ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

26-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі «мектептер,» деген сөзден кейін «мектепке дейінгі ұйымдар,» деген сөздермен толықтырылсын.

2. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) жəне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:

1) 91-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Бала асырап алу кезінде - оның туыстарының, ал олар болмаған жағдайда тіркелген некеде тұратын (ерлі-зайыпты) адамдардың басым құқығы болады.»;

2-тармақта:

4) тармақша «қамқоршы» деген сөзден кейін «, патронат тəрбиеші, баланы қабылдайтын ата-ана, баланы қабылдайтын кəсіби тəрбиеші» деген сөздермен толықтырылсын;

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«9) сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық- процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);»;

11) тармақша алып тасталсын;

13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«13) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық байқаудағы адамдарды;»;

14) тармақша алып тасталсын;

3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші жəне үшінші бөліктермен толықтырылсын:

«Егер бала асырап алуға тілек білдірген адамдар некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) не өзге адамдармен бірге тұрса, жұбайына (зайыбына) не бірге тұратын адамдарға осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9) жəне 13) тармақшаларында белгіленген талаптар қолданылады.

Бала асырап алуға тілек білдірген адамдармен бірге тұратын өзге адамдарға некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе баланы тəрбиеге алудың өзге де нысанынан туындайтын мүліктік жəне жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ іс жүзінде бірге тұрып жатқан, бірақ некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) бірге тұратын адамдар жатады.»;

2) 103-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы «2-тармағында» деген сөздерден кейін «жəне 3-тармағының екінші бөлігінде» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 122-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігінде:

3) тармақшадағы «қамқоршы» деген сөзден кейін «, патронат тəрбиеші, баланы қабылдайтын ата-ана, баланы қабылдайтын кəсіби тəрбиеші» деген сөздермен толықтырылсын;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);»;

9) тармақша алып тасталсын;

11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«11) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық байқаудағы адамдарды;»;

12) тармақша алып тасталсын;

2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Кəмелетке толмағандарға қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде - олардың туыстарының, ал олар болмаған жағдайда тіркелген некеде тұратын (ерлі-зайыпты) адамдардың басым құқығы болады.»;

мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

«6. Егер кəмелетке толмаған адамның қорғаншысы немесе қамқоршысы болуға тілек білдірген адамдар некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) не өзге адамдармен бірге тұрса, жұбайына (зайыбына) не бірге тұратын адамдарға осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 7) жəне 11) тармақшаларында белгіленген талаптар қолданылады.

Кəмелетке толмаған адамның қорғаншысы немесе қамқоршысы болуға тілек білдірген адаммен бірге тұратын өзге адамдарға некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе баланы тəрбиеге алудың өзге де нысанынан туындайтын мүліктік жəне жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ іс жүзінде бірге тұрып жатқан, бірақ некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) бірге тұратын адамдар жатады.»;

4) 126-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары немесе шетел азаматтары болып табылатын қорғаншылар немесе қамқоршылар баланы тəрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындауының бүкіл кезеңі ішінде осы Кодекстің 122-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 5), 6), 7), 10) жəне 11) тармақшаларында белгіленген талаптарға сəйкес келуге міндетті.

Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімдерде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қорғаншыларды немесе қамқоршыларды осы Кодекстің 122-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 5), 6), 7), 10) жəне 11) тармақшаларында белгіленген талаптарға сəйкес келуін ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен құжаттар мен мəліметтер алу арқылы тексереді.

Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген құжаттар мен мəліметтерді ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен алу мүмкін болмаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қорғаншылар немесе қамқоршылар оларды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға ұсынуға міндетті.»;

5) 129-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «қайтарылған» деген сөзден кейін «, сондай-ақ осы Кодекстің 122-бабының 1 жəне 6-тармақтарында көзделген ережелер бұзылған» деген сөздермен толықтырылсын.

3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне:

3-тармағының 1) тармақшасы 2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі

1) 129-бапта:

2-тармақ «осы баптың 4,» деген сөздерден кейін «4-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;

4-1-тармақта:

«Осы Кодекстің» деген сөздер «Осы бапты, осы Кодекстің» деген сөздермен ауыстырылсын;

«131-1-бабын, 154-бабының 2-тармағын жəне 157-бабын» деген сөздер «131-1, 144-4, 154 жəне 157-баптарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(қызметтер көрсету басталғанға дейін жəне оларды көрсету кезеңінде)» деген сөздер алып тасталсын;

«(объектілерін)» деген сөзден кейін «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жəне баланың құқықтарын қорғау саласындағы» деген сөздермен толықтырылсын;

15-тармақтың бірінші бөлігі «11) тармақшаларында,» деген сөздерден кейін «4-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;

17-тармақтың бірінші бөлігі «Осы баптың 4,» деген сөздерден кейін «4-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;

18-1-тармақтың екінші бөлігі «7) тармақшаларына» деген сөздерден кейін «жəне 4-1-тармағына» деген сөздермен толықтырылсын;

19-тармақтың бірінші бөлігі «осы баптың 4,» деген сөздерден кейін «4-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;

3-тармағының 2) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

2) 324-баптың 14-1-тармағындағы «2026 жылғы 1 қаңтарға» деген сөздер «2026 жылғы 1 ақпанға» деген сөздермен ауыстырылсын.

4-тармақ 2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі

4. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:

1) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 104-1) жəне 104-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«104-1) ерекше бақылау жəне қадағалау - осы Кодекске сəйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылау жəне қадағалау;

104-2) ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі (объектісі) - балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тəрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік бақылау жəне қадағалау субъектісі (объектісі);»;

2) 36-бап мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 жəне 4-4-тармақтармен толықтырылсын:

«3-1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы эпидемиялық мəні бар субъектілер (объектілер) тізіліміне (бұдан əрі - тізілім) енгізіледі.

3-2. Тізілім осы Кодекстің 5-тарауының 2-1-параграфында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, уəкілетті орган бекітетін тəртіппен жəне нысан бойынша қалыптастырылады.

Тізілімді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алынатын мəліметтер, мемлекеттік бақылау жəне (немесе) қадағалау нəтижелері, есепке алу жəне есеп беру құжаттамасының мониторингі, жеке немесе заңды тұлғалардың жолданымдары, масс-медиадан алынатын мəліметтер, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың ақпараты негізінде қалыптастырады.»;

«4-4. Бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) жоспарлы тексеру, ерекше бақылау жəне қадағалау объектісіне бару арқылы мониторинг нəтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалмағаны жоспардан тыс тексеру шеңберінде анықталған жағдайда мұндай субъект осындай нұсқаманы орындамағаны үшін жəне бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) жоспарлы тексеру, ерекше бақылау жəне қадағалау объектісіне бару арқылы мониторинг нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін əкімшілік жауаптылыққа тартылуға тиіс.»;

3) 38-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) мынадай:

коммуналдық меншіктегі объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сəйкес келтіру қажеттілігі туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдарының;

республикалық меншіктегі объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сəйкес келтіру қажеттілігі туралы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қатысты Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сəйкес жекеше ұсыну шығаруға;»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тəртіппен, заңдылықты бұзу жағдайларын, сондай-ақ əкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау туралы бас мемлекеттік санитариялық дəрігердің жеке ұсынуы;»;

4) 45-баптың 4-тармағында:

екінші бөліктегі «Бақылау» деген сөз «Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) қоспағанда, бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) өндірістік бақылауды зертханалық зерттеулер мен өлшеулер жүргізбей, сондай-ақ оны жүргізу туралы есептік ақпарат бермей жүзеге асыруға құқылы.»;

5) 5-тарау мынадай мазмұндағы 2-1-параграфпен толықтырылсын:

«2-1-параграф. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ерекше бақылау жəне қадағалау

51-1-бап. Ерекше бақылау жəне қадағалау жүргізудің жалпы ережелері

1. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылау жəне қадағалау жоспарлы жəне жоспардан тыс тексеру, тергеп-тексеру, ерекше бақылау жəне қадағалау объектісіне бару арқылы мониторинг (бұдан əрі осы параграф үшін - мониторинг) нысандарында жүзеге асырылады.

Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексерулер, мониторинг - осы параграфта көзделген тəртіппен, тергеп-тексеру осы Кодекстің 45-1-бабында жəне Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексінде көзделген тəртіппен жүзеге асырылады.

2. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылау жəне қадағалау халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуы тұрғысынан жүзеге асырылады.

3. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі (бұдан əрі осы параграф үшін - аумақтық бөлімше) жүзеге асырады.

4. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылау жəне қадағалау олар алдын ала хабардар етілмей жүргізіледі.

5. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімінің, ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеруді тағайындау, олардың мерзімдерін ұзарту, тексеру нəтижелері туралы актілердің, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дəрігерінің мониторинг жүргізу туралы шешімінің (бұдан əрі осы параграф үшін - мониторинг жүргізу туралы шешім), мониторинг нəтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын уəкілетті орган бекітеді.

6. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) мемлекеттік бақылауды жəне қадағалауды жүзеге асыру барысында жəне (немесе) оның нəтижелері бойынша аумақтық бөлімшелер Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлік кодексінің 135, 136 жəне 153-баптарына жəне осы Кодекстің 42-1-бабына сəйкес жедел ден қою шараларын қолданады.

7. Ерекше бақылау жəне қадағалау барысында санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімнің (тауардың), шикізаттың, табиғи орта құрамдастарының сынамаларын (үлгілерін) алу, тұлғаларды зерттеп-қарау, зертханалық жəне аспаптық зерттеулер, өлшеулер жүзеге асырылуы мүмкін.

8. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері:

1) ерекше бақылау жəне қадағалау объектісіне тексеру немесе мониторинг жүргізу үшін келген аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдарын мынадай:

жоспарлы тексеру жүргізу жиілігі сақталмаған;

тексеруді тағайындау туралы актіде немесе мониторинг жүргізу туралы шешімде (тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде немесе мониторинг мерзімін ұзарту туралы шешімде (болған кезде) көрсетілген, осы параграфта белгіленген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;

тексеру немесе мониторинг жүргізуге тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға оны жүргізу тапсырылған;

тексеру немесе мониторинг мерзімдері осы параграфта белгіленген мерзімдерден асыра ұзартылған;

тексеруді тағайындау туралы актінің немесе мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесі болмаған жағдайларда, тексеру немесе мониторинг жүргізуге жібермеуге;

2) егер мəліметтер жүргізілетін тексеру немесе мониторинг нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;

3) тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға;

4) тексеруді немесе мониторингті жүзеге асыру процесін, сондай-ақ аумақтық бөлімшенің лауазымды адамының тексеру немесе мониторинг шеңберінде жасайтын жекелеген əрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, оны хабардар ете отырып, аудио- жəне бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.

9. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері:

1) аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдарының ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) аумағы мен үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

2) аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдарының шақыруы бойынша келуге;

3) аумақтық бөлімшенің сұрау салуы бойынша материалдарды ұсынуға;

4) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдарына тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы актіге жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса тіркеу үшін тексерудің жəне (немесе) мониторингтің міндеттері мен нысанасына сəйкес құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде ұсынуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;

5) тексеруді тағайындау туралы актіні немесе мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесін (тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні немесе мониторинг мерзімін ұзарту туралы шешімді (болған кезде) алғаны туралы белгі қоюға;

6) тексеру немесе мониторинг аяқталған күні олардың нəтижелері туралы актіні, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алғаны туралы белгі қоюға;

7) егер осы Кодексте не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді немесе мониторингті жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;

8) тексеруді тағайындау туралы актіні немесе мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмелерін алған жағдайда ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісінің (ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі басшысының не ол уəкілеттік берген адамның) тексерудің немесе мониторингтің белгіленген мерзімдерінде ерекше бақылау жəне қадағалау объектісі тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.

51-2-бап. Жоспарлы тексерулерді ұйымдастыру тəртібі

1. Жоспарлы тексеру аумақтық бөлімшелер ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізетін жəне олар тексеру нəтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған жағдайда əкімшілік іс жүргізу қозғалмай, осындай бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылатын бақылауды білдіреді.

2. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) бөлігінде тізілім бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тəрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды алғаны туралы орталық мемлекеттік органдар жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын деректер мен мəліметтер негізінде қалыптастырылады.

Орталық мемлекеттік органдар жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдары тізілімді қалыптастыру тəртібіне сəйкес аумақтық бөлімшеге бақылау жəне қадағалау субъектісінің (объектісінің) балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тəрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды алғаны туралы ақпаратты беруге міндетті.

3. Жоспарлы тексеру ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) жартыжылдық тізімі (бұдан əрі осы бап үшін - тізім) негізінде жүзеге асырылады.

Тізімді аумақтық бөлімше тізілімге енгізілген ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) арасынан тəуекел дəрежесін бағалау өлшемшарттарына сəйкес қалыптастырады.

Тізім аумақтық бөлімшенің интернет-ресурсында орналастырылады.

4. Жоспарлы тексеруді жүзеге асыру кезінде тəуекелдерді басқару мақсаттары үшін ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) мынадай тəуекел дəрежелерінің біріне жатады:

1) жоғары тəуекел;

2) төмен тəуекел.

Тəуекелдің жоғары дəрежесіне жатқызылған ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) үшін жоспарлы тексеру жүргізу жиілігі жарты жылда бір реттен жиілетпей айқындалады. Тəуекелдің жоғары дəрежесіне жатқызылған ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) мониторинг жүргізілген жағдайда жоспарлы тексеру жүргізу жиілігі жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.

Тəуекелдің төмен дəрежесіне жатқызылған ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) үшін жоспарлы тексеру жүргізу жиілігі жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.

5. Эпидемиялық мəні жоғары объектілер - тəуекел дəрежесі жоғары субъектілерге (объектілерге), эпидемиялық мəні болмашы объектілер тəуекел дəрежесі төмен субъектілерге (объектілерге) жатқызылады. Эпидемиялық мəнінің дəрежесі осы Кодекстің 36-бабына сəйкес айқындалады.

6. Тəуекелдің бір дəрежесіне жатқызылған жəне қызметін бір ерекше бақылау жəне қадағалау объектісінде жүзеге асыратын бірнеше ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты тізімді жасау кезінде жоспарлы тексеру жүргізудің бірыңғай мерзімдері белгіленеді.

7. Тəуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған тізім жоспарлы тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі жəне ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде аумақтық бөлімшенің интернет-ресурсында орналастырылады.

Тəуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда аумақтық бөлімшелер бекітілген тізімді жоспарлы тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі жəне ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға электрондық нысанда жібереді.

51-3-бап. Жоспардан тыс тексерулерді ұйымдастыру тəртібі

1. Аумақтық бөлімшелер осы бапқа сəйкес тағайындайтын тексеру ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) жоспардан тыс тексеру болып табылады.

2. Мыналар:

1) егер ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаса жəне (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, тексеру, мониторинг нəтижелері бойынша анықталған, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;

2) дəлелді негіздер мен растайтын дəлелдемелер болған кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке жəне заңды тұлғалардың жолданымдары;

3) адамның өміріне, денсаулығына, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қаупі туралы прокурордың талаптары;

4) адамның өміріне, денсаулығына, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің, сондай-ақ жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;

5) ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні (жедел ден қою шараларын қолданудың құқыққа сыйымсыздығы) туралы жүгінуіне байланысты қайта тексеру;

6) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының тапсырмасы;

7) тергеп-тексеру нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау;

8) жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіздер болып табылатын бұзушылықтардың жойылуын бақылау;

9) бұзушылықтардың жасалған уақыты мен орны көрсетілген растайтын дəлелдемелер, оның ішінде оларды фото- жəне (немесе) бейнетіркеп-белгілеу болған кезде, ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерінің (объектілеріндегі) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтары белгілерінің болуы туралы масс-медиадағы хабарлар;

10) егер ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі бас мемлекеттік санитариялық дəрігерлердің санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулыларының орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаса жəне (немесе) олардың орындалуын қамтамасыз етпесе, осындай қаулылардың орындалуын бақылау ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) жоспардан тыс тексерудің негіздері болып табылады.

3. Анонимдік жолданымдар берілген жағдайларда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.

4. Ерекше бақылаудың жəне қадағалаудың нақты субъектілеріне (объектілеріне) қатысты анықталған жəне жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған фактілер мен мəн-жайлар, сондай-ақ егер қызмет жəне (немесе) объект халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асырудың рұқсат беру не хабарлама жасау тəртібіне жататын болса, рұқсаттың немесе қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаның болуы не болмауы мəселелері жоспардан тыс тексеруге жатады.

5. Осы баптың 2-тармағында санамаланған жоспардан тыс тексеруді жүргізу үшін негіздер қызметін əділет органдарында немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында тіркемей жүзеге асыратын бейрезидент - заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, бейрезидент - заңды тұлғаларға да қатысты қолданылады.

51-4-бап. Мониторинг ұйымдастыру тəртібі

1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуы мониторинг жүргізуге негіз болғанда, мониторинг осындай талаптардың сақталуы тұрғысынан ерекше бақылау жəне қадағалау объектісін зерттеп-қарауды білдіреді. Мониторинг əкімшілік іс жүргізу қозғалмай жүзеге асырылады.

2. Мониторинг:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жəне олардың орынбасарларының;

2) мынадай:

жаппай инфекциялық жəне инфекциялық емес аурулар (уланулар) анықталған;

интернаттық ұйымдардың, білім беру ұйымдарының, балаларға арналған санаторийлік-курорттық жəне сауықтыру ұйымдарының қызметтер көрсетуге дайындығын қызметтер көрсету басталғанға дейін жəне қызметтер көрсету кезеңінде бағалау қажет болған;

балаларға медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында санитариялық-профилактикалық жəне санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың уақтылы жүргізілуін бағалау қажет болған жағдайларда уəкілетті органның бірінші басшысының тапсырмасы болған жағдайда Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дəрігерінің шешімі негізінде жүргізіледі.

Мониторинг жүргізу туралы шешімде мыналар көрсетіледі:

1) қызмет түрі;

2) мониторинг нысанасы;

3) мониторинг тағайындалатын аумақ (Қазақстан Республикасы немесе оның жекелеген əкімшілік-аумақтық бірліктері);

4) мониторинг жүзеге асырылатын кезең.

3. Ерекше бақылау жəне қадағалау объектісінде жаппай инфекциялық жəне инфекциялық емес аурулар (уланулар) анықталған кезде осыған ұқсас қызметтер көрсететін ерекше бақылау жəне қадағалау объектілеріне қатысты мониторинг тағайындалады.

4. Аумақтық бөлімшелер мониторинг жүргізу туралы шешімнің негізінде мониторингті осы шешімде белгіленген кезеңде жүргізуге міндетті.

5. Мониторинг жүргізу мерзімі он жұмыс күнінен аспауға тиіс жəне осы баптың 6-тармағына сəйкес ұзартылуы мүмкін.

Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына, жеке тұлғаға) мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесі табыс етілген күн мониторинг жүргізудің басталғаны болып есептеледі.

6. Мониторинг жүргізу мерзімі зертханалық зерттеулердің нəтижелерін алу қажет болған жағдайда аумақтық бөлімше басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) шешімі негізінде он жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.

7. Мониторинг жүргізу туралы бір шешімнің шеңберінде ерекше бақылау жəне қадағалау объектісіне мониторинг бір реттен асырылмай жүргізілуге тиіс.

51-5-бап. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) тексеруді тағайындау, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы акт, мониторинг жүргізу туралы шешім

1. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеру аумақтық бөлімшенің ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеруді тағайындау туралы актісі негізінде жүргізіледі.

2. Тексерулерді тағайындау туралы актілер, мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесі, олардың мерзімдерін ұзарту туралы актілер тексеру немесе мониторинг басталғанға дейін аумақтық бөлімшелердің оларды мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға ұсынуы арқылы тіркелуге тиіс.

Тексеруді немесе мониторингті мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркеу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.

3. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына, жеке тұлғаға) ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеруді жүргізудің басталуы болып есептеледі.

4. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеруді тағайындау туралы акт, мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесі, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт, ерекше бақылау жəне қадағалау объектісіндегі мониторинг мерзімін ұзарту туралы шешім қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жасалады жəне табыс етіледі.

5. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеруді тағайындау туралы акт, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт қағаз жеткізгіште екі данада жасалады. Бірінші данасы ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына, жеке тұлғаға) табыс етіледі, ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі (заңды тұлғаның басшысы не оның уəкілетті адамы, жеке тұлға) оларды алғаны жөнінде қол қоятын екінші данасы аумақтық бөлімшеде қалады.

Ерекше бақылау жəне қадағалау объектісінде мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесі жəне мониторинг мерзімін ұзарту туралы шешім қағаз жеткізгіште ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына, жеке тұлғаға) қолын қойғызып табыс етіледі.

6. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерін (объектілерін) тексеруді тағайындау туралы акт, мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесі, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт, ерекше бақылау жəне қадағалау объектісінде мониторинг мерзімін ұзарту туралы шешім электрондық нысанда ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына, жеке тұлғаға) «электрондық үкімет» веб-порталы немесе мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы немесе егер ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі электрондық пошта мекенжайын көрсеткен болса, сол мекенжайға жіберу арқылы табыс етіледі.

7. Тексеруге немесе мониторингке келген аумақтық бөлімшенің лауазымды адамдары ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне:

1) ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) тексеруді тағайындау туралы актіні немесе мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесін;

2) қызметтік куəлігін не сəйкестендіру картасын;

3) қажет болған кезде - құзыретті органның режимдік объектілерге баруға арналған рұқсатын көрсетуге міндетті.

8. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) тексеруді тағайындау туралы актіні, мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесін қабылдаудан бас тартылған, тексеруді немесе мониторингті жүзеге асыратын аумақтық бөлімшенің лауазымды адамының тексеруді немесе мониторингті жүргізу үшін қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабында көзделген əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.

Хаттамаға тексеруді немесе мониторингті жүзеге асыратын аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы жəне заңды тұлғаның басшысы не оның уəкілетті адамы, жеке тұлға қол қояды.

Заңды тұлғаның басшысы не оның уəкілетті адамы, жеке тұлға бас тартудың себебіне жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы.

9. Тексеруді тағайындау туралы актіні немесе мониторинг жүргізу туралы шешімнің көшірмесін, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді алудан бас тарту ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) тексерудің немесе мониторингтің күшін жою үшін негіз болып табылмайды.

10. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргізе алады.

11. Тексеру жүргізетін лауазымды адамдардың құрамы аумақтық бөлімшенің шешімі бойынша өзгертілуі мүмкін, бұл жөнінде ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі жəне мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган ауыстырылу себебі көрсетіле отырып, тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталған күннен бастап келесі жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.

51-6-бап. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (объектісін) тексеруді жүргізу мерзімдері

1. Тексеру жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың, сондай-ақ қойылған міндеттердің көлемі ескеріле отырып белгіленеді жəне:

жоспарлы тексеру жүргізу кезінде - тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс жəне он бес жұмыс күніне дейінгі мерзімге ұзартылады;

жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде - тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс жəне он жұмыс күніне дейінгі мерзімге ұзартылады.

2. Тексеру жүргізу мерзімдерін аумақтық бөлімшенің басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) зертханалық зерттеулердің нəтижелерін алу қажет болған жағдайда ғана осы баптың 1-тармағында айқындалған мерзімдерге ұзартуы мүмкін.

3. Тексеру жүргізу мерзімдері ұзартылған жағдайда аумақтық бөлімше қосымша актіні ресімдейді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күні жəне ұзарту себебі көрсетіліп, ол мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберіледі.

Тексеру жүргізу мерзімдері ұзартылған жағдайда аумақтық бөлімше бұл жөнінде ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уəкілетті адамын, жеке тұлғаны) міндетті түрде хабардар етеді.

4. Аумақтық бөлімше тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны тексеру мерзімдері аяқталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын «электрондық үкімет» веб-порталы немесе мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы, егер ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі электрондық пошта мекенжайын көрсеткен болса, сол мекенжайға немесе өзге де қолжетімді тəсілмен жібереді.

51-7-бап. Тексеру жəне мониторинг нəтижелерін ресімдеу тəртібі

1. Тексеру жəне мониторинг нəтижелері бойынша аумақтық бөлімшенің лауазымды адамы:

1) тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы актіні;

2) бұзушылықтар анықталған жағдайларда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы жасайды.

2. Тексеру немесе мониторинг жүргізу барысында бұзушылықтар анықталғанда олардың нəтижелері туралы əрбір акт бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы бір ғана нұсқама берілуі мүмкін.

3. Тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы актіге мыналар қоса беріледі:

1) бұзушылықтар анықталған жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;

2) өнімнің (тауардың), шикізаттың, табиғи орта құрамдастарының сынамаларын (үлгілерін) алу, тұлғаларды зерттеп-қарауға жіберу актілері, зертханалық жəне (немесе) аспаптық зерттеулердің, өлшеулердің хаттамалары (қорытындылары) жəне тексеру немесе мониторинг нəтижелерімен байланысты басқа да құжаттар (олар болған кезде) немесе олардың көшірмелері.

4. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мəн-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.

5. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдерін айқындау кезінде:

1) ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісінде бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық жəне қаржылық мүмкіндіктердің болуы;

2) пайдаланылатын өндірістік объектілердің техникалық жай-күйінің ерекшеліктері;

3) «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тиісті рұқсатты алу немесе хабарламаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндетті қорытындыларды, келісулерді жəне басқа да құжаттарды беру мерзімдері ескеріледі.

6. Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі қосымша уақыт шығындары жəне (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда өзіне тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы акт жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, жедел ден қою шараларын қолдану үшін негіз болып табылатын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтарды қоспағанда, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен аумақтық бөлімшеге жүгінуге құқылы.

Өтініште ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шараларды жəне оларды жою мерзімдерін ұзартудың объективті себептерін баяндауға міндетті.

7. Аумақтық бөлімше өтініште баяндалған дəлелдерді ескере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы немесе уəжді негіздемемен мерзімдерді ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

8. Тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жасалады жəне табыс етіледі.

9. Тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама қағаз жеткізгіште екі данада жасалады. Бірінші данасы ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына, жеке тұлғаға) табыс етіледі, ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі (заңды тұлғаның басшысы не оның уəкілетті адамы, жеке тұлға) оларды алғаны жөнінде қол қоятын екінші данасы аумақтық бөлімшеде қалады.

10. Тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама электрондық нысанда ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уəкілетті адамына, жеке тұлғаға) «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы немесе егер ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі электрондық пошта мекенжайын көрсеткен болса, сол мекенжайға жіберу арқылы табыс етіледі.

11. Аумақтық бөлімше тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы актіні, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға электрондық нысанда жібереді.

12. Тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы акт ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне табыс етілген күн тексеру немесе мониторинг мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.

13. Тексеру немесе мониторинг нəтижелері бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар болған жағдайда ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісінің басшысы не оның өкілі ескертулерді жəне (немесе) қарсылықтарды жазбаша түрде баяндайды.

Ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл жөнінде актіде тиісті белгі жасалады.

14. Тексеру немесе мониторинг жүргізу кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтар болмаған жағдайда олардың нəтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.

15. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі ішінде ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі аумақтық бөлімшеге анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат беруге міндетті.

16. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат берілмеген немесе бұзушылықтар жойылмаған жағдайда аумақтық бөлімше жоспардан тыс тексеруді тағайындайды.

17. Жоспардан тыс тексеру шеңберінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылық шаралары қолданылады.

18. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген мерзімдерде анықталған бұзушылықтар жойылған жағдайда ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісі аумақтық бөлімшеге бұзушылықтарды жою тəртібі мен тəсілдерін егжей- тегжейлі сипаттай отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы толық ақпарат беруге міндетті. Бақылау жəне қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы берілген ақпаратқа бұзушылықты жою фактісін дəлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса береді.

Бұл жағдайда жоспардан тыс тексеру талап етілмейді.

51-8-бап. Тексерудің немесе мониторингтің жарамсыздығы

1. Мынадай негіздердің бірі болған кезде тексеру жарамсыз деп танылады:

1) тексеру жүргізу үшін негіздердің болмауы;

2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;

3) тексеру жүргізу кезеңділігінің бұзылуы;

4) ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне тексеруді тағайындау жəне (немесе) оның мерзімдерін ұзарту (болған кезде) туралы актінің ұсынылмауы;

5) аумақтық бөлімшенің құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша тексерудің тағайындалуы;

6) тексеруді тағайындау жəне (немесе) оның мерзімдерін ұзарту (болған кезде) туралы акт белгіленген мерзімдерде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілмей, тексерудің жүргізілуі;

7) тексеру жүргізудің осы параграфта көзделген мерзімдерінің бұзылуы.

2. Мынадай негіздердің бірі болған кезде мониторинг жарамсыз деп танылады:

1) мониторинг жүргізу үшін негіздердің болмауы;

2) аумақтық бөлімшенің құзыретіне кірмейтін талаптардың бақылануы;

3) ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісіне мониторинг жүргізу туралы шешім көшірмесінің жəне (немесе) мониторинг мерзімін ұзарту туралы шешімнің (болған кезде) ұсынылмауы;

4) мониторинг нысанасы шеңберінен шығатын мəселелер бойынша мониторингтің жүргізілуі;

5) мониторинг жүргізу мерзімдерінің бұзылуы.

3. Жарамсыз деп танылған, тексеруді тағайындау, оның мерзімдерін ұзарту, тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы актілер, тексеру немесе мониторинг қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарын бұзуының дəлелдемесі бола алмайды.

4. Тексеруді немесе мониторингті жарамсыз деп тану жоғары тұрған мемлекеттік органның немесе соттың осы тексеру немесе мониторинг нəтижелері бойынша актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жоюы үшін негіз болып табылады.

5. Тексерудің немесе мониторингтің жарамсыздығына байланысты тексеруді тағайындау, оның мерзімдерін ұзарту, тексеру немесе мониторинг нəтижелері туралы актілердің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісінің өтінішін жоғары тұрған мемлекеттік органның қарауы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Мұндай өтінішті қараудың белгіленген мерзімінің бұзылуы ерекше бақылау жəне қадағалау субъектісінің пайдасына шешіледі.»;

6) 82-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «өндірістік» деген сөз «осы Кодекстің 45-бабында көзделген талаптарды ескере отырып, өндірістік» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 102-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың пайда болу, таралу қаупі төнген жағдайда бас мемлекеттік санитариялық дəрігерлердің қаулыларымен бақылау жəне қадағалау субъектілері (объектілері) үшін бақылау жəне қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай, орындауға міндетті санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық- профилактикалық іс-шаралар айқындалады.

Ерекше бақылау жəне қадағалау субъектілерінің бас мемлекеттік санитариялық дəрігерлердің қаулыларын орындауын тексеру осы Кодекстің 5-тарауының 2-1-параграфында көзделген тəртіппен жүзеге асырылады.».

5. 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:

1) 31-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында:

бесінші абзац «балаларды» деген сөзден кейін «, сондай-ақ əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өтетін балаларды» деген сөздермен толықтырылсын;

алтыншы абзац «олимпиадаларын» деген сөзден кейін «, алғашқы əскери даярлық бойынша жарыстар» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 32-баптың 1-тармағының 4) тармақшасында:

он бірінші абзац «балаларды» деген сөзден кейін «, сондай-ақ əскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықтан өтетін балаларды» деген сөздермен толықтырылсын;

он екінші абзац «олимпиадаларын» деген сөзден кейін «, алғашқы əскери даярлық бойынша жарыстар» деген сөздермен толықтырылсын.

6. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

25-1-бапта:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) жекеменшік білім беру ұйымдарына тұлғалардың есімдерін беруді жəне оларды қайта атауды келісу;»;

3-тармақтағы «сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту» деген сөздер «олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту, сондай-ақ жекеменшік білім беру ұйымдарына тұлғалардың есімдерін беруді жəне оларды қайта атауды келісу» деген сөздермен ауыстырылсын.

7. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

7-тармағының 1) тармақшасы 2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі

1) 7-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) жəне 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«6-1) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

6-2) Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тəртіппен əкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау жəне қарау, сондай-ақ əкімшілік жаза қолдану;»;

2) 28-2-баптың 3-тармағында:

бірінші бөлікте:

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«10) сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адам (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);»;

12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«12) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық бақылаудағы адам;»;

13) тармақша алып тасталсын;

екінші бөліктегі «, 12) жəне 13)» деген сөздер «жəне 12)» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 47-3-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық бақылаудағы адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.»;

7-тармағының 4) тармақшасы 2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі

4) 52-баптың 3, 4 жəне 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Меншік түріне, нысанына жəне ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдары жəне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады.

4. Осы Заңға сəйкес баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тəрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жоспарлы жəне жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.

5. Баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне жоспардан тыс тексеру нысанында жүзеге асырылады.

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне жоспардан тыс тексеру Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады.

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне осы Заңға сəйкес жүзеге асырылады.»;

7-тармағының 5) тармақшасы 2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі

5) 52-2-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19) жəне 20) тармақшалармен толықтырылсын:

«13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) білім беру ұйымдарында білім алу, білім беру ұйымдары ғимараттарының, құрылысжайлары мен үй-жайларының қолжетімді болуы үшін арнаулы жағдайлар жасау;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды қамтамасыз ету жəне психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;

15) жетім балаларға жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын жəне педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату тəртібін сақтау;

16) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді арнаулы білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен оңалтуды жəне əлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету;

17) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік қамсыздандыруды жүзеге асыру;

18) білім алушылар мен тəрбиеленушілердің жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен тегін жəне жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;

19) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіпке жəне шарттарға сəйкес кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жəне арнаулы əлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

20) тиістi кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды жəне одан алып қайтуды ұйымдастыру.»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24) жəне 25) тармақшалармен толықтырылсын:

«18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) білім беру ұйымдарында білім алу, білім беру ұйымдары ғимараттарының, құрылысжайлары мен үй-жайларының қолжетімді болуы үшін арнаулы жағдайлар жасау;

19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды қамтамасыз ету жəне психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;

20) жетім балаларға жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату тəртібін сақтау;

21) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді арнаулы білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен оңалтуды жəне əлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету;

22) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік қамсыздандыруды жүзеге асыру;

23) білім алушылар мен тəрбиеленушілердің жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен тегін жəне жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;

24) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіпке жəне шарттарға сəйкес кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жəне арнаулы əлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

25) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес міндетті түрде жұмысқа орналастыруды жүзеге асыру жəне тұрғынжаймен қамтамасыз ету.»;

3-тармақ мынадай мазмұндағы 14), 15), 16) жəне 17) тармақшалармен толықтырылсын:

«14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ерекше білім беруді қажет ететін адамдарға (балаларға) білім беру ұйымдарында білім алу, білім беру ұйымдары ғимараттарының, құрылысжайлары мен үй-жайларының қолжетімді болуы үшін арнаулы жағдайлар жасау;

15) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік қамсыздандыруды жүзеге асыру;

16) білім алушылар мен тəрбиеленушілердің жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен тегін жəне жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;

17) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес міндетті түрде жұмысқа орналастыруды жүзеге асыру жəне тұрғынжаймен қамтамасыз ету.»;

7-тармағының 6) тармақшасы 2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі

6) мынадай мазмұндағы 52-4-баппен толықтырылсын:

«52-4-бап. Балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тəрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарына жəне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты мемлекеттік бақылауды жүргізу тəртібі

1. Балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тəрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарына жəне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан əрі - мемлекеттік бақылау субъектілері (объектілері) қатысты баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан əрі - мемлекеттік бақылау) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жоспарлы жəне жоспардан тыс тексерулер нысанында жүзеге асырылады.

2. Мыналарды:

1) Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне осы Заңға сəйкес баланың құқықтарын қорғау саласындағы алдыңғы мемлекеттік бақылауды;

2) мемлекеттік бақылау субъектілері, оның ішінде «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесі жəне Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жəне балаларды өз отбасына тəрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі арқылы ұсынатын есептілік пен мəліметтердің мониторингін;

3) мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының жəне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың интернет-ресурстарының жəне өзге де ашық дереккөздердің деректерін;

4) күнтізбелік бір жыл ішінде жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен, расталған жолданымдардың санын талдау нəтижелері бойынша тəуекелдерді бағалау мен басқару жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы мемлекеттік бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты тағайындайтын тексеру жоспарлы тексеру болып табылады.

Тəуекелдерді бағалау мен басқару жүйесі тəуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып жүргізіледі.

Тəуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын мемлекеттік бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі осындай мемлекеттік бақылау субъектілері (объектілері) жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.

3. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы тəуекелдерді басқару мақсаттары үшін жоспарлы тексеру нысанындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тəуекел дəрежелерінің біріне жатқызады:

1) жоғары тəуекел;

2) орташа тəуекел;

3) төмен тəуекел.

Тəуекелдің жоғары дəрежесіне жатқызылған субъектілер (объектілер) үшін жоспарлы тексеруді жүргізу жиілігі жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.

Тəуекелдің орташа дəрежесіне жатқызылған субъектілер (объектілер) үшін жоспарлы тексеруді жүргізу жиілігі екі жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.

Тəуекелдің төмен дəрежесіне жатқызылған субъектілер (объектілер) үшін жоспарлы тексеруді жүргізу жиілігі үш жылда бір реттен жиілетпей айқындалады.

Жоспарлы тексеруді жүргізу үшін қолданылатын тəуекел дəрежесін бағалау өлшемшарттарын жəне тексеру парақтарын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы бекітеді жəне өзінің интернет-ресурсында орналастырылады.

4. Жоспарлы тексерулердің жылдық тізімі (бұдан əрі - тексерулердің жылдық тізімі) мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) жоспарлы тексеруді тағайындау үшін негіз болып табылады.

Тексерулердің жылдық тізімі тəуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесінде автоматты режимде қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы тексерулердің жылдық тізімін өзінің интернет-ресурсында жоспарлы тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 25 желтоқсанына дейінгі мерзімде орналастырады.

Тəуекелдерді бағалау мен басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болмаған кезде тексерулердің жылдық тізімін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының бірінші басшысы осы тармақтың үшінші бөлігінде белгіленген мерзімдерде бекітеді.

Жоспарлы тексерулер тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мемлекеттік бақылау субъектілері таратылған, қайта ұйымдастырылған, атауы өзгертілген, олардың арасында өкілеттіктер қайта бөлінген, сондай-ақ табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың таралуы жəне оларға байланысты шектеулер туындаған немесе туындау қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады.

Жоғарыда көрсетілген жағдайлар басталған кезде жоспарлы тексеру ұзартылуы, тоқтатыла тұруы жəне қайта басталуы мүмкін.

5. Жоспарлы тексерулер тексерулердің жылдық тізіміне сəйкес тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.

6. Мемлекеттік бақылау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексеруге мыналар негіз болып табылады:

1) егер мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп бермесе жəне (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, мемлекеттік бақылау нəтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;

2) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке жəне заңды тұлғалардың жолданымдары;

3) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша прокурордың талаптары;

4) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;

5) Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының талаптарын бұзудың нақты фактілері бойынша масс-медиадағы жарияланымдар мен хабарлар;

6) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша қылмыстық қудалау органының тапсырмасы.

Анонимдік жолданымдар берілген жағдайларда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.

7. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы мемлекеттік бақылау субъектісін тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын оның басталған күнін көрсете отырып, жоспарлы тексеру жүргізудің басталғаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

Жоспардан тыс тексеру мемлекеттік бақылау субъектісіне хабарламастан жүргізіледі.

8. Тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркелген тексеруді тағайындау туралы акт мемлекеттік бақылау субъектісіне табыс етілген күн тексерудің басталуы болып есептеледі.

Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының лауазымды адамының тексеру жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабында көзделген əкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.

Хаттамаға Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамы жəне мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

Мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам бас тартудың себебіне жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы.

Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексерудің күшін жою үшін негіз болып табылмайды.

Тексеруді тағайындау туралы актіде аталған лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргізе алады.

9. Тексеруді тағайындау туралы акт, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт мемлекеттік бақылау субъектісінің (объектісінің) тұрған жері бойынша мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық органына оларды электрондық нысанда ұсыну арқылы тексеру басталғанға дейін тіркеледі.

Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:

1) актінің күні мен нөмірі;

2) мемлекеттік органның атауы;

3) тексеру жүргізуге уəкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;

4) тексеруді жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мəліметтер;

5) мемлекеттік бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы, тұрған жері;

6) тағайындалған тексерудің нысанасы;

7) тексеру жүргізу мерзімі;

8) тексеру жүргізу негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексерілуге жататын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері;

9) тексеру жүргізілетін кезең;

10) тексеру субъектісінің осы баптың 21-тармағында көзделген құқықтары мен міндеттері;

11) актіге қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы жəне мемлекеттік органның мөрі;

12) мемлекеттік бақылау субъектісі басшысының, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамның тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны туралы немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.

Тексеруді тағайындау туралы актілерді, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеудің, тіркеуден бас тартудың жəне олардың күшін жоюдың, тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, оның мерзімдерін ұзарту туралы, қатысушылар құрамын өзгерту жəне тексеру мен оның нəтижелерi туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну туралы хабарламалар жасау тəртібін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.

10. Тексерулер жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ алға қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді жəне:

жоспарлы тексерулер жүргізу кезінде - он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс жəне он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады;

жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде - он жұмыс күнінен аспауға тиіс жəне он жұмыс күніне дейінгі мерзімге ұзартылады.

Мемлекеттік органдарға сұрау салуды жіберу қажет болған кезде, сондай-ақ тексерудің елеулі көлеміне байланысты тексеру жүргізу мерзімін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының басшысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімге бір рет қана ұзарта алады.

Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркей отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні мен нөмірі жəне оларды ұзарту себебі көрсетіледі.

Тексеру мерзімдері ұзартылған жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні міндетті түрде ресімдейді жəне бұл туралы мемлекеттік бақылау субъектісін тексеру ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын хабардар етеді.

Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарлама табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не егер мемлекеттік бақылау субъектісі Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органына электрондық пошта мекенжайын бұрын ұсынған болса, осы мемлекеттік бақылау субъектісінің осындай мекенжайы бойынша электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куəландырылған электрондық құжат арқылы немесе өзге де қолжетімді тəсілмен жіберіледі.

11. Тексерулер мемлекеттік бақылау субъектілерінің (объектілерінің) жұмыс регламентінде белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының тексеруге келген лауазымды адамдары мемлекеттік бақылау субъектісіне:

1) тексеруді тағайындау туралы актіні;

2) қызметтік куəлігін не сəйкестендіру картасын көрсетуге міндетті.

12. Тексеру нəтижелері бойынша Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының лауазымды адамы:

1) тексеру нəтижелері туралы акт;

2) бұзушылықтар анықталған жағдайларда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.

Тексеру нəтижелері туралы актіге қажет болған кезде тексеру нəтижелеріне байланысты құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

13. Тексеру нəтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:

1) актінің жасалған күні, уақыты жəне орны;

2) мемлекеттік органның атауы;

3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі;

4) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;

5) мемлекеттік бақылау субъектісінің атауы;

6) тексеруді жүргізу күні, орны жəне кезеңі;

7) тексерудің түрі мен нысанасы;

8) тексеру нəтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы мəліметтер;

9) талаптарды орындау жəне бұзушылықтарға жол берген адамдарға қатысты шаралар қабылдау мерзімі көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптар;

10) мемлекеттік бақылау субъектісі басшысының, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамның, сондай-ақ тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамдардың актімен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;

11) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы.

14. Тексеру нəтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі.

Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада мыналар көрсетіледі:

1) нұсқаманың жасалған күні, уақыты жəне орны;

2) мемлекеттік органның атауы;

3) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;

4) мемлекеттік бақылау субъектісінің атауы, сондай-ақ мемлекеттік бақылау субъектісі басшысының, ал ол болмаған жағдайда тексеруді жүргізу кезінде қатысқан оны алмастыратын адамның лауазымы, тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе);

5) тексеруді жүргізу күні, орны жəне кезеңі;

6) анықталған бұзушылықтардың тізбесі;

7) анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою бойынша нұсқаулар;

8) мемлекеттік бақылау субъектісі басшысының, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамның нұсқамамен танысқаны немесе танысудан бас тартқаны туралы мəліметтер;

9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы.

15. Тексеру нəтижелері бойынша ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар болған жағдайда мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оларды жазбаша түрде баяндайды.

Ескертулер жəне (немесе) қарсылықтар тексеру нəтижелері туралы актіге қоса беріледі, ол туралы тиісті белгі жасалады.

Тексеру нəтижелері туралы актіні қабылдаудан бас тартылған жағдайда акт жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар жəне мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

Мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам бас тартудың себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, актіге қол қоюдан бас тартуға құқылы.

Тексеру нəтижелері туралы актінің бірінші данасы қосымшаларының көшірмелерімен қоса, мемлекеттік бақылау субъектісінің басшысына, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамға танысу жəне анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау үшін қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етіледі, екінші данасы мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға жəне оның аумақтық органдарына электрондық нысанда тапсырылады, үшінші данасы Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органында қалады.

16. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мəн-жайлар ескеріле отырып, бірақ нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күн болып айқындалады.

Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген бұзушылықтар бойынша ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, олар бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпарат береді.

17. Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін нұсқамада белгіленген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органына анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.

Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтар мерзімінен бұрын жойылған жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органына анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.

Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы берілген ақпаратқа бұзушылықтарды жою фактісін дəлелдейтін материалдарды қоса береді.

18. Мемлекеттік бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы мемлекеттік бақылау субъектісіне нұсқаманы орындау жөнінде ақпарат беру қажеттілігі туралы сұрау салуды екі жұмыс күні ішінде жібереді.

Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау туралы ақпарат қайта берілмеген жағдайда Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы осы баптың 6-тармағының 1) тармақшасына сəйкес жоспардан тыс тексеруді тағайындауға құқылы.

19. Жоспарлы немесе жоспардан тыс тексеру нəтижелері туралы акт мемлекеттік бақылау субъектісіне жоспарлы немесе жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.

20. Осы бапта белгіленбеген өзге де тексеру түрлерін жүргізуге тыйым салынады.

21. Мемлекеттік бақылау субъектілері:

1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының объектіге тексеру жүргізуге келген лауазымды адамдарын:

жоспарлы тексеру тағайындалған кезде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралықтары сақталмаған;

осы бапта белгіленген мерзімдерге сəйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде (мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде (болған кезде) көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;

тексеруді жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ адамдарға тапсырылған;

тексеру мерзімдері осы бапта белгіленген мерзімнен асырып ұзартылған;

тексеруді тағайындау туралы акт болмаған жағдайларда, тексеруге жібермеуге;

2) егер мəліметтер жүргізілетін тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;

3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының тексеру нəтижелері туралы актісіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға;

4) тексеруді жүзеге асыру процесін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органы лауазымды адамының тексеру шеңберінде жасайтын жекелеген əрекеттерін лауазымды адамның қызметіне кедергі келтірмей, оны хабардар ете отырып, аудио- жəне бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.

22. Мемлекеттік бақылау субъектілері:

1) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылау субъектісінің аумағы мен үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының лауазымды адамдарының шақыруы бойынша келуге;

3) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілеттi органының сұратуы бойынша материалдарды ұсынуға;

4) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уəкілетті органының лауазымды адамдарына тексеру нəтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін тексерудің міндеттері мен нысанасына сəйкес құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде ұсынуға, сондай-ақ автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;

5) тексеру аяқталған күні оның нəтижелері туралы актіні алғаны туралы белгі қоюға;

6) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, тексеруді жүзеге асыру кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;

7) тексеруді тағайындау туралы актіні алған жағдайда мемлекеттік бақылау субъектісі басшысының, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адамның тексерудің белгіленген мерзімінде мемлекеттік бақылау субъектісі тұрған жерде болуын қамтамасыз етуге міндетті.

23. Мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексерулер, егер олар мынадай бұзушылықтардың бірімен жүргізілсе, жарамсыз деп танылады:

1) мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексеруді жүргізу негіздерінің болмауы;

2) тексеруді жүргізудің басталғаны туралы немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаның болмауы, сол сияқты хабарлама мерзімдерінің сақталмауы;

3) мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексеруді тағайындау туралы актінің немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актінің болмауы;

4) мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексеруді жүргізу кезеңділігінің бұзылуы;

5) мемлекеттік бақылау субъектісіне мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексеруді тағайындау туралы актінің ұсынылмауы;

6) мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) өз құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша тексерудің тағайындалуы;

7) мемлекеттік бақылау субъектісін (объектісін) тексерудің мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға тексеруді тағайындау туралы акт белгіленген мерзімдерде жіберілмей жүргізілуі.».

8. «Мəдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;

2) 4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

«14) отандық əдебиет пен кітап басып шығаруды дамыту.»;

3) 8-бап мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:

«2-2) мəдениет жəне білім беру ұйымдарында кітапхана қорын дамыту жəне сақтау жөніндегі шараларды қабылдайды;»;

4) 9-бап мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

«1-2) кітапхана қорын сақтау жөніндегі шараларды қабылдайды;»;

5) 9-1-бапта:

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Телевизиялық жазбаларды жəне концерттік ойын-сауық мəдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арнайы бейімделмеген жəне арналмаған өзге де орындарды қоспағанда, концерттік ойын-сауық мəдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде ұйымдастырушылардың, шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың дауыс (вокалды) фонограммаларын пайдалануына тыйым салынады.»;

5-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«7) ойын-сауық мəдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу уақытында музыкалық туындыларды орындау кезінде дауыс (вокалды) фонограммаларының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлауға міндетті.»;

6) 11-баптың 2-тармағы 5) тармақшасындағы «жасамауға міндетті.» деген сөздер «жасамауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) масс-медиада немесе онлайн-платформаларда авторлық құқық объектілері болып табылатын туындыларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда жəне тəртіппен кез келген жария пайдалану кезінде олардың авторын (авторларын) атап көрсетуге міндетті.»;

7) 24-баптың 4-тармағының екінші бөлігі 11) тармақшасындағы «өткізуге құқығы бар.» деген сөздер «өткізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

«12) кітапхана үй-жайларын ұсына отырып, білім беру іс-шаралары мен мəдени іс-шараларды ұйымдастыру жəне өткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге құқығы бар.»;

8) 29-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) музыкалық туындыларды орындау кезінде дауыс (вокалды) фонограммаларының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлауға;».

9. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-бапта:

13-1) тармақша «стипендиялар» деген сөзден кейін «, білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен мектепке дейінгі тəрбие мен оқытуға, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын» деген сөздермен толықтырылсын;

9-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацы 2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі

44-1) тармақша алып тасталсын;

50-3) тармақшада:

«білім алушыларды» деген сөздерден кейін «(тəрбиеленушілерді)» деген сөзбен толықтырылсын;

«адамдарды (балаларды)» деген сөздер «балаларды (адамдарды)» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;

3) 3-баптың 3-тармағының 9) тармақшасы «, сондай-ақ академиялық адалдық нормаларын сақтау» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 5-баптың бірінші бөлігінде:

10) тармақша «салыстырмалы» деген сөзден кейін «жəне ұлттық» деген сөздермен толықтырылсын;

28) тармақша «педагогтер» деген сөзден кейін «, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздары, оларды дайындаған педагогтер» деген сөздермен толықтырылсын;

29) тармақшада:

«біржолғы сыйақы» деген сөздер «, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы сыйақы» деген сөздермен ауыстырылсын;

«берілетін» деген сөз «, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпаздарына, оларды дайындаған педагогтерге берілетін» деген сөздермен ауыстырылсын;

37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«37) мемлекеттік орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды, күрделі жөндеуді қаржыландыру жəне жүргізу қағидаларын сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс істері жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;»;

 мынадай мазмұндағы 42-1), 54-1), 54-2) жəне 54-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«42-1) оқыту тілін қосымша қолдауды қажет ететін, қазақ тілінде оқитын бірінші сыныптардың білім алушыларына арналған бейімдеу бағдарламасын, сондай-ақ оны ендіру қағидалары мен шарттарын бекітеді;»;

9-тармағы 4) тармақшасының он бірінші - он үшінші абзацтары 2026 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі

«54-1) техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының қызметі жетістіктерінің рейтингтік көрсеткіштерін бағалау əдістемесін əзірлейді жəне бекітеді;

54-2) техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын саралау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;

54-3) техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының қызметі жетістіктерінің рейтингтік көрсеткіштерін бағалау əдістемесі жəне оларды саралау қағидалары негізінде техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын саралауды жүргізеді;»;

5) 5-3-бапта:

бірінші бөлікте:

9-тармағы 5) тармақшасының үшінші - алтыншы абзацтары 2026 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі

мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) жəне 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«7-1) жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметі жетістіктерінің рейтингтік көрсеткіштерін бағалау əдістемесін бекітеді;

7-2) жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын саралау қағидаларын бекітеді;

7-3) жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметі жетістіктерінің рейтингтік көрсеткіштерін бағалау əдістемесі жəне оларды саралау қағидалары негізінде жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын саралауды жүргізеді;»;

10) тармақша «жəне» деген сөзден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

«17-1) Қазақстан Республикасындағы халықаралық жəне шетелдік оқу орындары жəне (немесе) олардың филиалдары қызметінің қағидаларын жəне олардың ынтымақтастығының нысандарын бекітеді;»;

9-тармағы 5) тармақшасының оныншы абзацы 2026 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі

екінші бөлік «7),» деген цифрдан кейін «7-1), 7-2), 7-3),» деген цифрлармен толықтырылсын;

6) 6-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

«6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды, күрделі жөндеуді қаржыландыру жəне жүргізу қағидаларына сəйкес айқындалатын көлемде орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік объектілерін салуды, реконструкциялауды жəне күрделі жөндеуді қаржыландыруды жыл сайын қамтамасыз етеді.»;

7) 8-3-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

«Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының штат саны Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау, ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып, олардың интернет-ресурстарында орналастырылуға тиіс.»;

9-тармағының 8) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

8) 26-баптың 9-1-тармағы «қабылдау тəртібі» деген сөздерден кейін «жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын саралау нəтижелері ескеріле отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;

9) 30-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

«Мектепке дейінгі ұйым психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдарына сəйкес мүмкіндіктері шектеулі балаларды қоспағанда, алты жасқа толған тəрбиеленушілерді шығаруды олар мектепалды даярлық бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгергеннен кейін жыл сайын 1 маусымнан бастап 1 тамыз аралығындағы кезеңде жүзеге асырады.»;

10) 42-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Жекеменшік білім беру ұйымдары тұлғалардың есімдерін беруді жəне оларды қайта атауды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың ономастика комиссияларымен келіседі.»;

11) 43-1-бапта:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) дербес əзірленген академиялық адалдық нормалары негізінде академиялық жəне ғылыми қызметті жүзеге асыру;»;

9-тармағының 11) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Ғылым жəне жоғары білім саласындағы уəкілетті орган жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын саралау қағидалары негізінде жүргізілген жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын саралау нəтижелері бойынша мынадай:

1) жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының құрылымын дербес айқындауға;

2) жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұнын тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан төмен болмайтындай етіп дербес айқындауға;

3) ғылым жəне жоғары білім саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіпке сəйкес философия докторы (PhD) жəне бейіні бойынша доктор дəрежелерін беруге құқығы бар жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын айқындайды.»;

12) 44-баптың 9-2-тармағының бірінші абзацындағы «1), 3), 6), 7)» деген цифрлар «3), 6) жəне 7)» деген сөздермен ауыстырылсын;

13) 47-баптың 17-2-тармағында:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) резидентураға мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде, магистратураға, докторантураға түскен жəне оқуын аяқтаған адамдарға;»;

6) тармақшадағы «азаматтарға беріледі.» деген сөздер «азаматтарға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) жəне 8) тармақшалармен толықтырылсын:

«7) мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тəрбиелеп отырған анаға немесе əкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын жəне төленетін мемлекеттік жəрдемақыны алушылар болып табылатын адамдарға;

8) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын мемлекеттік жəрдемақыны алушылар болып табылатын адамдарға беріледі.»;

мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Шетелдік білім беру ұйымдарында резидентураға (ординатураға), магистратураға, аспирантураға, докторантураға түскен жəне оқуын аяқтаған адамдарға оқу кезеңінде жұмыспен өтеу бойынша кейінге қалдыру беріледі.»;

9-тармағының 14) тармақшасы 2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі

14) 48-1-бапта:

2-тармақ 5) тармақшасындағы «орналастыруға міндетті.» деген сөздер «орналастыруға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6), 7) жəне 8) тармақшалармен толықтырылсын:

«6) «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сəйкес, өнім берушіні қоғамдық тамақтану объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сəйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз жəне (немесе) қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламасыз сатып алынатын қызметтерді көрсетуге жібермеуге;

7) сатып алынатын қызметтерді көрсету процесінде:

конкурстық құжаттамада мəлімделген, өнім беруші жұмыскерлерінің сатып алынатын қызметтерді нақты көрсетуін жəне олардың біліктілігін тексеруге;

сатып алынатын қызметтерді көрсету үшін қажетті тоңазыту жабдығының жəне технологиялық жабдықтың болуын жəне жарамдылығын тексеруге;

тағамдар мен аспаздық бұйымдардың сапасына органолептикалық бағалау (бракераж) жүргізуді қамтамасыз етуге;

8) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың жергілікті атқарушы органына осы тармақтың 7) тармақшасында көзделген талаптардың сақталуы туралы ақпарат беруге міндетті.»;

мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 жəне 2-3-тармақтармен толықтырылсын:

«2-1. Өнім беруші тамақ өніміне кіріс құжаттарын есепке алуды оны жеткізуді жүзеге асыратын субъектілер бөлінісінде жүргізуге міндетті.

2-2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың жергілікті атқарушы органы сатып алынатын көрсетілетін қызметтерді берушілердің тізілімін жүргізеді, онда:

қызметтерді көрсету туралы шарттардың жасалған күні мен қолданылу мерзімі;

сатып алынатын қызметтерді нақты көрсететін өнім берушінің жұмыскерлері жəне олардың біліктілігі туралы ақпарат қамтылады.

2-3. Осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында, 2-1 жəне 2-2-тармақтарында көзделген талаптарды орындау тəртібі мемлекеттік орта, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тəрбиеленетін жəне білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларына сəйкес жүзеге асырылады.»;

15) 51-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде:

2) тармақша «сəйкес» деген сөзден кейін «жəне академиялық адалдық нормалары сақтала отырып» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) білім алушыларға ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу əдістерін жəне оларды зерделенетін салада қолдануды оқытып-үйретуге;»;

7) тармақша «қағидаларын» деген сөзден кейін «жəне ғылыми əдеп қағидаттарын» деген сөздермен толықтырылсын;

9-тармағының 16) тармақшасы 2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі

16) мынадай мазмұндағы 55-1-баппен толықтырылсын:

«55-1-бап. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау

1. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау білім беру қызметінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сəйкестігін айқындауға бағытталған, білім берудің сапасы мен қолжетімділігін кешенді түрде бағалау рəсімін білдіреді.

2. Мемлекеттік аттестаттау меншік нысанына жəне ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ Сот төрелігі академиясында, əскери, арнаулы оқу орындарында жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік аттестаттауды:

1) меншік нысанына жəне ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру саласындағы уəкілетті органның ведомствосы жəне оның аумақтық бөлімшелері;

2) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ғылым жəне жоғары білім саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын əскери, арнаулы оқу орындарына қатысты ғылым жəне жоғары білім беру саласындағы уəкілетті органның ведомствосы;

3) денсаулық сақтау саласындағы техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қатысты денсаулық сақтау саласындағы уəкілетті орган өзі айқындайтын тəртіппен;

4) Сот төрелігі академиясына қатысты Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі өзі айқындайтын тəртіппен бес жылда бір рет өткізеді.

4. Бірінші мемлекеттік аттестаттау жаңадан құрылған, мынадай:

1) мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында - қызметі басталған кезден бастап үш жыл өткен соң;

2) бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда - төрт жыл өткен соң;

3) техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда мамандардың алғашқы бітіру кезінен бастап бір жылдан кешіктірілмей өткізіледі.

5. Білім беру қызметінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сəйкестігін бағалауды жүргізу нəтижелері бойынша білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан өткен не өтпеген деп танылады.

Мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген білім беру ұйымдарына қатысты Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.»;

9-тармағының 17) тармақшасы 2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі

17) 59-бапта:

2-тармақтың 1) тармақшасы «заңды тұлғалардың» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ дара кəсіпкерлердің» деген сөздермен толықтырылсын;

3-тармақта:

бірінші бөліктегі «жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау» деген сөздер алып тасталсын;

үшінші бөлік алып тасталсын;

4, 4-1, 8-5, 8-6, 8-7, 8-8, 8-9, 8-10, 8-11, 8-12 жəне 8-13-тармақтар алып тасталсын;

9-тармағының 18) тармақшасы 2026 ж. 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі

18) 59-1-бапта:

2-тармақтың 21), 23), 24) жəне 25) тармақшалары алып тасталсын;

3-тармақтың 1), 16) жəне 20) тармақшалары алып тасталсын;

19) 62-бапта:

5-1-тармақта:

9-тармағының 19) тармақшасының үшінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

бірінші бөлік «ұйымдарында» деген сөзден кейін «жəне жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын саралау нəтижелері ескеріле отырып» деген сөздермен толықтырылсын;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы əскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен орналастырылады.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мектепалды сыныптарда мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысы білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен орналастырылады.»;

9-тармағының 19) тармақшасының сегізінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

8-тармақтағы «жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түрі мен мəртебесіне» деген сөздер «Сот төрелігі академиясын, əскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түріне, мəртебесіне жəне саралау нəтижелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын.

10. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

25-баптың 1-тармағының 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«15) музыкалық туындыларды орындаушылардың ойын-сауық қызметтерін көрсетуі кезінде дауыс (вокалды) фонограммаларын, дыбыс-бейне жазбаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда пайдалануын көрсетуді;».

11. «Педагог мəртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 3-баптың бірінші бөлігі «кабинеттерде» деген сөзден кейін «(орталықтарда)» деген сөзбен толықтырылсын;

2) 8-баптың 5-тармағы «кабинетте» деген сөзден кейін («орталықта») деген сөзбен толықтырылсын;

3) 9-баптың 3-тармағының екінші бөлігі «жүлдегерін» деген сөзден кейін «, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының жеңімпазын» деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап. Осы Заң:

1) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 2) тармақшасын;

2) 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағының 1) тармақшасын, 4-тармағын, 7-тармағының 1), 4), 5) жəне 6) тармақшаларын, 9-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацын, 14), 16), 17) жəне 18) тармақшаларын;

3) 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағы 4) тармақшасының он бірінші, он екінші жəне он үшінші абзацтарын, 5) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы жəне оныншы абзацтарын;

4) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағының 8) тармақшасын, 11) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші жəне сегізінші абзацтарын, 19) тармақшасының үшінші жəне сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2025 жылғы 4 желтоқсан

№ 236-VIIІ ҚРЗ