Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2003 Ж. 13 МАУСЫМДАҒЫ № 440-II ЗАҢЫ

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін
мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының
2003 жылғы 13 маусымдағы № 440-II Заңы

Осы редакция 2006 ж. 5 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-тарау. Жалпы ережелер                                 (1-7 баптар)
2-тарау. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың           (8-14 баптар)
         жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты
3-тарау. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы  (15-17 баптар)
4-тарау. Сақтандыру жағдайы және сақтандыру төлемі      (18-21 баптар)
5-тарау. Қорытынды ережелер                             (22-23 баптар)
 

Осы Заң аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) аудиттеу субъектiсi - аудитормен немесе аудиторлық ұйыммен аудит жүргiзуге шарт жасасқан заңды тұлға;

2) пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға;

3) аудитордың және аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi - аудиттi өткізу кезiнде аудиттеу субъектiлерiне келтiрiлген мүлiктiк зиянды аудитордың және аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген өтеу мiндетi;

4) сақтанушы - сақтандырушымен аудитордың немесе аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан аудитор немесе аудиторлық ұйым;

5) сақтандыру төлемi - сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасы шегiнде төлейтiн ақша сомасы;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами