“Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілердің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Министрінің 2005 жылдың 29 сәуірдегі № 394 бұйрығы
ҚР Төтенше жағдайлар Министрінің 2008 жылдың 14 наурыздағы № 57 бұйрығымен күші жойылды
«Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құкықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1346 қаулысымен бекітілген Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілерді мемлекеттік тізілімге тіркеу ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілердің мемлекеттік тізілімі бекітілсін (бұдан әрі Мемлекеттік тізілім).
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтыруларды уақтылы енгізуді қамтамасыз етсін.
3. Комитеттің аумақтық органдары қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттерді орындауына және олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Н.Қ. Бижановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2005 жылғы 29 сәуірдегі
№ 394 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру
қаупімен байланысты объектілерінің
мемлекеттік тізілімі