Байланыс саласындағы рұқсат құжаттарын ресімдеу және радиоэлектронды
құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі
Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитет төрағасының
2003 ж. 11 наурыздағы № 13-п бұйрығы
(ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 31.08.04 ж.
№ 181-п бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 17 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұр. ред. қара
Байланыс саласындағы рұқсат құжаттарын ресімдеу және радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу жөніндегі жұмыстарды ретке келтіру мақсатында және "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тіркеудің, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қазандағы № 1293 қаулысына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған байланыс саласындағы рұқсат құжаттарын ресімдеу және радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 31.08.04 ж. № 181-п бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің аумақтық органдарының басшылары аумақтық органдардың қызметкерлерінің Ережені зерделеуін және қатаң сақтауын қамтамасыз етсін.
ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 31.08.04 ж. № 181-п бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары А.Қ. Жұмағалиевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің