Алматы облысының 2009 жылға арналған облыстық бюджеті туралы
Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 15-92 шешімі
(2009.23.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 8 - бабына,Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 - бабы 1 - тармағының 1 - тармақшасына және «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, Алматы облыстық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Алматы облыстық мәслихатының 2009.11.02. № 17-107 шешімімен (бұр.ред.қара); Алматы облыстық мәслихатының 2009.21.04 № 18-116 шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.20.05. № 19-126 шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.30.07. № 21-130 шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.09.09. № 22-144 шешімімен (бұр.ред.қара); 2009.08.10. № 24-146 шешімімен (бұр.ред.қара) ; 2009.23.11 № 25-159 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2009 жылға арналған облыстық бюджет 1 қосымшаға сәйкес, төмендегі көлемде бекітілсін:
1) Кірістер - 131626039 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 15929881 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 49718 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 10000 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша -115636440 мың теңге, оның ішінде:
аудандық (қалалық) бюджеттерден бюджеттік алымдар - 11009903 мың теңге;
аудандық (қалалық) бюджеттерден нысаналы трансферттерді қайтару - 12261 мың теңге
республикалық бюджеттен түсетін трансферттер - барлығы -104601820 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы мақсатты трансферттер - 24738095 мың теңге, оның ішінде:
білім беруге - 1611223 мың теңге;
денсаулық сақтауға - 6048792 мың теңге;
әлеуметтік көмекке -687603 мың теңге;
мемлекеттік білім беру тапсыры негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім
алушыларға стипендиялардың мөлшерін ұлғайтуға - 88603 мың теңге;
елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін -61464 мың теңге;
ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған субсидиялар -6695719 мың теңге;