ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ
ҚР МЖМБС 5.03.014 -2006
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі
Жоғары оқу орындарының оқу және ғылыми зертханалары
Негізгі ережелер
Енгізу күні 2007.09.01
Мазмұны
1.Қолдану саласы
2.Нормативтік сілтемелер
3.Анықтамалар
4.Қысқартулар
5.Жаппы ережелер
6.Инфрақұрылым ресурстарына қойылатын талаптар
7 Қосымша А Библиография
1 Қолдану саласы
Осы стандарт Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының (әрі қарай ЖОО) оқу және ғылыми материалдық-техникалық базасына қойылатын жалпы талаптарды анықтайды және ЖОО-ны құру, лицензиялау, мемлекеттік аккредиттеу және аттестаттау кезінде, сондай-ақ ЖОО қызметінің нәтижелілігі мен тиімділігіне өзіндік баға беруде қолданылады.
Осы стандарттың талаптары мемлекеттік басқару органдарының, жоғары оқу орындарының статусына, меншік түріне және ведомстволық бағынушылығына қарамастан қолдануы үшін міндетті.
2.Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта төмендегі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалған:
ҚР МЖБС 5.03.001-2004 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер.
ҚР СТ 1157-2002 Жоғары кәсіптік білім. Білім беру ұйымының сапа менеджменті жүйелері.
ҚР СТ 1158-2002 Жоғары кәсіптік білім. Білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы.
3.Анықтамалар
Осы стандартта «Білім туралы», «Ғылым туралы», «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, ҚР СТ 1158-2002, ҚР СТ 1157-2002, ҚР МЖБС 5.03.001-2004 сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады.
Осы стандартта оларға толықтыру ретінде мына терминдер мен олардың анықтамалары белгіленген:
3.1.Зертхана: ғылыми зерттеулер жүргізу үшін және арнайы пәндерді оқып үйрену үшін арнайы жабдықтары бар үй-жай, онда тұрақты ылғалдылық пен жылулық режимі және ауаның тұрақты құрамы талап етіледі;
3.2.Өртке қауіпі бар заттар: 61 Цельсия градусына дейінгі температурада сыртқы жандыру көзінен тұтанатын жылдам тұтанатын және жанғыш сұйықтар;