2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс
жөніндегі агенттігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж.
26 желтоқсандағы № 1327 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.03.04 ж. № 197а; 23.06.04 ж. № 197к;
17.09.04 ж. № 197c; 2004.13.12. № 197ак қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. 353, 354, 355, 356, 357, 358, 359, 360, 361, 362, 363, 364, 365, 366, 367, 368-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
353-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi
органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 171177 мың теңге (бiр жүз жетпiс бiр миллион бiр жүз жетпiс жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 8 , 18, 21-24-баптары; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 9-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлау, қайта даярлау және біліктілігiн арттыруды жетiлдiру жөнiнде одан әрi жүргiзiлетiн шаралар туралы" 1998 жылғы 18 қыркүйектегi № 4075 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 22 шiлдедегi № 724 қаулысы; "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; "Мемлекеттік қызметшiлердi оқыту тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi атқаруға қол жеткiзу үшiн Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi мен оның аумақтық органдарының қызметiн қамтамасыз ету. Өздерiнiң лауазымдық мiндеттерiн тиiмдi атқару және кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру үшiн қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсiби қызметi саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерiн, дағды шеберлiктерiн жаңарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң орталық аппараты мен оның аумақтық органдарын ұстау; мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiптiк біліктілігiн арттыру; Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi мен оның аумақтық органдарының жергiлiктi-есептеу желiлерiне жүйелi-техникалық қызмет көрсету; ұйымдастыру техникасына техникалық қызмет көрсету; Агенттiк пен оның аумақтық органдарының деректер беру желiлерiне қол жеткiзу жөніндегі қызметтер үшiн абоненттiк және жалдық төлемдердi қамтитын ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерiн қамтамасыз ету; лицензиялар мен өзге де рұқсат ету құжаттарын беру және лицензиаттардың лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын талаптарды сақтауына бақылау жасау; материалдық-техникалық базаны нығайту.
ҚР Үкіметінің 2004.13.12. № 197ак қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 001 Ақпараттан- дыру және байланыс caласын- дағы уәкi- леттi органның қызметiн қамтама- сыз ету 2 001 Орталық 66 бiрлiк мөлше- Жыл Қазақстан органның ріндегі штат ішінде Республикасы- аппараты санының лимитiне ның Ақпарат- сәйкес Қазақстан тандыру және Республикасы байланыс Ақпараттандыру жөніндегі және байланыс агенттігі жөніндегі агенттi- гiнiң орталық аппаратын ұстау- Бланктердi: қатаң есептілік бланкте- рiн 10000 дана мөлшерiнде; лицен- зиялардың бланкте- рiн 2000 дана мөлшерiнде, рұқсат- тардың 10000 дана мөлшерiнде сатып алу. Жергiлiкті-есептеу желiлерiне жүйелiк- техникалық қызмет көрсету, 66 бiрлiк мөлшеріндегі компью- терлiк техникаға және 26 бiрлiк мөлшеріндегі ұйымдастыру техни- касына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргiзу. Телекоммуникациялық қызметтер- Бекітiлген 5 бiрлiк мөлшеріндегі тиiс- тілік нормативiне сәйкес автокөлiктi ұстау және жалға алу. 7 тақырып бойынша нормативтiк құқық- тық құжаттар әзiрлеу. 3 002 Аумақтық 113 бiрлiк мөлше- Жыл Қазақстан органдар- ріндегі штат саны- ішінде Республикасы- дың аппа- ның лимитiне сәйкес ның Ақпарат- раттары Қазақстан Республи- тандыру және касы Ақпараттандыру байланыс және байланыс жөніндегі жөніндегі агенттi- агенттiгi гінiң аумақтық органдарын ұстау- Бекiтiлген 16 бiр- лiк мөлшеріндегі тиiстілік нормати- вiне сәйкес авто- көлiктi ұстау және жалға алу. 4 007 Мемлекеттік Бекiтiлген білікті- Жыл Агенттік қызметшiлер- ліктi көтеру ішінде және оның дiң білік- жоспарына сәйкес аумақтық тілігiн мемлекеттік қызмет- органдары арттыру шілердiң біліктілі- гiн көтеру, оның iшiнде мемлекеттік тiлге оқыту жөнiн- дегi қызмет көрсе- тулердi сатып алу- Бiлiктілігiн көтеру курстарынан өтетiн мемлекеттік қызмет- шiлердiң жылдық орташа саны - 62 бiрлiк. 5 009 Мемлекеттік Мыналарды: Жыл Қазақстан органдарды үздiксiз қуат беру ішінде Республикасы- материал- көздерiн - 2 жиын- ның Ақпарат- дық-техника- тық мөлшерiнде; тандыру және лық жарақ- компьютерлiк байланыс тандыру жабдықтарды - 15 жөніндегі жиынтық мөлшерiнде; агенттігі ұйымдастыру техни- касын - 15 жиынтық мөлшерiнде; лицензиялық бағдар- ламалық қамтамасыз ету - 1 жиынтық мөлшерiнде сатып алу; ноутбуктер 6 бiрлiк; принтерлер - 8 бірлік | ||||||
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi мен оның аумақтық органдарының жүктелген функциялар мен мiндеттердi сапалы және уақтылы орындауы; мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiби мемлекеттік қызметтiң талаптарына сай, қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес кәсiби деңгейiн көтеру; лицензиялық заңнаманы бұзушылықтарды жедел анықтау және жолын кесу.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
354-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Радиожиiлiк өрiсiнiң және радиоэлектрондық құралдардың мониторинг
жүйесiн құру"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 324950 мың теңге (үш жүз жиырма төрт миллион тоғыз жүз елу мың теңге).
ҚР Үкіметінің 2004.13.12. № 197ак қаулысымен 2-тармақ толықтырылды
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы; "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 18 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 9-бабының 5 және 25-тармақтары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2000-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2000 жылғы 14 наурыздағы № 359 Жарлығы; "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн жасау және ұшырудың кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысы; "Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникация кешенiнiң кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 қарашадағы № 1665 қаулысы; "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тiркеудiң, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 6 қазандағы № 1293 қаулысы; "Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн радиосәуле шығаратын құралдардың деректерiн есепке алудың бірыңғай жүйесiн құру бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 114 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында радиожиiлiк спектрiн пайдаланудың толыққанды реттелуiн қамтамасыз етуге, жұмыс iстеп тұрған радиоэлектрондық құралдарды қадағалауға, радиобөгеуiлдердiң көздерiн анықтауға, радиоэлектрондық құралдардың мәлiмделген параметрлерінің нақтыларына сәйкестiгiн тексеруге, заңсыз жұмыс iстейтiн радиоэлектрондық құралдардың ең көп санын анықтау салдарынан радиожиiлiк спектрін пайдаланғаны үшiн мемлекеттік бюджетке түсiмдердi ұлғайтуға, басқарудың әртүрлi деңгейлерiнiң арасында ақпаратпен жедел алмасу үшiн деректер базасын жасауға, радиобөгеуiл көзiн торуылдау процесiн автоматтандыруға, мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қорғау жөнiнде тиiмдi шаралар қабылдауға мүмкiндiк беретiн техникалық радиобақылау жүйесiн жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгiнiң байланыс және ақпараттандыру жөніндегі аумақтық органдары үшiн қажеттi радиобақылау жабдықтарын сатып алу, техникалық радиобақылаудың стационарлық пункттерi мен жылжымалы станцияларын құру және жарақтандыру, Қазақстан Республикасының цифрлы картасы үшiн деректер қорын жасау.
ҚР Үкіметінің 2004.13.12. № 197ак қаулысымен 6-тармақ толықтырылды
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
┌────┬────┬─────┬───────────┬──────────────────┬───────┬───────────────┐
│ Рет│Бағ-│Кiшi │ Кіші │ Бағдарламаны │ Іске │ Жауапты │
│ са-│дар-│бағ- │бағдарлама-│ іске асыру │ асыру │ орындаушылар │
│ ны │лама│дар- │ лардың │ жөніндегі │мерзімі│ │
│ N │коды│лама │ атауы │ іс-шаралар │ │ │
│ │ │коды │ │ │ │ │
├────┼────┼─────┼───────────┼──────────────────┼───────┼───────────────┤
│ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7 │
├────┴────┴─────┴───────────┴──────────────────┴───────┴───────────────│
│ 1 002 Радиожиiлiк Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан │
│ өрiсiнiң касы аумағының бойы Республикасы- │
│ және радио- (қалалар мен елдi ның Ақпарат- │
│ электрондық мекендердiң аумақ- тандыру және │
│ құралдардың тарын қоспағанда) байланыс │
│ мониторинг электронды цифрлық жөніндегі │
│ жүйесiн картасына арналған агенттігі │
│ құру деректер қорының │
│ картографиялық кiшi │
│ жүйесiн қалыптас- │
│ тыру - 1 дана; │
│ Мыналарды сатып │
│ алу: │
│ техникалық радиоба- │
│ қылаудың жылжымалы │
│ станциясы - 2 дана; │
│ стационарлық радио- │
│ бақылау пунктiне │
│ арналған жабдықтар │
│ - 4 жиынтық; │
│ көшпелi пеленгация- │
│ лық пунктi - 1 │
│ жиынтық; │
│ жиынтықтағы спектр │
│ талдағышы - 1 дана; │
│ тармақтану жиынтығы │
│ - 7 дана; │
│ аз шуылды күшейт- │
│ кiш - 7 дана; │
│ Байланыс және хабар │
│ тарату │
│ телекоммуникациялық │
│ спутнигiн және │
│ iлеспе ғарыштық │
│ аппараттарды жерден │
│ басқару кешенi │
│ мен байланыс │
│ мониторингі жүйесін │
│ жасауға және │
│ геостанциялық │
│ орбитаға қоюға │
│ арналған │
│ келісім-шарт │
│ бойынша │
│ жұмыстардың │
│ орындалу барысын │
│ бақылауды │
│ қамтамасыз ету; │
│ "Ғарыштық байланыс │
│ және │
│ радиоэлектрондық │
│ құралдардың │
│ электромагниттiк │
│ үйлесiмдiлігі │
│ республикалық │
│ орталығы" АҚ │
│ (бұдан әрi Қоғам) │
│ жарғылық капиталын │
│ 15770,2 (он бес │
│ миллион жетi жүз │
│ жетпiс мың екi │
│ жүз) теңге сомасында │
│ ұлғайту, оның iшiнде: │
│ - жобалау-сметалық │
│ құжаттаманы әзiрлеуге, │
│ мемлекеттік │
│ сараптамаға ақы │
│ төлеуге, Қоғамға │
│ берiлетiн ғимаратты │
│ жөндеу-қалпына │
│ келтiру жұмыстарын │
│ жүргiзуге. │
└──────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
ҚР Үкіметінің 2004.13.12. № 197ак қаулысымен 7-тармақ толықтырылды
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Сандық көрсеткіштер:
Мыналарды сатып алу:
техникалық радиобақылаудың жылжымалы станциясы - 2 дана;
стационарлық радиобақылау пунктiне арналған жабдықтар - 4 жиынтық;
көшпелi пеленгациялық пунктi - 1 жиынтық;
жиынтықтағы спектр талдағышы - 1 дана;
тармақтану жиынтығы - 7 дана;
аз шуылды күшейткiш - 7 дана;
қуат өлшеуiш - 1 дана.
Сапалық көрсеткiштерi:
мемлекет қауiпсiздiгiне қатердi азайту; заңсыз әрекет ететiн радиожиiлiк спектрiн және радиоэлектронды құралдарды қолданушыларды анықтау;
радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi қондырғыларды пайдаланушылардың бөгеуiлдерге және электромагниттік қосылушылыққа шағымдары бойынша жүргізілетін жұмыстардың нәтижелілігін арттыру.
Байланыс және хабар тарату телекоммуникациялық спутнигін, iлеспе ғарыштық аппараттарды жерден басқару кешенi мен байланыс мониторингі жүйесiн құру жөніндегі жұмыстар кезеңiнiң сапалы орындалуын қамтамасыз ету.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
355-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қолданбалы
ғылыми зерттеулер"
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 26400 мың теңге (жиырма алты миллион төрт жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 18 ақпандағы № 168 қаулысы; "Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен iске асырудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 145 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ақпараттандыру және байланыс салаларын нарықтық жағдайларда дамытудың ғылыми-әдiстемелiк және нормативтiк базисiн жасауға бағдарланған әдiстердi қазiргi заманғы ғылыми техникалық деңгейде әзiрлеу мен енгізудi қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстанның ерекшелiктерiн ескере отырып және Халықаралық электр байланысы одағының ұсынымдарына және телекоммуникациялардың желiлерi мен жүйелерiн жаңарту нәтижесiнде пайда болған талаптарға сәйкес телекоммуникациялардың желiлерi мен жүйелерiн техникалық пайдаланудың әдiснамасын әзiрлеу жөнiнде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу, телекоммуникациялар саласына экономикалық талдау жүргiзу және телекоммуникациялар қызметтерiне (жалпыға бiрдей қол жетiмдi қызметтер) әмбебап қол жеткiзудi ұйымдастыру және беру жөніндегі әдiснамалық тәсiлдердi әзiрлеу, ақпараттандыруды дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау жөніндегі проблемаларды зерттеу және әдiстер әзiрлеу, ақпараттандыру саласындағы метрология, стандарттау және сертификаттау проблемаларын талдау мен зерттеу және техникалық талаптар әзiрлеу.
ҚР Үкіметінің 2004.13.12. № 197ак қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 003 Ақпараттан- Ақпараттандыру және Жыл Қазақстан дыру және байланыс саласында iшiнде Республикасы- байланыс 5 бағыт бойынша ның Ақпарат- саласындағы қолданбалы ғылыми тандыру және қолданбалы зерттеулер жүргiзу- байланыс ғылыми жөніндегі зерттеулер агенттiгi | ||||||
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: байланыс жабдықтарын, байланыстың жүйелерi мен желiлерiн пайдалану жөнiнде техникалық талаптар әзiрлеу және енгізу, оның негiзiнде телекоммуникация рыногы бәсекелiк және дотациялық сегменттерге бөлiнетiн телекоммуникация саласына экономикалық талдау жүргiзу, ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын құруға арналған техникалық тапсырма әзiрлеу.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
356-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік деректер базаларын құру"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 243433 мың теңге (екi жүз қырық үш миллион төрт жүз отыз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; "Салық төлеушілердің және салық салу объектiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмi" ақпараттық жүйесiн енгізу жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жеке және заңды тұлғаларды тiркеудiң қолданылып жүрген рәсiмдерiн жетiлдiру, құрылатын халықтың есебiн жүргiзудiң автоматтандырылған жүйелерiнiң өзара iс-қимылын қамтамасыз ету, озық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып Қазақстан ресурстарының пайдаланылуын бақылауды жақсарту, "Жеке тұлғалар", "Қазақстанның ресурстары" және "Заңды тұлғалар" деректер қорларын құру және жүргiзу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер қорының (бұдан әрi - МДБ) ведомстволық ақпараттық жүйелермен өзара iс-қимылын ұйымдастыру, жеке тұлғаның ведомстволық АЖ-дағы тiркеу кодын қолдауды ұйымдастыру, "Заңды тұлғалар" және "Қазақстанның ресурстары" МДБ бiрiншi кезегiн бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу, заңды тұлғаның бiрыңғай тiркеу кодын қолдауды ұйымдастыру, "заңды тұлғаның электронды бiрдейлендiру құжатын жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 005 Мемлекеттік 1- "Жеке тұлғалар" Жыл Қазақстан деректер МДБ дамыту: iшiнде Республикасы- базаларын 1-1- Ведомстволық ның Ақпарат- құру жүйелермен интегра- тандыру және цияны ескере отырып байланыс "Жеке тұлғалар" жөніндегі МДБ жүргiзу жөнiн- дегi ақпараттық жүйені дамыту және енгізу- 2- "Заңды тұлғалар" МДБ бiрiншi кезегін құру: 2.1. Техно-жұмыс жобасын, оның ішінде қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу. 2.2. Тәжiрибелік аймақта енгізу. 3. Мемлекеттік деректер қорларының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшін "Мекен-жайлық тіркелім" құру. 4. "Қазақстанның ресурстары" МДБ бiрiншi кезегiн құру: 4.1. Техно-жұмыс жобасын, оның iшiн- де қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу. 5. Техникалық құрал- дар сатып алу - 3 жиынтық. 6. Базалық жүйелi бағдарламалық қамтамасыз ету - 3 жиынтық. 7. Консалтингтiк қызмет көрсетулер және мемлекеттік деректер қорларының жобаларын басқару. 8. Мемлекеттік деректер қорларының енгiзiлуiн қамтама- сыз ету үшiн телекоммуникациялық қызмет көрсетулердi сатып алу. | ||||||
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелері:
Сандық көрсеткiштер: Жүйелi және базалы бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу - 3 жиынтық.
Техникалық құралдар сатып алу - 3 жиынтық.
Сапалық көрсеткiштер:
Жеке тұлғаларды АХАТ-тарда төлқұжат үстелдерiнде, әлеуметтiк сақтандыру, медициналық, зейнетақымен қамтамасыз ету салаларында, салық және басқа да қызметтерде тiркеудiң барлық жүйесiн бiрыңғай қисынға бiрiктiру үшiн "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасы мен ведомстволық ақпараттық жүйелер өзара iс-қимылының интерфейстерiн құру; ведомствоаралық ақпараттық жүйелердi техникалық қолдау; заңды тұлғаларды тiркеудiң қазiргi жүйелерiн бiрыңғай "Заңды тұлғалар" деректер қорына бiрiктiру; "Қазақстанның ресурстары" МДҚ ақпараттық жүйесiне қойылатын талаптардың негiзiнде және геоақпараттық жүйелерiнiң қолданыстағы элементтерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуын ұзақ мерзiмдi болжау үшiн кең ақпараттық негiз жасауға мүмкiндiк беретiн кешендi жүйенiң техникалық iске асырылуын қамтамасыз ету.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
357-қосымша
ҚР Үкіметінің 26.03.04 ж. № 197а қаулысымен 357-қосымша өзгертілді
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Радиожиiлiк өрiсiнiң және радиоэлектрондық құралдардың мониторинг
жүйесiн техникалық сүйемелдеу"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 82818 мың теңге (сексен екi миллион сегiз жүз он сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасының Заңы" деген сөздерден кейiн "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы, "Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: радиожиiлiк спектрiнiң мониторингi жүйесiнiң кiдiрiссiз қызметiн қамтамасыз ету ұлттық байланыс және хабар тарату спутниктiк жүйесiн дамыту.
ҚР Үкіметінің 17.09.04 ж. № 197c қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімдігі республикалық орталығы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын қалыптастыру, радиожиілік спектрінің радиомониторингілеу жүйесін және азаматтық пайдаланымдағы радио сәуле шығару құралдарының деректерін есепке алу жүйесін техникалық сүйемелдеу
ҚР Үкіметінің 17.09.04 ж. № 197c қаулысымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 006 Радиожиiлiк "Ғарыштық байланыс Жыл Қазақстан өрiсiнiң және ішінде Республикасы- және радио- радиоэлектрондық ның Ақпарат- электрондық құралдардың тандыру және құралдардың электромагниттік байланыс мониторинг үйлесiмдiлігі жөніндегі жүйесiн республикалық агенттігі техникалық орталығы" сүйемелдеу акционерлік қоғамының 20 190 мың теңге, соның ішінде ғарыш аппараттарын жерден басқару кешенін және байланыс мо- ниторингінің жүйесін дайындауға арналған жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеуді өзіне қамтитын жарғылық капиталын қалыптастыру Радиожиiлiк спектрiнiң және радиоэлектрондық құралдардың монито- ринг жүйесiн техни- калық алып жүрудi жүргiзу: 15 үй-жайды күзету; 15 стационарлық радиобақылау пункттерін СРБП) ұстау; 15 СРБП үшін үй-жайларды жалға алу; арнайы автокөлік үшін 6 боксты жалға алу; 6 арнайы автокөлікті ұстау 84 бiрлiк өлшеу құралдарын мемле- кеттiк тiзiлiмге енгізу және мемле- кеттiк тексеру жүргiзу; өлшеу құралдарын тексеруге байла- нысты iссапарлық шығыстар; жол жүгін алып өту; 12 бiрлiк мөлшерiн- дегi радиобақылау және радиоөлшеу жабдықтарын жөндеу; байланыс қызметтерi - 15 аппарат- Республикалық радиожиілік тағайындау дерекқоры үшін электронды түрде деректерді берудің бөлінген желісінің жобасын әзірлеу және енгізу | ||||||
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: жабдықтарды метрология мен стандарттаудың талаптарына жауап беретiндей техникалық жарамды жағдайда ұстау, телекоммуникациялар желiлерiне зерттеулер, лицензиялық қызметке тексерулер жүргiзу, заңсыз жұмыс iстейтiн берушi құралдарды анықтау мен радиобөгеуiлдердi жою кезiнде сапалы өлшемдер алу, радиожиiлiк спектрiн пайдалану процесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
358-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бiрыңғай
жүйесiн құру"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 92995 мың теңге (тоқсан екi миллион тоғыз жүз тоқсан бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; "Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тiркелімiн жүргiзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 23 қазандағы № 1351 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: басқармалық шешiмдердi қабылдаудың жеделдiгi мен сапасын көтеру; мемлекеттік бақылаудың барлық деңгейінде электронды құжаттарды өңдеудiң бiрыңғай технологиясын енгізу арқылы тұтастай алғанда мемлекеттік басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру және құжаттарды ұжымдық пайдалану тетiгінiң көмегiмен электронды құжат айналымының бiрыңғай идеологиясын құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік органдардың арасында электронды құжат айналымын құру; басқарудың барлық деңгейiнде ақпаратты өңдеудiң бiрыңғай технологиясын пайдалану және оқытуды жүргiзу; ақпараттық ағындарды ұтымды ұйымдастыру, ақпараттың қосарланушылығын болдырмау және оның сенiмдiлiгiн, өзектілігiн және қауiпсiздiгiн арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
┌───┬────┬─────┬───────────┬──────────────────┬───────┬────────────────┐
│Рет│Бағ-│Кiшi │ Кіші │ Бағдарламаны │ Іске │ Жауапты │
│са-│дар-│бағ- │бағдарлама-│ іске асыру │ асыру │ орындаушылар │
│ны │лама│дар- │ лардың │ жөніндегі │мерзімі│ │
│ N │коды│лама │ атауы │ іс-шаралар │ │ │
│ │ │коды │ │ │ │ │
├───┼────┼─────┼───────────┼──────────────────┼───────┼────────────────┤
│ 1 │ 2 │ 3 │ 4 │ 5 │ 6 │ 7 │
├───┴────┴─────┴───────────┴──────────────────┴───────┴────────────────│
│1 007 Мемлекеттік 1- Мемлекеттік Жыл Қазақстан │
│ органдардың органдар мен ішінде Республикасы- │
│ электрондық орталық тораптың ның Ақпарат- │
│ құжат айна- бiрыңғай электрон- тандыру және │
│ лымының ды құжат айналымы байланыс │
│ бірыңғай жүйесiн дамыту жөніндегі │
│ жүйесiн және әкiмшiлден- агенттігі │
│ құру дiру. │
│ 2. Бiрыңғай элек- │
│ тронды құжат айна- │
│ лымы жүйесiн оқыту- │
│ ды ұйымдастыру және │
│ жүргізу. │
│ 3. Техникалық │
│ құралдар сатып алу │
│ - 5 жиынтық. │
│ 4. Консалтингтiк │
│ қызмет көрсетулер │
│ мен жобаларды │
│ басқару жөніндегі │
│ қызмет көрсетулердi │
│ алу. │
└──────────────────────────────────────────────────────────────────────┘
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік органдардың арасында электронды құжат айналымын құру, басқарудың барлық деңгейiнде ақпаратты өңдеудiң бiрыңғай технологиясын пайдалану, ақпараттық ағындарды ұтымды ұйымдастыру, ақпараттың қосаpланушылығын болдырмау, оның сенiмдiлiгiн, өзектілігiн және қауiпсiздiгiн арттыру; басқарушылық шешiмдер қабылдаудың жеделдiгi мен сапасын арттыру, ақпараттық технологиялардың жетiстiктерiн енгізу, құжаттаманы дайындау және онымен жұмыс iстеу процесiн жетiлдiру есебiнен мемлекеттік қызметшiлердiң еңбек өнiмдiлігін арттыру.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
359-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру"
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 249901 мың теңге (екі жүз қырық тоғыз миллион тоғыз жүз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру және жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 5-тармақ өзгерді
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мамандарды оқыта отырып мемлекеттік органдар электронды мұрағаттарының жүйесi мен мемлекеттік электрондық құжат айналымына қатысушылар ашық кiлттерiнiң инфрақұрылымын дамыту, Мемлекеттік органдардың әкiмшiлiк-шаруашылық қызметi жөніндегі техникалық тапсырманы және үлгiлiк бағдарламалық қамтамасыз етудiң бiрiншi кезегiн әзiрлеу, Қазақстан Республикасы электронды ?кіметінiң Beб-порталын құру (1-кезек).
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 008 Мемлекеттік 1.1 Мәжіліс Жыл Қазақстан органдардың залы мен ішінде Республикасы. ақпараттық оператор ның Ақпарат. инфрақұрылы. кабинасы үшiн тандыру және мын құру жабдық сатып байланыс алу мен жөніндегі монтаждау - агенттігі 1 жиынтық. 2. Мемлекеттік органдардың элек- тронды мұрағаттар жүйесiн дамыту: 2.1. Мемлекеттік органдардың электронды мұрағат- тар жүйесiн дамыту және енгізу. 2.2. Мамандарды оқыту - 30 адам. 2.3. Техникалық құралдар сатып алу - 3 жиынтық. 3. Мемлекеттік электрондық құжат айналымына қатысу- шылар ашық кiлтте- рiнiң инфрақұрылы- мын дамыту: 3.1. Электронды санды қолтаңба мен кiлттердi бiрдей- лендiру тетiгiн дамыту және енгізу, мамандарды оқыту - 10. 3.2. Кiлттердi бiрдейлендiру орта- лықтарын құру үшiн техникалық құралдар, оның iшiнде ақпарат- ты қорғаудың бағдар- ламалық-аппараттық құралдарын сатып алу және құрастыру- 4. Мемлекеттік органдардың әкiмшi- лiк-шаруашылық қызметi жөніндегі техникалық тапсыр- маны және үлгiлiк бағдарламалық қам- тамасыз етудiң бiрiншi кезегiн әзiрлеу. 5. Қазақстан Республикасы электронды Үкіметінiң Веб-порталын құру (1-кезек). 6. Консалтингтiк қызмет көрсетулер мен жобаларды басқару жөніндегі қызмет көрсетулер- дi алу. | ||||||
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 7-тармақ өзгерді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік органдар электронды мұрағаттарының ақпараттық жүйелерiн дамыту, электрондық мұрағаттар мен кiлттердi бiрдейлендiру орталықтарын құру және дамыту үшiн техникалық база қалыптастыру, мемлекеттік органдардың қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған үлгiлiк басқару жүйелерiн қолдану жолымен мемлекеттік басқарудың тиiмдiлiгi мен жеделдiгiн арттыру, электронды Үкiмет Веб-порталы үшiн негіз құру.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
360-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың жай-күйiнiң мониторинг
жүйесiн құру"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10966 мың теңге (он миллион тоғыз жүз алпыс алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың бар-жоқтығы мен жай-күйi туралы жедел ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы ақпараттандыру саласында тиiмдi мемлекеттік басқару жүйесiн жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тiркелiмiн енгізу және дамыту, мемлекеттік органдар ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерiнiң сараптама жүйесiн дамыту және енгізу, мемлекеттік ақпарат жүйелерiнiң бағдарламалық кодтары мен нормативтiк-техникалық құжаттамасы депозитарийiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 009 Ақпараттық- 1- Ақпараттық Жыл Қазақстан телекомуни- ресурстардың жай- iшiнде Республикасы- кациялық күйi мониторингі- ның Ақпарат- ресурстардың нiң жүйесiн тандыру және жай-күйінің дамыту- байланыс мониторинг 2. Бағдарламалық жөніндегі жүйесiн кодтардың депози- агенттiгi құру тариi мен ғылыми- техникалық құжат- таманың жүргiзiлу- iн ескере отырып, жергiлiктi мемле- кеттiк атқарушы органдардың ақпа- раттық ресурстары мониторингiнiң кiшi жүйесiн әзiрлеу. | ||||||
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: ақпараттық ресурстардың жай-күйi мониторингi жүйесiнiң жұмыс iстеуi мемлекеттік ақпараттық ресурстар туралы ақпаратқа тең құқықты регламенттiк қол жетiмдiлiктi қамтамасыз етуге, әзiрленетiн ақпараттық жүйелердiң сапасын көтеруге және мемлекеттік құрылымдар ақпараттық технологияларға инвестициялайтын қаражатты тиiмдi пайдалануға, қолданыстағы және тұрақты түрдегi өзектi мемлекеттік тiркелiмнiң деректерiн талдау негiзiнде мемлекеттік ақпараттық ресурстардың қауiпсiздiгi мен қорғалушылығының тиiстi деңгейiн қамтамасыз етуге, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде пайдалану үшiн бағдарламалық қамтамасыз етудiң сақталуы мен көбейтiлуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
361-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердiң жұмыс
iстеуiн қамтамасыз ету"
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 72207 мың теңге (жетпiс екі миллион екі жүз жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегі № 427 Жарлығы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шеңберiнде құрылған мемлекеттік ақпараттық жүйелердiң жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік органдар ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстарының мемлекеттік тiркелiмiн қамтамасыз ету, ведомствоаралық ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн техникалық қолдау, Интернет-ресурстардың мониторингi, мемлекеттік органдар ресми электронды мекен-жайларының анықтамалығын өзектi ету, ақпараттық ресурстарды сараптау жүйелерiн қамтамасыз ету және мемлекеттік ақпараттық жүйелер бағдарламалық кодтарының депозитарилерi мен нормативтiк-техникалық құжаттамасының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 010 Ведомство- 1- Мемлекеттік Жыл Қазақстан аралық органдар ақпараттық ішінде Республикасы- ақпараттық -телекоммуникация- ның Ақпарат- жүйелердiң лық ресурстарының тандыру және жұмыс iстеу- мемлекеттік тірке- байланыс iн қамтама- лiмiн қамтамасыз жөніндегі сыз ету ету. агенттігі 2. Мемлекеттік органдар ресми электронды мекен- жайларының анықта- малығын өзектi ету. 3. Мемлекеттік органдардың Веб- порталын, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiме- тiнiң және мемле- кеттiк органдардың Веб-сайтын қамтама- сыз ету. 4. Интернет-ресурс- тардың мониторингi- 5. Сараптаманың, оның iшiнде сынақ зертханасының жүйе- сiн қамтамасыз ету. 6. Бағдарламалық кодтардың депозита- рилерi мен норма- тивтiк-техникалық құжаттаманы қамтамасыз ету- 7. Жабдықтарға жүйелiк-техникалық қызмет көрсету. 8. Телекоммуника- циялық қызметтер- | ||||||
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: мемлекеттік тiркелiмнiң, депозитарийдiң деректер базасын өзектi ету, құрылатын ақпараттық жүйелерге сараптама жүргiзу, оларды талдау мен осы саладағы мемлекеттік саясатты iске асыру мақсатында Интернет-ресурстардың мониторингiн жүргiзу, мемлекеттік органдардың қолда бар қазiргi заманғы интеграцияланған жүйелерiн бiрыңғай ақпараттық ортаға бiрiктiру; Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шеңберiнде құрылатын ақпараттық жүйелердi техникалық жағынан қолдау.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
362-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Мемлекеттік қаржының бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiн құру"
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 244320 мың теңге (екі жүз қырық төрт миллион үш жүз жиырма мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; "Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тiркелiмiн жүргiзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 23 қазандағы № 1351 қаулысы; "Салық төлеушiлердiң және салық салу объектiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмi" ақпараттық жүйесiн енгізу жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік ақпараттық жүйелердi бiрiктiрудi және ақпараттық жүйелер құрудың бiрыңғай әдiсiн жүзеге асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мемлекеттік органдар үшiн бiрыңғай көлiктiк орта жасау, барлық мемлекеттік органдар бiрiктiрiлген жүйелерiнiң өзара iс-қимылы тетiгiн әзiрлеу, бiрiктiрiлген ақпаратқа регламенттi қол жетiмдiлiк жөніндегі нормативтiк құжаттар әзiрлеу.
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 011 Мемлекеттік 1. Астана Жыл Қазақстан қаржының қаласының пилоттық бойы Республикасы- бiрiктiрiл- аймағында ның Ақпарат- ген ақпарат- мемлекеттік органдарға тандыру және тық жүйесiн арналған бiртұтас байланыс құру мультисервистiк жөніндегі (көлiктiк) орта құру. агенттігі 2. Техникалық құралдарды сатып алу және инсталля- циялау - 1 жиынтық. 3. Консалтингтiк қызмет көрсетулер мен жобаларды басқару жөніндегі қызмет көрсетулердi алу. | ||||||
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
Сандық көрсеткiштер:
Техникалық құралдар сатып алу - 1 жиынтық.
Сапалық көрсеткiштер: "бiрыңғай көлiктiк ортаны құру жолымен мемлекеттік ақпараттық жүйелердiң бiрiгуiн қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың телекоммуникациялық шығыстарға жұмсалатын шығыстарын оңтайландыру.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
363-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Әлеуметтiк-экономикалық дамудың мониторинг жүйесiн құру"
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 23510 мың теңге (жиырма үш миллион бес жүз он мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңының 5-бабы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 5-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы; "Ақпараттық-телекоммуникациялық ресурстардың мемлекеттік тiркелiмiн жүргiзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 23 қазандағы № 1351 қаулысы; "Салық төлеушiлердiң және салық салу объектiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмi" ақпараттық жүйесiн енгізу жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 31 наурыздағы № 308 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 4-тармақ өзгерді
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономика мен әлеуметтiк саладағы терiс процестердi уақтылы анықтау, алдын алу және жою үшiн мониторинг жүйесін құру; негiзгi статистикалық, экономикалық, әлеуметтiк, бухгалтерлiк, салықтық және өзге де көрсеткiштер бойынша жiктелетiн деректердi талдау мен статистикалық өңдеу мақсатында әлеуметтiк-экономикалық даму мониторингiнiң ақпараттық жүйесiн құру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Әлеуметтiк-экономикалық даму мониторингi" ақпараттық жүйесiнiң тұжырымдамасын, техникалық тапсырмасын әзiрлеу және жүйенiң математикалық моделiн айқындау.
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 012 Әлеуметтiк- 1."Әлеуметтiк-эконо- Жыл Қазақстан экономика- микалық даму ішінде Республикасы- лық дамудың мониторингiнің ның Ақпарат- мониторинг ақпараттық жүйесi- тандыру және жүйесiн нiң тұжырымдамасын, байланыс құру оның iшiнде жөніндегі техникалық тапсырманың математикалық моделi мен жобасын әзiрлеу. 2. Консалтингтік қызметтерді алу. | ||||||
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: аталған бағдарламаны iске асыру әлеуметтiк-экономикалық даму мониторингiнiң қазiргi заманға жүйесiн ұйымдастыруға, сөйтiп Қазақстан Республикасының ұзақ мерзiмдi экономикалық және әлеуметтiк дамуының өлшемдерiн жоғары ықтималдықпен болжауға мүмкiндiк беретiн пәрмендi құрал жасауға мүмкiндiк бередi.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
364-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Ауылдық аумақтардың пошта-жинақ жүйесiн дамыту"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 400000 мың теңге (төрт жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Почта туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңы; "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 18 наурыздағы № 268 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қазiргi заманғы технологиялар мен халықаралық ынтымақтастықтың озық нысандары базасында почталық та, қаржылық та қызметтердiң кең спектрiн ұсынатын тиiмдi почта-жинақ жүйесiн қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Негiзгi қорларды жаңарту жаңа технологиялар енгізу және қолданыстағыларын жаңарту, техникалық жағынан қайта қарулану және ауылдағы жұмыс iстеп тұрған жабдықтар паркi мен почта-жинақ жүйесiнiң объектiлерiне жөндеу-пайдаланушылық қызмет көрсетудi жақсарту жолымен "Қазпочта" ААҚ жарғылық капиталын ұлғайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 013 Ауылдық "Қазпочта" ашық Қаңтар Қазақстан аумақтардың акционерлік қоғамы- -нау- Республикасы- пошта-жинақ ның жарғылық рыз ның Ақпарат- жүйесiн капиталын ұлғайту тандыру және дамыту байланыс жөніндегі агенттiгi | ||||||
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: "Қазпочта" ААҚ мынадай iс-шаралар өткiзiлетiн болады: 234 аудандық тораптар мен ауылдық почта байланысы бөлiмшелерiнде техникалық жағынан күшейтудi жүргiзу; 9 ауылдық почта байланысы бөлiмшелерiнде техникалық күзету құралдары мен өрт қауiпсiздiгi жүйесiн орнатуды қоса алғанда, күрделi жөндеу жүргiзу; 257 бiрлiк мөлшерiнде автокөлiк сатып алу, акциялардың кейiнгi эмиссияларын шығару.
Ауыл халқының почта-жинақ жүйесi қызметтерiне қол жетiмдiлiгiн кеңейтудi қамтамасыз ететiн қаржы тетiктерiн жасау, ауылдық жерде iскерлiк белсендiлiктiң өсуi мен шағын және орта бизнестiң дамуына ықпал ететiн қызмет түрлерiн кеңейту, почта-жинақ жүйесiнiң қызмет көрсету сапасын арттыру.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
365-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Ақпарат және байланыс объектiлерiн салу және қайта жаңарту"
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 150000 мың теңге (бiр жүз елу миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Қазақстан Республикасында бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi дамыту және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 сәуірдегі № 492 қаулысы, "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік органдардың ведомствоаралық және резервтiк серверлерiн орталықтандыру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелерiнде сенiмдiлiк пен ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Астана қаласында мемлекеттік органдарға арналған сервер орталығы ғимаратының құрылысын салу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 015 Ақпарат "2004 жылға арнал- Жыл Қазақстан және байла- ған республикалық ішінде Республикасы- ныс объектi- бюджет туралы" ның Ақпарат- лерiн салу Қазақстан Республи- тандыру және және қайта касының Заңын іске байланыс жаңарту асыру туралы" жөніндегі Қазақстан Республи- агенттігі касы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 жел- тоқсандағы № 1260 қаулысына 2-қосым- шаға сәйкес белгi- ленген тәртiппен бекітілген жобалау- сметалық құжатта- маға сай "Астана қаласында сервер орталығы ғимараты- ның құрылысын салу" инвестиция- лық жобасын iске асыру. | ||||||
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 7-тармақ өзгерді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Астана қаласындағы сервер орталығының ғимаратын салуды жалғастыру.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
366-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Әмбебап байланыс қызметтерiн ұсыну жөніндегі ауылдағы байланыс
операторларының залалдарына төлемақы"
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2511962 мың теңге (екi миллиард бес жүз он бiр миллион тоғыз жүз алпыс екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың қазiргi заманғы телекоммуникациялық қызметтерге қол жетiмдiлiгi, ауыл және қала халқының арасындағы өмiр сүру деңгейiне, білім алуына және басқа да әлеуметтiк қызметтерге қатысты теңсiздiктi жою, сондай-ақ азаматтардың ақпараттық ресурстарға қол жеткiзуiне тең құқықтары мен мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ауылдық елдi мекендерде қызмет көрсететiн байланыс операторларының шығынсыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 017 Әмбебап Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан байланыс касы Үкіметінiң ішінде Республикасы- қызметтерiн қаулысымен бекітіл- ның Ақпарат- ұсыну жөнiн- ген Әмбебап байла- тандыру және дегi ауыл- ныс қызметтерiнiң байланыс дағы байла- құнын субсидиялау жөніндегі ныс опера- ережесіне сәйкес агенттiгi торларының халыққа байланыс- залалдарына тың әмбебап қызмет- төлемақы терiн көрсететiн байланыс оператор- ларына шығындарды өтеу- | ||||||
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: ауылдық жерлерде әмбебап телекоммуникация қызметтерiн ұсынатын ауыл байланысы операторларының шығындарын қаржыландыру (дотациялау) тетiгiн енгізудiң нәтижесiнде 5170 ауылдық елдi мекендерде халық байланыс қызметтерiмен қамтамасыз етiлетiн болады. Байланыс қызметi рыногында ауылдық жерде қызмет көрсететiн жаңа операторлардың пайда болуы.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
367-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қалалық телекоммуникациялық желiлердiң абоненттерi болып табылатын,
әлеуметтiк қорғалатын азаматтардың телефон үшiн абоненттiк төлем
тарифiнiң көтерiлуiне өтемақыға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттерiне берiлетiн мақсатты трансферттер"
деген 018 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 476784 мың теңге (төрт жүз жетпiс алты миллион жетi жүз сексен төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: телекоммуникация қызмет көрсетулерiне арналған тарифтер көтерiлген жағдайда қалалық телекоммуникациялар желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын аз қамтылатын азаматтарды әлеуметтiк қорғау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: тарифтер көтерiлген жағдайда, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телекоммуникациялар қызметiн төлеуге тұрғын үй жәрдемақылары арқылы өтемақы төлеудi қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 018 Қалалық Облыстық бюджеттер- Жыл Қазақстан телекомму- ге, Астана және ішінде Республикасы- никациялық Алматы қалаларының ның Ақпарат- желiлердiң бюджеттерiне қала- тандыру және абоненттерi лалық телекоммуни- байланыс болып кациялар желіле- жөніндегі табылатын, рінің абоненттері агенттігі әлеуметтiк болып табылатын қорғалатын әлеуметтiк жағынан азаматтар- қорғалатын азамат- дың телефон тарға Қазақстан үшiн або- Республикасының ненттiк Үкіметі қабылдаған төлем тари- шешiмге сәйкес фiнiң көте- Әкiмдiктердiң тоқсан рiлуiне сайын тапсырыстар өтемақыға ұсынуы бойынша облыстық тұрғын үй жәрдем- бюджеттер- ақысы тетiгi арқылы ге, Астана телефон үшiн және Алматы абоненттiк төлем қалаларының тарифiнiң көтерiлуiн бюджеттерi- өтеуге арналған не берiл- мақсатты трансферт- етiн мақ- тер аудару- сатты транс- ферттер | ||||||
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: аз қамтылатын азаматтардың материалдық жағдайының нашарлауына жол бермеу мақсатында облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне қалалық телекоммуникациялар желiлерiнiң абоненттерi болып табылатын әлеуметтiк жағынан қорғалатын азаматтарға телефон үшiн абоненттiк төлем тарифiнiң көтерiлуiн өтеуге арналған мақсатты трансферттер аудару.
*) Республикалық бюджеттен бөлiнетiн трансферттердi игеру шеңберіндегі iске асыру жөніндегі iс-шаралардың тiзбесi, күтiлетiн нәтижелердi сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткiштер тиiстi жергiлiктi бюджеттік бағдарламаның паспортында көрсетiледi.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
368-қосымша
603 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қазақтелеком" АҚ қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерiн
көрсетулердi ұсынуға эксклюзив құқығының жойылғаны себептi шығындарын
өтеу"
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2299500 мың теңге (екi миллиард екi жүз тоқсан тоғыз миллион бес жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 18 ақпандағы № 168 қаулысы; Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "ДЭУ" Корпорациясының арасында 1997 жылғы 31 мамырда жасалған Сатып алу-сату туралы келісім; "Қазақтелеком" ұлттық акционерлік компаниясының акцияларын сату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 4 маусымдағы № 922 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын, оның iшiнде қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерi рыногында ырықтандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: "Қазақтелеком" АҚ-тың қалааралық және халықаралық байланыс қызметтерiн көрсетудiң эксклюзивтiк құқығы күшiн мерзiмiнен бұрын жою.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
Рет са- ны N | Бағ- дар- лама коды | Кiшi бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарлама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 019 "Қазақтеле- Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан ком" АҚ касы Yкіметінiң ішінде Республикасы- қалааралық шешiмi бойынша ның Ақпарат- және халық- қалааралық және тандыру және аралық халықаралық байла- байланыс байланыс ныс қызметтерiн жөніндегі қызметтерiн көрсетудiң эксклю- агенттiгi көрсетулер- зивтiк құқығы күшi- дi ұсынуға нiң мерзiмiнен эксклюзив бұрын жойылғаны құқығының үшiн "Қазақтелеком" жойылғаны АҚ өтемақы төлеу- себептi шығындарын өтеу | ||||||
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: телекоммуникация салаларын, оның iшiнде қалааралық және халықаралық байланысты одан әрi ырықтандыру; жаңа байланыс операторларының пайда болуы есебiнен телекоммуникациялық қызмет көрсету рыногындағы бәсекелестiктi дамыту.