Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.28.10 № 1024 ҚАУЛЫСЫ

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1024 Қаулысы

 

Осы редакция 2007 жылғы 22 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Сыртқы және ішкі саясатты ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ шет елдерде Қазақстан Республикасының жетістіктерін насихаттауды күшейту мақсатында, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

Комитет туралы ереже;

Комитеттің құрылымы бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (Сыртқыісмині) туралы ережеде:

1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомствосы - Халықаралық ақпарат комитеті бар.»;

2) «Штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлері штат санының лимиттерінде:

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» деген реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

349

ведомстволарды қоспағанда, министрліктің орталық аппараты

321

Халықаралық ақпарат комитеті

бұдан басқа:

28

басқа елдердегі органдар аппараты (елшіліктер, өкілдіктер, консулдықтар мен дипломатиялық миссиялар)

585».

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами