Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1344
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1259 қаулысы


Қазақстан Республикасының ?кіметi

ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1344 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 49, 561-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында:

"Бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:

реттік нөмiрi 2-жолдағы "ІV тоқсан жыл сайын" деген сөздер "2006 жылдың IV тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын;

реттiк нөмiрi 3-жолдағы "2004 жылдың IV тоқсаны" деген сөздер "2006 жылдың IV тоқсаны" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов