2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы ІІІ сессиясының № 35 шешімі
(2008.22.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 18 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Қарағанды облыстық мәслихатының 2008.27.03. № 79 (бұр.ред.қара); 2008.22.05. № 119 (бұр.ред.қара) шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді
1. 2008 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 81806248 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдері - 22249673 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 416544 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 59140031 мың теңге;
2) шығындар - 81716613 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 89635 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредиттеу - 466204 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1020000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 553 796 мың теңге;
5) қаржылық активтермен операция бойынша сальдо - 909000 мың теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді алу - 835000 мың теңге;
6) бюджеттің дефициті - алу 1285569 мың теңге;
7) бюджеттің дефицитін қаржыландыру - 1285569 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері - 850 000 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 1177 мың теңге;
бюджет қаражаттары қалдықтарының қозғалысы - 436746 мың теңге.
Қарағанды облыстық мәслихатының 2008.27.03. № 79 (бұр.ред.қара); 2008.22.05. № 119 (бұр.ред.қара) шешімдерімен 2-тармақ өзгертілді
2. 2008 жылға арналған облыстық бюджет кірістерінің құрамында республикалық бюджеттен 18204319 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер және даму трансферттері қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде:
21 048 мың теңге мемлекеттік қызметшілерді компьютерлік сауаттылыққа үйретуге;
225 055 мың теңге электрондық үкімет шеңберінде адами капиталды дамытуға;