлғаларға - жетпіс бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз тоқсан бес, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз отыз, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10. Қаржы мониторингі субъектілерінің клиентке іскерлік қатынастар орнатудан жəне ақшамен жəне (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тарту жəне (немесе) іскерлік қатынастар орнатудан жəне ақшамен жəне (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларды жүргізуден бас тартулар туралы ақпарат беру жөніндегі міндеттерді орындамауы -
жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз он, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз сексен, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
11. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларында бекітілген, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында даярлау жəне оқыту бағдарламасын орындамауы -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз он, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
12. Қаржы мониторингі субъектілерінің «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген, қаржы мониторингіне жататын, ақшамен жəне (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты уақтылы бермеуі -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз алпыс, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
13. Қаржы мониторингі субъектілерінің «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген, қаржы мониторингіне жататын, ақшамен жəне (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялар туралы ақпаратты бермеуі, анық емес ақпаратты беруі -
жеке тұлғаларға - қырық бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына төрт жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
14. Қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органның шешімі бойынша қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттер операцияларын тоқтата тұрмауы -
жеке тұлғаларға - жетпіс бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз он, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз отыз, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
15. Ішкі бақылау қағидаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарына сəйкес келмеуі -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бір жүз он, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз сексен, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз жиырма, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
16. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылау қағидаларын əзірлеу жəне қабылдау жөніндегі міндеттерді орындамауы -
жеке тұлғаларға - бір жүз жиырма, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз тоқсан бес, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз қырық бес, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
17. Қаржы мониторингі субъектілерінің өз клиенттеріне жəне өзге де тұлғаларға қаржы мониторингі жөніндегі уəкілетті органға осындай клиенттер мен өзге де тұлғаларға қатысты қолданылатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы ақпаратты, мəліметтер мен құжаттарды бергені немесе одан алғаны туралы хабарлауы -
жеке тұлғаларға - жетпіс бес, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз он, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз отыз, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына алты жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
18. Осы баптың бірінші, үшінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он үшінші, он төртінші, он алтыншы жəне он жетінші бөліктерінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекеттер (əрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - бір жүз елу, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз жиырма бес, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз жетпіс бес, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
19. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы жəне он жетінші бөліктерінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде үш жəне одан көп рет жасалған əрекеттер (əрекетсіздік) -
алты айға дейінгі мерзімге лицензияның немесе біліктілік аттестатының (куəлігінің) қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып немесе үш айға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметке немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға - екі жүз, лауазымды адамдарға, нотариустар мен адвокаттарға, шағын кəсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға - төрт жүз елу, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - тоғыз жүз, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына бір мың сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
1-баптың 3) тармақшасының екінші - жиырма тоғызыншы абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) мынадай мазмұндағы 411-1 жəне 434-3-баптармен толықтырылсын:
«411-1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша азаматтық қорғау іс-шараларын орындамау
1. Мынадай:
1) халыққа жəне ұйымдарға азаматтық қорғау саласындағы шаралар туралы хабарламау;
2) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт сөндіру пункттерін құруды қамтамасыз етпеу, оларды материалдық-техникалық жағынан жарақтандыруды ұйымдастырмау;
3) қауіпті өндірістік факторлар зиянды əсер еткен жағдайда оларды оқшаулау, адамдардың өмірін құтқару, олардың денсаулығын, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, меншікті күзету, қоғамдық тəртіпті ұстап тұру жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша қолда бар күштерді, құралдар жəне ресурстарды тарта отырып, қажетті көмек көрсетпеу;
4) азаматтық қорғауды басқарудың аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдарын құруды жəне оларды ұдайы əзірлікте ұстап тұруды қамтамасыз етпеу;
5) азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу жəне олардың салдарын жою бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын бекітілген бюджеттік мақсаттарға сай қамтамасыз етпеу;
6) азаматтық қорғаныс мүлкінің көлемдерін айқындамау жəне оларды жинақтау, сақтау, жаңартып отыру жəне əзірлікте ұстап тұру бойынша қажетті шараларды қабылдамау;
7) игерілетін кен орындарының аудандарында жəне сейсмикалық қауіпті өңірлерде пайдаланудағы ғимараттар мен құрылысжайлардың беріктігі мен орнықтылығын арттыруды қамтамасыз етпеу;
8) техникалық құлақтандыру құралдарының орналастырылуын ұйымдастырмау;
9) аудандардың, облыстық жəне аудандық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың авариялық жəне шұғыл қызметтерінің, азаматтық қорғау қызметтерінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауын жүзеге асырмауы;
10) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жəне олардың салдарын жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын бекітпеу;
11) мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде дала өрттерін, сондай-ақ өрттерді сөндіруді қамтамасыз етпеу;
12) табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға жəне олардың салдарын жоюға жергілікті атқарушы органдардың төтенше резервінен қаражат бөлуді қамтамасыз етпеу;
13) төтенше жағдайларды болғызбау, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, материалдық жəне мəдени құндылықтарды қорғау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде салдарларды жою жəне залалды азайту жөніндегі шараларды əзірлеу мен қабылдауды қамтамасыз етпеу;
14) төтенше жағдай аймағында зардап шеккендерді медициналық тұрғыдан қамтамасыз етуді, оның ішінде дəрілік заттармен жəне медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырмау;
15) əлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды жəне есептен шығаруды жүзеге асырмау;
16) орталық атқарушы органның азаматтық қорғаныс жоспарын əзірлеуді жəне бекітуді қамтамасыз етпеу;
17) ведомстволық бағынысты ұйымдарда өрттердің алдын алу жөніндегі іс-шараларды өткізбеу;
18) ведомстволық бағынысты ұйымдарда азаматтық қорғаныс мүлкінің қорларын құруды қамтамасыз етпеу жəне олардың сақталуына, жаңартылып отыруына жəне қолдануға əзірлікте ұсталып тұруына ішкі бақылауды жүзеге асырмау;
19) азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның келісімі бойынша жаһандық жəне өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын əзірлеуді жəне бекітуді қамтамасыз етпеу;
20) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші жəне жылжымалы басқару пункттерін құруды қамтамасыз етпеу түрінде көрінген, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғау іс-шараларын орындамау -
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекет (əрекетсіздік) -
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адамның денсаулығына жеңіл зиян немесе болмашы залал келтірген табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындауына алып келген əрекет (əрекетсіздік), қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмаған кезде -
лауазымды адамдарға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы бапқа қатысты екі жүз айлық есептік көрсет кіштен аспайтын сома залалдың болмашы мөлшері деп танылады.»;
«434-3 бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық орындарда бет-əлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті киіп жүру туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерін орындау үшін, медициналық мақсаттарда, азаматтық қорғау үшін, ауа райы жағдайларында, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық жəне мəдени-бұқаралық іс-шараларға тікелей қатысатын адамдарға қажет болатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының қоғамдық орындарда бет-əлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті киіп жүру туралы заңнамасының талаптарын бұзу -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекет - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
1-баптың 3) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 444-баптың екінші жəне үшінші бөліктерінде:
«сондай-ақ» деген сөз алып тасталсын;
«міндеттемелері бар адамдарды», «міндеттемелері бар адамдардың» деген сөздерден кейін тиісінше «, сондай-ақ бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған немесе шартты түрде сотталған адамдарды», «, сондай-ақ бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға сотталған немесе шартты түрде сотталған адамдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 445-бапта:
мынадай мазмұндағы 10-1 жəне 10-2-бөліктермен толықтырылсын:
«10-1. Букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының аппараттық-бағдарламалық кешендердің бірыңғай есепке алу жүйесімен интеграциялануын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды орындамауы не бұрын жүзеге асырылған интеграцияланудан бас тартуы -
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
10-2. Букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының мөлшерлемелерді жəне ұтыстарды бірыңғай есепке алу жүйесінде есепке алмай, оларды қабылдауға жəне төлеуге тыйым салуды сақтамауы -
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
он бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «жəне оныншы бөліктерінде» деген сөздер «, оныншы, 10-1 жəне 10-2-бөліктерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 456-2-бапта:
тақырыптағы «ақпарат» деген сөз «ақпаратты, құқыққа қайшы контентті» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Құқыққа қайшы контентті орналастыру, тарату, егер бұл əрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-əрекет белгілері болмаса, -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«7. Осы баптың 3-1-бөлігінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекеттер -
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тəулікке дейінгі мерзімге əкімшілік қамаққа алуға алып келеді.»;
7) 26-тарау мынадай мазмұндағы 456-3-баппен толықтырылсын:
«456-3-бап. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының жəне шетелдік журналистердің тиісті аккредиттеусіз кəсіби журналистік қызметпен айналысуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының жəне шетелдік журналистердің тиісті аккредиттеусіз кəсіби журналистік қызметпен айналысуы -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, қоғамдық тəртіптің бұзылуына жағдай туғызатын əрекетті жасау не оны төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы, табиғи, техногендік, əлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде не əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасау -
жеке тұлғаларға - қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тəулікке дейінгі мерзімге əкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегінен əкімшілік жолмен шығарып жіберуге, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
8) 478-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының əкімшілік қадағалау туралы заңнамасын» деген сөздер «əкімшілік қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 479-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«479-бап. Құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарламау жəне (немесе) шаралар қабылдамау
1. Істі қараған органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынулары бойынша ұйым басшысының жəне басқа да адамдардың қылмыстық немесе əкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарламауы, сол сияқты шаралар қабылдамауы -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, əкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған əрекеттер -
лауазымды адамдарға - жиырма, кəсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не қызметін тоқтата тұруға алып келеді.»;
10) 480-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«480-бап. Əкімшілік қадағалауды бұзу»;
1-баптың 11) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден қолданысқа енгізіледі
11) 615-баптың ескертпесі «өзге де қатысушылар деп» деген сөздерден кейін «электр самокаттарды,» деген сөздермен толықтырылсын;
1-баптың 12) тармақшасы 2026 ж. 1 шілдеден қолданысқа енгізіледі
12) мынадай мазмұндағы 619-2-баппен толықтырылсын:
«619-2-бап. Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған адамның электр самокатты жолдың жүру бөлігімен басқаруына жол беру
1. Электр самокаттарды жалға беру қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе дара кəсіпкердің көлік құралын басқару құқығы жоқ не одан айырылған адамның электр самокатты жолдың жүру бөлігімен басқаруына жол беруі -
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Жəбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылысжайларын немесе өзге құрылысжайларды не өзге мүлікті бүлдіруге алып келген дəл сол əрекет -
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
13) 637-бап мынадай мазмұндағы жиырмасыншы бөлікпен толықтырылсын:
«20. Ұялы байланыс операторының халықтың ұялы байланысының абоненттік құрылғыларына құмар ойындардың жəне (немесе) бəс тігудің жарнамасын қамтитын мəтіндік хабарлар жіберу бойынша қызметтерін көрсетуі -
шағын кəсіпкерлік субъектілеріне - елу, орта кəсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, ірі кəсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
14) 664-бап «Лауазымды адамның» деген сөздерден кейін «, жеке сот орындаушысының» деген сөздермен толықтырылсын;
15) мынадай мазмұндағы 668-2-баппен толықтырылсын:
«668-2-бап. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уəкілетті органының заңды қызметіне кедергі келтіру
Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уəкілетті органының заңды қызметіне кəмелетке толмағандар ұсталатын білім беру, денсаулық сақтау, халықты əлеуметтік қорғау, мəдениет жəне спорт жүйелерінің мемлекеттік органдары мен ұйымдарына кедергісіз баруын қамтамасыз етпеуден көрінген кедергі келтіру -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
16) 684-бапта:
бірінші бөлікте:
