«Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балалар үшін мемлекеттік дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы» мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің
2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 1968 қаулысы
(2008.08.09. берілген өзгерістермен)
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылдың 17 шілдедегі №824 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» № 107 Заңының 1, 9-1, 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» № 558, 2007 жылғы 30 маусымдағы «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 561 қаулыларына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесінің «Тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балалар үшін мемлекеттік дәрігерлік - әлеуметтік қызмет көрсетуге ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсетуінің қоса берілген стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Петропавл қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 1968 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
«Тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балалар үшін
мемлекеттік дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге ресімдеу»
1. Негізгі ұғымдар
1. Тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балалар үшін мемлекеттік дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу.