«2005 жылға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы»
III-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХІ сессиясының 2004 жылғы
27 желтоқсандағы № 102 шешімі
(2005.13.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ІІІ-ші сайланған Алматы қаласының Мәслихаты шешім қабылдады:
Алматы қалалық Мәслихатының 2005.11.02. № 122; 2005.24.03. № 132; 2005.27.04. № 141; 2005.26.05. № 152; 2005.29.07. № 165; 2005.28.09. № 178; 2005.18.11. № 191; 2005.13.12. № 203 шешімдерімен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Алматы қаласының 2005 жылға арналған бюджеті № 1 қосымшаға сәйкес мынадай мөлшерде бекітілсін:
1) кірістер - 104904127 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 74524981 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1331854 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 13481294 мың теңге;
республикалық бюджеттен түсетін ресми трансферттер - 15565998 мың теңге;
2) шығыстар - 117267162 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 12363035 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - 1401784 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 100000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1501784 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 498000 мың теңге, оның ішінде:
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 498000 мың теңге;
6) тапшылық - 10463251 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 10463251 мың теңге, оның ішінде:
қарыздардың түсімі - 6194900 мың теңге;
қарыздары өтеу - 995681 мың теңге;
қаржы жылы басындағы бюджеттік бос қалдық қаражаты - 5264032 мың теңге.
2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен алымдар есебінен құралады деп белгіленсін:
- жеке табыс салығынан;
- әлеуметтік салықтан;
- заңи және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтан;
- жер салығынан;
- бірыңғай жер салығынан;
- заңи және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтан;
- Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өнімдері акциздерінен (соның ішінде араққа, ликер-арақ бұйымдарына, шараптарға, коньяктарға, шампан шараптарына, сыраларға, күшейтілген сусындарға);