«2008 жылы жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі туралы» 2008 жылғы 7 наурыздағы № 484 қаулыға өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 09 желтоқсандағы № 223 қаулысы
ШҚО әділет департаменті 2009 жылғы 1 шілдедегі № 06-11-6929 хатымен қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандары әкімдерінің, сондай-ақ облыстық басқармалардың қолдаухаттары негізінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2008 жылы жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 наурыздағы № 484 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2478 болып тіркелген, 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 40-41 «Дидар», 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 47-48 «Рудный Алтай» облыстық газеттерінде жарияланған), «2008 жылы жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі туралы» 2008 жылғы 7 наурыздағы № 484 қаулыға өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 10 шілдедегі № 67 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2489 болып тіркелген, 2008 жылғы 19 тамыздағы № 111 «Дидар», 2008 жылғы 19 тамыздағы № 122 «Рудный Алтай» облыстық газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген 2008 жылы жекешелендіруге және оның алдын ала жүргізілетін сатыларына жататын Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншік объектілерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.