Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 64-340 шешімі
Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 тамыздағы № 25-125 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 тіркелген) сәйкес Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес, Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және Алматы облыстық мәслихатының «Аграрлық сала, жер қатынастары, экология және ветеринария мәселелері бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы | А. Алпысбаев |
| Алматы облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы | С. Муканов |
Алматы облыстық мәслихатының
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 64-340 шешіміне қосымша
Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың
қағидалары
1. Жалпы ережелер