Введите номер документа
Прайс-лист

«Каспий теңізінің проблемасы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1994 ж. 28 шілдедегі № 295-ө өкімі

Информация о документе
Датачетверг, 28 июля 1994
Статус
Действующийвведен в действие с 28 июля 1994
Дата последнего изменениячетверг, 28 июля 1994

«Каспий теңiзiнiң проблемасы» Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 1994 ж. 28 шiлдедегі № 295-ө өкімі

 

Каспий теңiзi жағалауындағы мемлекеттердiң ынтымақтастығын үйлестiрудiң нақты шараларын жүзеге асыру үшiн:

1. Каспий теңiзiнiң проблемасы бойынша келiссөздерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік делегациясы мен сарапшылар тобының құрамы № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсiн.

2. Мемлекеттік делегацияның мүшелерi мен сарапшылар Каспий теңiзiн пайдаланудың барлық кешендi мәселелерi жөніндегі келiссөздердегi қызметiнде Каспий теңiзiнiң құқықтық статусы жөніндегі Директиваларын № 2 қосымшаға сәйкес басшылыққа алсын.

3. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 1993 жылғы 8 сәуірдегі № 131 өкімінiң күшi жойылды деп саналсын.

Премьер-министр

                                       Қазақстан Республикасы

                                        Премьер-министрінің

                                      1994 жылғы 28 шiлдедегi

                                           № 295-ө өкіміне

                                            № 1 қосымша

 

Каспий теңiзiнiң проблемасы бойынша келiссөздерде

Қазақстан Республикасының үкiмет делегациясы мен

сарапшылар тобының

Құрамы

 

Үкiмет делегациясы:

 

Әбiлсейiтов Ғ.А.  - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің
                    орынбасары, Ғылым және жаңа технологиялар
                    министрi (делегация басшысы)
 
Сағадиев К.А.     - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
                    академиясының президентi (делегация басшысының
                    орынбасары)
 
Алесин В.И.       - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің
                    орынбасары
 
Ахметғалиев Б.Р.  - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Iс
                    басқармасының, ТМД iстерi жөніндегі бөлiмiнiң
                    меңгерушiсi
 
Бижанов Н.Қ.      - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
                    жөніндегі мемлекеттік комиссиясы төрағасының
                    орынбасары
 
Елеманов Б.Д.     - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
                    өнеркәсiбi министрінің бiрiншi орынбасары
 
Жаркенов М.И.     - Қазақстан Республикасының Экология және
                    биоресурстар министрінің бiрiншi орынбасары
 
Закиев Б.С.       - Қазақстан Республикасы шекара әскерлерiнiң
                    қолбасшысы
 
Қасымов А.Х.      - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің
                    бiрiншi орынбасары
 
Қуандықов Б.М.    - "Қазақстанкаспийшельф" Ұлттық акционерлік
                    компаниясының президентi
 
Тихонов С.В.      - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрінің
                    бiрiншi орынбасары

 

Сарапшылар тобы:

 

Жәрдемәлиев К.К.  - Экобиоресурсминi Бас мемлекеттік
                    сараптамасының бас сарапшысы
 
Исламов Р.А.      - Қорғаныс министрінің Әуе-теңiз Күштерi
                    бөлiмiнiң бастығы
 
Марабаев Ж.       - "Қазақстанкаспийшельф" Ұлттық акционерлік
                    компаниясының вице-президентi
 
Мұхамеджанов Н.А. - "Каспий" ғылыми-талдау орталығының
                    директоры
 
Сарсембаев С.С.   - Сыртқы Iстер министрлігінiң халықаралық
                    экономикалық қатынастар басқармасының бастығы
 
Султашев Н.О.     - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Iс
                    басқармасының ТМД iстерi бөлiмiнiң сарапшысы
 
Сыдықов Ж.С.      - академик, Ұлттық Ғылым академиясы Төралқасының
                    мүшесi
 
Өтепов И.А.       - Сыртқы Iстер министрлігі Экология жөніндегі
                    бөлiмiнiң меңгерушiсi
 
Шоқпытов А.М.     - Бас шекара әскерлерiнiң теңiз бөлiмiнiң
                    бастығы
 
Шустов А.И.       - Қазақ балық қорғау Бас басқармасының
                    бастығы

 

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Премьер-министрінің

                                       1994 жылғы 28 шiлдедегi

                                           № 295-ө өкіміне

                                            № 2 қосымша

 

Каспий теңiзiнiң құқықтық статусы жөніндегі

Директивалар

 

Каспий теңiзiнiң құқықтық статусы жөніндегі келiссөздерде Қазақстан Республикасының делегациясы мынаны басшылыққа алады:

1. ССРО-ның ыдырауына және Каспий маңында жаңа егемендi мемлекеттердiң (Әзiрбайжан, Қазақстан, Россия және Туркменстан пайда болуына байланысты Россия мен Иран (Персия) арасындағы 1921 жылғы 26 ақпандағы Шартпен және ССРО мен Иран арасындағы 1940 жылғы 25 наурыздағы Шартпен белгiленген Каспий теңiзiнiң бұрынғы құқықтық статусы жаңа геосаяси талаптарға сай келмейдi.

2. Қазақстан делегациясы Каспий теңiзiнiң жаңа құқықтық статусын анықтау үшiн Каспий маңындағы мемлекеттердiң көпжақты келiссөздер жүргiзуiне қажырлылықпен әрi табандылықпен қол жеткiзуi қажет, бұл проблеманың шешiмi табылмайынша Каспий маңындағы мемлекеттердiң екiжақты және көпжақты ынтымақтастығының басқа мәселелерiнде iлгерiлеуге қол жеткiзу мүмкiн еместiгiн түсiндiру керек.

3. Каспий теңiзi проблемасының кешендi сипатын, Қазақстан Республикасының түрлi ведомстволары мүдделерiнiң қарама-қайшылықтарын, сондай-ақ, Каспий маңындағы басқа мемлекеттердiң мүдделерiн ескере отырып, делегация Каспий теңiзiнiң жаңа құқықтық статусын анықтауда мына мәселелерге баса назар аударсын:

а) Каспий теңiзiнiң құқықтық статусы республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуы үшiн Қазақстан халықаралық-жұрт таныған негiз қалап, Каспий теңiзiнiң Қазақстан бөлiгіндегі минералдық-шикiзат ресурстарын өңдеу мен ұтымды пайдалануына нақты мүмкiндiктер туғызуы керек;

б) Қазақстанның Каспий теңiзіндегі кеме қатынасы мен балық аулау кәсiбi мәселелерiнiң қолайлы шешiлуiн қамтамасыз ету;

в) Каспий маңындағы мемлекеттермен серiктестiк негiзде Каспий теңiзiнiң экологиялық мәселелерiнiң шешiмiн табу.

Сонымен қатар барлық мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың мүдделерiн үйлесiмдi ету үшiн бар күш-жiгердi жұмсау керек.

4. Каспий теңiзiнiң ерекше сипатын ескерiп, оған 1982 жылғы теңiз құқығы туралы БҰҰ Конвенциясының аймақтық сулар, айрықша экономикалық аймақтар, континентальдық шельф, ашық теңiз бетiнде еркiн ұшу мәселелерi, балық аулау, айналадағы ортаны қорғау, жағалаудағы мемлекеттердiң жағалауды қорғау мәселелерi тәртібін қадағалайтын негiзгi ережелерiн қолдануға қол жеткiзу.

5. Каспий маңындағы мемлекеттердiң аймақтық ынтымақтастық мәселелерiн тиiмдi шешу үшiн Қазақстан делегациясы Каспий маңындағы елдердiң мемлекет пен үкiмет басшылары үшiн Каспий теңiзi проблемаларын шешу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу жүктелетiн Мемлекетаралық Кеңес құру туралы ұсыныс енгiзсiн.

6. Каспий теңiзi проблемаларын шешудiң алғашқы кезеңiнiң келiссөздерi барысындағы Россияның рөлiн ескерiп, Каспий теңiзiнiң құқықтық статусының маңызды бағыттарын келiсу үшiн шаралар қолданылсын.

7. Каспий маңындағы мемлекеттер мен келiссөздер процесiн жүргiзудiң кезеңдерi мен тактикасы, түрлi кезеңдердегi келiссөздерге қатысушылардың құрамы туралы мәселе Қазақстан Республикасының егемендiк теңдiгi және құқықтық мүдделерiн құрметтеу негiзiнде, сондай-ақ тараптардың қаралатын проблема жөніндегі позициясы мен көзқарасының ерекшелiктерiне қарай анықталсын.

8. Каспий маңындағы мемлекеттердiң аумақтық ынтымақтастығы туралы Келісім жөніндегі көлiссөздерi Каспий теңiзiнiң құқықтық статусы туралы келiссөздерiмен қатар жүргiзiлсiн.

9. Каспий теңiзiнiң құқықтық статусы туралы келiссөздердiң барысына қарай үкiметке осы директиваларға өзгертулер енгізу және Қазақстан делегациясының тактикалық бағыты жөнiнде ұсыныстар енгiзiлсiн.

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами