2009 жылға арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2008 жылғы 20 желтоқсандағы № 2 шешімі
Осы редакция 2009 жылғы 7 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексінің 9-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына, 2009-2011 жылдарға арналған орта мерзімдік фискалдық саясаттың және әлеуметтік - экономикалық дамуының орта мерзімдік жоспарының өлшемдеріне сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2009 жылға арналған Петропавл қаласының бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 8122922 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 4684531 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 12516 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 515970 мың теңге;
трансферттердің түсуі - 2909905 мың теңге;
2) шығындар - 8038922 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу -0;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 0;
5) бюджет тапшылығы (профицит) - 84000 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитті қолдану) қаржыландыру - -84000 мың теңге, оның ішінде:
қарыздардың түсуі - 289000 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 373000 мың теңге.
2. 2009 жылға арналған қалалық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес мынадай салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылады, деп белгіленсін:
әлеуметтік салық;
жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
жер салығы;
көлiк құралдарына салынатын салық;
тіркелген салық;
республикалық бюджетке енгізілетін акциздерден басқа акциздер;
жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдер;
республикалық бюджетке енгізілетін алымдардан басқа кәсіпкерлік және кәсіптік қызметті жүргізгені үшін алымдар;
республикалық бюджетке енгізілетін мемлекеттік баждан және консулдық алымнан басқа, мемлекеттік баж.