ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Конституциясы 40-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мүдделі ұйымдар (келісім бойынша):
1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Тұжырымдаманың орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынсын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 26 қыркүйек
№ 1021
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 1021 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың
2030 жылға дейінгі
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Астана қ., 2022 ж.
Мазмұны:
1-бөлім. Тұжырымдаманың паспорты
2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау
3-бөлім. Халықаралық тәжірибені шолу
4-бөлім. Қаржы секторын дамытудың пайымы
5-бөлім. Қаржы секторын дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер
Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (қосымша)
1-бөлім. Тұжырымдаманың паспорты
| Атауы | Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылга дейінгі тұжырымдамасы |
| Әзірлеу үшін негіз | Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 21-4903 тапсырмасы |