Облыс әкімдігінің
2008 жылғы 4 сәуірдегі
№ 99 қаулысына
қосымша
Ақтөбе облысының әкімиятының 2010 жылғы 19 наурыздағы № 90 қаулысымен күші жойылды
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты:
«Мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік
қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу»
(2008.03.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы: мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу.
2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі 86 тармағы;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 3985 тіркелген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2005 жылғы 1 желтоқсандағы № 306-ө бұйрығымен бекітілген әлеуметтік қызмет көрсетудің үлгілік ережелерін негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет қызметті тұтынушының тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (одан әрі Бөлім) көрсетіледі (осы стандартқа 1-қосымша).
5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): құжаттар ресімдеу, мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсету.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1) денсаулығына байланысты үнемі басқа адам көмегіне және медициналық қызметке мұқтаж қарт азаматтарға;
2) денсаулығына байланысты үнемі басқа адам көмегіне және медициналық қызметке мұқтаж 1, 2 топ мүгедектеріне.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 10 күн;
2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген уақыт - 30 минут;