Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 342 шешімі
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009.21.12. № 236 шешімімен күші жойылды
«Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 473 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 14 бабына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану төлемақысының мөлшері бекітілсін (1, 2, 3 қосымша).
2. Орманды пайдалану төлемақысынан түскен қаражат, жергілікті бюджет кірісіне жіберілсін.
3. «Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті» ММ, аудандардың және Ақтөбе қаласының әкімдері төлем салушыларға орманды пайдалану төлемақысының мөлшерлеме көлемін жеткізсін.
4. Облыстық мәслихаттың Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 4 шілдеде № 3184 тіркелген 2006 жылғы 21 маусымдағы № 269 «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдалану төлемақысының 2006 жылға арналған мөлшерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы | Облыстық мәслихаттың хатшысы |
Облыстық мәслихаттың
2007 жылғы 4 сәуірдегі
№ 342 шешіміне
1 қосымша
Мемлекеттік орман қоры участкелерінде арзан қолды орман
материалдарын дайындауға мөлшерлеме төлемдері
| № | Пайдалану түрлері | Мөлшерлеме төлемі |
| 1 | Сыпырғыш дайындау, өрілетін материалдар (шөпшек) | 1м3 40 теңге |
| 2 | Сыпырғыш дайындау (қайыңның шөпшегі) | 1м3 26 теңге |
Облыстық мәслихаттың
2007 жылғы 4 сәуірдегі