2008-2009 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға
арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 174 қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 15 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2008-2009 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (қоса беріледі) бекітілсін.
2. Облыстық білім департаменті (Б.Көмекбаева), облыстық денсаулық сақтау департаменті (А.Маймақов), облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (Ж.Мәуленқұлов) 2008-2009 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.Бектаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімінің бірінші орынбасары | И.Әбішев |
| Облыс әкімі аппаратының басшысы | Б.Жылқышиев |
| Облыс әкімінің орынбасары | У.Қайназаров |
| Облыс әкімінің орынбасары | Е.Сәдуақасова |
| Облыс әкімінің орынбасары | М.Тұрмағамбетов |
| Облыстық экономика жәнебюджеттік жоспарлау департаментінің директоры | А.Бекетова |
| Облыстық қаржы департаментінің директоры | Ы.Шалабаев |
Облыс әкімдігінің
2008 жылғы 16 маусымда
№ 174 қаулысымен
бекітілді
2008-2009 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен
кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік
білім беру тапсырысы
| № | Мамандықтар атауы | 9 сынып негізінде | 11 сынып негізінде | Жиын- тығы |
| 0300000 - Білім беру мамандықтары |
| 1 | 0301002 Мектепке дейінгі тәрбие | 25 | | 25 |
| 2 | 0303002 Математика | 25 | | 25 |
| 3 | 0306002 Қазақ тілі және әдебиеті | 50 | | 50 |
| 4 | 0310002 Дене тәрбиесі | 25 | | 25 |
| 5 | 0313002 Кәсіптік оқыту | 100 | | 100 |
| 6 | 0314002 Бастауыш жалпы білім беру | 150 | | 150 |