«Алматы қаласының бюджет комиссиясын құру туралы»
Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 1/60 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-11 Бюджет кодексінің 64-бабы 6-тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының әкімшілігі қаулы етеді:
1. Алматы қаласының бюджет комиссиясы құрылсын (1-Қосымша).
2. Алматы қаласының бюджет комиссиясы туралы Ереже бекітілсін. (2-Қосымша).
3. Мына құжаттардың күші жойылды деп танылсын:
1) Алматы қаласы әкімшілігінің «Алматы қаласының бюджет комиссиясын құру туралы» 2002 жылғы 20 наурыздағы № 2/187 қаулысы;
2) «Алматы қаласы әкімшілігінің «Алматы қаласының бюджет комиссиясын құру туралы» 2002 жылғы 20 наурыздағы № 2/187 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Алматы қаласы әкімшілігінің 2003 жылғы 4 тамыздағы № 4/442 қаулысы.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Алматы қаласы әкімшің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.
| Алматы қаласының әкімі | И. Тасмағамбетов |
| Әкімшілік хатшысы | К. Тәжиева |
Алматы қаласы әкімшілігінің
«Алматы қаласының бюджет
комиссиясын құру туралы»
2005 жылғы 9 ақпандағы № 1/60
қаулысына 1-қосымша
Алматы қаласы бюджет комиссиясының құрамы
| Тасмағамбетов | |
| Иманғали Нұрғалиұлы | Алматы қаласының әкімі, төраға |
| Бүкенов Қайрат Ахмәдиұлы | Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары |
| Қабдолов Сардар Серікұлы | Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары, хатшы |
| Комиссия мүшелері: |
| Заяц Яков Игнатьевич | Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары |
| Шамсутдинов Ринат Шарафутдинұлы | Алматы қаласы әкімінің орынбасары |
| Сманқұлов Асқар Сұлтанұлы | Алматы қаласы әкімінің орынбасары |
| Мурзин Алмат Зарлықұлы | Алматы қаласы әкімінің орынбасары |
| Мұқашев Тілеубек Төлеуұлы | Алматы қаласы Мәслихатының хатшысы |
| Дәндіғұлов Амантай Асанұлы | Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы |