«Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 68 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 3 шілдедегі № 170 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 68 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы (Т.Х. Жігітаев):
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.Б. Сапановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Е. Көшербаев |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 3 шілдедегі
№ 170 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2022 жылғы 29 наурыздағы
№ 68 қаулысымен
бекітілген