«Алматы облыстық Мәслихатының 2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 3-15
«Арнайы салық режимі бойынша төлемдер ставкасын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Алматы облыстық Мәслихатының 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 27-195 шешімі
Осы редакция 2007 ж. 27 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 373 бабының 2 тармағына және 2005 жылдың 20 желтоқсанында нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3977 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Салық комитеті төрағасының 2005 жылғы 29 қарашадағы № 534 «Бір жолғы талондары беру Ережелерін бекіту туралы» Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2001 жылғы 30 қазандағы № 1469 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, Алматы облыстық Мәслихат шешім қабылдады:
1. 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 1435 нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2004 жылғы 20 қаңтардағы «Жетісу», «Огни Алатау» газеттерінің 8 нөмірінде жарияланған Алматы облыстық Мәслихатының 2003 жылғы 25 желтоқсандағы «Арнайы салық режимі бойынша төлемдер ставкасын бекіту туралы» № 3-15 шешіміне мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2.Осы шешім алғаш рет жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық Мәслихат
| сессиясын төрағасы | А. Мәмбетәлиев |
Облыстық Мәслихат
Алматы облыстық Мәслихатының
2006 жылғы «25» сәуірдегі
«Алматы облыстық Мәслихатының
2003 жылғы 25 желтоқсандағы № 3-15
«Арнайы салық режимі бойынша
төлемдер ставкасын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы»
№ 27-195 шешіміне қосымша
«Алматы облыстық Мәслихатының
2003 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 3-15 «Арнайы салық режимі
бойынша төлемдер ставкасын
бекіту туралы» шешіміне
1 қосымша