«156-1,» деген цифрлар алып тасталсын;
«214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші жəне он үшінші бөліктерінде), 214-1,» деген сөздер «214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші (бұл бұзушылықтарды заң консультанттары, заң мəселелері жөніндегі тəуелсіз мамандар, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мəмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен жəне асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кəсіпкерлер жəне заңды тұлғалар, бухгалтерлік есепке алу саласында кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кəсіби бухгалтерлер, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жəне ұялы байланыс операторлары жасаған жағдайларды қоспағанда) жəне он тоғызыншы бөліктерінде),» деген сөздермен ауыстырылсын;
«456-2,» деген цифрлардан кейін «456-3 (екінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің 2) тармақшасындағы «129,» жəне «135,» деген цифрлар алып тасталсын;
1-баптың 17) тармақшасының бірінші абзацы 2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
17) 685-бапта:
бірінші бөлік:
«434-1,» деген цифрлардан кейін «434-3,» деген цифрлармен толықтырылсын;
1-баптың 17) тармақшасының төртінші абзацы 2026 ж. 1 шілдеден қолданысқа енгізіледі
«619-1,» деген цифрлардан кейін «619-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
1-баптың 17) тармақшасының алтыншы абзацы 2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
1) тармақшадағы «əкімшілік, көші-қон полициясы бөлімшелерінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті полиция қызметінің» деген сөздер «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың əкімшілік, көші-қон полициясы, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
1-баптың 17) тармақшасының сегізінші абзацы 2026 ж. 1 шілдеден қолданысқа енгізіледі
«619-1,» деген цифрлардан кейін «619-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
1-баптың 17) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
«əкімшілік, көші-қон полициясы бөлімшелерінің, ауданның (қаланың, қаладағы ауданның) жергілікті полиция қызметінің» деген сөздер «ауданның (қаланың, қаладағы ауданның) əкімшілік, көші-қон полициясы, қоғамдық қауіпсіздік бөлімшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша:
«408,» деген цифрлардан кейін «434-3,» деген цифрлармен толықтырылсын;
1-баптың 17) тармақшасының он екінші абзацы 2026 ж. 1 шілдеден қолданысқа енгізіледі
«615 (бірінші, екінші жəне бесінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «619-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
1-баптың 18) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
18) 686-бапта:
бірінші бөлік 3) тармақшасындағы «саласындағы əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.» деген сөздер «саласындағы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Кодекстің 411-1-бабында көзделген табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Азаматтық қорғау саласындағы уəкілетті органның атынан табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғау іс-шараларын орындамауға байланысты əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға жəне əкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстің 411-1-бабының бірінші бөлігінде көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы;
2) осы Кодекстің 411-1-бабының бірінші жəне екінші бөліктерінде көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша - Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы жəне оның орынбасары;
3) осы Кодекстің 411-1-бабында көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша - Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы жəне оның орынбасары.»;
1-баптың 19) тармақшасы 2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
19) 709-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«709-бап. Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру жəне пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уəкілетті органдар
1. Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру жəне пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уəкілетті органдар осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 142, 143 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 337 (бірінші жəне екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 378 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 379 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 380, 380-1, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші жəне бесінші бөліктерінде), 384, 385 (бірінші бөлігінде), 386, 387, 388, 390 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 394 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 396 (бірінші бөлігінде) (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 407-1 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 407-2 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 464-баптарында көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру жəне пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уəкілетті органдардың атынан əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға жəне əкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 142, 143 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 337 (бірінші жəне екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 378 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 379 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 380, 380-1, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші жəне бесінші бөліктерінде), 384, 385 (бірінші бөлігінде), 386, 387, 388, 390 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 394 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 396 (бірінші бөлігінде), 407-1 (су жануарларын қоспағанда), 407-2 (су жануарларын қоспағанда), 464-баптарында көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - Қазақстан Республикасының орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану, өсімдіктер дүние сін күзету, қорғау, қалпына келтіру жəне пайдалану мен ерек ше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уəкілетті органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
2) осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 337 (бірінші жəне екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 379 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 381, 382 (бірінші бөлігінде), 387, 388, 407-1 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 407-2 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда)-баптарында көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары;
3) осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 337 (бірінші жəне екінші бөліктерінде), 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 379 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 381, 382 (бірінші бөлігінде), 387, 388, 407-1 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 407-2 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда)-баптарында көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - облыстық атқарушы органдардың орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары;
4) осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 143 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 337 (бірінші жəне екінші бөліктерінде), 339, 366, 367 (үшінші бөлігінде), 368 (екінші бөлігінде), 369 (екінші бөлігінде), 370 (төртінші бөлігінде), 371, 372 (төртінші бөлігінде), 373 (екінші бөлігінде), 374 (екінші бөлігінде), 377 (екінші бөлігінде) (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 379 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 380 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 380-1 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 381, 382 (бірінші бөлігінде), 384, 387, 388, 407-1 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда), 407-2 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда)-баптарында көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар күзет қызметтерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары.»;
1-баптың 20) тармақшасы 2025 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
20) мынадай мазмұндағы 709-1-баппен толықтырылсын:
«709-1-бап. Балық шаруашылығы саласындағы уəкілетті орган
1. Балық шаруашылығы саласындағы уəкілетті орган осы Кодекстің 143 (балық ресурстары жəне басқа да су жануарлары бөлігінде), 377 (балық ресурстары жəне басқа да су жануарлары бөлігінде), 378 (балық ресурстары жəне басқа да су жануарлары бөлігінде), 379 (балық ресурстары жəне басқа да су жануарлары бөлігінде), 380 (балық ресурстары жəне басқа да су жануарлары бөлігінде), 380-1 (балық ресурстары жəне басқа да су жануарлары бөлігінде), 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші жəне бесінші бөліктерінде), 384, 390 (балық ресурстары жəне басқа да су жануарлары бөлігінде), 392 (бірінші бөлігінде), 394 (балық ресурстары жəне басқа да су жануарлары бөлігінде), 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде) (балық ресурстары жəне басқа да су жануарлары бөлігінде), 407-1 (балық ресурстары жəне су жануарлары бөлігінде), 407-2 (балық ресурстары жəне су жануарлары бөлігінде), 464-баптарында көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Балық шаруашылығы саласындағы уəкілетті орган ведомствосының жəне оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға жəне əкімшілік жазалар қолдануға құқылы.»;
21) 722-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«722-2-бап. Қаржы мониторингі жөніндегі органдар
1. Қаржы мониторингі жөніндегі органдар осы Кодекстің 214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші бөліктерінде) (бұл бұзушылықтарды заң консультанттары, заң мəселелері жөніндегі тəуелсіз мамандар, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мəмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен жəне асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кəсіпкерлер жəне заңды тұлғалар, бухгалтерлік есепке алу саласында кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кəсіби бухгалтерлер, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жəне ұялы байланыс операторлары жасаған кезде), 214-1-баптарында көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Қаржы мониторингі органдарының басшылары, олардың орынбасарлары жəне уəкілетті жұмыскерлері əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға жəне əкімшілік жазалар қолдануға құқылы.»;
22) 729-баптың бірінші бөлігінде:
