Асыл тұқымдық куәлік беру ережесі мен нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2008 жылғы 6 қарашадағы № 685 Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 15-07/492 бұйрығымен күші жойылды
«Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) барлық түрлеріне асыл тұқымдық куәліктерді беру қағидаларын және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 шілдедегі № 986 қаулысын қараңыз
Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Заңнының 10 бабының 18) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Асыл тұқмыдық куәліктер беру ережесі;
2) сүтті және сүтті-етті тұқымды ірі қара малдың;
етті тұқымды ірі қара малдың;
зауыттық тұқымды жылқының;
өнімділік бағыттағы тұқымды жылқының;
биязы және биязылау жүнді тұқымды қойдың;
қылшық және ұяң жүнді тұқымды қойдың;
қаракөл тұқымды қойдың;
сүтті тұқымды ешкінің;
түбітті тұқымды ешкінің;
жүнді тұқымды ешкінің;
түйенің;
доңыздың;
маралдың;
тенбіл бұғының;
түйе құстың;
құстардың;
бал ара аналығының;
сүтті және сүтті-етті тұқымды ірі қара малдың ұрығы;
етті тұқымды ірі қара малдың ұрығы;
сүтті және сүтті-етті тұқымды ірі қара малдың эмбриондары;
етті тұқымды ірі қара малдың эмбриондары асыл тұқымдық куәліктерінің нысандары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындауын бақылау Ауыл шаруашылығы Вице-Министрі А. Евниевқа жүктелсін.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаментіне осы бұйрықты заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.