2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 желтоқсандағы № 10-3 шешімі
(2009.23.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009.20.02. № 11-1 (бұр.ред.қара); 2009.23.04. № 12-1 (бұр.ред.қара); 2009.18.08. № 13-2 (бұр.ред.қара); 2009.15.10. № 14-1 (бұр.ред.қара); 2009.23.11 № 15-1 (бұр.ред.қара) Шешімдерімен 1-тармақ өзгертілді
1. 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 69 017 625 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 30 713 310 мың. теңге;
салықтық емес түсімдер - 416 619 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 4 000 мың теңге;
трансферттерден түсетін түсімдер - 37 883 696 мың теңге;
2) шығындар - 73 212 363 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 655 471 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелер - 671 000 мың теңге;
бюджеттік несиелерді өтеу - 1 326 471 мың теңге;
4) қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо - 1 064 840 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 1 065 140 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 300 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -4 604 107;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру - 4 604 107.
2. 2009 жылға арналған облыстық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес және осы шешімнің 4 пунктіне сәйкес қарастырылады.
3. Қазақстан Республикасының «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңын баптары қатерге және басшылыққа алынсын.