2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 71/338-VI шешімі
(2021.21.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, 75 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5953 тіркелген шешіміне сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2021.09.02. № 3/15-VІI шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.29.04. № 6/30-VII шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.12.07. № 9/43-VII шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.15.09. № 11/53-VII шешімімен (бұр.ред.қара); Түркістан облысы 2021.17.11. № 13/65-VII шешімімен (бұр.ред.қара); 2021.21.12. № 14/69-VII шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Түркістан қаласының 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кiрiстер – 90 918 246 мың теңге:
салықтық түсiмдер – 14 745 547 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер – 782 075 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 11 664 543 мың теңге;
трансферттер түсiмі – 63 715 688 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 10 393 мың теңге;
2) шығындар – 110 796 997 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу – 0:
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0:
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы – -26 523 816 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 26 523 816 мың теңге:
қарыздар түсімі – 36 079 722 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 11 257 540 мың теңге;