«455 (бірінші бөлігінде, екінші бөліктің 1), 2), 4), 6), 7), 8) жəне 9) тармақшаларында, үшінші жəне бесінші бөліктерінде),» деген сөздерден кейін «456-3 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
«488-1-баптарында» деген сөздер «488-1, 505-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 730-баптың бірінші бөлігіндегі «7-2,» деген цифрлар алып тасталсын;
24) 730-1-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы осы Кодекстің 84, 127-3, 129, 135, 135-1, 409 (7-2-бөлігінде) жəне 668-2-баптарында көзделген əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
екінші бөліктегі «мен оның орынбасарлары» деген сөздер «, оның орынбасарлары мен уəкілетті жұмыскерлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 804-бапта:
бірінші бөлікте:
1) тармақшада:
«129,» деген цифрлар алып тасталсын;
«456-2 (үшінші, төртінші, бесінші жəне алтыншы бөліктері),» деген сөздер «456-2 (үшінші, 3-1, төртінші, бесінші алтыншы жəне жетінші бөліктері),» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «383 (үшінші жəне төртінші бөліктері), 385 (екінші бөлігі), 389, 392 (үшінші бөлігі), 395 (екінші бөлігі),» деген сөздер «385 (екінші бөлігі), 389 (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда),» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану саласындағы уəкілетті органдардың (160 (екінші бөлігі), 382 (екінші жəне үшінші бөліктері), 383 (үшінші жəне төртінші бөліктері), 389 (балық ресурстары жəне басқа да су жануарлары бөлігінде), 392 (үшінші бөлігі), 395 (екінші бөлігі), 396 (екінші бөлігі), 398, 462, 463-баптар);»;
14) тармақша «214» деген цифрлардан кейін «(бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші жəне он тоғызыншы бөліктері)» деген сөздермен толықтырылсын;
14-1) тармақша «214-бап» деген сөздерден кейін «(бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші жəне он тоғызыншы бөліктері)» деген сөздермен толықтырылсын;
23) тармақша «214» деген цифрлардан кейін «(бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші жəне он тоғызыншы бөліктері)» деген сөздермен толықтырылсын;
27) тармақша «214» деген цифрлардан кейін «(бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші жəне он тоғызыншы бөліктері)» деген сөздермен толықтырылсын;
27-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27-1) қаржы мониторингі жөніндегі органдар (214 (он тоғызыншы бөлігі) (бұл бұзушылықтарды заң консультанттары, заң мəселелері жөніндегі тəуелсіз мамандар, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мəмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен жəне асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кəсіпкерлер жəне заңды тұлғалар, бухгалтерлік есепке алу саласында кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кəсіби бухгалтерлер, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жəне ұялы байланыс операторлары жасаған кезде), 462, 463 (бұл бұзушылықтарды заң консультанттары, заң мəселелері жөніндегі тəуелсіз мамандар, лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мəмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін, бағалы металдармен жəне асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кəсіпкерлер жəне заңды тұлғалар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жəне ұялы байланыс операторлары жасаған кезде)-баптар);»;
33) тармақша «214» деген цифрлардан кейін «(бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші жəне он тоғызыншы бөліктері)» деген сөздермен толықтырылсын;
40) тармақша «214» деген цифрлардан кейін «(бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші жəне он тоғызыншы бөліктері)» деген сөздермен толықтырылсын;
50) тармақша:
«383 (үшінші жəне төртінші бөліктері),» деген сөздерден кейін «434-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«453,» деген цифрлардан кейін «456-3 (екінші бөлігі),» деген сөздермен толықтырылсын;
59) тармақша «214» деген цифрлардан кейін «(бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші,
он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші жəне он тоғызыншы бөліктері)» деген сөздермен толықтырылсын;
65) тармақшадағы «135» деген цифрлар «130» деген цифрлармен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші жəне он екінші бөліктері» деген сөздер «214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші жəне он тоғызыншы бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-1-бөліктегі «214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші жəне он екінші бөліктері» деген сөздер «214 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші жəне он тоғызыншы бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 910-1-баптың бірінші бөлігіндегі «жəне оныншы бөліктерінде» деген сөздер «, оныншы, 10-1 жəне 10-2-бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын.
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 17) тармақшасының бірінші, алтыншы жəне тоғызыншы абзацтарын, 19) жəне 20) тармақшаларын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11) жəне 12) тармақшаларын, 17) тармақшасының төртінші, сегізінші жəне он екінші абзацтарын;
3) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3) тармақшасының екінші - жиырма тоғызыншы абзацтарын, 4) жəне 18) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 30 желтоқсан
№ 247-VIIІ ҚРЗ