«Алматы қаласы бойынша 2007 жылға арналған жасыл желектерді еріксіз кескендігі үшін өтемдік (қалпына келтіру) құнының көлемдерін (төлемақы ставкаларын) бекіту туралы»
ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXVІІ сессиясының
2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 315 шешімі
Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты Алматы қаласы мәслихатының 2008 жылғы 16 мамырдағы № 433 хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің 462 бабына және Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 30 бабына сәйкес III сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алматы қаласы бойынша 2007 жылға арналған жасыл желектерді еріксіз кескендігі үшін өтемдік (қалпына келтіру) құнының көлемдері (төлемақы ставкалары) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім Алматы қаласы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.Б.Біртанов) және Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ.Е.Баеділовке жүктелсін.
| ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXVII сессиясының төрағасы, хатшысы | Т. Мұқашев |
ІІІ сайланған Алматы қаласы
мәслихаты XXVII сессиясының
2006 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 315 шешіміне қосымша
Алматы қаласы бойынша
2007 жылға арналған жасыл желектерді еріксіз кескендігі үшін өтемдік (қалпына келтіру) құнының көлемдері (төлемақы ставкалары)
| Жасыл желектерді амалсыз кескені үшін қалпына келтіру құны: |
| 1. | Қабығы баяу жетілетін ашық тұқымды мәңгі жасыл ағашты еріксіз кесу (канадалық шырша, тікенекті шырша, еуропа шыршасы, тяньшан шыршасы, кәдімгі арша, батыс боз аршасы) |
| 1.1. | Дінінің диаметрі 4 см-ге дейін | теңге/дана | 12174 |
| 1.2. | Дінінің диаметрі 8 см-ге дейін | теңге/дана | 69402 |
| 1.3. | Дінінің диаметрі 12 см-ге дейін | теңге/дана | 90064 |
| 1.4. | Дінінің диаметрі 16 см-ге дейін | теңге/дана | 115670 |
| 1.5. | Дінінің диаметрі 20 см-ге дейін | теңге/дана | 143674 |
| 1.6. | Дінінің диаметрі 24 см-ге дейін | теңге/дана | 164373 |