Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 13 қыркүйектегi № 1001
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 24 сәуірдегі № 396 қаулысы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 16 және 17-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған республикалық бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 13 қыркүйектегi № 1001 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітiлген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған республикалық бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған республикалық бюджетiнiң болжамды көрсеткiштерi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілісiне ұсынылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Үкіметінің
2003 жылғы 24 сәуірдегі
№ 396 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 1001 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған
республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштері
Атауы | Есеп 2001 жыл | Есеп 2002 жыл | Болжам |
2003 жыл 2004 жыл 2005 жыл | |||
Республикалық бюд. жетке түсімдер1 млрд. теңгемен 474,6 565,5 704,2 786,1 860,3 ЖІӨ-ге %-пен 14,6 15,1 16,1 16,2 15,8 Кірістер1 млрд.теңгемен 378,2 505,7 632,6 694,2 775,7 ЖІӨ-ге %-пен 11,6 13,5 14,5 14,3 14,3 Салық түсімдері млрд. теңгемен 313,4 456,2 574,4 647,6 727,2 ЖІӨ-ге%-пен 9,6 12,2 13,2 13,4 13,4 Салыққа жатпайтын түсімдер млрд. теңгемен 58,5 43,5 51,5 40,0 41,9 ЖІӨ-ге%-пен 1,8 1,2 1,2 0,8 0,8 Капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістер1 млрд. теңгемен 6,2 5,9 6,6 6,5 6,6 ЖІӨ-ге%-пен 0,2 0,2 0,2 0,1 0,1 Алынған ресми трансферттер млрд. теңгемен 84,2 49,1 57,6 81,9 73,4 ЖІӨ-ге%-пен 2,6 1,3 1,3 1,7 1,3 Кредиттерді қайтару млрд. теңгемен 12,2 10,7 14,0 10,1 11,2 ЖІӨ-ге%-пен 0,4 0,3 0,3 0,2 0,2 Республикалық бюджет. тің шығыстары млрд. теңгемен 502,5 570,0 787,0 878,1 963,6 ЖІӨ-ге%-пен 15,5 15,2 18,0 18,1 17,7 Республикалық бюджет. тің тапшылығы млрд. теңгемен -27,9 -4,5 -82,8 -91,9 -103,3 ЖІӨ-ге%-пен -0,9 -0,1 -1,9 -1,9 -1,9 | |||
Анықтамалық: ЖІӨ, млрд. теңге 3251 3747 4368 4838 5438 өткен жылға %-пен 113,5 109,5 108,3 106,6 106,5 Тауарлардың экспорты, млн. АҚШ долл. 9101 10043 11393 11716 12271 ЖІӨ-ге %-пен 41,1 41,1 40,2 38,0 35,9 Тауарлардың импорты, млн. АҚШ долл. 7850 7435 8240 8950 9835 ЖІӨ-ге %-пен 35,4 30,5 29,1 29,0 28,8 Тұтыну бағасының индексі, %-пен жылына орташа 108,4 105,9 105,9 105,4 105,0 АҚШ долларына теңге бағамы жылына орташа 146,7 153,5 154,0 157,0 159,1 Мұнайға дүниежүзілік баға (BRENT қоспасы), әр баррель үшін АҚШ доллары 24,4 25,0 26,0 22,0 22,0 | |||
Ескерту:
1 - бюджет тапшылығын қаржыландыру көздері ретінде бюджет тапшылығы
есебінің жаңа әдіснамасы бойынша есепке алынатын республикалық меншік
объектілерін жекелешендіруден түсетін түсімдерді қоспағанда